ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.01.2024
Просмотров: 385
Скачиваний: 5
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
№ 53 серуен картотекасы.
Балалармен жеке жұмыс:
«Күзгі жапырақтар» туралы оқу (Қ. Шарғытбаев)
Алтын, сары, қызыл, көк
Алуан- алуан жапырақ
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап.
Еңбек: Учаскедегі күзгі жапырақтарды бір жерге жинау.
Балалардың өз еріктерімен жасалатын іс – әрекеттері.
Қимылды ойындар: «Жапырақ жинау»
Бақылау: Күзгі ағаштардың жапырақтарының түстерін бақылау.
Мақсаты: Күзгі жапырақтар туралы әңгімелер айту, олардың түстерін айтқызу.
№ 54 серуен картотекасы.
Балалардың өз еріктерімен жасалатын іс – әрекеттері.
Еңбек: Балабақша ауласындағы ілулі тұрған жемсалғышқа құстарға жем салу, оларды қоректендіру.
Балалармен жеке жұмыс:
«Бозторғай» тақпағын жаттау (С.Сейфуллин)
Міне торғай,
Үйін қорғай
Жер бауырлап зырлайды
Шырқап биік,
Күнге күйіп
Қалмай, сайрап жырлайды.
Қимылды ойындар: «Қаздар, қаздар»
Бақылау: Балабақша ауласындағы құстарды бақылау.
Мақсаты: Құстар туралы әңгімелеу, олардың аттарын аттату және қимыл – қозғалыстарын салып жүру, дауыстарын тыңдау.
№ 55 серуен картотекасы.
Бақылау: «Қайтқан құстарды бақылау»
Мақсаты: Балалармен қайтқан құстарды бақылау. Олардың атын ататқызып, дауыстарын тыңдату. Олардың топ болып ұшуына назар аударту.
Еңбек: Құстарға жем салатын тақтай жасау.
Балалармен жеке жұмыс: Құстар туралы жұмбақтар жасыру
-
Құйқылжытып дала күйін,
Үй ішіне салады үйін (Қарлығаш)
-
Күндіз соқыр не деген?
Түнде қандай көреген (Үкі)
-
Еркін самғап ұшсын,- деп
Мәпелейміз, баптаймыз
Бейбітшілік құсы, - деп
Қайсы құсты мақтаймыз? (Көгершін)
-
Қыстағы ақ мамыққа,
Жалғау жалға, жалықпа
Сонда құс боп шығады
Кәне, қай құс анықта (Қарға)
Қимылды ойындар: «Қайтқан құстар», «Құстар мен мысық»
Мақсаты: Ойын барысын бұзбай ойнауға дағдыландыру. Құс қимылдары арқылы дене бітімдерін дамыту. Шапшаңдыққа, жылдамдыққа, ептілікке үйрету.
Балалардың өз еріктерімен жасалатын іс – әрекеттері.
№ 56 серуен картотекасы.
Бақылау: «Өзге топ балаларының іс – әрекеті»
Мақсаты: Балалардың назарын өзге топ балаларының іс – әрекетіне аудартып, балалардың қалай ойнайтындарын, өздерін қалай ұстайтындарын бақылау арқылы балаларды қырағылыққа, үлгі алуға баулу.
Еңбек: Ауладағы ағаштардың сынығын, жапырақтарды жинау.
Балалармен жеке жұмыс: Жұмбақ жасыру:
Ағайынды бес құрдас
Бірдей болып еш тұрмас (Саусақ)
Есігі – біреу
Бөлмесі бесеу (Қолғап)
Адамның сәні
Онсыз жоқ мәні (Киім)
Таңертең тұрдым
Екі жолды қудым (Шалбар)
Қимылды ойындар: «Жай жүгіріп өт», «Аюлар мен аралар»
Мақсаты: Ойын ережесін бұзбай ойнауға үйрету. Балаларды икемділікке баулу. Ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Балалардың өз еріктерімен жасалатын іс – әрекеттері.
№ 57 серуен картотекасы.
Бақылау: «Қоңыр күзді бақылау, салыстыру»
Мақсаты: Қоңыр күзгі табиғатты бақылау, алғашқы күзбен салыстыру, ерекшеліктерін сұрау, қоңыр күзде күннің суық болатынын, жапырақтар түсіп бітік тек қоңыр түсті болатынын айту. Ағаштар жапырақтарынан ажырап, жапырақтардың да күз айларында түстерін өзгертіп тұратынын айтып түсіндіру.
Еңбек: Құмсалғыштағы құмды күрекшелермен көтеру.
Балалармен жеке жұмыс: Күз мезгіліне байланысты көркем сөз жаттату.
«Күз»
Қара бұлт қабағын түйеді
Бүталар боз қырау киеді,
Осы ма, осы ма, күз деген
Бақшаға баратын бізбенен
Қимылды ойындар: «Үрпек төбет», «Жасырынбақ»
Мақсаты: Шапшаңдыққа баулу.
Балалардың өз еріктерімен жасалатын іс – әрекеттері.
№ 58 серуен картотекасы.
Бақылау: «Өзге топ балаларының іс – әрекеті»
Мақсаты: Балалардың назарын өзге топ балаларының іс – әрекетіне аудартып, балалардың қалай ойнайтындарын, өздерін қалай ұстайтындарын бақылау арқылы балаларды қырағылыққа, үлгі алуға баулу.
Еңбек: Ауладағы ағаштардың сынығын, жапырақтарды жинау.
Балалармен жеке жұмыс: Жұмбақ жасыру:
Ағайынды бес құрдас
Бірдей болып еш тұрмас (Саусақ)
Есігі – біреу
Бөлмесі бесеу (Қолғап)
Адамның сәні
Онсыз жоқ мәні (Киім)
Таңертең тұрдым
Екі жолды қудым (Шалбар)
Қимылды ойындар: «Жай жүгіріп өт», «Аюлар мен аралар»
Мақсаты: Ойын ережесін бұзбай ойнауға үйрету. Балаларды икемділікке баулу. Ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Балалардың өз еріктерімен жасалатын іс – әрекеттері.
№ 59 серуен картотекасы.
Бақылау: Құмдағы іздерді бақылау.
Мақсаты: Учаскелердегі құмдағы іздердің кімнің ізі екенін айыра білуге үйрету. Өз іздерін бір – бірімен салыстыру.
Еңбек: Құм салғыштағы құмды күрекшелерімен көтеру.
Балалармен жеке жұмыс: «Санамақ айту»
Бөрік тіктім
Он ойланып
Тоғыз толғанып.
Сегіз рет сызып,
Жеті рет бұзып
Алты рет қарап
Бес рет санап
Төрт рет қадап
Үш тал үкі тағып,
Екі қолым талып,
Бір бөрік тіктім
Әзер деп біттім.
№ 60 серуен картотекасы.
Бақылау: Жерге түскен жапырақтарды бақылау.
Мақсаты: Балаларға жапырақтар неліктен жерге түскендігі туралы әңгімелеп айту. Олардың түстерін атау.
Еңбек: Құм салғыштың ішіне түскен жапырақтардан тазалау.
Балалармен жеке жұмыс: Балаларға жұмбақ жасыру.
Жазда тұрып жоғары,
Күзде жерге қонады. (Жапырақ)
Аспай піскен,
Қайнамай піскен.(Жеміс)
Қимылды ойындар: «Ақ серек, көк серек»
Бақылау: «Солып қалған гүлдерді бақылау»
Мақсаты: Балаларды күз мезгілінің ерекшеліктерімен таныстырып өтіп, балабақша ауласындағы күзгі гүлдерге назар аударту.
Қыс мезгілі.
№ 1 картотекасы.
Бақылау: Ауа райындағы өзгерістерді бақылау, қарды бақылау.
Еңбек: Ауласыпырушының еңбегін бақылау, оларға көмектесу.
Жеке жұмыс: Жұрттың бәрі оны сүйеді,
Бірақ оған қарағысы келмейді.
Қимылды ойын: «Алдар көсе»
Мақсаты: Ойын арқылы ұлттық сана – сезімін қалыптастыру.
Өзіндік іс – әрекет: Ауласыпырушыға қолдарынан келгенше көмектесу.
№ 2 серуен картотекасы.
Бақылау: Ауа райындағы өзгерістерді бақылау, қарды бақылау.
Еңбек: Ауласыпырушының еңбегін бақылау, оларға көмектесу.
Жеке жұмыс: Жұрттың бәрі оны сүйеді,
Бірақ оған қарағысы келмейді.
Қимылды ойын: «Алдар көсе»
Мақсаты: Ойын арқылы ұлттық сана – сезімін қалыптастыру.
Өзіндік іс – әрекет: Ауласыпырушыға қолдарынан келгенше көмектесу.
№ 3 серуен картотекасы.
Бақылау: Жауған қарды алақандарына салып бақылау (түсі, пішіні, қатты, жұмсақ)
Еңбек: Ауласыпырушының еңбегіне араласу, сыпыруға көмектесу.
Жеке жұмыс: Санамақтар айту.
Жаттау жаттату:
Аппақ көше, бар дала
Аппақ ой мен қыраттар
Ақ шатырлы қар қала
Ақ жамылып тұр бақтар
Қимылды ойын: «Күн мен түн», шана тебу
Өзіндік іс – әрекет: Балаларды шапшаңдыққа баулу.
№ 4 серуен картотекасы:
Бақылау: Қыстап қалған құстарды бақылау (қара қарға, сауысқан, торғай, ұзақ қарға, көгершін)
Еңбек: Құстарға жем шашу, қамқорлыққа алу.
Жеке жұмыс:
Тікен – тікен тік пісте
Қысы – жазы бір түсте (Шырша)
Қимылды ойын: «Аю мен құлпынай», «Өз үйіңді тап»
Өзіндік іс – әрекет: Балаларды зейінді болуға үйрету.
