ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.01.2024
Просмотров: 1781
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Жеке ерекшеліктерді есепке алу маңызды жағдай. Мұғалім бұл мәселеде шектен шығып кетпеуі керек, яғни, баланың мүмкіншілігін артық бағалау да, ескермеуі де баланың жеке дамуына зиянын тигізеді.
Міне, осылайша тәрбие беруде де, оқытуда да әр балаға жеке қарым-қатынас жасау маңызды, себебі әр балада оның рухани қажеттілігінің, өзіндік қызығушылығының көрінісі ретіндегі жеке ерекшелігі айқын көрініс береді, ал ол әр адамның жан-жақты дамуы үшін қоғамның талабы негізінде туындайды. Жеке қарым-катынас әр баланың бейімділіктері мен қабілеттерінің ашыла түсуіне жақсы жағдай жасау үшін аса маңызды, сондай-ақ ол оқу бағдарламасының талаптарын орындаудағы қиыншьшықтарды жеңуде де зор рөл атқарады.
78
Өзін-өзі бақылауға арналған тапсырмалар
1. Окушының "дамуы", "тәрбиесі" және "жеке тұлғалық қалыптасуы" деген түсінікті ашындар.
2. Мектеп оқушыларының жас мөлшеріне байланысты кезендерге сипаттама беріндер.
3. Білім беру және тәрбие беру процесінде балалардың жас мөлшерінің және жеке дамуынын зандылығын есепке алудың ерекшеліктері қандай?
4. "Индивид", "вундеркинд", "акселерация" деген ұғымдарды анықтандар.
5. "Дарынды" және "педагогикалық жағынан қараусыз қалған" деген терминдерді қалай түсінесіндер?
6. Педагогикалық процесте жеке ерекшеліктерді есепке алудың ерекшеліктерін көрсетіндер.
Әдебиеттер
1. Возрастная и педагогическая психология /под.ред. А.В.Петровского. М., 1984.
2. Караковскии А.П. О подростках М., 1970.
3. Керимов Л.К. Педагогические основы индивидуализации и перевоспитания трудных подростков. Алматы, 1994.
4. Ковалев С.В. Подготовка старшеклассников к семейной жизни. М., 1992.
5.Крутецкий В.А. Основы педагогической психологии М., 1972.
6. Щербаков А.И. Психологические основы формирования личности. М.,1967.
7. Эльконин А.Б. Возрастные и индивидуальные особенности младших подростков, М., 1974.
8. Юсупов И.М. Психология взаимопонимания, М., 1980.
Өзіндік жұмыс үшін тапсырма
1. "Жас мөлшерін кезеңдерге бөлудін бүгінгі жағдайы және педагогикалық процесс"
2. Бақылау жасау арқылы бастауыш сынып жасындағы балалармен, жеткіншектермен және жоғары сынып окушыларымен /жас мөлшерін әркім өзі тандап алсын/ педагогикалық жұмыс жүргізудің идеясы жөнінде материал жинақтап, оны сипаттап жазындар.
3. Мектеп окушыларының типологиясын сипаттандар.
79
Реферат тақырыптары
1. Мектеп оқушысының жеке тұлғалық дамуының жас мөлшерлік кезендері.
2. Бастауыш сынып жасындағы балаларға сипаттама.
3. Мектеп оқушысының жеткіншек шағы.
4. Мектеп оқушысының жеке тұлға ретіндегі табиғи мүмкіндігі.
5. Мектеп оқушысының жеке тұлға ретінде дамуының әлеуметтік жағдайлары.
6. Мектеп оқушысының жеке тұлға регіндегі өзіңдік ерекшеліктерінің сипаттамасы.
7. Қоғам дамуының қазіргі кезеңіндегі акселерация проблемасы.
8. Қазіргі мектептерде оқытудын үйлестірілуі және жеке ерекшеліктерді есепке алу.
9. Мектеп оқушысының өзіндік қабілеті.
10.Мектеп оқушысының жеке тұлға ретіңдегі әлеуметтік жағынан өсіп-жетілуін тәрбие процесінде есепке алу.
