ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.01.2024
Просмотров: 363
Скачиваний: 6
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Тұрсынбаева Г.Ж., Үкібас Қ.І.
Сауат ашу негіздері
Әдістемелік нұсқау
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы бойынша ересектер тобы (5–6 жас) педагогтеріне арналған
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым
министрлігі ұсынған
Алматыкітап баспасы
2018
1
Тұрсынбаева Г. Ж.
Сауат ашу негіздері. Әдістемелік нұсқау. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы бойынша ересектер тобы (5–6 жас) педагогтеріне арналған /Г. Ж. Тұрсынбаева, Қ.І. Үкібас – Алматы: «Алматыкітап баспасы», 2018. – 61 бет.
2
Кіріспе
«Сауат ашу негіздері»оқу-әдістемелік кешені төмендегі нормативтік құжаттарға сәйкесдайындалды:
-
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты
(Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2016 ж. 15 мамырдағы № 292 қаулысымен бекіген).Аталған стандарт Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі жәнемектепалды даярлық білім берудің жаңа әдіснамалық негізін анықтайды;
-
1 жастан 6(7) жастағы балаларға арналған Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың
үлгілік оқу бағдарламасы (Қазақстан Республикасының білім және ғылым
министрлігінің 2016 ж. 22 маусымдағы № 391 бұйрығымен бекіген);
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы (Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігінің 2016 ж. 12 тамыздағы № 499 бұйрығымен бекіген).Жаңартылған бағдарлама мектепке дейінгі білім берудің контекстегі5 білімдік саласына жаңа мазмұн ұсынып отыр.
Оқу-әдістемелік кешеннің құрамына балаларға арналған жұмыс дәптері, педагогтерге арналған әдістемелік нұсқау кіреді.
Сауат ашу негіздері бойынша ұйымдастырылған оқу қызметінің мақсаты: мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың жас ерекшелігіне байланысты ана тілінің ережелері мен базалық нормаларын игеруі, оларды нақты жағдайларда қолдана білу іскерлігін қалыптастыру, негізгі коммуникативті қабілеттерді меңгерту.
Міндеттері:
-
Артикуляциялық аппараттарын дамыту және сөздер мен барлық дыбыстарды дұрыс айтуға даярлау.
-
Білімдерін тереңдету, қоршаған орта туралы түсініктердің негізінде балалардың сөздік қорларын байыту.
-
Баланың тілін байыту барысында тілдің дыбысталу мәдениетіне тәрбиелеу.
-
Сөздің грамматикалық формасын қалыптастыру.
-
Баланың байланыстырып сөйлеу және әңгімелеу, диалог арқылы тілдесу дағдыларын жетілдіру.
Сауат ашу негіздері бойынша ұйымдастырылған оқу қызметіне қойылатын талаптар:
– Қоршаған ортада көргендерін өздігінен әңгімелеп, өмірмен байланыстыру;
– Оқылған әңгіме, ертегі, тақпақтарды түсінігі бойынша өз сөзімен және әдеби тілде айта білу;
– Белсенді сөздік қорына енген сөздерді қажетіне қарай күнделікті іс-әрекет барысында пайдалана білу;
– Жаңадан меңгерген сөздерді белсенді сөздік қорына енгізу;
– Мазмұнды суреттер бойынша өз шығармашылығымен әңгіме құрастыра білу;
– Заттарды аттарына, қасиеттеріне, белгісіне қарап ажырату;
– Монологті және диалогті сөйлеудің екі түрін пайдаланып,
оқылған шығарманы баяндау;
– Жалпы және жеке ұғым туралы түсініктерін жетілдіру;
– Оқыған шығарма, ертегі, көрген мультфильмдегі басты кейіпкерлерді ажыратып, олар туралы өзіндік қорытынды жасау;
3
Шығармашылық сөйлеу әрекеті:
– Шағын тақырыптарды жатқа айтуға үйрету;
– Балаларға түсінікті қуыршақ театрының «жүргізу техникасын» қолданып, театрландырылған іс-әрекеттерге, ойындарға – драматизациялауға, қуыршақ қойылымына қатысуға ниеттендіру;
– Ойын, өлең және сөз ұйқасын табуға белсенді қатысуға ынтасын арттыру;
– Кіші көркем әдеби әңгімелерді мазмұндау;
– Сюжеттік сурет бойынша әңгіме құрау;
– Өздеріне таныс әдеби шығармалар мен ертегі үзінділерін сахналауға қатыса білуі тиіс;
– Сауат ашуға үйретуде мектепке дейінгі ересек жастағы балалар сөйлеу тілінің сөйлемдерден, сөйлем сөздерден, сөздер дыбыстардан құралатынын біледі;
– Дыбыс. Сөздің дыбыстық талдауы;
– «Дауысты дыбыстар», «дауыссыз дыбыстар», «қатаң», «ұяң», «үнді» деген ұғымдармен таныстыру;
– Тіл дыбыстары және оларды бейнелеу жолдарын үйрету;
– Сөздерді буындарға бөле білуге үйрету;
– Буынды сызба-нұсқа арқылы көрсете білу;
– Сөз. Сөйлем. Сөйлемнің аяқталған ойды білдіретінін түсіндіру;
– Сөйлем сызбасын құрау;
– Дыбыстарды және екпінді білдіру;
– Жазуға үйретуге даярлық;
– Қолды дамыту, жазу құралын дұрыс ұстауға үйрету;
– Қарапайым графикалық біліктерді қалыптастыру («қысқа және ұзын таяқшалар», «толқындар» т.б.).
4
Ұйымдастырылған оқу қызметінің перспективалық жоспары
№ | Тақырыбы | ҰОҚ мақсаты мен міндеттері | Сағат |
саны | |||
| | | |
| | | |
1 | Дыбыс | Мақсаты: Дыбыс туралы түсінік беру. | 2 |
| | Міндеттері: Сөз және дыбыс терминдері туралы | |
| | бастапқы түсініктерін қалыптастыру; жазу кезінде | |
| | арқаны және қолдарды дұрыс ұстау ережелерімен | |
| | таныстыру, қаламды немесе қарындашты дұрыс ұстауға | |
| | үйрету. Ойлау қабілеттерін дамыту. Қағылезділікке, | |
| | бастаған істі аяқтай білуге баулу. Шыдамдылыққа | |
| | тәрбиелеу. | |
| | | |
2 | Сөз. А | Мақсаты: Баланың сөз туралы түсініктерін | 2 |
| дыбысымен | қалыптастыру. | |
| таныстыру. | Міндеттері: Сөздердің ұзынды-қысқалығын қолмен | |
| | өлшеп, айыра білуге үйрету. | |
| | Балаларды сөздегі дыбыстардың бірізділігін белгілеуге | |
| | үйрету, сызбалар жасауға үйрету. "А" дыбысымен | |
| | таныстыру, танып білуге деген қызығушылықтарын | |
| | дамыту. Ұқыптылыққа тәрбиелеу. | |
| | | |
3 | Сөздер мен | Мақсаты: Сөздің дыбыстан құралатынын, дыбыстың | 2 |
| дыбыстар. «Т» | дауысты және дауыссыз болып бөлінетіні жөнінде | |
| дыбысы | түсінік беру. | |
| | Міндеттері: «Т» дыбысымен таныстыру, дауысты және | |
| | дауыссыз дыбыстардың негізгі ерекшеліктерімен | |
| | таныстыру. Қолды жазуға дайындау. Жазу кезінде | |
| | арқаны және қолдарды дұрыс ұстау ережелерімен | |
| | таныстыру, қаламды немесе қарындашты дұрыс ұстауға | |
| | үйрету. Ойларын дамыту. Ұқыптылыққа тәрбиелеу. | |
| | | |
4 | «Н» дыбысымен | Мақсаты: «Н» дыбысының дауыссыз, үнді дыбыс | 2 |
| таныстыру. | екенін түсіндіру. | |
| | Міндеттері: Н дыбысының сөздегі орнын тапқызуға | |
| | үйрету. Тапсырмаларды орындату арқылы зейіндерін, | |
| | есте сақтау қабілеттерін дамыту. Балаларды | |
| | мейірімділікке, имандылыққа тәрбиелеу, тыйым | |
| | сөздерді үйрету. | |
| | | |
5 | «Ғ» дыбысы | Мақсаты: «Ғ» дыбысымен таныстыру. | 2 |
| | Міндеттері: Ғ дыбысының сөздегі орнын табуды | |
| | үйрету. Дидактикалық материалдарды пайдаланып, | |
| | балалардың ойлау қабілеттерін, қиялын дамыту. | |
| | Тапқырлыққа, ойының ұшқыр болуына тәрбиелеу. | |
| | | |
| | 5 | |
6 | «Р» дыбысы | Мақсаты: «Р» дыбысымен таныстыру | 2 |
| | Міндеттері:Дыбыстық құрылымы әртүрлі үш, төрт | |
| | дыбысты сөздерге дыбыстық талдау жасауға, сөйлем | |
| | құрауға үйрету, сөйлем туралы түсінік беру. | |
| | Дыбыстардың айтылу және дыбысталу ерекшеліктерін | |
| | талдауға үйрету. Балаларды тазалыққа, ұқыптылыққа | |
| | тәрбиелеу. | |
| | | |
7 | «О» дыбысы | Мақсаты: "О" дыбысымен таныстыру. | 2 |
| | Міндеттері: О дыбысының сөздегі орнын тапқызу. | |
| | Балалардың сөзге дыбыстық талдау жасауын одан әрі | |
| | дамыту. Ұсақ қол қимылдарын дамыту. Ұғымталдыққа | |
| | тәрбиелеу. | |
| | | |
8 | «Қ» дыбысы | Мақсаты: «Қ» дыбысымен таныстыру. | 2 |
| | Міндеттері: Сөздерге дыбыстық талдау жасату, | |
| | сөздерді буындарға бөлгізу. Тапсырмадағы суретті | |
| | жалғастырту арқылы зейіндерін дамыту. Ұқыптылыққа | |
| | тәрбиелеу. | |
