ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.01.2024
Просмотров: 1808
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Оқу оқушылардың іс-әрекетінің басты нәтижесі олардың бойында теориялық сана мен ойлаудың қалыптасуы болып табылады. Оқу іс-әрекетінің психологиялық мазмұны іс-әрекеттің жалпы тәсілдерін, білімдерді меңгеру болып табылады.
Білімдер сенімге айналу үшін, жеке тұлғаның қажеттіліктерінен, әлеуметтік үміт пен құндылық бағыттарынан биік болып түрған көзқарастарының жалпы жүйесіне және оның сезіміне айналуы қажет. Оқушылардың жағымды эмоционалдық күйі, олардың жеке тәжірибесіне, әлеуметтік-психологиялык жағдайына сүйенеді.
158
Оқу мен еңбек, қоғамдық іс-әрекет оқушыларды әлеуметтік, жан-жақты ақпаратпен, саяси қарым-қатынас тәжірибесімен қаруландырады. Ол оқушының ішкі жан-дүниесіне, жеке тұлғаның белсенді жасампаздық қажеттілігін дамытады.
Өзін-өзі бақылауга арналган сұрақтар
1) "Дүниетаным" ұғымының мазмұны қандай?.
2) Дүниетаным құрылымы қандай?
3) Оқушының жеке тұлғалық дүниетанымының қалыптасу ерекшеліктерін сипаттаңыз.
4) Дүниетаным құрылымындағы сенімнің орнын анықтаңыз.
5) Дүниетанымның қальштасуының негізгі заңдьшықтарын сипаттаңыз.
6) Оқыту процесіндегі дүниетаным мен оқушылардың іс-әрекеті арасында қандай байланыс бар?
7) Адамның сенімі мен оның өмір салты арасында қандай байланыс бар?
Әдебиеттер
1. Философский словарь /Под. Ред. И.Т.Фролова - 5-е изд.-М.: Полит.
2. Залеский Г.Е.Психологические вопросы формирования
убеждений.-Изд-во Московского государственного университета –
1982-116с.
3. Харламов И.Ф. Педагогика:Учебное пособие.-3-е издание, перераб. и
доп.-М:Юрист,1997.-512с.
4. Актуальные проблемы нравственного воспитания .-
Новосибирск:Наука,1987 -243с.
5. Божович Л.И. Личность и ее формирование в детском возрасте
(Психологическое исследование). М., «Просвещение», 1968.
6. Выготский Л.С. Развитие высших психических функций. М., 1960.
7. Формирование личности: проблемы комплексного подхода в процессе
воспитания школьника Под ред.Г.Н.Филонова.-М. :Педагогика, 1983 .- 256с.
159
Өзіндік жұмысқа арналған тапсырмалар
1) Ғылыми дүниетанымның қалыптасуы процесінде тәрбиенің жалпы әдістерінің жүйесін пайдалану қажет екенін дәлелдеп беріңіз?
2) "Дүниетаным" ұғымы анықтамасының салыстырмалы кестесін жасаңыз.
3) "Қазіргі кезде қалыптасып келе жатқан жеке тұлғаның дүниетанымы" тақырыбындағы ғылыми мақалалардың конспектісін жасаңыз.
4) "Дүниетанымның пайда болу және қалыптасуының әлеуметтік-мәдени динамикасы" тақырыбына дерек-мәлімет дайындаңыз.
5) Дүниетанымның мәніне қатысты ғылыми әдістемелердің жіктемесін құрыңыз.
6) Жеке тұлғаның дүниетанымдық бағдарларының алуан түрлі қатынастар жағдайларындағы қалыптасуының үлгісін жасаңыз.
Реферат тақырыптары
1. Оқушылар дүниетанымының қалыптасуы - мектептің іс-әрекетінің басты бағыты.
2. Педагогикалық ғылымдағы дүниетанымдық түсініктер, көзқарастар мен сенімдердің қалыптасуы мен дамуы.
3. Білім беру процесіндегі оқушылар дүниетанымының қалыптасуы.
4. Сыныптан тыс тәрбиелік іс-әрекеттегі оқушылар дүниетанымының қалыптасу жолдары.
