Файл: Сауат ашу негіздері дістемелік нсау.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.01.2024

Просмотров: 366

Скачиваний: 6

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
: Қаймықпау – қорықпау деген екенін түсіндіру.

Дидактикалық ойын: "Балық аулау".


Билингвалды компонент: балық – рыба.
Ойын шарты: педагог қармақтың басына магнит орналастырады және қағаздан жасалған балықтарды қыстырғышпен сұрақтар жапсырады.
Жұмыс дәптермен жұмыс. Дәптердегі № 32 тапсырмамен орындалады. Көмек керек балаларға педагог көмектеседі.
3. Рефлексия.
Педагог қорытынды жасайды. Оқу қызметінің ұнағанын балалар смайлик көрсету арқылы білдіреді.

33 ҰОҚ

Білім беру саласы:Коммуникация
Бөлімі:Сауат ашу негіздері

Тақырыбы: «Ү» дыбысы
Мақсаты: "Ү" дыбысымен таныстыру.
Міндеттері: Сөздегі дыбыстың орнын анықтауға үйрету, жуан және жіңішке дыбыстарды ажырата білуге үйрету. Сөздерге сөйлем құрату арқылы сөздік қорларын байыту. Жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындау барысында ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже:

Жасайды: дыбыстық талдау жасайды
Түсінеді: «Ү» дыбысымен «Ұ» дыбысының ұқсастығын;

Қолданады: сөздердің ішінен жаңа дыбысты табуды.
Қолданылатын көрнекі құралдар: қолайна, жұмыс дәптер, ойыншық үйрек, смайликтер.
Сөздік жұмыс: бөбек.

Билингвалды компонент: үйрек – утка.
ҰОҚ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

– Балалар, бізге бүгін қонаққа алыстағы көлден Үйрек келіпті. (Үйректі көрсету).

– Сәлеметсіңдер ме, балалар.

Билингвалды компонент: үйрек – утка
2. Негізгі кезең

–Кәне, бәріміз «үйрек» – деп айтайықшы.
– Үйрек қай дыбыстан басталады? Бүгін біз «Ү» дыбысымен танысамыз. «Ү» дыбысы – дауысты дыбыс.

– Дауысты дыбыстарды қандай текшемен белгілейміз?
«Ү» дыбысы балалар «Ұ» дыбысына ұқсайды. Бір-біріне ұқсас ағайынды дыбыстар. Екі дыбыс та – дауысты дыбыстар.
«Ү» дыбысының айтылу артикуляциясы мынадай.
Ерін алға созылып, түтікшеге ұқсайды тіл, ауыз қысылып ұшы сүйірленіп, жоғары көтеріңкірейді. Дауыс шымылдығы ашық болады.
– «Ү» дыбысын, кәне, айнаға қарап айтыңдаршы. Тіл жаттықтыру.
Үс-үс-үс – көрдім бүгін түс.

Үш-үш-үш – бойға жинап күш.

Үй-үй-үй – алыста тұр киіз үй.
«Ү» дыбысына кездесетін сөздерге мысалдар айтқызу.
54

«Ү»дыбысы қазақтың төл дыбысы екенін айтып кету.
Сергіту сәті:

Басбармағым бастап берді,

Саусақтарым ән сап берді.

Шылдыр шүмек шылдырлады,

Кіші бөбек былдырлады.

Сөздік жұмысы: Бөбек – сәби.

«Ү»дыбысын өлең сөзінде, қай сөзде кездесіп тұрғанын айтыңдар.

– Екі көзің не үшін керек?

– Екі қолың не үшін керек?

– Құлақ деген не үшін керек?


– Жүрек деген не үшін керек? Тіл мен жағың не үшін керек?
– Балалар, сендер осы өлең жолында «Ү» дыбысы бар сөзді, есте сақтадыңдар ма? "Үтік "сөзіне дыбыстық талдау жасау .
– Ү қандай дыбыс?

– Т қандай дыбыс?

– І қандай дыбыс?

– К қандай дыбыс?

Дидактикалық ойын: «Сөз ойлап айт».
Ойын шарты: Педагог әр балаға қалам таратады. Берілген дыбысқа сөз құрап айтады. Кім көп сөз айтса, соның қаламы көп болады.
Жұмыс дәптермен жұмыс: дәптердегі № 33 тапсырма орындалады. Көмек керек балаларға педагог көмектеседі.
3. Рефлексия.
Педагог қорытынды жасайды. Оқу қызметінің ұнағанын балалар смайлик көрсету арқылы білдіреді.
34 ҰОҚ
Білім беру саласы: Коммуникация

Бөлімі:Сауат ашу негіздері.

