ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.01.2024
Просмотров: 185
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Жоспары
Кіріспе
I тарау.Теориялық бөлім
1.1 Сын есімнің семантикалық топтары мен шырайлары және синтаксистік қызметі
1.2 Бастауыш сыныптарда оқытылатын морфологялық ұғымдардың мазмұны мен олардың өзара сабақтастығы
II тарау. Практикалық бөлім
2.1 Бастауыш сыныптарда сын есімнен өткенді қайталау сабағының әдіс-тәсілдері.
2.2 Бастауыш сыныпта сын есімнің мағыналық түрлерін меңгерудегі сабақтар үлгісі.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Диплом жұмысының көкейкестігі.Бастауышта қазақ тілі пәнінен берілетін грамматикалық сауаттылықтың негізін қалайды. Сондықтан да әр сабақтың мазмұнды, теориялық жағынан ұстамды, әдістемелік жағынан түрлендіріліп жүргізгені дұрыс. Сонымен оқушылардың сауатты жазуы, орфографиялық қағидаларды меңгеруі, грамматикалық ережелерді үнемі нзарда болуы керек
Тақырыптық теориялық қолданылымы.Бастауыш мектептерде оқытылатын қазақ тілі пәнінің басты бөлімінің бірі-грамматика мектепке келумен байланысты бастауыш сынып оқушылары грамматиканы жүйелі түрде оқып үйренуге кіріседі, қазақ тілінің әдеби нормасымен таныса бастайды. Сын есім туралы толық теориялық білім беру үшін
-
ғылыми әдебиеттердің негізінде сын есімнің семантикалық топтары, шырайлары мен синтаксистік қызметін ашу. -
бастауыш сыныптарда сын есімді оқытуға қойылатын талаптарды қалай іске асыруға болатынын табу. -
бастауыш сыныптарда сын есімді оқытудың қазіргі әдістері мен тәсілдерін көрсету. -
оқушылар сын есімді сапалы түсіну үшін мұғалім қандай талап қою қажеттілігін меңгерту. -
грамматика сабақтарының бастауыш мектептегі мақсаты мен міндетін көрсету.
Грамматикалық материалдармен оқушыларды таныстыру барысында балалар әрбір жаңа материалдың негізгі, басты ой түйінін ұғына алатынындай болу керек. Олай болса сын есім турлы деп аталатын сөз табы неліктен есімдер тобына жататыны, олардың өзара ұқсас, ортақ бірліктері, басқа сөз таптарынан айырмашылығын балаларға жүйелі, теориялық негіз беру керек.
Жалпы ауызша және жазбаша сөйлеу, тілді дамыту төменгі сыныптан басталады дедік. Оқушылырға грамматикада сапалы білім беріп, қажетті білік, дағды қалыптастыруда жаттығулар жүйесінде дамытуға болады.
Морфологиялық жаттығулардың мақсаты - ана тлінің морфологиялық құрылысын оқушылырға сапалы түрде меңгерту. Жаттығу жұмыстарыны барысында оқушылар әрбір сөз табының қасиетін, ерекшеліктерін саналы түсінеді, оларды жазбаша, ауызша өсйлеуге дұрыс орынды қолдана алады.
Сөз таптарын оқыту барысында жүргізілетін жаттығулар сөздерді белгілі бір топқа біріктіріп, жүйелеуді үйретеді. Бұл жөнінде К.Д.Ушинский: «Балалардың тілі шығып, сана-сезімі өсе келе, ол сөйлеуге үйренеді; (сөздерді қолдануға) оның ақыл-ойында түрлі грамматикалық топтарға бөлініп, қалыптаса бастайды. Грамматиканың міндеті – сол тәжірбие нәтижесін қорытып тілдегі құбылыс заңдарын жүйемен беру», - болатын. Диплом жұмысының ғылыми болжамы.Қазақ мектебінің мұғалімдері мен оқушылары ана тілінің қасиеті мен байлығын бері игеруге, бірі білуге ұмтылып отырса ғана, ана тіліміздің алдындағы перзенттік борышымызды өтей аламыз. Қазіргі кездегі білім беру ғылымының, мәдениеттің , ғылыми техникалық прогрестің даму деңгейіне сай болу қажет. Білім басталуы бастауыш мектептен басталады.
Алайда бұл мәселелер 80 жылдардың аяқ кезіндегі балаларды 6 –жастан бастап оқытуға көшкен 40 жылдық қазақ бастауыш сыныптарында өз шешімін әлі толық тапқан жоқ.