5. Жалпы білім беретін мектептердегі оқушылардың ғылыми түсініктерінің қалыптасуының психологиялық мәселелері.
6. Оқушылардың дүниетанымы мен қоғамдық белсенділігінің қалыптасуының ара қатынасы.
7. Дүниетаным қальштасуындағы мұғалімнің алар орны.
8. Оқушылардың дүниетанымын қалыптастырудың педагогикалық негіздері.
160
2.5. Тұтас педагогикалық процестегі тәрбиенің құралдары,
формалары мен әдістер жүйесі
Мақсаты: педагогикалық процестің қозғаушы күші ретінде тәрбиенің құралдары, формалары мен әдістері жүйесінің мәнін ашу.
Міндеттері:
а) тәрбиенің құралдары, формалары мен әдістері, түсініктері туралы жалпы сипаттама беру;
э) тәрбиенің құралдары формалары мен әдістерін оқу және оқудан тыс уақытта пайдаланудың ерекшелігін негіздеу;
б) тәрбие әдістерін жіктеудің түрлеу негіздерін сипаттау;
в) тәрбие әдістерінің негізгі топтарының мәнін ашу.
г) тұтас педагогикалық процесте тәрбиенің формалары мен әдістерінің өзара байланысын көрсету.
Жоспар:
1. Тәрбиенің құралдары, формалары мен әдістері туралы түсінік.
2. Тәрбие әдістерінің жіктелуі.
3. Сананы қалыптастыру эдістері.
4.Іс-әрекетті ұйымдастыру мен мінез-құлық тәжірибесін қалыптастырудың әдістері.
5. Ынталандыру әдістері.
Негізгі ұғымдар: тұтас педагогикалық процесс, педагогикалық процестің қозғаушы күші, тәрбиенің құралдары, формалары мен әдістері.
Басқа пәндермен байланысы: философия, әлеуметтану, психология, этнопедагогика.
Тәрбиенін құралдары, формалары мен әдістері түралы түсінік. Мектеп пен жанұяның педагогикалық процесінде оқушылардың жеке тұлғасын қалыптастыру жүзеге асады. Педагогикалық процесті сауатты ұйымдастыру үшін мұғалім оның теориялық негіздерін түсініп, оның мақсаттарын, міндеттерін, мазмұнын, құралдары, формалары жэне әдістерін, тәсілдерін ажырата білуі керек. Құралдары формалар мен әдістер педагогикалық процеске қатысушылардың іс-әрекетінің қозғаушы күші
161
болып табылады, соның арқасында жеке тұлғаның қалыптасуы жүзеге асады (Н. Д. Хмель).
Материалистік диалектика адам табиғатын биологиялык пен әлеуметтіктің (тұқымқалаушылық мүмкіндіктер мен әлеуметтік ортаның) бірлігі деп түсіндіреді. Адам, басқа да тіршілік иесі сияқты, табиғат және қоғаммен өзара әрекеттестікте болады, оларды өзінше қабылдайды, яғни осы әрекеттестіктің белсенді қатысушысы.
Қоршаған дүниені өзгерте отырып, адам өзін де өзгертеді (К. Маркс). Бұл ретте әр түрлі іс-әрекеттің орны ерекше. Адамның психикасы мен санасы қоршаған ортамен әрекеттестігі арқасында және нақты бір іс-әрекет барысында дамиды. Бұл ретте индивидумның іс-әрекеті жеке дара емес, басқа адамдардың (ата-ана, мұғалімдер, оқушылар т.б.) іс-әрекетімен тығыз байланыста жүзеге асады. Сондықтан жалпы адамзаттық мәдениетті игеру үшін бала қоршаған ортамен басқа адамдар арқылы әрекеттестікте болуы керек, яғни олармен қарым-қатынас жасауы қажет. Осылайша, іс-әрекет пен қарым-қатынас жеке тұлғаның қалыптасуының ең маңызды шарты болып табылады. Педагогикалық ықпал етудің амалдары да осылар.