| | | |
9 | «М» дыбысы | Мақсаты: "М"дауыссыз дыбысымен таныстыру. | 2 |
| | Міндеттері: Буындарды және қысқа сөздерді айтқызу. | |
| | Сөздерге дыбыстық талдау жасауды үйрету. Саусақ | |
| | моторикасын дамыту. Балаларды әдептілікке тәрбиелеу. | |
| | | |
10 | "Б" дыбысы | Мақсаты: «Б» дыбысымен таныстыру. | 2 |
| | Міндеттері: «Б» дыбысынан басталатын сөздер | |
| | айтқызып, буынға бөлгізу. Көркем сурет бойынша | |
| | әңгіме құрату арқылы сөздік қорларын молайту. Саусақ | |
| | бұлшық еттерін дамыту Балаларды ұқыптылыққа, | |
| | ептілікке тәрбиелеу. | |
| | | |
11 | «С» дыбысы | Мақсаты: «С» дыбысымен таныстыру; | 2 |
| | Міндеттері: Балаларға дыбыстық талдау жасауды | |
| | үйрету. Сөздерді буынға бөлуді дамыту. Саусақ | |
| | моторикасын дамыту. Ұқыптылыққа тәрбиелеу. | |
| | | |
12 | "Ң" дыбысы | Мақсаты: "Ң" дыбысымен таныстыру. | 2 |
| | Міндеттері: Құрамында ң дыбысы бар сөздерді талдау. | |
| | Ң дыбысы жөнінде дұрыс ұғым алуға, қызыл және көк | |
| | түсті текшелерді қолдануды үйрету. Балалардың | |
| | тілдерін дамыту, табиғатты, жабайы аңдарды қорғауға | |
| | тәрбиелеу. | |
| | | |
13 | "Е" дыбысы | Мақсаты: "Е" дыбысын таныстыру. | 2 |
| | Міндеттері: Е дыбысының сөздегі орнын тапқызу. | |
| | Балалардың сөзге дыбыстық талдау жасауын, ұсақ қол | |
| | қимылдарын дамыту.Ұғымталдыққа тәрбиелеу. | |
| | | |
14 | "І" дыбысы | Мақсаты: "І" дыбысымен таныстыру. | 2 |
| | Міндеттері: Сөзге дыбыстық талдау жасату, жазуға | |
| | жаттықтыру, сөздік қорын, тілін дамыту. Түрлі | |
| | сызықтар, штрихтар жүргізуге үйрету. Ұқыптылыққа | |
| | | |
| | 6 | |
| | тәрбиелеу. | |
| | | |
15 | "Ә" дыбысы | Мақсаты: "Ә" дыбысымен таныстыру. | 2 |
| | Міндеттері: Балаларды сөздің дыбыстық мәдениетін | |
| | сақтап, анық, таза сөйлеуге үйрету. | |
| | Сөйлем туралы алғашқы түсініктерін қалыптастыру. | |
| | Үлкендерге құрмет көрсетуге баулу, ұғымталдыққа | |
| | тәрбиелеу. | |
| | | |
16 | "Ө" дыбысы | Мақсаты. «Ө» дыбысымен таныстыру. | 2 |
| | Міндеттері: Балаларға сөз және сөйлем құрауды | |
| | меңгерту. Жуан және жіңішке дыбыстарды ажыратуға. | |
| | Буынға бөлуін, ауызша және жазбаша қабілеттерін | |
| | арттыру.Тапсырмаларды орындау арқылы | |
| | еңбекқорлыққа тәрбиелеу. | |
| | | |
17 | "Ү" дыбысы | Мақсаты: "Ү" дыбысымен таныстыру. | 2 |
| | Міндеттері: Сөздегі дыбыстың орнын анықтауға | |
| | үйрету, жуан және жіңішке дыбыстарды ажырата білуге | |
| | үйрету. Сөздерге сөйлем құрату арқылы сөздік | |
| | қорларын байыту. | |
| | Жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындау | |
| | барысында ұқыптылыққа тәрбиелеу. | |
| | | |
18 | Қайталау. Біз | Мақсаты: Балалардың білімдерін бекіту. | 2 |
| нені білеміз. | Міндеттері: Сөздегі дыбыстың орнын анықтауға | |
| | үйрету, жуан және жіңішке дыбыстарды ажырата білуге | |
| | үйрету. Сөздерге сөйлем құрату арқылы сөздік | |
| | қорларын байыту. Саусақ моторикасын дамыту. | |
| | Ұқыптылыққа тәрбиелеу. | |
| | | |
| Барлығы | | 36 |
| | | сағат |
| | | |