Қазіргі оқыту әдісінің барысында қолданылып жүрген негізгі әдістен бастауыш сынып оқушыларына информацияны меңгертуде түсіндіргенді қайталап айтып беруге (репродуктивті) баулу әдісі нәтиже бере алмай отыр. Яғни жаттап алынған білім мен дағдының күнделікті тұрмысында пайдаланылмайтыны белгілі. Соднықтан бастауыш сыныптарда морфологиялық ұғымдарды меңгеруде әдістемелік жағдайларға сәйкес мынадай әдістемелік міндеттер қойылады.
-
Сөзге немесе сөйлемге қатысты оқушылардың саналы лингвистикалық көзқарасын дамыту. -
Көрнекті құралдар қандай мақсатқа арналса да, олардың айқын, әдемі, қолдануға ыңғайлы болғаны дұрыс. -
Сын есімнің мағынасына қарай:
Сапалық және қатыстық болып бөлінеді.
Тұлғасына қарай: негізгі және туынды болып келуі.
Құрамына қарай: дара және күрделі болып келуі
-
Сын есімнің шырайлары. -
Сын есімнің синтаксистік қызметін саналы түрде меңгерту.
Диплом жұмысын жазуда мына төмендегі зерттеу әдістері пайдаланылды:
Тиісті әдебиеттерді талдау, салыстыру, жинақтау, бақылау, қорыту.
Бастауыш сыныптарда оқушыларға қазақ тілінің морфологиялық жүйесін
оқытудың мәні мен оқыту әдістері.Тілді, оның ілімде оқушылардың ана тілін оқыту барысында балалардың сөйлеу барысын, дағдысын дамытуға көп көңіл бөлу керек пе, болмаса қалай дұрыс сөйлеу қажеттігі туралы ғылыми ұғымдарды немесе грамматиканы меңгертуге көп назар аудару қажет пе деген мәселенің айналасындағы бір-біріне кереғар пікірлер бұрынғы кеңес мектебінің 70-жылдан астам тарихының өн бойында үнемі жалғасып келеді. Мәселен, 20-жылдары «грамматиканы арнайы оқытудың қажеті жоқ, оның сөйлеу барысында оқушылардың өздері-ақ үйренеді» деген көзқарас үстем болса, отызыншы жылдардың бас кезінен бастап кеңес мектебінде оқушыларға сөйлеу, жазу дағдыларын үйрету тілдің лексикалық, фонетикалық, морфологиялық, синтаксистік жүйелерін меңгертумен қатар жүргізіле бастады. Ал 50-жылдары оқушылардың сөйлеу және жазу дағдыларындағы олқылықтар сөздердің лексикалық мағыналарын үйретуге аз көңіл бөлігендігінен деп табылады. Осы жағдай 60 - жылдары бастауыш мектептерде берілген білім мазмұны мен оқыту әдістерін жақсарту жұмыс іске асуға алып келді.
60- жылдары бастауыш мектеп бағдарламасына, оның ішінде тіл пәнін оқытуға байланысты жүзеге асырылған өзгерістердің мәні неде еді? Бастауыш мектептерде тілді оқыту барысы мынадай тәсілдерді қамтыды:
а) оқуға үйрету;
ә) сөздік қорын стилистиакалық дәлдікті, мазмұндылықты, логикалық жүйелікті қамититын оқушылардың байланыстырып сөйлеуін дамыту;
б) фонетиканы сөз құрамы және грамматиканы (морфология, синтаксис) меңгерту;
в) графикалық, пунктуациялық дағдыларды қалыптыстыру.
Жаңа бағдарлама бойынша осы айтылған мәселелердің арасында тығыз байланыс орнату қажет деп табылады. Бұрын балалардың орфографиялық дағдысын қалыптастыру грамматиаклық ұғымдарды меңгертуге, байланыстырылып сөйлеуді дамытуға бағытталған жұмыстармен байланыссыз жүргізілсе, немесе грамматикалық ұғымдарды меңгерту тілдің лексикалық және синтакситік жүйесін оқумен ұштастырылмаса,енді мұның бәрін бір мақсатқа – оқушылардың өз ойларын мазмұнды, грамматикалық тұрғыдан сауатты, стильдік жағынан ойын дәл бейнелеп айта және жаза білу дағдыларын қалыптастыруға бағындыру қажет болады.