80
Екінші модуль. Тұтас педагогикалық процестің
теориясы мен практикасы
2.1. Тұтас педагогикалық процесс педагогиканың пәні және мұғалім іс - әрекетінің объектісі
Мақсаты: Тұтас педагогикалық процестің ерекшеліктерін анықтау.
Міңдеттері:
а) "Объект " және "пән" деген ұғымдардың мәнін ашу.
б) Педагогикалық процесс - педагогикалық теорияның объектісі болатындығын көрсету.
в) Тұлғаның тұтас педагогикалық процесте дамуына сипаттама беру.
Жоспар:
1. Педагогикалық процесс мұғалім іс - әрекетінің объектісі ретінде.
2. Педагогикальгқ процестің белгілері, сапалары және өзіндік сипаттары.
3. Қарама - қайшылық педагогикалық процестің қозғаушы күші.
Негізгі ұғымдар: объект, пән, ғылым, жүйе, әлеуметтік
жүйелер, "ұстаздар-оқушылар" жүйесі, педагогикалық процесс, педагогикалық жағдаяттар, қозғаушы күштер, тәрбиелеуші тетіктер, диагностика, болжамдау.
Пәнаралық байланыстар: философия, психология, жүйелердің теориясы, басқару теориясы.
Педагогикалық процесс мұғалім іс - әрекетінін обьектісі.
/Адамның қандай да болмасын іс - әрекетінің заттық саласы қалайда білімдер жүйесінде көрінеді. Сондықтан синтетикалық сипатының біртұтастық объектілері жасалмайынша субъектінің іс -әрекетінің сәтті болуы мүмкін емес. Сананың тұтастық объектілері белгілі бір шындық саласындағы білімдерді меңгерудің нәтижесінде пайда болған объектілері, субъектінің іс - әрекетінің сыртқы талаптарды орындау тәсілдері мен адамның субъекті -тұлғалық құндылықтарына бағыт табу болып табылады.
Педагогикалық іс - әрекетте еңбек субъектісі мұғалім болады»' Мұғалімнің еңбек құралдарының өзіңдік сипаттары - ол оның білімі, білігі, тұлғалық қасиеттері. Осыған байланысты, білім "сананың біртұтастық объектісі" болып есептелуі керек. (Н.И. Непомнящая), мұғалімнін іс - әрекеті, оның білімі және тәжірбиесі кәсіби шеберліктің деңгейіне тікелей қатысты екендігі анық.
81
Қажетті тәжірбиені жинақтауға әкелетін іс - әрекет мұғалім тұлғасын қалыптастырудың шарты болады, ал ол "оқу-әдістемелік" құралдарының өзінде орныққан. Бірақ бұл іс - әрекет тиімді болуы мүмкін емес, егер еңбек объектісі толық айқын болмаса, еңбек субъектісінің зейіні теріс түсініп объектіге аударылса. Бұндай жағдайда еңбек субъектісінің әрекеті объективті өмір сүретін кәсіби іс - әрекеттің объектісіне сәйкес болмайды.
Диалектикалық - материалистік философияда жеке тұлғаның қалыптасуындағы іс - әрекеттің ролі жан — жақгы зерттелген. Адам іс - әрекеттің субъектісі ретінде психологиялық зерттеулерде көрсетілген. Бірақ, негізінен, тек XX ғасырдың 60 — шы жылдарында ғана мұғалім іс - әрекеті оқушылармен өзара әрекет ретінде қарастырылып еңбектер жарық көрді. Көрнекті ұстаздардың еңбектері (Ш.А. Амонашвили, В.А. Сухомлинский, А.С. Макаренко және т.б.>) оқушы ертерек мұғалімнің арқасында іс - әрекеттің нақгылы субъектісі ретінде қалыптасса, оқу — тәрбие жұмысының тиімділігі арта түсетіндігіне куә етеді.
Міне, сондықтан да мектептегі педагогикальгқ (оқыту — тәрбиелеу) процесте мұғалім және оқушы іс - әрекетінің субъектісі ретінде көрінеді, мұғалім іс - әрекеттің объектісі ретінде оқушыны емес, педагогикалық процесс деп есептеу керек. Мұғалім даярлаудағы мұңдай бағыттың кажеттілігі бірқатар зерттеулерде дәлелденген:
-біртұтастық тұлғаны қалыптастыру проблемасын, біртұтас
педагогикалық процестің ерекшеліктерін есепке алмай шешу мүмкін
емес (В.С. Ильин);
-мұғалім іс - әрекетін оптимизацияландыруға тек қана оқытуға
бағытталушылықпен жету мүмкін емес (Ю. К. Бабанский);
-егер оқушының іс - әрекеті назардан тыс қалған болса, педагогикалық
еңбекті ғылыми түрде ұйымдастыру мүмкін емес (И.П. Радченко);
-мектеп әкімшілігі іс - әрекетінің тиімділігі тек қана біртұтас
педагогикалық процесті ұйымдастыру негізінде мүмкін болады (М.И.
Кондаков);
-тұтас педагогикалық процестің теориясьш жасамайынша, басқару
шешімдерін қабылдау үшін педагогикалық талдауды жетілдіру,одан әрі
дамыту өте күрделі болады (Ю.А. Конаржевский);
Мұғалім іс - әрекетінің объектісін оқып үйрену тұтас педагогикалық процестің мәнін анықтау керектігін қажет етеді. Диалектикалық материализмнің ұстанымына — мән бұл ең басты ішкі, біршама заттың
82
тұрақты жағы (немесе оның жақтары мен қатынастарының қосындысы). Мән заттың табиғатын анықтайды, одан барлық қасиеттері мен белгілері шығады.
Қазіргі кезендегі тұтас педагогикалық процестің мәні туралы түсінік ғалымдардың бірнеше ұрпақтарының күш салуларының арқасында жинақгалады, өйткені педагогикалық құбылыстар компонентерінің, қасиеттері, зандылықтар туралы дербес білімдері бірте - бірте жинақталады. Бірақ, бөлік туралы білім әлі біртұтас туралы білім емес. "Педагогикалық процесс" деген сөздік (термин) ғылыми айналымға XIX ғасырдың екінші жартысында (П.Ф. Каптерев) енгізілгенімен, ұғымның мазмұндық сипаттамасын тек қана тұлға теориясы, іс - әрекет теориясының дамуы арқылы құбылыстарды зерттеуде жүйелілік тәсіл қолдануды қалыптастыру арқасында мүмкін болды.
Педагогикалық процестің мәні туралы әртүрлі көзқарастарды (С.Т. Шацкий, Н.К. Крупская, А.С. Макаренко, М.А. Данилов, Б. Т. Лихачев, Ю. К. Бабанский, В. М. Коротов және т. б.) зерттеу жалпы тәртіптегі қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Аталған авторлардың назарлары эмпирикалық жолмен жинақгалған педагогикалық процестің әртүрлі жақтары жайлы білімдер болады.
Педагогикалық процестің мәні туралы қалыптасқан түсініктердің білімдер сыртында мұғалім үшін өте маңызды бір қатар мәселелер қалды, ол: не себепті біртұтас педагогикалық процесс оқыту мен тәрбиенін бірлігі
(А.Ф. Каптерев, М.А. Данилов); оның оқыту, даму және тәрбиелік қызметтерінің бірлігі қалайша қамтамасыз етіледі (Ю.К.Бабанский) оқушьшардың өзара әрекетінің ерекшеліктері қалай анықталады (С.Т.Шацкий, Н.К.Крупская, В.А.Сухомлинский); өзара әрекет тек қана оқудан тыс уақытқа тән бола ма (АС. Макаренко); тұтас педагогикалық процестің қандай ерекшеліктерін білу оның бағытты дамуының мәселелерін шешуге көмектеседі (Б.Т. Лихачев) және қызмет істеулерін басқару (В.С. Ильин, И.П. Радченко) және т. б. Пайда болған сұрақтарға жауап басқа кеңістікте жатыр — ол біртұтас педагогика-лық процестің барлық сапалары мен қасиеттерін сипаттау. Ал бұл қойылған сұрақгарға эмпирикалық емес, теориялық методологиялық деңгейдегі жауап.
Бір деңгейден (жеке құбылыстарды сипаттаудан) басқа тұтастыктың мәнін және оның бөліктері арасындағы өзара байланыстылығын анықтау деңгейіне көшу теориялық талдаута көшуді талап етеді. Жекелік абстрактылықтан нақтылыққа көшу күрделі құбылыстарды теориялық талдау әдісі болады, ал оны бірінші К.Маркс өзінің еңбектерінде бірінші болып сипаттап қолданады. Көрсетілген әдістің жасау ерекшеліктерін В.И. Ленин осы әдістің орнын
83
және оны нақтылы ғылыми зерттеулерде философиялық және жалпы ғылыми талдау үшін қолдануды көрсетті.
Затты теориялық қарастырудың объектісі болып заттын басқалармен байланысы мен дербес өздері емес, белгілі бір нактылықтың ішіндегі басқа заттармен заттың бірі байланысы, оған қатынасы бар. Бірақ бұл мұндай мүмкіншіліктің болуы, егер эмпирикалық зерттеулерде алдын ала теориялық қорытынды жасалып, ұғымдар мен анықтамаларда тұтастықтың жалпы жақтары мен байланыстары көрсетіліп белгіленсе ғана мүмкін. Онда тұтастыққа теориялык талдау заттық нактылықтың ішіндегі қатынастарын анықтау болады (А.Н. Шептулин).
Қандайда болмасын объектіні тұтас қарастыру мүмкіншілігі оның әрбір элементтік бөлігін өз негізінде дербес жүйе ретінде есебінде қарастырылуы мүмкін яғни, таным, соның ішінде педагогикалық шындықгы тану, осы аспектіде нақтылы таным болады. Мұндай объектіні теориялық тәсілмен елестету, онда шындық әртүрлшігінің бірлігі ретінде оның өмір сүруінің әртүрлі ішіндегі бөліктер бірлестіктерінің формалары мүмкін болады, (Ж. М. Абдильдин). Біртұтас объектіні (немесе объективтік біртұтастықты) тұтастықтың ең кішкентай ("кереге көзсіз") генетикалық бірліксіз елестету мүмкін емес.
Жүйелілік бағыттағы көзқараста педагогикалық процесті элементарлық бірлік "кереге көзі" қарастыру арқылы оны модель ретінде құрастыруға болады. Негіз болатын абстракцияда ("кереге көзі") ең аз дегенде екі қасиеті болуы керек: а) өз нәрсенің мәнін, себептерін аша алуы э) басқалармен шегіне жеткен, жанама түрде емес (керісінше, оның өзі құбылыс басқа жақтары мен қасиеттерімен жанамаласады). Басқаша айтқанда, көрсетілген абстракция осы нақгьшы көп нақтылықтан абстракциялаудың шегі, соңы болады,бұдан әрі құбылысты кеселсіз сай бейнелеуге мүмкін емес. Немесе былайша айтуға болады: көрсетілтен абстракция дамыған біртұтастықтың дамымаған бастамасы, яғни тұтастық барлық басқа созылатын, шығатын тұтастық көз негізі (М.М. Розенталь).
Элементарлық бірлікті ("кереге көзді") марксистік педагогикада негіздеуге көптеген зерттеушілер, оның әртүрлі объектілеріне қатысты, ат салысты.
(Н. Чакыров, А.П. Сидельковский, М.И. Алексеев, В.И. Загвязинский, Г.И. Легенький және т.б.). Бірақга бұл істелген жұмыстар нәтижесі жеткілікті дәрежеде емес еді, себебі оны жасаушьшар қойьшатын методологиялық абстракцияны анық көрсету мен оны қолдану жағдайына қойылатын талапты
84
бұзған еді. Белгілі бұл бағыттардың әлсіздігі мынадан байқалады, авторлардың ойларын белгілі бір дәрежеге жеткізе алмады, онда педагогикалық теория өзінің дамуының ғылыми негізделген қисынына ие бола алмады (М.А. Данилов).