Тақырыбы: «Ү» дыбысы.

Мақсаты: "Ү" дыбысын қайталау.
Міндеттері: Сөздегі дыбыстың орнын анықтауға үйрету. Сөздерге сөйлем құрату арқылы сөздік қорларын байыту. Саусақ моторикасын дамыту. Жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындау барысында ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже:

Жасайды: дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажыратады.
Түсінеді: «Ү» дыбысы төл дыбысы екенін;

Қолданады: дыбысты дұрыс айтуды, сөйлем құрастыру.

Қолданылатын көрнекі құралдар: жұмыс дәптері.

Сөздік жұмыс: базарлы үй.

Билингвалды компонент: су – вода.
ҰОҚ барысы:
55

  1. Ұйымдастыру кезеңі Шаттық шеңберіне тұрғызады. Өлең шумағын айтады.


Отаным менің кең-байтақ,

Жайнаған сансыз қаласы,

Жайқалған жомарт қаласы,

Ел – Отан біздің кең-байтақ,

Отанның біздер баласы.


  1. Негізгі кезең

– Балалар, сендер өткен оқу қызметінде алыстағы көлдегі үйректі қарсы алғансыңдар.

–Үйрек қайда жүзеді?

– Үйрек қай дыбыстан басталады?

– «Ү» деп бірге қайталап айтыңдаршы.

Педагог балалардан «Ү» дыбысының дұрыс айтылу артикуляциясын сұрайды.

«Ү» дыбысын өткен дыбыстарға қосып сөз құрау: Үн, сүт, түс, үш, үс.

Педагог қысқа сөздерге дыбыстық талдау жасатады.
– С қандай дыбыс?

– Ү қандай дыбыс?

– Т қандай дыбыс?

Дидактикалық ойын: «Кімге не керек?»
Ойын шарты: педагог бір құстың немесе жәндік пен жануарлар атын айтады, балалар не керек екенін айтып береді.
Мысалы: Үйрекке не керек? Қоянға не керек?
Сергіту сәті:

Топ, топ – добым домалақ,
Қайда кеттің домалап?

Бір, екі деп екі ұрдым,

Шатырға сен секірдің.

– Балалар «Ү» дыбысы – қазақтың төл дыбысы. «Ү» дыбысын дұрыс айту керек. Дұрыс айта алмаған бала қазақ тілін дұрыс сөйлей алмайды.
Тіл ұстарту.

Үз-үз-үз – суда еркін жүз.
Билингвалды компонент: су – вода.

Педагог өлең оқиды, балалар «Ү» дыбысы бар сөздерді есте сақтап қалады.
Балабақша

Балабақша – базарлы үй,
Ауылдағы ажарлы үй.

Шаттығы бар шуақты үй,

Өз үйіміз сияқты.
(Ә. Қонарбаев)
Педагог балалар «базарлы үй» деген берекелі, молшылық сыйластығы бар отбасын үйді айтады.
Саусақ бұлшық етіне жаттығу жасату.
Жеті мен сегіз,

Қошақан ғой егіз.

Тоғыз бен он,

Көгершін боп қон.
56

Жұмыс дәптермен жұмыс: дәптердегі № 34 тапсырма орындалады. Көмек керек балаларға педагог көмектеседі.
3. Рефлексия.

Педагог қорытынды жасайды.
– Балалар сендерге оқу қызметі ұнады ма? Түсінбеген жерлерің бар ма? Түсінікті болса бәрің қол шапалақтаңдаршы.



  • 35 ҰОҚ

Білім беру саласы:Коммуникация
Бөлімі:Сауат ашу негіздері

Тақырыбы: Қайталау. Біз нені білеміз?

Мақсаты: Балалардың білімдерін бекіту.
Міндеттері: Сөздегі дыбыстың орнын анықтауға үйрету, жуан және жіңішке дыбыстарды ажырата білуге үйрету. Сөздерге сөйлем құрату арқылы сөздік қорларын байыту. Жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындау барысында ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже:

Жасайды:дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажыратады;
Түсінеді: ойын шартын түсінеді;

Қолданады: текшелерді дұрыс қолданады.