Бұл тұста орыс ғалымдары Д.Н.Богоявленскийдің, Н.Ф.Жуйковтың, Н.С.Рождественскийдің, Е.Г.Шашкованың және тағы басқа бастауыш сынып оқушыларына грамматикалық ұғымдар беру негізінде олардың дұрыс сөйлеп әрі дұрыс жазу дағдыларын қалыптастыру мәлелерін қарастырған құнды зерттеулері болғаны белгілі. 60-70 – жылдары бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту әдістемесін жетілдіру мәселелерін қарастырған әдіскер- ғалымдар да (М.Балақаев, Р.Әміров, С.Рахметова, Ш.Әуелбаев, А.Асқарбаев, О.Байқуатова, т.б.) өз еңбектерінде оқушылардың дұрыс сөйлеу және жазу дағдыларын қалыптастыру мен оларға грамматикалық ұғымдар беру жұмыстарының тиімді үйлесімін табу, оңқайлы әдіс- тәсілдер жүйесін қолдану мәcелелері әр түрлі ыңғайлы да қарастырылады. Алайда бұл мәселелер 80-жылдардың аяқ кезіндегі балаларды 6 жастан бастап оқуға көшкен қазақ бастауыш сыныптарында өз шешімін әлі толық тапқан жоқ деуге болады. Біздің қазіргі жаңартылған бағдарлама бойынша оқып жатқан басатуыш мектептерде жүргізілген бақылыуларымыздың қорытындысы мынаны көрсетті: оқу бағдарламасында берілетін (жұмыс) білім мазмұнының әдістемелік – психо-физиологялық тұрғыдан негізделгеніне қарамастан, басатуыш сынып оқушыларының бәрі бірдей тиісті дағдыларды меңгере алмаған. Олардың барлығы өз ойларын грамматикалық тұрғыдан сауатты бейнелеп айтып, немесе жазып бере алмайды. Әсіресе қазақ тілінің морфологиялық жүйесінен берілетін ұғымдарды өз тарапынан іс-жүзінде қолдана алмайды. Нақты айтқанда, тілдің морфологиялық заңдылықтарын жете меңгеруге байланысты бастауыш сынып оқушылары жазу не сөйлеу барысында жіберілген қателіктердің жалпы сипаты төмендегідей болып шықты:
-
Оқушылар сөздерге жалғауларды өз беттеріме дұрыс жалғай алмайды. Мысала: Мәншүктікеңес Одағының батыры атағын берді.
Дидардыкі етігі қара. Дәптерге қап жоқ. Ауылда барғанда түйе көрдім. Балдар бәріміз ойнадым.
-
Өз беттерінше сөйлеу және жазу кезінде жұрнақтарды дұрыс пайдалану дағдылары қалыптаспаған: Иттің кішкентай үйі бар (үйшік диюдің орнына). Мысық айбаттады (айбаттады, айбатшекті деудің орнына). -
Оқытылған морфологиялық ұғымды сөйлем құрау барысында пайдалана білмейді: Мен айттым Іңкәрға. Ойнадық Ерболатпен. Бүгін мектепке барамыз бесте. -
Сөз құрамы, біріккен сөздер туралы түсіндірілген ұғымдар жазу кезінде ескерілмейді: Тасбақа көрдім Қоспекенді (Қосмекенді) адам туралы кино болды. Ер Төстік батыр болған. Мамам шаңсорғыш алды. -
Оқушылар жалпы есіммен жалқы есімді бір-бірінен ажырата білмейді: Жазда қойлар бақтым. Ауылда көлдер бар. Оларда балықтар көп. Балдар суларға шомылды. Малдар су ішеді. -
Оқушыларды сөздік қоры шағын. Білетін сөздерін өз орын тауып қолдана алмайды т.б.
Бұл аталған басты – басты себептердің қай-қайсысы да оқу бағдарламалары мен оқулықтарға емес, негізінен оқыту ісіне қатысты.
