Файл: Педагогика оулы ббк 74. 00 П24.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.01.2024

Просмотров: 1757

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


11

Педагогикалық ой алғашында жалпы философиялық білімдер жүйесінде, діни ілімдерде, саясаттануда, заңда, әдебиетте дамиды. Педагогиканың дербес ғылым ретінде бөлініп шығуы (дифференциялануы) белгілі бір уақыт кезеңінде ішкі ғылыми дифференциялануға, педагогика ғылымдары жүйесінің түзелуіне алып келді. Бірақ XIX — XX ғасырлардағы зерттеулер педагогиканың ғылым аралық байланыстарының жоғарыда мәні болғанын көрсетеді. Қазіргі замандағы педагогика психологиямен тығыз байланысты. Психология адам психикасының дамуының заңдарын, ал педагогика - тұлғаның дамуын басқаруды зерттейді. Ойлаудың, іс-әрекетті мақсаттылықпен өзгерту психологиялық білімдерсіз мүмкін емес. Мұндай білімдерсіз тұлғаның оқығанын және тәрбиелшігін бағалауға мүмкін болмайды. Сондықтан педагогикада психологиялық білімдер ғана емес сонымен бірге педагогикалық міндеттерді шешу үшін тұлғаны зерттеу әдістері (рейтинг, психометрия, жұптық салыстыру және тағы басқалар) пайдаланады.

Педагогика ол ағзаның материалды - энергиялық түрлілігін ашып көрсететін физиологияға,соның ішінде жоғарғы нерв қызметінің заңдылықтарына (И.П. Павлов, П.К. Анохин) сүйенеді. Мұндай білімдерді меңгеру танымдық іс - әрекет және тұлғаньщ әлеуметтену процестері табиғатын терең түсінуге мүмкіндік береді.

Педагогиканың социологиямен (элеуметтанумен) жан-жакты байланысының өте маңыздылығы ол қоғам туралы біртұтас жүйе ретіндегі және оның бөліктерінен тұратын (әлеуметтік жай, топ және т.б.) ғылым болып табылады. Міне осыдан, педагогиканың социологияның білім социологиясы, студенттер социологиясы және т.б. тарауларына деген қызығушылығы туған, себебі тек қана социологиялық зерттеулер арқасында педагогтар, ұстаздар қоғамдағы әлеуметтік - экономикалық, құқықтық, демографиялық және мәдени ортаның жағдайы туралы біле алады.

Педагогика ғылымдарының даму мүмкіндіктерінің маңыздылығы олардың медицинамен байланыстылығында, себебі педагогикалық шындықтың бірқатар кұбылыстарын (тәртіпсіздік, жалқаулық, еріксіздік, олақтық) балалардың денсаулығын зерттеу барысында ғана түсіңдіруге мүмкін болады. Сонымен бірге созылмалы ауру балалар үшін арнаулы оқыту және тәрбиелеу жүйесі қажет. Әрине, бұл –мәселенің бірлескен комплексті зерттеулер нәтижесінде ғана шешуге болады. Ғылымдар байланысының жаңа деңгейін бастапқы педагогиканың философия ғылымы саласында дамуы

12

бүгінгі күні шешімін табуда. Педагогика жеке пән (дисциплина) ретінде философия жөне оның салалары - білім
беру фиолософиясы, ғылымдар философиясының, мәдениет философиясының және т.б. жетістіктеріне сай терең ұғыну нәтижесінде дамиды.

Педагогиканың ғылыми аралық байланыстары белгілі бір проблемаларды зерттеу барысында басқа ғылымдарға — тарихқа, этнологияға, этнографияға, юриспруденцияға, экономикаға, демографияға, экологияға және т.б. таралады.

Адамзат бағытындағы және ғылыми аралық пәндердің (синергетика, жүйелер теориясының негізі, кибернетика, информатика, басқару теориясының негіздері) жетістіктері педагогика бойьшша зерттеулердің байи түсуіне әсерін тигізеді. Р.Г. Гурова педагогиканың баска ғылымдармен өзара байланысы қаңдай бағытта іске асатындығын көрсетіп берді: басқа ғылымдардың негізгі идеяларын, теориялық анықтамалары мен жалпы қорытындыларын, педагогиканың қолдануы, гуманитарлық ғылымдарда қолданылып жүрген зерттеу әдістерінің творчестволық қосымшасы; көрсетілген ғылымдарда альшған нақтылы зерттеу нәтижелерін педагогикада қолдану; педагогтардың адам проблемалары бойынша комплекстік зерттеулерге қатысуы.