Қолданылатын көрнекі құралдар: түрлі түсті текшелер, жұмыс дәптері.

Сөздік жұмыс: ұстахана.

Билингвалды компонент: құмыра – ваза, тоңазытқыш – холодильник.
ҰОҚ барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі
– Балалар, бүгін біздің соңғы оқу қызметімізде өтілген тақырыптарымызды қайталап, еске түсіреміз. Біздің бүгінгі күніміз көңілді өту үшін, бәріміз қол ұстасып, шаттық шеңберіне тұрайық.
Кел, балалар, күлейік,

Күлкіменен түлейік.

Күлкі көңіл ашады,

Күліп өмір сүрейік.


  1. Негізгі кезең Дидактикалық ойын: "Кім зерек?"

Педагог балаларға қызыл, көк текшелерді алдарына қоюларын сұрайды.
– Егер мен дауысты дыбыс айтсам қызыл текшені, дауыссыз дыбыс айтсам, көк текшені көтересіңдер. Мысалы: а, қ, с, ң, і, е, ә, ө, ү, ү, м, о, р, ғ, н, т.
Дидактикалық ойын: "Дұрыс бөл".

Педагог әртүрлі заттардың суреттерін көрсетіп, сол заттардың атауларын айтады. Мысалы: ұшақ, доп, ағаш, пияз, дөңгелек, құмыра, мысық т.б.
Дидактикалық ойын:"Сөз өлше – тез өлше".
Педагог әртүрлі сөздер айтады, ал балалар екі қолдарымен сөздің ұзындығын көрсетеді. Мысалы: доп, қоңырау, күн, қаламсап, шелек, ұстахана, тоңазытқыш, ат, баспалдақ т.б. Ұстахана – темірмен жұмыс жасайтын ұстаның жұмыс жасайтын орны.
Билингвалды компонент: құмыра – ваза, тоңазытқыш – холодильник.
Сергіту сәті:

Бойды сергек тік ұста,
Емін-еркін тыныста.
57

Деміңді ішке тез ал да,

Оң қолыңды соз алға.

Қол ұшына қара да,

Ұшбұрыш сыз ауада.

Сол қол басқа тұрмасын,

Шеңбер жасап тынбасын.
Дидактикалық ойын: «Эстафета».
Педагог сөйлемді айтады, оны қайталайды, сөйтіп бірінші баланың алдына текше немесе кішкене зат қояды, ол дереу бірінші сөзді айтады.
Педагог келесі балаға текше бергенде, ол екінші сөзді атайды т.б.

Мысалы: күн, жер, қас, бала, бақа, алма т.б.
Жұмыс дәптермен жұмыс: дәптердегі № 35 тапсырма орындалады. Көмек керек балаларға педагог көмектеседі.
3. Рефлексия.

Педагог қорытынды жасайды.
– Балалар, бүгін ойнаған ойындар сендерге ұнады ма? Ұнаса, бәрің қол шапалақтаңдаршы.
36
Білім беру саласы: Коммуникация.

Бөлімі: Сауат ашу негіздері

Тақырыбы: Қайталау. Біз нені білеміз.

Мақсаты: Балалардың білімдерін бекіту.
Міндеттері: Сөздегі дыбыстың орнын анықтауға үйрету, жуан және жіңішке дыбыстарды ажырата білуге үйрету. Сөздерге сөйлем құрату арқылы сөздік қорларын байыту. Саусақ моторикасын дамыту. Ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже:

Жасайды:дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажыратады;
Түсінеді: ойын шартын түсінеді;

Қолданады: текшелерді дұрыс қолданады, сөйлем құрастыру.

Қолданылатын көрнекі құралдар: жұмыс дәптері.

Билингвалды компонент: сайыс – соревнования.
ҰОҚ барысы:


  1. Ұйымдастыру кезеңі Шаттық шеңбері.


Біз балдырған тең басқан,

Дос құшағын елге ашқан.

Тілейміз тыныштық,

Ашық болсын көк аспан.

Мықты болсын іргеміз,
Бәріміз де біргеміз.
Педагог балаларға бүгін екі топқа бөлініп, "сайыс" оқу қызметін өткізетінін айтады.

Билингвалды компонент: сайыс – соревнования.
2. Негізгі кезең

Педагог балаларды екі топқа бөледі. Балалардан барлық дыбыс атауларын сұрайды.
Дыбыстарды көп және тез атаған топ жеңіске жетеді.

Дидактикалық ойын: