ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.01.2024
Просмотров: 386
Скачиваний: 5
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
№ 43 серуен картотекасы.
Бақылау: Желді бақылау. Желдің соғу бағытын бақылау, аңғарымпаздыққа, байқағыштыққа тәрбиелеу.
Еңбек: Ойын алаңын қардан тазалауға көмектесу. Балаларды еңбекке, тазалыққа баулу.
Жеке жұмыс: Мозайкалар құрастыру.
Қимылды ойын: «Қаздар мен түлкілер»
Мақсаты: балалардың қимыл – қозғалысын дамыту, достыққа тәрбиелеу. Өз беттерімен келісіп ойнауға үйрету.
Өзіндік іс – әрекет: киімдерін әдемілеп жинау.
№ 44 серуен картотекасы.
Бақылау: Қысқы ағаштарды бақылау. Қысқы ағаштардың басқа жыл мезгіліндегі ағаштардан айырмашылығын айыруға үйрету.
Еңбек: киім шкафтарын жинау. Өз – өзіне қызмет ете білуге тәрбиелеу.
Жеке жұмыс: жұмбақтар жасыру:
Қанаты жоқ ұшады,
Аяғы жоқ жүреді
Аузы жоқ ұлиды (Боран)
Мақсаты: Ептілікке, шапшаңдыққа баулу. Қар лақтырып ойнау, бірлікке баулу.
Өзіндік іс – әрекет: ақшақар жасау.
Қимылды ойын: «Ормандағы аю»
№ 45 серуен картотекасы.

№ 46 серуен картотекасы.
Бақылау: Желді бақылау. Желдің соғу бағытын бақылау, аңғарымпаздыққа, байқағыштыққа тәрбиелеу.
Еңбек: Ойын алаңын қардан тазалауға көмектесу. Балаларды еңбекке, тазалыққа баулу.
Жеке жұмыс: Мозайкалар құрастыру.
Қимылды ойын: «Қаздар мен түлкілер»
Мақсаты: балалардың қимыл – қозғалысын дамыту, достыққа тәрбиелеу. Өз беттерімен келісіп ойнауға үйрету.
Өзіндік іс – әрекет: киімдерін әдемілеп жинау.
№ 47 серуен картотекасы.
Бақылау: Қысқы аңдардың тіршілігін бақылау. Балаларға суреттер арқылы аю, кірпі, қоян, қасқырдың қысқы тірлігі туралы әңгімелету.
Еңбек: Аяқ киімдері мен тондарын қардан тазарту.
Жеке жұмыс: сурет арқылы әңгімелеу. Балалардың сөздік қорын молайту, ой – өрісін дамыту.
Қимылды ойын: «Даусын таны»
Мақсаты: балаларды бір – біріне жақындастыру, даусын таныту.
Өзіндік іс – әрекет: Қардан қамал тұрғызу.
№ 48 серуен картотекасы.
Бақылау: Қыста киетін киімдерді ажырата білуге, оларды аттарымен атауға үйрету.
Еңбек: қар тазалау. Балаларды еңбекке баулу.
Жеке жұмыс: Жаңылтпаш жаттау
-
Ақ, ақ
Секеңдейді лақ.
-
Аң, аң
Аң патшасы – арыстан.
Қимылды ойын: «Алып қаш»
Мақсаты: Шапшаңдыққа, ептілікке баулу.
Өзіндік іс – әрекет: Аққала жасау, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
№ 49 серуен картотекасы.
Бақылау: Қысқы аңдардың тіршілігін бақылау. Балаларға суреттер арқылы аю, кірпі, қоян, қасқырдың қысқы тірлігі туралы әңгімелету.
Еңбек: Аяқ киімдері мен тондарын қардан тазарту.
Жеке жұмыс: сурет арқылы әңгімелеу. Балалардың сөздік қорын молайту, ой – өрісін дамыту.
Қимылды ойын: «Даусын таны»
Мақсаты: балаларды бір – біріне жақындастыру, даусын таныту.
Өзіндік іс – әрекет: Қардан қамал тұрғызу.
№ 50 серуен картотекасы.
Бақылау: Қыста киетін киімдерді ажырата білуге, оларды аттарымен атауға үйрету.
Еңбек: қар тазалау. Балаларды еңбекке баулу.
Жеке жұмыс: Жаңылтпаш жаттау
-
Ақ, ақ
Секеңдейді лақ.
-
Аң, аң
Аң патшасы – арыстан.
Қимылды ойын: «Алып қаш»
Мақсаты: Шапшаңдыққа, ептілікке баулу.
Өзіндік іс – әрекет: Аққала жасау, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
№ 51 серуен картотекасы.
Бақылау: Балабақша ауласын бақылау. Балабақша ауласында қандай өзгерістер болғанын бақылап, әңгімелетіп айтқызу.
