ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.01.2024
Просмотров: 382
Скачиваний: 5
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Үлескедегі еңбек: Үлкендердің еңбегін бақылау. Үлкендердің еңбегін бағалап, көмектесуге үйрету.
Қимылды ойын: «Ұшты – ұшты». Балалардың ойлау қабілетін дамыту.
Жеке жұмыс: Құмырсқаның суретін салу. Суретке деген қызығушылығын арттыру, тазалыққа баулу.
Өзіндік іс – әрекет: жәндіктер туралы жұмбақтар шешу.
№ 31 серуен картотекасы.
Бақылау: Балалардың көңілін жоғарыдан жылтырап тұрған мұздақтарға аударту. Олар салқында ерімей күннің көзі жылығанда ғана еритінін түсіндіру.
Үлескедегі еңбек: Үлеске ішіндегі қарды тазалау. Еңбексүйгіштікке баулу.
Қимылды ойын: «Қарғалар»
Мақсаты: ептілікке, шапшаңдыққа баулу.
Жеке жұмыс: Орта топтың балаларымен құстар болып ұшып үйрену.
Өзіндік іс – әрекет: қардың қай жерлерде көп жатқанын байқау.
№ 32 серуен картотекасы.
Бақылау: Аула сыртындағы лас жерлерді бақылау. Қардың қалай еріп жатқанын байқау.
Қар еріп,
Су көбейіп
Сай – салаға ағады
Бүршік шашып,
Жапырақ ашып,
Гүл бәйшешек басады
Бөбектерім айтыңдаршы,
Бұл қай кезде болады? (Ш.Ахметов)
Үлескедегі еңбек: балалардың қолына күректер беріліп қар тазалату.
№ 33 серуен картотекасы.
Бақылау: Күннің көзін бақылау. Балалардың назарын тамшыларға аударту. Жылтыраған мұзды қолдарына ұстағанда еріп кететінін түсіндіру.
Үлескедегі еңбек: Қар қалдықтарынан қар адамның сұлбасын жасап үйрену.
Қимылды ойын: «Поезд»
Мақсаты: саппен жүруге үйрету.
Жеке жұмыс: Қатарда тұрып қос аяқпен секіруге үйрету.
Өзіндік іс – әрекет: көктем мезгілінің алғашқы күндеріндегі күннің көзін, қардың ерігенін байқау.
№ 34 серуен картотекасы.
Бақылау: Үй жануарларын бақылау. Білімдерін кеңейту. Көктем мезгілінде жануарларда төлдерін өргізетінін әңгімелеу.
Қойдың төлі:
Мә-мә-мә деген әні бар,
Жібек тоны –сәні бар,
Қошақаным, момақан-
Сүйкімді бір жануар.
Үлескедегі еңбек: Үлескемізді қардан тазартып, аула сыпырушының еңбегін бағалап, таза ұстауға тәрбиелеу.
Қимылды ойын: «Екі Аяз», «Көгершіндер мен торғайлар».
Мақсаты: балаларды қозғалғанда дұрыс жүгіруге дағдыландыру.
Жеке жұмыс: «Кім шапшаң?» - кім жылдам жүгіріп жетеді белгіленген жерге.
Өзіндік іс – әрекет: ағаштардың бұтақтарындағы бүршіктерге көңілдерін аударту. Әлі де болса бүршіктердің аз екендігін түсіндіру.
№ 35 серуен картотекасы.
Бақылау: Құстарды бақылау. Олар қалай қозғалады, қалай сайрайды, қар үстінде қалай жүргенін бақылау.
Көктем, көктем, көктемде
Құстар келіп жеткенде
Қуанып бір қаламыз
Әнмен қарсы аламыз (Е. Өтемісұлы)
Үлескедегі еңбек: Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Ағаш бұтақтарын жинастыру.
Қимылды ойын: «Жаңбыр мен Күн». Балаларды шапшаңдыққа, ептілікке тәрбиелеу.
Жеке жұмыс: Тәрбиешінің соңынан жыланша жүріп үйрену. Кеглилер арасынан жүріп үйренуге баулу.
Өзіндік іс – әрекет: Рөльдік ойын: «Жанұя»
№ 36 серуен картотекасы.
Бақылау: Құрғақ ағаштарды бақылау. Ағаштардың көктем мезгіліндегі ерекшеліктерін түсіндіру.
Үлескедегі еңбек: Ағаштың сынық қалдықтарын жинау. Ойыншықтар мен еңбекке деген сүйіспеншіліктерін ояту.
