Файл: "Б" жаттары Зерттеулер кітапханасы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.01.2024

Просмотров: 744

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


      4) ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау – білім алу үшін қажетті арнаулы жағдайларды айқындау;

      3. Арнайы білім беру ұйымдары өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, "Білім туралы" Заңды және осы Қағидаларды басшылыққа алады.

      4. Арнайы білім беру ұйымдарына "Бiлiм туралы" Заңның 5-бабының 5-1) тармақшасына сәйкес мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын, "Білім туралы" Заңның 5-бабының 5-1) тармақшасына сәйкес түзету-дамыту бағдарламалары негізінде әзірленген арнайы оқу бағдарламаларын, "Білім туралы" Заңның 43-бабының 6-2) тармақшасына сәйкес психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеру және консультация беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары жатады.

      5. Арнайы білім беру ұйымы дербес заңды тұлға болып табылады және "Бiлiм туралы" Заңның 6-бабының 2-тармағының 6) тармақшасына және 3-тармағының 5-тармақшасына сәйкес құрылады.

      6. Зердесі қалыпты балалар оқитын орта білім беру ұйымдарының арнайы сыныптарында білім беру қызметін бейін бойынша педагогикалық білімі бар педагогтер жүзеге асырады.

      Интеллектуалды жеткіліксіздігі бар балалар оқитын аранйы сыныптарда білім беру қызметін бейін бойынща педагогикалық білімі бар мұғалімдер жүзеге асырады.

      Түзету компонентінің сабақтарын арнайы педагогтар жүргізеді.

      Аутизм (аутистік спектрдің бұзылыстары) бар балаларды қолдау орталығында (бұдан әрі – аутизм орталығы) арнайы психологиялық-педагогикалық қолдауды аутизм орталығында оқытудан өткен педагогтер көрсетеді.

      Арнайы білім беру ұйымдары (арнайы мектеп-интернаттар) тәрбиешілерінің педагогикалық білімі болады.

      7. Білім алу нысандары (үйде оқыту, еркін қатысу және жеке бару) біріктірілген

      8. Білім беру сапасын қамтамасыз ету және арнайы білім беру ұйымдарында жеке және сараланған тәсілді іске асыру үшін білім алушылардың ерекше білім алу қажеттіліктерін бағалау жүргізіледі. Білім алушылардың ерекше білім берілуіне қажеттіліктерін бағалауды педагог, психолог, логопед, педагог-дефектолог, клиникалық педагог жүзеге асырады

      9. Білім алушыларды басқа арнайы білім беру ұйымдарына ауыстыру психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның (бұдан әрі – ПМПК) қорытындысы мен ұсынымының негізінде ата-аналарының (заңды өкілдерінің) келісімімен жүзеге асырылады.


      10. Әлеуметтiк-тұрмыстық бағдары бойынша факультативтiк сабақтар өткiзу кезiнде сынып педагогикалық кеңестің шешімімен екi топқа бөлiнедi. Қоғамға пайдалы өндiргiш еңбектi ұйымдастыру кезiнде бесінші сыныптан бастап, білім алушылардың еңбекке даярлығы бейiнiн ескере отырып, сынып топтарға бөлінеді.

      Кәсіби-еңбекке үйрету жөнiндегi сабақтар үшін сыныптар, бесінші сыныптан бастап, ал ақыл-ой кемістігі бар балалар үшiн төртінші сыныптан бастап екi топқа бөлiнедi.

      11. Арнайы білім беру ұйымдарында дәрі-дәрмекпен және физиотерапевтік емдеу, климатотерапия және шынықтыру, емдік дене шынықтыру, массаж және психотерапия жүргізіледі.

      12. Білім беру ұйымдарында алқалы басқару органдары құрылады. Білім беру ұйымын алқалық басқару нысандары педагогикалық, қамқоршылық және әдістемелік кеңестер болып табылады.

      13. Арнайы білім беру ұйымдары жергілікті жағдайларға байланысты қосалқы шаруашылықтар, оқу-тәжірибелік учаскелер, оқу-өндірістік шеберханалар құрады.