Еңбек: Аяқ киімдерінің бауын байлау. Бір – бірінің шешілген аяқ киімдерінің бауын байлауға көмектестіру, қамқорлыққа баулу.
Жеке жұмыс: Құстарға жемсалғыш жасау. Ағаштардың басына қыстап қалған құстарға жемсалғыш жасату, еңбекке баулу.
Қимылды ойын: «Көліктер»
Мақсаты: Көліктерді айыра біліп, сол арқылы қимыл жасауға, дыбысын айыруға үйрету.
Өзіндік іс – әрекет: құрастырғыштардан көп қабатты үй тұрғызу.
№ 52 серуен картотекасы.
Бақылау: Алғашқы қарды бақылау. Жерге түскен қарға сипаттама беру, бақылау жүргізу.
Еңбек: Күректерді жинау. Балаларды тазалыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Жеке жұмыс: Қыс мезгіліне арналған өлеңдер айту:
Аппақ, аппақ жапалақтап,
Қар жауады тынбастан...
Қимылды ойын: «Итеріспек»
Мақсаты: Ептілікке, жылдамдыққа баулу.
Өзіндік іс – әрекет: өз беттерімен гүлдерге су құю.
№ 53 серуен картотекасы.
Бақылау: Терезеден аяз суретін бақылау. Байқағыштық сезімін дамыту.
Еңбек: Ойын құралдарын тазалау. Өз заттарына ұқыпты болып, құралдарын таза ұстауға дағдыландыру.
Жеке жұмыс: Тақпақтар жаттату.
Өкпелетсе мамасы,
Өкпелетсе мамасы
Өкпелетсе ағасы
«Айтам» дейді, әжеме,
Әжесінің баласы.
Бір – біріне өкпелемей, бірге ойнау керектігін түсіндіру.
Қимылды ойын: «Кім жүйрік?»
Мақсаты: жылдамдыққа, бірлесіп ойнауға үйрету.
Өзіндік іс – әрекет: бір – бірімен келісіп, тату ойнауға баулу.
№ 54 серуен картотекасы.
Бақылау: Қарғаның тамақтануын бақылау. Қарғаның тамақтануын көрсету, қыста құстарға тамақты жерге бермей, арнайы жемсауытқа салуға үйрету.
Еңбек: Кішкентайларға көмектесу. Кіші топтың балаларына серуендеуге көмектесу.
Жеке жұмыс: Мақал – мәтелдер айту:
Оқу – білім бұлағы,
Білім – өмір шырағы.
Қимылды ойын: «Ұшты – ұшты»
Мақсаты: Шапшаңдыққа, тыңдай білуге тәрбиелеу.
Өзіндік іс – әрекет: киім шкафтарын жинастыру.
№ 55 серуен картотекасы.
Бақылау: Көліктерді бақылау. Көліктерді, олардың түстерін, түрлерін ажырату.
Еңбек: Айналаны ұқыпты ұстайық! Балаларды ұқыптылыққа, еңбекке баулу.
Жеке жұмыс: жұмбақтар шешу:
Орманда жоғары
Ағашқа қонады,
Тұмсығын балға етіп,
Тоқ, тоқ соғады. (Тоқылдақ)
Мақсаты: балалардың ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту.
Қимылды ойын: «Паровоз»
Мақсаты: балаларды саппен жүруге үйрету, ынтымақтастыққа, бауырластыққа тәрбиелеу.
Өзіндік іс – әрекет: Шаштарын әдемілеп тарау, жинау.
№ 56 серуен картотекасы.
Бақылау: Уақыттың өзгеруін бақылау. Жыл мезгіліне байланысты қыста күннің қысқарып, түннің ұзаратындығын бақылауға үйрету.
Еңбек: Жүретін жолды қардан тазалау.
Жеке жұмыс: Бір бағытта белгіленген нысанаға қар лақтыру.
Қимылды ойын: «Қасқыр мен қоян»
Мақсаты: Шапшаңдыққа, сезімталдыққа тәрбиелеу.
Өзіндік іс – әрекет: өз беттерімен тақпақтар айту.
№ 57 серуен картотекасы.

№ 58 серуен картотекасы.
Бақылау: Көліктерді бақылау. Көліктерді, олардың түстерін, түрлерін ажырату.
Еңбек: Айналаны ұқыпты ұстайық! Балаларды ұқыптылыққа, еңбекке баулу.
Жеке жұмыс: жұмбақтар шешу:
Орманда жоғары
Ағашқа қонады,
Тұмсығын балға етіп,
Тоқ, тоқ соғады. (Тоқылдақ)
Мақсаты: балалардың ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту.
Қимылды ойын: «Паровоз»
Мақсаты: балаларды саппен жүруге үйрету, ынтымақтастыққа, бауырластыққа тәрбиелеу.
