ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.01.2024
Просмотров: 368
Скачиваний: 6
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
"Кім зерек?"
58
Педагог балаларға қызыл, көк текшелерді алдарына қоюларын сұрайды.
– Егер мен дауысты дыбыс айтсам қызыл текшені, дауыссыз дыбыс айтсам көк текшені көтересіңдер.
Келесі сайыс түрі – "Мақал-мәтел".
Педагог өтілген мақал-мәтелдің басындағы, бірінші сөзін айтады, балалар жалғастырып кетуі керек. Мысалы: Ер дәулеті ...
Еңбек түбі – береке, ...
Ер қадірін – ел біледі, ...
Елі байдың –...
Тіл тас жарады, ...
Бірлік болмай – ...
Әдептілік белгісі – ...
– Келесі сайыста екі топ бір-бірлеріңе жұмбақ жасырасыңдар. Мысалы:
Жер астында жез қазық,
Жеуге болар ас қазық.
Аспай піскен,
Қайнамай түскен.
– Жұмбақта кездесетін жез сөзі бұл жерде қызғылт сары деген мағынаны білдіріп тұр.
Сергіту сәті:
Жарқын біздің күніміз,
Бойшаң болып келеміз.
Салмағымыз,
Бойымыз
Өсті, өсе береміз.
Дидактикалық ойын: "Эстафета".
Педагог сөйлемді айтады, оны қайталайды, сөйтіп бірінші баланың алдына текше немесе кішкене зат қояды, ол дереу бірінші сөзді айтады.
Педагог келесі балаға текше бергенде, ол екінші сөзді атайды т.б.
Дидактикалық ойын:"Кім бар, кім жоқ?".
Педагог балаларды екі қатарға қарама-қарсы тұрғызады.
Педагог: «Бүгін топқа келсем, Әсет жоқ», – деп, бірінші топтың баласын айтады. Әсет: «Әсет бар, Назым жоқ», – деп келесі топтың қызын айтады. Ойын жалғаса береді, кім шатасса, сол айыбын тақпақ, би, мақал-мәтел айтып өтейді. Саусақ бұлшық еттеріне арналған жаттығу:
Саусағымда сақина,
Санап көрші, кәнеки,
1, 2, 3 – бір, екі, үш
Демалайық жинап күш.
Жұмыс дәптермен жұмыс. Дәптердегі №36 тапсырма орындалады. Көмек керек балаларға педагог көмектеседі.
-
Рефлексия.
Педагог қорытынды жасайды.
Педагог екі топтың да балаларының білімді, ақылды екенін айтып, екі топты да жеңімпаз болғанын жариялайды.
59
Пайдаланылған әдебиеттер
-
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты. Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту. Негізгі ережелер. Астана, 2016 ж.
-
Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың үлгілік бағдарламасы. Астана, 2016 ж. -
Б.Б.Баймұратова, З.Д.Еденбаева. «Изучаем казахский язык», 2003.
4. М.И. Нүсіпбекова, С.А. Сеилгазинова, Хрестоматия. «Қарлығаш» оқу әдістемелік кешені, Астана, 2007 ж.
Мазмұны
КІРІСПЕ 3
Сауат ашу негіздері бойынша ұйымдастырылған
оқу қызметінің перспективалық жоспары 5
Сауат ашу негіздері бойынша
ұйымдастырылған оқу қызметтерінің жоспары 8
Пайдаланылған әдебиеттер 60
60
Тұрсынбаева Гүлнара Жолдасовна
Үкібас Құмаркүл Ізбасқанқызы
Сауат ашу негіздері
Әдістемелік ңұсқау
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы бойынша ересектер тобы (5–6 жас) педагогтеріне арналған
Әдіскер Б.С. Тажинова Редакторы М.К. Солтангазина Корректоры Б.М. Джампеисова
Основы грамоты
Методическое руководство
для педагогов старшей группы (5–6 лет)
по Типовой учебной программе дошкольного воспитания и обучения
Методист Б.С. Тажинова Редактор М.К. Солтангазина Корректор Б.М. Джампеисова
61