ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.01.2024
Просмотров: 365
Скачиваний: 6
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Әр мезгілдің киімдерін араластырып төңкеріп қояды. Балалар кезек-кезек өздері алған суреттегі киімді мезгілге сай өз хатқалтасына салуы керек. Саусақ бұлшық еттеріне арналған жаттығу.
Бағдаршамның көздері
Жанып-өшеді өздері.
Міне, былай, міне, былай,
Жанып өшеді өздері.
Жұмыс дәптермен жұмыс. Дәптердегі № 28 тапсырма орындалады. Көмек керек балаларға педагог көмектеседі.
3. Рефлексия.
Педагог қорытынды жасайды.
Балалар бүгінгі оқу қызметінен алған әсерлерін, қол шапалақтау арқылы көрсетеді. Іңкәр балаларды мадақтайды. Қоштасып қайтады.
№ 29 ҰОҚ
Білім беру саласы:Коммуникация
Бөлімі:Сауат ашу негіздері
Тақырыбы: "Ә" дыбысы
Мақсаты: "Ә" дыбысымен таныстыру.
Міндеттері: Балаларды сөздің дыбыстық мәдениетін сақтап, анық, таза сөйлеуге үйрету. Сөйлем туралы алғашқы түсініктерін қалыптастыру. Үлкендерге құрмет көрсетуге баулу, ұғымталдыққа тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже:
Жасайды: суретке қарап, сөйлем құрайды;
Түсінеді: сөздерден сөйлем құралатынын "ә" дауысты дыбыс екенін;
Қолданады: сөздерді буынға бөле білу дағдыларын.
Қолданылатын көрнекі құралдар: түрлі түсті суреттер, жұмыс дәптер.
Билингвалды компонент: сөйлем – предложение.
ҰОҚ барысы:
-
Ұйымдастыру кезеңі
Балалар шаттық шеңберінде тұрады. Төмендегі өлеңді балалар бірге айтады:
Біз қандаймыз, қандаймыз,
Шұғылалы таңдаймыз.
Жарқыраған күндейміз,
Ренжісуді білмейміз.
2. Негізгі кезең
Педагог ұл баланың суретін көрсетіп: «Әсет – деген бала», – деп таныстырады.
– Әсет – әдепті бала. Біздің арамызда Әсет сияқты балалар бар ма екен? Әсеттің үлкен әжесі, әпкесі және кішкентай әлдиі бар. (Әженің, әпкенің, әлдидің
суреттерін көрсетеді). Әсеттің анасының аты – Әмина.
– Әже, әке, Әмина, Әсет, әлди. Бұл сөздер қай дыбыстан басталып тұр?
– Балалар, "ә" дыбысына қатысты тағы қандай сөздерді айта аламыз?
– Кәне, бәріміз айнаны алып, "ә" дыбысын қайталайық.
48
– "Ә" дыбысы ауыз қуысынан еш кедергісіз шығады. "Ә" дыбысын созып немесе әндетіп айтсақ болады. Ә-ә-ә-ә. Сондықтан да "ә" дыбысы жіңішке дауысты дыбыс және оны қызыл текшемен белгілейміз.
«Ә» дыбысы қазақтың төл дыбысы екенін айтып өту.
Сергіту сәті:
Орнымыздан тұрамыз,
Қолды белге қоямыз.
Бұрыламыз оңға бір,
Бұрыламыз солға бір,
Біз бақытты баламыз.
Гүл-гүл жайнап жанамыз,
Жаттығулар жасасақ,
Жақсы сергіп қаламыз.
– Балалар, біз дыбыстардан сөз құралатынын білеміз. Әтеш, әткеншек – бұлар сөздер, сөйлем болу үшін бір аяқталған ойды білдіру қажет. Бір сөзден сөйлем құралмайды. Ендеше, осы сөздерден сөйлем құрап көрейік.
– "Әтеш" – бұл тек үй құсының атауын білдіріп тұр. Аяқталған ой жоқ. Онда «әтеш» сөзі сөйлем емес.
– Әтеш әдемі екен. Бұл сөйлем бе?
– Дұрыс айтасыңдар, сөйлем, өйткені аяқталған ойды білдіріп тұр. Әтештің әдемі екенін хабарлап айтып тұр.