Өзіндік іс – әрекет: Шаштарын әдемілеп тарау, жинау.
№ 59 серуен картотекасы.
Бақылау: Боранды күнге бақылау жасау. Жердің жерден көп қарды қалай көтеріп, боран соғатындығын бақылату.
Еңбек: Жаңа түскен қардан жолды аршыту. Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Жеке жұмыс: Жыланша ирелеңдеп жүру. Бір боймен жүруді үйрету.
Қимылды ойын: «Түлкі мен тырналар»
Мақсаты: Бірігіп ойнауға үйретуді жетілдіру.
Өзіндік іс – әрекет: «Нан қиқымын шашпайық!» Нан қиқымын жинау.
№ 60 серуен картотекасы.
Бақылау: Жарқыраған күннің астында балалардың көңілін көтеру, қыстың қарлы аязына бақылау жүргізу.
Мамықтай ұлпа
Қанттай ақ.
Еңбек: Құстардың жемсауыттарын тазалау.
Жеке жұмыс: Екі – екіден шанамен сырғанау. Бірлікке, ынтымаққа тәрбиелеу.
Қимылды ойын: «Соқыртеке»
Мақсаты: Шапшаңдыққа, сезгіштікке тәрбиелеу.
Өзіндік іс – әрекет: балықтарға жем беру.
Көктем мезгілі.
№ 1 серуен картотекасы.
Бақылау: Балалардың көңілін жоғарыдан жылтырап тұрған мұздақтарға аударту. Олар салқында ерімей күннің көзі жылығанда ғана еритінін түсіндіру.
Үлескедегі еңбек: Үлеске ішіндегі қарды тазалау. Еңбексүйгіштікке баулу.
Қимылды ойын: «Қарғалар»
Мақсаты: ептілікке, шапшаңдыққа баулу.
Жеке жұмыс: Орта топтың балаларымен құстар болып ұшып үйрену.
Өзіндік іс – әрекет: қардың қай жерлерде көп жатқанын байқау.
№ 2 серуен картотекасы.
Бақылау: Аула сыртындағы лас жерлерді бақылау. Қардың қалай еріп жатқанын байқау.
Қар еріп,
Су көбейіп
Сай – салаға ағады
Бүршік шашып,
Жапырақ ашып,
Гүл бәйшешек басады
Бөбектерім айтыңдаршы,
Бұл қай кезде болады? (Ш.Ахметов)
Үлескедегі еңбек: балалардың қолына күректер беріліп қар тазалату.
№ 3 серуен картотекасы.
Бақылау: Күннің көзін бақылау. Балалардың назарын тамшыларға аударту. Жылтыраған мұзды қолдарына ұстағанда еріп кететінін түсіндіру.
Үлескедегі еңбек: Қар қалдықтарынан қар адамның сұлбасын жасап үйрену.
Қимылды ойын: «Поезд»
Мақсаты: саппен жүруге үйрету.
Жеке жұмыс: Қатарда тұрып қос аяқпен секіруге үйрету.
Өзіндік іс – әрекет: көктем мезгілінің алғашқы күндеріндегі күннің көзін, қардың ерігенін байқау.
№ 4 серуен картотекасы.
Бақылау: Үй жануарларын бақылау. Білімдерін кеңейту. Көктем мезгілінде жануарларда төлдерін өргізетінін әңгімелеу.
Қойдың төлі:
Мә-мә-мә деген әні бар,
Жібек тоны –сәні бар,
Қошақаным, момақан-
Сүйкімді бір жануар.
Үлескедегі еңбек: Үлескемізді қардан тазартып, аула сыпырушының еңбегін бағалап, таза ұстауға тәрбиелеу.
Қимылды ойын: «Екі Аяз», «Көгершіндер мен торғайлар».
Мақсаты: балаларды қозғалғанда дұрыс жүгіруге дағдыландыру.
Жеке жұмыс: «Кім шапшаң?» - кім жылдам жүгіріп жетеді белгіленген жерге.
Өзіндік іс – әрекет: ағаштардың бұтақтарындағы бүршіктерге көңілдерін аударту. Әлі де болса бүршіктердің аз екендігін түсіндіру.
№ 5 серуен картотекасы.
Бақылау: Құстарды бақылау. Олар қалай қозғалады, қалай сайрайды, қар үстінде қалай жүргенін бақылау.
Көктем, көктем, көктемде
Құстар келіп жеткенде
Қуанып бір қаламыз
Әнмен қарсы аламыз (Е. Өтемісұлы)
Үлескедегі еңбек: Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Ағаш бұтақтарын жинастыру.
Қимылды ойын: «Жаңбыр мен Күн». Балаларды шапшаңдыққа, ептілікке тәрбиелеу.
Жеке жұмыс: Тәрбиешінің соңынан жыланша жүріп үйрену. Кеглилер арасынан жүріп үйренуге баулу.