Педагогикалық ықпал ету тәсілдері дегеніміз жеке тұлғанын қоршаған ортамен мақсатты әрекеттестігін ұйымдастыруға жағдай жасау. Сондықтан педагогикалық құралға жеке тұлғаның әрекеттестік жасайтын ортасы (табиғи, әлеуметтік, материалдызқ, рухани) және осы әрекеттестікті ұйымдастыратын іс-әрекеттің түрлері (қарым-қатынас, таным, ойын, еңбек, т.б.) жатады.
Педагогикалық құралға қатысушылардың іс-әрекеті мен қарым-қатынасы педагогикалық ықпал ету арқылы жүзеге асады. Оқу-тәрбие процесінің субъектілері-әрекеттестігінің формалары мен әдіс-тәсілдер арқылы шешілетін белгілі бір мақсаттары мен міндеттері, тиісті мазмұны бар, логикалық тұрғыдан аяқталған, белгілі бір уақыт аралығындағы педагогикалық процесс.
Ұйымдастыру формалары тұтас педагогикалық процеске қатысушылардың қарым-қатынасы мен әрекеттестігінің тәсілі ретінде де қарастырылады. Педагогикалық процестің ұйымдастыру формаларын былай жіктеуге болады:
- қатысушылар құрамы (жеке даралық, шағын топтық, топтық, ұжымдық, жаппай);
162
- тұтас педагогикалық процестің оқу жұмысында қолданылуы (сабақ, семинар, факультатив, экскурсия);
- таным іс-әрекетінің сыныпта және сыныптан тыс уақыттағы байланысы (бірлесіп жасайтын жұмыс, аз топпен жұмыс, білімді тексеру, оқу жағдайындағы кездесу т.б.)
- оқушылардың сыныптан тыс іс-әрекеті кезіндегі өзара әрекеттестігі (ертеңгілік, пәндік кеш, конференция, олимпиада т.б.).
Тұтас педагогикалық процесті ұйымдастыру формалары әдістер мен әдістемелік тәсілдер арқылы жүзеге асады. Тәрбие әдістері дегеніміз тәрбие мақсат-міндеттерін шешуге бағытталған тәрбиеші мен оқушының өзара байланысты іс-әрекеті. Педагогикалық процеске қатысушылардың тәсілдері мен нақты әрекеттері, оқушылардың белсенді іс-әрекетінің ынталануы тәрбие мақсатына бағытталуы керек. Тәсіл деген де ұғым бар. Әдістемелік тәсіл дегеніміз әдістің жеке көрінісі. Әдіске қарағанда ол бағыныңқы сипатта болады.
Формалар, әдістер, тәсілдер сияқты ұғымдар шынайы педагогикалық процесте өзара тығыз байланыста болады. Біріншіден, олар бір-біріне тәуелді (формалар мен әдістер, әдістемелік тәсілдер құралдар арқылы жүзеге асады); екіншіден, күнделікті тәжірибеде олардың арасында белгілі бір айырмашылық жоқ. Тәрбие әдістері мен тәсілдері әрқашан бірін-бірі алмастырып отырады: кей жағдайларда әдіс тәсілге айналады.
Педагогикалық процестің қозғаушы механизімінің негізгі компоненттерінің өзара байланысы кесте түрінде 1 суретте.
Педагогикалық процестің қозғаушы тетігі сияқты құрал, форма әдістердің оқу кезінде және оқудан тыс кезде қолдану аясына қарай өзіндік ерекшеліктері бар. Оқу процесінде негізгі әрекеттің түрі таным болып табылады. Бірақ іс-әрекеттің басқа түрлері (ойын, қарым-қатынас, еңбек т.б.) оқу кезінде қолданылмасада керісінше әр түрлі іс-әрекет түрлері оқушының тұлғалық интелектісіне ғана әсер етіп қоймайды. Оқу- танымдық іс-әрекетті ұйымдастырудың әдістері мен формалары ойын элементтерімен, өнер құралдарымен, қарым-қатынаспен сабақтасып жатады. Оқушы мен мұғалімнің қарым-қатынасы ғана емес, оқушының бір-бірімен өзара қарым-қатынасы педагогикалық технология, ұжымдық танымдық іс-әрекет мысал бола алады.