Қазіргі оқыту ісінің барысында қолданылып жүрген әдістер төмендегідей:
-
мұғалімнің сөзі; -
әңгіме әдісі (кейде мұны сұрақ-жауап әдісі деп те атайды); -
тілдік фактілерді талдау (байқату, грамматикалық талдау); -
жаттығулар орындау; -
көрнекі құралдарды пайдалану (сызбалар, кестелер, суреттер, компьютерлер, т.б.); -
кітаппен жұмыс істеткізу; -
топсеруен (экскурсия);
Жоғарыда атап өткеніміздей, бастауыш сынып оқушыларына грамматикалық ұғымдарды меңгертуде түсіндіргенді қайталап айтып беруге (репродуктивті) баулау әдісі ойдағыдай нәтиже бермейді. Бұл әдіске машықтанған оқушылар көбінесе грамматикалық ұғымдарды жаттап, еске сақтауға бейім болады. Ал жаттап алынған білім мен дағдының көп уақыт өтпей-ақ ұмытылатыны, оқушылардың күнделікті тұрмысында пайдаланылмайтындығы белгілі. Сондықтан әдіскер-ғалымдар басатуыш сыныптарда грамматикалық ұғымдарды меңгерту үшін қолайлы әдістемелік жағдайлар жасау қажеттігін көптеп айтып жүр. Мұндай әдістемелік жағдайлардың бірнеше түрлері белгілі.
-
Оқушылардың белсенді ойлау қызметі іске қосу. -
Сөзге немесе сөйлемге қатысты оқушылардың саналы лингвистикалық көзқарасын дамыту. -
Өтілген грамматикалық ұғымның айқын және көмескі белгілерін меңгеру. -
Жаңа меңгерген грамматикалық ұғымды бұрын өтілген ұғымдар жүйесімен байланыстырып отыру. Бұл әдісті берілген білімді жинақтап отыру әдісі деп те айтуға болады. -
Жаңа граматикалық ұғымды түсіндіру үшін оқушылардың бұрынғы білімдері мен дағдыларына сүйеніп отыру. -
Грамматикалық ұғымдарды көрнекі құралдар көмегімен меңгерту.
Заттың,құбылыстың, адамның, жан-жануардың атын, сынын, санын білдіретін сөздердің орнына қолданылып, үш жақта жекеше, көпше түрде айтылатын сөздер (есімдіктер)
Қимылдың белгісі, сыны (үстеу)
Заттың, құбылыстың, жан-жануардың, адамның қимылы.(етістік)
Көрнекі құралдар қандай мақсатқа арналса да, олардың айқын, әдемі, қолдануға ыңғайлы болғаны дұрыс.
I тарау.Теориялық бөлім
1.1 Сын есімнің семантикалық топтары мен шырайлары және синтаксистік қызметі
Есімдер деп аталатын сөздердің ішіндегі зат есімнен кейінгі есесі де, еншісі де мол сөз табы сын есім. Семантикалық жағынан зат есім әр алуан ұғымдарды білдіретін сөздердің лексика-грамматикалық тобы болса, сын есім неше алуан сыр сипатымен алуан байланысты ұғымдарды білдіретін сөздердің лексика-грамматикалық тобы ретінде бөлінеді. Сөйтіп, сын есім деп заттың сапасын, сипатын, қасиетін, көлемін, салмағын, түсін (түр-реңін) және басқа сол сияқты сыр-сипаттарын білдіретін лексика-грамматиакалық сөз тобын айтамыз.
Сын есімнің семантикалық мағынасы оның морфологиялық ерекшеліктері де, синтаксистік қызметтеріне де сараланып айқын көрініп отырады.Морфологиялық сипаттары жағынан да сын есімнің өзіне ғана тән, өзге есімдерден басқа ерекшеліктері бар.
Сын есім өз семантикалық ерекшелігіне қарай затты сыр-сипат (сапа, түр, рең, салмақ, көлем т.б.) жағынан анықтайды, бірақ ол (сын есім) анықтауыш қызметін атқарып тұрғанда, еш уақытта да тәуелденбейді, көптелмейді және септелмейді.Зат есімге тән көптік, тәуелдік, септік жалғаулары зат есімнің де, сын есімнің де қызметтерін бірдей атқаратын синкретикалық омоним сөздерге (мысалы: салқын, көк, суық, жарық, жүйрік, терең т.б.) қажетінше жалғана берулерімен қатар, белгілі бір контексте қолдау ыңғайына қарай субстантивтенетін сын есімдерге (мысалы: үлкенге үлкенше, кішіге кішіше қызмет ет; ескіге жаңа, жаңаға ескі - өлшеуіш т.б.) жалғана береді. Сын есімде көптік, тәуелдік, септік категориялары болғанымен, оның өзіне тән ерекше шырай категориясы бар. Бұл ерекшелік те – сын есімнің зат есімнен бөлінерлік, өз алдына дербес категория екені дәлел.