Педагогикалык зерттеудердін эдіснамасы. "Әдіснама"грек тілінен аударғанда "әдіс туралы ғылым" деген мағьшаны береді. "Метод" "әдіс"термині тікелей нақты бір нәрсеге деген жол ретінде анықталады, яғни методология мағынасы жағынан бір нәрсені тану туралы ғылым болады. Сондықтан әдіснама - зерттеу процесі туралы ілім ретінде де түсіндіріледі. Бұл ілім жалпы әдіснама, ғылыми ұғымның, теориялық негізі, ретіңде дамуы мүмкін. Сонда бұл нақтылы философиялық жүйемен байланысты. Ғылыми әдіснаманы жетілдірудің бастамасын жөне негізін (фактический) Гегель салды, ол өз назарын бірінші болып философиялық әдістің ерекшелік сипатына, оның нақтылы ғылымдар әдістерінен айырмашылығына және әдіснаманың олармен үйлесімсіздігі назар аударды. Гегель әдіс дегеніміз мазмұнның қозғалысы, құбылыстың мәнін ашып көрсету және оның мазмұнынан тыс жасалмайтындығын баса көрсетті.

Материалистік диалектика объективті шындықты тану әдістері негізінде табиғат, қоғам және адам ойлауының заңдары жатқанын негізге алады. Таным әдісі табиғат пен қоғамның объективті заңдарын көрсеткенде ғана ғылыми бола алады. Сондықтан ғылыми танымның принциптері, оның категориялары мен ұғымдары адамның ақылымен жасалған кездейсок

13

ережелерінің қосындысы емес, ол табиғат, адам және қоғам заңдылықтарының бейнесі болыл табылады.



Материалистік диалектика табиғатты үздіксіз козғалыспен даму барысындағы біртұтастықтың бірлігі ретінде ашып көрсете отырып табиғат және адам тәжірибесі туралы ғылымдарынын деректерімен толық сәйкестік барын көреді. Диалектика дамудың ең жалпы зандылықтарын жасап үйлестіреді; бірлік және қарама қайшьшылықтардың күресі, саннан сапаға көшу және теріске шығаруды теріске шығару, мынадай философиялық жұп категорияларымен: себеп салдар, кажеттілік жөне кездейсоқтық, мүмкіншілік пен шындық, мән және құбылыс, мазмұн мен форма және т.б. аныкталады. Диалектикалық өдіс таным процесі арқылы заттар және олардың ойша (идеалды) бейнесі, яғни ұғым пайда болу процесінде, үздіксіз дамуда, олардың органикалық бірлігі мен өзара байланысында материалдық шындықгың заңдылықтарын ашады.

Сонымен материалистік диалектика ғылыми ізденістің стратегиясын береді, бірақ ол нақгылы ғылымда пайда болатын сұрақтарға дайын жауап бермейді. Әдіснамалық анықтамаларды менгеру арқылы ғалымда да және машықтандыруда да көзкарастың дүниетанымдық ұстаным қалыптасады, ол содан кейін белгісіз зерттеулерде, жасалған ғылыми идеяларды кәсіби тәжірибелік іс -әрекеттер арқылы жүзеге асырылады. Бірақ, соңғысы нақтылы ғылымның әдіснамасымен байланысты және сол сияқты педагогикада қолдануға болады. Одақгық педагогикада XX ғасыр түгелдей қойылған сұрақтарға өте белсенді жауап іздестіру уақыты болды.