– Сөйлем үш сөзден құралып тұр. Сөйлемдегі сөздер бір-бірімен байланысты. Сызбамен жұмыс: Сөйлемдегі сөздерді тіктөртбұрыштармен белгілейміз. Әр сөздің арасына арақашықтық тастаймыз. Сөйлемнің соңына нүкте қойылады.
Дидактикалық ойын: "Кім шапшаң сөйлем құрайды?"
Педагог суреттері көрсетеді (көбелек, көлік, тарақ, кітап т.б.). Балалар суретке байланысты 2-3 сөзден тұратын сөйлем құрау керек.
Билингвалды компонент: сөйлем – предложение. Балалар құраған сөйлемдерді талдайды.
Педагог балалардың құраған сөйлемдерінің сызбасын тақтаға сызып көрсетеді. Саусақ бұлшық еттеріне арналған жаттығу: "Бір үйде біз нешеуміз?"
Басбармақ – әкем,
Балаң үйрек – шешем,
Ортан терек – ағам,
Шылдыр шүмек – әпкем,
Кішкентай бөбек – мен.
Бір үйде біз нешеуміз?
Бір үйде біз бесеуміз.
Жұмыс дәптермен жұмыс: Дәптердегі № 29 тапсырма орындалады. Көмек керек балаларға педагог көмектеседі.
3. Рефлексия.
Педагог қорытынды жасайды. Оқу қызметіндегі түсінбегендерін балалар смайликпен көрсетеді, түсінгендерін басбармақ арқылы көрсетеді.
№30 ҰОҚ
Білім беру саласы:Коммуникация.
Бөлімі: Сауат ашу негіздері.
Тақырыбы: "Ә" дыбысы
Мақсаты: "Ә" дыбысын таныстыру.
49
Міндеттері: Балаларды сөздің дыбыстық мәдениетін сақтап, анық, таза сөйлеуге үйрету.
Сөйлем туралы алғашқы түсініктерін қалыптастыру. Саусақ моторикасын дамыту.
Үлкендерге құрмет көрсетуге баулу, ұғымталдыққа тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже:
Жасайды: сөздерге дыбыстық талдау жасайды;
Түсінеді: "Ә" дыбысының дауысты, жіңішке екенін;
Қолданады: дыбыстарды бөлінуіне қарай түрлі түсті текшелермен көрсетеді.
Қолданылатын көрнекі құралдар:жұмыс дәптері.
Билингвалды компонент: нан – хлеб.
ҰОҚ барысы:
-
Ұйымдастыру кезеңі
Педагог балаларға Әліппе кітабын, әліпбиді көрсетеді, таныстырады. Әліппемен мектеп табалдырығын аттаған кезде танысатындарын айтады.
-
Негізгі кезең
– Әліппе мен әліпбиді бекер көрсетіп, таныстырып отырған жоқпын. Екеуі де "ә" дыбысынан басталып тұр.. Әріп сөзі де "ә" дыбысынан басталады. "Ә" дыбысын сендер білесіңдер ме?
– "Ә" дыбысы дауысты ма, дауыссыз ба?
– Қандай түспен белгілейміз? Дидактикалық ойын:
"Ғажайып текше".
Шарты: балалар шеңбер болып тұрады. Текшенің 6 жағында суреттер жабыстырылады. Текшені айналдырып, ортаға лақтырады. Қандай сурет түссе, сол суреттегі затты атап, сол сөзге сөйлем құрау керек. Мысалы: әтеш, әже, әткеншек т.б.
– "Ә" – қазақтың төл дыбыстарының бірі. Сондықтан да таза, дұрыс айтып үйренуіміз керек.
Жаңылтпашты жаңылмай айт.
Әсел әсем бе, Әсем әсем бе,
Әсем әсем бе, Әсел әсем бе?
Тіл ұстарту.
Ән-ән-ән,
Қамба толы дән.
Ән-ән-ән,
Әжем айтқан ән.
Ән-ән-ән,
Құрып жүрген сән.
Сергіту сәті:
Алтын айдарлы әтеш оянды,
Тым ерте тұрыпты,
Ойқастап жүріпті,
Жан-жаққа қарапты.