2-тарау. Арнайы бөбекжайлар мен арнайы балабақшалар қызметінің тәртібі

      14. Арнайы бөбекжайлар мен арнайы балабақшалар өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, "Білім туралы" Заңды, Заңды, осы Қағидаларды басшылыққа алады. Арнайы бөбекжайлар мен арнайы балабақшалар қызметін үйлестіру және әдістемелік қамтамасыз етуді

      Ерекше білім беруді қажет ететін балаларды тәрбиелеу және оқыту "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 5 тамыздағы № 348 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29031 болып тіркелген) (бұдан әрі – МЖМБС), "Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 557 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8275 болып тіркелген) (бұдан әрі – Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарлары), "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2016 жылғы 12 тамыздағы № 499 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14235 болып тіркелген) (бұдан әрі – Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту үлгілік бағдарламалары) сәйкес жүзеге асырылады.



      Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми-практикалық орталығы жүзеге асырады.

      15. Арнайы бөбекжайлар мен арнайы балабақшалар төмендегі санаттағы балаларға арнап ашылады:

      1) көру қабілеті зақымдалған балалар;

      2) есту қабілеті зақымдалған балалар;

      3) сөйлеу тілінде ауыр түрде бұзылыстары бар балалар;

      4) тірек-қимыл аппаратында бұзылыстары бар балалар;

      5) зердесі зақымдалған балалар;

      6) психикалық дамуы тежелген балалар;

      7) осы тармақта көрсетілген балалар санаттарын араластыру кезінде.

      16. Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту ұйымдарында арнайы бөбекжайлар мен балабақшалар болмаған кезде осы Қағидалардың 15-тармағында көрсетілген балалардың әртүрлі санаттары үшін арнайы топтар ашылады.

      17. Балаларды арнайы бөбекжайлар мен балабақшаларға жіберу және ауыстыру ПМПК қорытындысы мен ұсынымдары негізінде ата-аналардың (заңды өкілдердің) келісімімен болады.

      18. Арнайы жағдайлар жасау үшін арнайы мектепке дейінгі білім беру ұйымының педагогтері (тәрбиешілері) баланың ерекше білім алуға қажеттіліктерін бағалауды жүзеге асырады.

      19. Арнайы бөбекжай мен балабақшадағы оқу сабақтарының кестесін мектепке дейінгі білім беру ұйымының әкімшілігі дайындайды және бекітеді.

      Арнайы педагогтер мен психолог жеке/шағын топтық/топтық түзету сабақтарын білім беру ұйымының әкімшілігі бекіткен кестеге сәйкес оқу күні бойы және сабақтан тыс уақытта өткізеді.

      Арнайы бөбекжай мен арнайы балабақшалардың педагогтері қажет болған жағдайда ата-аналарға (заңды өкілдерге) балаларды тәрбиелеу және дамыту мәселелері бойынша кеңес береді.

      20. Арнайы балабақшалар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нормалар аумағында оқу-тәрбиелеу үдерісі, кадрларды іріктеу мен орналастыру, ғылыми, қаржылық-шаруашылық және өзге де қызметті жүзеге асыруда өздігінен әрекеттенеді.

      21. Арнайы бөбекжай мен балабақшада топтардағы балалар саны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің "Мектепке дейінгі ұйымдарға және сәбилер үйлеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" 2021 жылғы 9 шілдедегі № ҚР ДСМ-59 бұйрығына
 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23469 болып тіркелген) (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) сәйкес айқындалады.

      22. Арнайы бөбекжай мен балабақшаларды жарақтандыру және жабдықтау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 70 "Мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарын, сондай-ақ арнайы білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын бекіту туралы" бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13272 болып тіркелген) (бұдан әрі – Жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормалары) сәйкес жүзеге асырылады.

      23. Есту, көру және тірек-қимыл аппаратында бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы бөбекжайлар мен арнайы балабақшаларда зердесі зақымдалған (ақыл-ой кемістігі бар) білім алушылар анықталған жағдайда күрделі бұзылыстары бар балаларға арналған топтар құрылады. Топтағы балалар саны толық болмаған кезде топтар әртүрлі жастағы және даму бұзылыстарын ескере отырып жинақталады.

1-параграф. Көру қабілеті зақымдалған балаларға арналған арнайы бөбекжайлар мен балабақшалар қызметінің тәртібі

      24. Көру қабілеті зақымдалған балаларға арналған арнайы бөбекжайлар мен балабақшаларға төмендегі балалар қабылданады:

      1) көзі көрмейтін (толық көрмейтін, жарық сезуі немесе қалдық көруі жақсы көретін көзінде түзетумен 0,04-ке дейін);

      2) нашар көретін (көру өткірлігі жақсы көретін көзінде 0,05-тен 0,04-ке дейін және көзілдірікпен түзетуі бар);

      3) плеоптикалық емдеуді қажет ететін оптикалық түзету жағдайларында жақсы көретін көздегі көру өткірлігі 0,7-ге дейін амблиопиясы (дисбинокулярлық, рефракциялық, обскурациялық) бар;

      4) ортопто-плеопто-хирургиялық-ортоптикалық немесе тек ортоптикалық емдеуді қажет ететін қылилығы бар.