Қимылды ойын: «Қаздар – қаздар», «Маған қарай жүгіріңдер».
Жеке жұмыс: Обручтан – обручқа секіріп үйрену. Балаларды берілген тапсырманы дұрыс орындауға дағдыландыру.
Өзіндік іс – әрекет: Ойын: «Доппен».
Үлкендер қалай ағаштарды күтіп баптайды, балалар бақылайды.
№ 37 серуен картотекасы.
Бақылау: Қарғаны бақылау. Құстар әлемін әңгімелеу. Олар қалай ұшады, тамақтанады. Қандай қанаттар үлкен жылтыраған тұмсығын тамашалау.
Қарға, қарға, қарғалар,
Қар үстінде жорғалар..
Үлескедегі еңбек: Серуенге алып шыққан бетперделерді жинау. Ұқыптылыққа, еңбектенуге баулу.
Қимылды ойын: «Менің көңілді добым», «Аю мен балалар». Ойын шарттарын дұрыс орындауға үйрету.
Жеке жұмыс: Жыланша жүріп үйрену.
Өзіндік іс – әрекет: құстардың дауыстарын айыра білу.
№ 38 серуен картотекасы.
Бақылау: Құрғақ ағаштарды бақылау. Ағаштардың көктем мезгіліндегі ерекшеліктерін түсіндіру.
Үлескедегі еңбек: Ағаштың сынық қалдықтарын жинау. Ойыншықтар мен еңбекке деген сүйіспеншіліктерін ояту.
Қимылды ойын: «Қаздар – қаздар», «Маған қарай жүгіріңдер».
Жеке жұмыс: Обручтан – обручқа секіріп үйрену. Балаларды берілген тапсырманы дұрыс орындауға дағдыландыру.
Өзіндік іс – әрекет: Ойын: «Доппен».
Үлкендер қалай ағаштарды күтіп баптайды, балалар бақылайды.
№ 39 серуен картотекасы.
Бақылау: Қарғаны бақылау. Құстар әлемін әңгімелеу. Олар қалай ұшады, тамақтанады. Қандай қанаттар үлкен жылтыраған тұмсығын тамашалау.
Қарға, қарға, қарғалар,
Қар үстінде жорғалар..
Үлескедегі еңбек: Серуенге алып шыққан бетперделерді жинау. Ұқыптылыққа, еңбектенуге баулу.
Қимылды ойын: «Менің көңілді добым», «Аю мен балалар». Ойын шарттарын дұрыс орындауға үйрету.
Жеке жұмыс: Жыланша жүріп үйрену.
Өзіндік іс – әрекет: құстардың дауыстарын айыра білу.
№ 40 серуен картотекасы.
Бақылау: Құстарды бақылау. Олар қалай шалшық суға шомылады. Ағаштан түсіп торғай жерге отырады. Енді аяз жоқ – «Шық – шық»
Үлескедегі еңбек: Серуенге алып шыққан бетперделерді жинау. Ұқыптылыққа, еңбектенуге баулу.
Қимылды ойын: «Шеңберден шеңберге секіру», «Мысық пен тышқан», «Сұр мысық»
Жеке жұмыс: Ертегілер оқу.
Өзіндік іс – әрекет: құс іздерін ажырата білу.
№ 41 серуен картотекасы.
Бақылау: Табиғатты бақылау. Көктемгі күннің көзі қарды ерітіп, ағаштарда бүршік жарғанын бақылату.
Үлескедегі еңбек: Үлескені тазарту. Қоқысты жинап, шелекпен апарып салу. Балаларды үлескенің таза болуына көмек көрсетуге тәрбиелеу.
Қимылды ойын: «Жалауға дейін жүгір», «Поезд»
Жеке жұмыс: Жалауға дейін шапшаңдыққа жүгір.
Өзіндік іс – әрекет: тамшы қайдан ағып жатыр бақылау. Жыра жыруға күректер беру.
№ 42 серуен картотекасы.
Бақылау: Құстардың ұшып келгенін бақылау. Қарлығаштар ұшып келді. Олар тез ұшады, шыбындарды ұстап жейді. «Біздер ұшып келдік өзіміздің өлкемізге».
Үлескедегі еңбек: Гүлзарға гүл, тұқым егу. Үлкендер еңбегін бағалауға, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Қимылды ойын: «Өз үйіңді тап», «Құстар ұясы» аңғарымпаздыққа баулу...
Жеке жұмыс: «Кеглилермен ойын». Дәл тигізіп жаттығу.