Айдарын тарапты,
«Қо-қо-қо», – депті.
Қорада ойранды салыпты,
Бір тауық қайран болып қалыпты.
Секіріп, секіріп, айғайлап,
Шарбаққа қоныпты.
"Біз де" ойыны
Ойын шарты: ойын жүргізуші ортаға шығып, өзінің ойын айтады. Ойынға қатысушылар "біз де" деп қосылып айтады. Егер қосылмаса, онда үнсіз отырулары тиіс. Мысалы, жүргізуші:
50
– Мен таңертең беті қолды жуамын. Балалар:
– "Біз де".
Жүргізуші:
– Нанмен шай ішемін. Балалар:
– Біз де.
Жүргізуші:
– Нан қоқымын шашамын. Балалар: үнсіз қалуы тиіс.
Билингвалды компонент: нан – хлеб.
Жұмыс дәптермен жұмыс. Дәптердегі №30 тапсырма орындалады. Көмек керек балаларға педагог көмектеседі.
3. Рефлексия.
– Педагог қорытынды жасайды. Қандай ойындар ойнағанын, алған әсерлерін көрсету балаларға ұсынады.
№ 31 ҰОҚ
Білім беру саласы: Коммуникация
Бөлімі:Сауат ашу негіздері
Тақырыбы: «Ө» дыбысы.
Мақсаты. «Ө» дыбысымен таныстыру.
Міндеттері: Балаларға сөз және сөйлем құрауды меңгерту. Жуан және жіңішке дыбыстарды ажыратуға. Буынға бөлуін, ауызша және жазбаша қабілеттерін арттыру. Тапсырмаларды орындау арқылы еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже.
Жасайды: «Өмір » сөзіне дыбыстық талдау;
Түсінеді: «Ө» дыбысының дауысты дыбыс екенін;
Қолданады: дыбыстарды текшемен белгілеуді.
Қолданылатын көрнекі құралдар: қолайна, жұмыс дәптері, қоржын
Сөздік жұмыс: арғы, өткел.
Билингвалды компонент: өрмекші – паук, өзен – река.
ҰОҚ барысы:
-
Ұйымдастыру кезеңі
Кәне, балалар, шаттық шеңберін құрайық. Бір-бірімізге алғыс сөз, тілек айтайық. 2. Негізгі кезең
– Балалар, сендер мынау не екенін білесіңдер ме? (Қоржынды көрсету).
– Сендер дыбысты не істейсіңдер?
– Құлағымызбен естиміз.
«Ө», – деп қайталайық.
Бірнеше рет қайталайды. Ө дыбысын әуенмен әндетіп айтады: ө-ө-ө-ө-ө.
«Ө» дыбысы қазақтың төл дыбысы екенін педагог айтып кетеді.
«Ө» дыбысының дұрыс айтылу артикуляциясы мынадай:
Ерін алға созылып ауыз домалақ болып жай ғана ашылады. Дыбыс ұзақ айтылады.
– Ұзақ айтылатын дыбыстарды қандай дыбыс деп айтамыз?
– Дауысты дыбыс деп айтамыз.
– Дауысты дыбысты қандай текшемен белгілейміз?
– Қызыл текшемен белгілейміз.
– «Ө» дыбысынан басталатын сөздер ойлап айтыңдаршы.
– Өрмек, өмір, өркен, өзен өжет, өрмекші.
51
– Енді осы өздерің айтқан сөздерге сөйлем құраңдаршы.
– Апам өрмек тоқыды.
– Өзеннің арғы жағасына өткел арқылы өтеміз.
– Өткел – өзеннен өтетін таяз жер.
Өр, өс, өркен, өмір, өн, қан, тақ өрт.
– Осы сөздердің ішіндегі «Өмір » сөзіне дыбыстық талдау жасайық.
-
– қандай дыбыс?
-
– қандай дыбыс? І – қандай дыбыс? Р – қандай дыбыс?
Билингвалды компонент: өрмекші – паук, өзен – река.
Сергіту сәті:
Бала, бала, балапан,
Кәне, қайсы алақан?