№ 5 серуен картотекасы.
Бақылау: Күннің қатты аяз соғып, суытуын бақылау.
Еңбек: Аула сыпырушының еңбегін бақылау.
Жеке жұмыс: Мақал – мәтелдер үйрету:
Қыс – қызыл, жаз – жасыл.
Бір тал кессең,
Он тал ек.
Қимылды ойындар: Шанамен ойындар ойнау. Шаңғы тебуге үйрету.
№ 6 серуен картотекасы.
Бақылау: Желдің соғу бағытын бақылау (желдің әсерін ағаштың қисаюі, қандай құбылысқа жататынын анықтау)
Еңбек: Балалармен аулада қар күреу.
Жеке жұмыс: Бір – бірімен тату ойнауға, сыйластыққа, жылы сөз айтуға үйрету.
Қимылды ойын: «Допты домалат», «Кегли»
Өзіндік іс – әрекет: спорттық ойын түрлерін ойнауға жаттықтыру.
№ 7 серуен картотекасы.
Бақылау: Терезеге салған аяз өрнегін бақылау.
Еңбек: Топта табиғат бұрышында балықтарды жемдеу.
Жеке жұмыс: Қыс айларын жаттату (желтоқсан, қаңтар, ақпан)
Қимылды ойын: «Ұшты – ұшты»
Өзіндік іс – әрекет: балаларды ептілікке, шапшаңдыққа үйрету.
№ 8 серуен картотекасы.
Бақылау: Терезеден адамдардың қысқы қалың киімдерін бақылау. Оларды атау.
Еңбек: Топтағы гүлдерді қопсытып, су құю.
Жеке жұмыс: Ерқанатқа, Жангелдіге, Ерназарға еңбек түрлерін айтқызу (қар күреу, жем шашу, суару)
Қимылды ойын: «Доп лақтыру»
Өзіндік іс – әрекет: Артық, кем, қанша, болса сонша ұғымдарын қалыптастыру.
№ 9 серуен картотекасы.
Бақылау: Айнала қысқы еңбек жайында әңгімелеу, адамдар еңбегіне бақылау жасау.
Еңбек: құстардың тіршілігін бақылау, оларға жем шашу.
Жеке жұмыс: 1 – 2 құстың үлкендігін салыстырып, түрі, түсі немен қоректенетінін 5 – 6 баладан шеңбер жасап айтып әңгімелеу.
Қимылды ойын: Шаңғымен жарыстырып ойындар ұйымдастыру.
Өзіндік іс – әрекет: балалардың денсаулықтарын нағайтып, таза ауа жұтуға дағдыландыру.
№ 10 серуен картотекасы.
Бақылау: Жауған қарды алақандарына салып бақылау (түсі, пішіні, қатты, жұмсақ)
Еңбек: Ауласыпырушының еңбегіне араласу, сыпыруға көмектесу.
Жеке жұмыс: Санамақтар айту.
Жаттау жаттату:
Аппақ көше, бар дала
Аппақ ой мен қыраттар
Ақ шатырлы қар қала
Ақ жамылып тұр бақтар
Қимылды ойын: «Күн мен түн», шана тебу
Өзіндік іс – әрекет: Балаларды шапшаңдыққа баулу.
№ 11 серуен картотекасы.
Бақылау: Ауа райына бақылау жасау. Күн суық, аяз.
Еңбек: Күтуші апайға ыдыстарды қоюға көмектесу.
Жеке жұмыс: Ертегі айтқызу. «Жеті лақ» ертегісі
Мақсаты: Тілдік қорларын байыту.
Қимылды ойын: «Арқан тарту»
Мақсаты: Ұйымшылдыққа, батылдыққа тәрбиелеу.
Өзіндік іс – әрекет: ұжымды түрде конструктордан қала көшесін құрастыру.
№ 12 серуен картотекасы.
Бақылау: Ауа райын бақылау (өзгешеліктерін айту)
Еңбек: Көрші топтың балаларының еңбегін қарау.
Жеке жұмыс:
Торғай, торғай тоқылдақ
Жерден тары шоқып – ақ
Бөтекесі бұлшиып,
Шиқ – шиқ етіп отырмақ.
Қимылды ойын: «Қуыспақ», «Өз орныңды тап»
Өзіндік іс – әрекет: кеңістікті бағдарлай білуге, ептілікке баулу.
№ 13 серуен картотекасы.
Бақылау: Желді бақылау. Желдің соғу бағытын бақылау, аңғарымпаздыққа, байқағыштыққа тәрбиелеу.
Еңбек: Ойын алаңын қардан тазалауға көмектесу. Балаларды еңбекке, тазалыққа баулу.
Жеке жұмыс: Мозайкалар құрастыру.
Қимылды ойын: «Қаздар мен түлкілер»
Мақсаты: балалардың қимыл – қозғалысын дамыту, достыққа тәрбиелеу. Өз беттерімен келісіп ойнауға үйрету.