Өзінді іс – әрекет: құстардың ұшқанын бақылап, нан қиқымын жем шашарға салу.
№ 43 серуен картотекасы.
Бақылау: Көктемгі жаңбырды бақылау. Бұрын қар болса қазір жаңбыр жауып тұр әңгімелеу.
Үлескедегі еңбек: Үлескені сыпырып тазалауға үйрету. Сыпырғышты қолдана білуге дағдыландыру. Үлкендер еңбегін бағалау.
Қимылды ойын. «Итеріспек», «Қуып жет», шапшаңдыққа, ептілікке баулу.
Жеке жұмыс: Көктем туралы соның ішінде «Жаңбыр» өлеңін жатқа айтқызу.
Жаңбыр, жаңбыр, жау жаңбыр,
Дала шөлдеп тұрғанда
Шайылып қыстан қалған кір
Жайнасын гүл қырларда.
Өзіндік іс – әрекет: көрсете отырып құстың ұясын тамашалау.
№ 44 серуен картотекасы.
Бақылау: Көктемгі жаңбырды бақылау. Бұрын қар болса қазір жаңбыр жауып тұр әңгімелеу.
Үлескедегі еңбек: Үлескені сыпырып тазалауға үйрету. Сыпырғышты қолдана білуге дағдыландыру. Үлкендер еңбегін бағалау.
Қимылды ойын. «Итеріспек», «Қуып жет», шапшаңдыққа, ептілікке баулу.
Жеке жұмыс: Көктем туралы соның ішінде «Жаңбыр» өлеңін жатқа айтқызу.
Жаңбыр, жаңбыр, жау жаңбыр,
Дала шөлдеп тұрғанда
Шайылып қыстан қалған кір
Жайнасын гүл қырларда.
Өзіндік іс – әрекет: көрсете отырып құстың ұясын тамашалау.
№ 45 серуен картотекасы.
Бақылау: Табиғат өзгерістерін бақылау. Жел соғады, күннің көзі жылытады, қар ериді.
Үлескедегі еңбек: Жолды тазалау. Аула сыпырушының еңбегін бағалау.
Қимылды ойын: «Аю мен балалар», «Қолғап» аңғарымпаздыққа, шапшаңдыққа баулу.
Жеке жұмыс: Көктем туралы өлең, тақпақтар жатқа айту:
Сәуір болса,
Күн күркірер
Күн күркіресе
Көк дүркірер.
Өзіндік іс – әрекет: үлкен топтың балалары қардан жолды қалай тазалар екен соны тамашалау.
№ 46 серуен картотекасы.
Бақылау: Көктемгі желді бақылау.
Жел соғады бетіме,
Тербеледі ағаштар
Кіп – кішкене ағаштар
Үлкен болып өседі.
Үлескедегі еңбек: Қалған қарлардан тау жасауға болатынын көрсету. Еңбектенуге үйрету.
Қимылды ойын: «Алып қаш», «Шеңберге түсір» шапшаңдыққа, дәлдікке үйрету.
Жеке жұмыс: Саппен дұрыс жүре білуге дағдыландыру.
Өзіндік іс – әрекет: жаттығуларды өз еріктерімен орындау.
№ 47 серуен картотекасы.
Бақылау: Көктемгі алғашқы гүлдерді бақылау.
Бар табиғат нәр алып,
Шыға келер жаңарып
Қызғалдақ боп құлпырған
Көктем біздің балалық.
Үлескедегі еңбек: Үлескедегі бассейн орнын тазалау. Еңбектенуге талпындыру.
Қимылды ойын: «Қаздар – қаздар», «Торғайлар мен машина»
Жеке жұмыс: Тақпақтар айту.
Сылдыр – сылдыр тап – таза
Мөлдір бұлақ басталды.
Өзіндік іс – әрекет: ағаштардың бүршік жарғанын тамашалау.
№ 48 серуен картотекасы.
Бақылау: Бұталарды бақылау. Үлескедегі әдемі бұталарды сындырмай сақтай білу және қорғау.
Үлескедегі еңбек: Түскен ағаш бұтақтарын жинау. Өз үлескелерін таза ұстауға үйрету.
Қимылды ойын: «Қасқырды ұста», «Допты жоғары көтер» шапшаңдыққа баулу.
Жеке жұмыс: Бір тізбекпен жүріп үйрену. Кедергілерден қорықпаймыз, жылдам өте шығамыз.
Өзіндік іс – әрекет: ойын құралдарын таңдай біліп, өздері ойнай білу.
№ 49 серуен картотекасы.