Ғылыми білімнің жалпы моделі философиялық алғы шарттар негізінде жасалады, ал ол теорияның негізгі салаларымен байланысты- табиғат, коғам және ойлау ғылымдарына қатысты үшбұрыш. XIX ғасырдың өзінде қалыптасқан дәстүрлі үшбұрышта педагогикаға, медицинаға, техникалық білім және басқа да ғылымдардың жасампаз мақсатта бағытталған адамдардың іс -әрекеттеріне байланысты ғылымдарға орын жоқ. Сондықтан XX ғасырдың екінші жартысының өзінде, кейбір ғалымдар (М.Г. Ярошевский) төртбұрыштық ғылымды ұсынады. Мұндай жағдайда адамдардың жасампаз мақсатты бағытталған іс - әрекеттері ғылыми білімдер жүйесінің моделінде, заңды өз орнын алады. Бұл, әрине, нақтылы ғылыми білімнің, міндетті түрде: сол нақтылы ғылымның әдіснамасын, теориясын, тәжірибесін көрсетіп, теорияны жалпылау мен практикалық ұсыныстарға, құрамына әсерін тигізеді Демек, XIX ғасырдың аяғының өзінде қалыптасқан

14

ғылымның даму тенденциясы ғылымды теориялаңдырудан тұрады. Міне осыдан ғылыми жұмыстардың ең көп тараған фундаментальдық терең, қолданбалы және талдамалық бөлінуінен келіп шығады. Кейбір ғалымдар (К.Е. Гмурман) ғылымдардың бөлінуін басқаша береді: фундаменталдық, теориялық, теориялық - қолданбалы және талдамалық, зерттеулерді теорияландырудың ролін баса көрсеткен. Сонымен бірге қазіргі уақытта, іс-тәжірибеге шығуды қарастырмаған барлық теориялық тұжырымдамалар кейін оны қайта өзгертудің негізі болуы мүмкін.


Іргелі терең зерттеулер, кұбылыстар мен процестерді сипаттау мен түсіндіруде, олардың әрекеттерінің тетіктерін, зандар мен зандылықтарын, олардың дамуы мен өмір сүріп, қызмет етуімен байланыстылығын теориялық зерттеулер ашып көрсетуді мақсат еткен нақтылы көрінбейтін құбылыстардың мәнін зерттеумен, олардын өзара байланыстары мен тәуелділіктерін анықтаумен байланысты, оларды тәжірибе жүзінде басқару мүмкіндіктерін білуін айқындайды. Теориялық қолданбалы зерттеулер практикалық іс - әрекеттердің табылған заңдар мен заңдылықтардың қолдану тәсілдерін айқындайды. Талдамалар машықтандыру (халыкқа білім беруді ұйымдастырушыларға, мұғалімдерге, тәрбиешілерге) жұмыстарына керекті әдістемелік оқу құралдарың нұсқаулар, әдістемелік нұсқаулар, құралдар және т.б. беруге бағытталған.

Көптеген жағдайларда педагогикада негізгі идеялар, теориялық және тәжірибелік аспектшер өзара тыгыз байланысты. Сондықган педагогикада теорияны жасау және зерттеудің теориялық деңгейін көтеру алдыңғы қатарлы тенденция болып отыр. Бұл тенденция педагогиканың әдіснамасы деген сұрақгы қарастырғаңда күмән жоқ,бұл сұракқа жауап бермей басқа сұраққа жауап беру мүмкін емес — ал, бүл дегеніміз педагогикалық зерттеулердің теориялық деңгейін күшейту деген сөз.

Педагогикалық әдіснаманың мәні әртүрлі түсіндіріледі: әдіс туралы ғылым, философиялық қағидаларды тікелей ғылыми зерттеулерде қолдану ретінде; арнаулы зерттеу әдістерін жасауға арналған ғылыми пән ретінде. Бұл айтылған үш көзқарас педагогика әдіснамасның шекарасын мөлшерсіз кеңейтеді немесе тарылтады (Г.В.Воробьев). Қазіргі педагогика әдіснамасның пәні болып педагогикалық құбылыстармен оның нәтижесі - педагогикалық білімдер жүйесін (Ф.Ф. Королев) зерттеу процесі екендігі анықтылған.

15

Педагогикада жеткілікті дәрежеде оның әдіснама" қызметін атқаратын әдіснамалық және жалпы теориялық білімдер шекарасы айқыңдалуда. Әдіснамалык білімдер жүйесіне: педагогика пәні, педагогиканың категориялары, педагогиканың ғылыми білімдер жүйесіндегі ролі, педагогиканың басқа ғылымдармен өзара байланыстылығы, педагогика ғылымдарының жүйесі; педагогикалық пәңдердің жалпы және ерекшелік міңдеттері, педагогиканың анықтамалы - терминдік жүйесі жатады.