Саусақтарың әйбат,
Былай-былай ойнап.
– Балалар мен бір өлең оқимын, сендер «Ө» дыбысы қай жерінде кездесетінін айтып отырасыңдар.
Жазда барып өзеннің
Жағасына бөгелдім.
Айтыңдаршы, балалар,
Мен ол жерден не көрдім?
Дидактикалық ойын: «Дауысынан таны»
Ойын шарты: бір баланың көзін байлап, ортаға шығарып тұрғызады. Шеңбердегі баланың бірі, ортадағы баланың атын атайды, ортадағы кім екенін табу керек.
Жұмыс дәптермен жұмыс: Дәптердегі № 31 тапсырма орындалады. Көмек керек балаларға педагог көмектеседі.
3. Рефлексия
Педагог қорытынды жасайды. Балалар сендерге оқу қызметі ұнады ма? Түсінбеген жерлерің барма? Түсінікті болса бәрің қол шапалақтаңдаршы.
№32 ҰОҚ
Білім беру саласы:Коммуникация.
Бөлімі: Сауат ашу негіздері.
Тақырыбы: "Ө" дыбысы.
Мақсаты. «Ө» дыбысымен таныстыру.
Міндеттері: Балаларға сөз және сөйлем құрауды меңгерту. Жуан және жіңішке дыбыстарды ажыратуға үйрету. Буынға бөлуін, ауызша және жазбаша қабілеттерін арттыру. Тапсырмаларды орындау арқылы еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже:
Жасайды: сөз және сөйлем құрауды;
Түсінеді: "Ө" дыбысының дауысты, жіңішке екенін түсінеді;
Қолданады: сөздерді буынға бөлу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: қармақ, қағаз балықтар, дәптер, суреттер,жұмыс дәптері, смайликтер.
Сөздік жұмыс: қаймықпау, өңеш.
Билингвалды компонент: балық – рыба.
52
ҰОҚ барысы:
-
Ұйымдастыру кезеңі Шаттық шеңбері:
Бір шаңырақ астында
Тату-тәтті тұрамыз.
Бірге ішеміз асты да,
Бірге сайран құрамыз.
– Бүгінгі оқу қызметімізде өткен дыбысымыз "ө" дыбысын қайталаймыз.
2. Негізгі кезең
"Ө" дыбысы – қазақтың төл дыбыстарының бірі. "Ө" дыбысын айтылуына байланысты қандай дыбысқа жатқыздық?
– Тақтадан ненің суретін көріп тұрсыңдар? Ал енді иегіміздің астына қолымызды қойып суреттерді атайық. Иегіміз неше рет төмен түссе, сөзінде сонша дауысты дыбыс бар.
Сөздік жұмыс: Өңеш – жұтқыншақ пен тамақ арасындағы ас жүретін жол. Мақал-мәтел жаттаймыз.
-
Өнерпаздың он қолы бар. -
Өнеріне қарай өрнегі. -
Өнерді үйрен де жирен.
Тіл ұстарту
Өс-өс-өс,
Тігін алдым қос,
Екіге екіні қос,
Көңілде жоқ қос.
Өс-өс-өс,
Өнегелі болып өс,
Ұқыпты боп өс,
Ағаш тез-тез өс.
Дидактикалық ойын: "Не артық?".
Педагог бір топқа жататын сөздерді тез-тез бір бөгде сөзді қоса айтады. Балалар сол
артық сөзді табуы керек.
Мысалы: нан, шай, май, тай...
Қызыл, жасыл, ақ, тақ, көк...
Алма, шие, бөрік, өрік...
Екі, үш, төрт, бес, кес...
Сергіту сәті:
– Екі көзің не үшін керек?
– Жақсыларды көру үшін!
– Екі қолың не үшін керек?
– Елге көмек беру үшін!
– Құлақ деген не үшін керек?
– Ақыл-кеңес тыңдау үшін!
– Жүрек деген не үшін керек?
– Жауларыңнан қаймықпау үшін!
– Тіл мен жағың не үшін не керек?
– Ақиқатты айту үшін!
– Ал аяғың...
Ал аяғың сыртта жүрсең
Туған жерге қайту үшін!
53
Сөздік жұмыс