Бақылау: Көктем мезгіліндегі аңдардың тіршілігін бақылау. Балаларға сурет арқылы (аю, кірпі, тиіннің қалай оянатыны туралы әңгімелеу.)
Үлескедегі еңбек: Күректі қалай пайдалану керек екені түсіндіріледі. Үлкен адамдар еңбегін бағалау.
Қимылды ойын: «Ормандағы аю», «Қорқақ қоян»
Жеке жұмыс:
Секірейік, секірейік
Ұзын құлақ қоянша
Шаршағанды кетірейік
Болар сонда тамаша.
Өзіндік іс – әрекет: «Дауысты таны» аңдардың дауыстарынан, жүрістерінен айыру.
№ 50 серуен картотекасы.
Бақылау: Балабақша ауласын бақылау. Балабақша үлескесіндегі қандай өзгерістер болғанын әңгімелеп бақылату.
Үлескедегі еңбек: Балабақша үлескесіндегі тас жолдарды тазарту. Сыпырғышпен тазалауға үйрету. Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Қимылды ойын: «Кім жүйрік», «Сап құру» жылдамдықпен ойнауға үйрету.
Жеке жұмыс: жұмбақтар шешу:
Екі айыр құйрығы,
Қияқ мұрт қанаты
Ұшқырлардың жүйрігі (Қарлығаш)
Өзіндік іс – әрекет: балабақша үлескесіндегі ағаштардың аттарын атай білуге дағдыландыру.
№ 51 серуен картотекасы.
Бақылау: Бұлтты бақылау.
Үлескедегі еңбек: Ойын құралдарын тазалап сыпыру.
Қимылды ойын: «Жалмауыз кемпір мен балалар». Тапқырлыққа, жылдамдыққа бірлесіп ойнауға үйрету.
Жеке жұмыс: Допты жоғары лақтырып қағып алуларын жаттықтыру.
Өзіндік іс – әрекет: Бұлттың әр түрлілігін, оның қайдан пайда болатынын түсін, көлемі туралы әңгімелесу.
№ 52 серуен картотекасы.
Бақылау: Күнді бақылау. Балаларға күннің қызуын бақылай отырып, сипаттай білу.
Күнім – ау, күнім- ау
Тұрасың күліп – ау
Жылуың шашырап.
Үлескедегі еңбек: Ауланы жинау. Балаларды айналаны таза ұстауға, тазалықты сүйе білуге үйрету.
Қимылды ойын: «Соқыр теке»
Мақсаты: балалардың тілін дамыту, ептілікке баулу.
Жеке жұмыс: Тіл ұстарту.
Ауыл маңын араларда
Мысық көрсе анық танып,
Дабыл қағар қара қарға
Қар – рық
Қар – рық, қар – рық...
Өзіндік іс – әрекеті: күн туралы тақпақтар жаттату.
№ 53 серуен картотекасы.
Бақылау: Балапанды бақылау. Балаларды балапанды қорғауға, оларға аяушылық, қамқорлық сезімдерін ояту.
Үлескедегі еңбек: балабақша ауласындағы бұта қалдықтарын жинау. Балаларды еңбексүйгіштікке, тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Қимылды ойын: «Ормандағы аю».
Мақсаты: Ептілікке, шапшаңдыққа баулу.
Жеке жұмыс: Жаңылтпаш жаттау: дыбыстарды сөз ішінде дұрыс қолдану, сөздік қорын дамыту.
-
Ақ, ақ
Секеңдейді лақ
-
Аң, аң
Аң патшасы – арыстан.
Өзіндік іс – әрекет: Балапанның жүрісін салу.
№ 54 серуен картотекасы.
Бақылау: Жаңбырды бақылау. Жаңбырды бақылауда, нөсер және жай жаңбырды ажырата білу.
Үлескедегі еңбек: Құмдарды жинату. Балаларды құмды төкпей – шашпай жинауға, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Қимылды ойын: «Алып қаш»
Мақсаты: ептілікке, шапшаңдыққа баулу.
Жеке жұмыс: Жұмбақ жасыру. Тапқырлыққа дұрыс ашық сөйлеуге үйрету.
Өзіндік іс – әрекет: кемпірқосақты тамашалау.
№ 55 серуен картотекасы.
Бақылау: Аспан әлеміне бақылау жасау. Аспан әлеміндегі бұлт, күн, ай, жұлдыздар туралы әңгімелеу. Көгілдір түстің біздің туымызбен бірдей екенін сезіну. Көктемгі көріністі байқау, бұлттың түсін, көлемін анықтау.