Әдіснаманың көрсетілген аспектілерін жасау "білетін туралы білім" береді. Осылайша педагогикалық құбылыстарды тану процесін оқуда зерттелетін мәселелер анықталады, "білетін туралы білім", яғни педагогикалық құбылыстарды зерттеудің өзінде оның принциптері, заңдылықтары, әдістері, болашағы туралы білімдер жинақталады. Қазіргі кезеңде мынадай әдіснамалық нысаналарды жасау педагогика ғылымының түсіндіру, жобалау және конструктивтік функцияларының атқаратын қызметтерінің өзара байланыстылығын, педагогикадағы дүниетанымдық пен методологиялық принциптерінің ерекшеліктерін, ұғымдар жүйесі мен, ұғымдар қатарын және т.б. зерттеу өзекті мәселе болып отыр (В.Е. Гмурман, Г.В. Воробьев, В.И. Журавлев).


Педагогикадағы жалпы теориялық зерттеулерге педагогикалық процестің мәнін, зандылықтарын, биологиялық пен әлеуметтіктің ара қатынасын; педагогикалық процесте тұлғаны қальштастыру; тұлға және ұжым; ұжым тұлғаны қалыптастырудың әлеуметтік ортасы ретінде; педагогикалық процестің принциптері, оны ұйымдастырудың формалары мен әдістері және т.б. жатады.

Әрине, қазіргі педагогиканың кең көлемдегі сұрақгары пәнаралық және ғылым аралық байланыстарын диференцияландыру мен интеграцияландыру негізінде педагог — зерттеушілер мен практиктардың зерттеу процесін ұйымдастырудағы дайындығына байланысты тиімді жасалуы мүмкін.

Қандай да салада болмасын ғылыми таным, таным субъектісі (зерттеуші) зерттеу процесінің барлық элементтерін білуін талап етеді:

- тақырыпты үйлестіруді (дифференцировать) және оның

көкейкестілігін дәлелдей білуді;

- ғылымдағы тақырыптың зерттелу жағдайын және пайда болған

қайшылықтарын анықтай білуді;

16

- зерттеу мәселесін үйлестіре білуді (яғни жауапты талап ететін

сұрақты);

- мақсат (қандай нәтиже алуға болатындығын) нысана және зерттеу

пәнін анықтай алуды.

Ғылыми зерттеуге тән нәрсе, сол мәселеде үйлестірілген сұрақ және болжамды белгілі бір жобаланған жауап ретінде бейнеленеді. Осыдан зерттеудің міндеттері шығады: зерттеу пәнінің теориясын негіздеу (теориялық сипаттама) және зерттеудің теориялық моделін жасау, эмпирикалық тәжірибені меңгеруді анықтаушы эксперимент және педагогикалық шыңдықты қайта құруды қаматамасыз ету қалыптастырушы эксперимент.

Қойылаған міндетгерді шешу зерттеушінің соған сай ғылыми әдістерді қолдануын талап етеді. Теориялық және теориялық қолданбалы міндеттерді шешу үшін - теориялық деңгейдегі әдістер (теориялық және салыстырмалы талдау, нақтыдан абстрактылық және абстрактылықтан нақтылыққа көтерілу, моделдеу, ойша эксперимент) қолданылады. Теориялық қолданбалы және қолданбалы сипаттағы міндеттерді шешу үшін: бақылау, әңгімелесу,анкеталық педагогикалық құжаттарды оқып танысу, эксперимент қолданылады.

Ғылыми зерттеулердің басты белгісі қолданатын терминдердің біртектілігі (бір мағыналылығы) болып табылады, себебі басынан бастап, басты ұғымға қандай мағына мән берілетіндігі, не туралы екендігі айқын болуы керек.

Бір терминді (сөзді) бірнеше мағынада қолдануға болмайды. Бұның маңыздылығы сонда, зерттеу пәнінің ұғымдық сипаттамасы (теориялық сипаттама) зерттейтін құбылыстың мәнін мазмұнды ашып көрсетудің оның теориялық моделін жасаудың кепілі болады.. Соңғысы арқылы зерттеу құбылыстарының нақтылы педагогикалық шындықтағы жағдайын және практикалық іс-әрекеттер үшін берілетін нұсқаулардың тиімділігі бағаланады, олар практика үшін қажетті әдістемелік материалдар мен нұсқаулар пакеті ретінде болашақ педагогикалық іс-әрекеттер жобасында қаланады.