163
Суреті. Педагогикалык процесте тәрбиенін формаларынын, құралдарының, әдістерінің, түрлерінін өзара байланысы
(қозғаушы механизмді жүзеге асыру).
Оқу әдістері оқыту процесінің негізі болып табылады (мұғалімнің баяндамасы, оқулықпен жұмыс, әр түрлі әңгіме-сұқбаттар, жаттығулар), бірақ олармен қоса мадақтау, көңіл-күй жағдайларын тудыру, сендіру, талап қою және ұялту сияқты ынталандыру әдістері де қолданылады.
Сабақ - оқуды ұйымдастырудың басты формасы. Соңғы жылдардағы педагогикалық технологиялардың дамуы оқыту формаларын айтарлықтай байытуда: конференциялар, ғылыми айтыстар, оқуға
байланысты кездесулер, пікірталастар көңінен қолданылуда.
Оқушылардың сыныптан тыс іс-әрекетін ұйымдастыруда оқыту мен тәрбиенің барлық амалдары, формалары мен әдістері қолданьшуда. Алайда, бұл ретте іс-әрекеттің барлық түрлері кеңінен қолданылады: танымдық (үйірмелер, факультативтер, оқушылардын ғылыми қоғамдастықтары), еңбек (өз өзіне қызмет ету, еңбек десанттары, әр түрлі мектеп бизнесі), ойын (танымдық, спорттық, іскерлік), эстетикалық (студиялар, мектеп театрлары, фестивальдар). Іс-әрекеттің барлық түрлері қарым-қатынас арқылы жүзеге
164
асады. Бұл іс-әрекеттер барысында мұғалім оқушылардың санасы, сезімі мен ерік-жігерінің қалыптасуына, олардың мінез-құлқы мен тіршілік әрекетін ұйымдастыруға әсер ететін тәрбие әдістерін қолданады.
Тәрбие әдістері, әсіресе ынталандыру әдістері, сыныптан тыс жұмыспен қоса оқу-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыруда да кеңінен қолданылады (әр түрлі мадақтаулар, жарыстар). Олар оқушылардың танымдық тілек-қалаулары мен қажеттіліктерінің дамуына әсер етеді. Оқыту әдістері ақпаратты игеруге, жалпы оқу және арнайы сипаттағы білік пен дағдыларды (оқу пәндері бойынша біліктерді) қалыптастыруға бағытталған.
Оқыту мен тәрбие әдістері, өзінің арнайы қызметтері бола тұра (оқыту міндеттері, тәрбие міндеттері), тұтас педагогикалық процесте бірлікте қолданылады.
Тәрбие әдістерінін жіктелуі. Педагогикалық әдебиеттер мен тәжірибеде тәрбие әдістерінің көптеген түрлерінің сипаттамасын кездестіруге болады. Тәжірибеде мақсат пен нақты жағдайларға сай әдістерді таңдап алу қиын. Сондықтан оларды тәртіпке келтіру, яғни жіктеу қажет.
Жіктеу - арнайы белгілері арқылы құрастырылған жүйе. Әдістерді жіктеу олардың жалпы және өзіне тән, маңызды мен кездейсоқ, теориялық пен тәжірибелік жақтарын анықтауға көмектесіп, оларды дұрыс таңдап, нәтижелі қолдануға әсер етеді.
Жіктеуге сүйене отырып, мұғалім әдістер жүйесін түсініп қана қоймай, әр түрлі әдістер мен олардың түрлерінің қызметі мен өзіне тән ерекшеліктерін де жете түсінеді.
Көптеген зерттеушілер әдістерді жіктеуде мына қағидаларға сүйенеді:
- жеке тұлға іс-әрекет нәтижесінде дамып, қалыптасады;
- оқушыларды тәрбиелеу процесі - өте күрделі іс-әрекет, оның негізі- өз санасы, сезімдері, дүниеге, адамдарға, өз өзіне деген қатынасы, күрделі ішкі дүниесі (мотивтері, тілек-талаптары, ынтасы), өзінің ұйымдасқан және ұйымдаспаған тәжірибесі бар өсіп келе жатқан адам;