      25. Көру қабілеті зақымдалған балаларды оқыту мен тәрбиелеудің арнайы шарттары:

      1) көру қабілетінің зақымдалу дәрежесі және сипатын ескере отырып, тифлотехникалық құралдар мен арнайы жабдықтарды қолдану. Көзі көрмейтін балаларға арналған жабдықтар жарық сезгіш және көру мен сезу арқылы қабылдау құралдарын пайдалануға негізделеді. Түзету жұмыстарында көру қабілеті зақымдалған балалар үшін оқу ақпаратының қолжетімділігін кеңейтуге арналған арнайы дидактикалық материалдар және арнайы көрнекі құралдар қолданылады;

      2) тифлопедагогтің тарапынан балаларға көру қабілетін дамыту (көзі көрмейтін балалармен – сезіну және нәзік моториканы дамыту бойынша), әлеуметтік-тұрмыстық және кеңістіктікті бағдарлау бойынша шағын топтық және жеке сабақтар түрінде арнайы педагогикалық көмек көрсетуі;


      3) емдеу аппаратурасы және құралдары бар арнайы жабдықталған кабинетте офтальмолог дәрігер мен ортоптист мейірбикенің емдеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүзеге асыруы.

      26. Көзі көрмейтін және нашар көретін, зердесі зақымдалған (жеңіл және орташа деңгейде ақыл-ой бұзылыстар), тірек-қимыл аппараты бұзылыстары бар немесе есту қабілеті зақымдалған балаларға жеке дамыту бағдарламаларына сәйкес арнайы педагогикалық көмек көрсетіледі.

      27. Көру қабілеті зақымдалған балаларға арналған арнайы бөбекжай мен балабақшада Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 77 "Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарын және педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының тізбесін бекіту туралы" қаулысына (бұдан әрі – Үлгі штаттар) сәйкес дефектолог (тифлопедагог) лауазымы мынадай ретте қарастырылады:

      1) көзі көрмейтін балаларға арналған бір топқа 1 штаттық бірлік;

      2) нашар көретін балаларға арналған бір топқа 1 штаттық бірлік;

      3) жақсы көрінетін көзінде көзілдіріктің көмегімен түзету 0,4-тен аспайтын қалдық көру қабілеті бар, амблиопия және қылилығы бар 15 балаға 1 штаттық бірлік.

2-параграф. Есту қабілеті зақымдалған балаларға арналған арнайы бөбекжайлар мен балабақшалар қызметінің тәртібі

      28. Есту қабілеті зақымдалған балаларға арналған арнайы бөбекжайлар мен балабақшаларға төмендегі балалар қабылданады:

      1) қатты дауысқа жауап бермейтін;

      2) қатты дауысқа жауап беретін;

      3) құлақ жарғағының түбінде сөйлеу тілі дауысына жауап беретін;

      4) есту қабілетінің орташа айырылуы 90 децибелден астам құлақ жарғағының жанында естілуі жоғары айтылған кейбір сөйлеу дыбыстарын (а, о, у, р) ажырататын;

      5) сөйлеу аймағында есту қабілетінің орташа айырылуы (жиілігі 500-ден 4000 Герцке дейін) 40-тан 80 децибел және одан жоғары естімейтін, нашар еститін, кейіннен есту қабілетінен айырылған;

      6) белсенді сөйлеу тілін қабылдау және дамыту деңгейі төмен кохлеарлық импланты бар;

      7) бастапқыда зердесі сақталған есту қабілеті зақымдалған балалар аутизмі, аутистік спектрдің бұзылыстары бар;

      8) мектепке дейінгі жаста есту қабілетінен айырылған, бірақ сөйлеу тілі айтарлықтай бұзылыстармен сақталған;

      9) сөйлеу аймағында есту қабілетінің орташа айырылуы кезінде 40-тан 80 децибелге дейін сөйлеу тілін (құлақ жарғағынан үш метрге дейінгі қашықтықта әдеттегі сөйлеу көлемінің сөздері мен сөз тіркестерін) ажырататын және есту қабілетінің төмендеуі салдарынан сөйлеу тілінің әртүрлі дәрежеде дамымауы бар;