ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.01.2024
Просмотров: 3037
Скачиваний: 102
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Мәдениет - адам жанын да, қоғамды да, табиғи ортаны да ізгілікке баулитын пәрменді ерекше құрал.
Білім берудің ең жоғарғы құндылығы және мақсаты – жеке тұлғаның және әлеуметтің ділін қалыптастыру. Діл ұғымы адамның мінез-құлқының, дүниетанымының, дүниені қабылдауының ғылыми негіздерін қамтиды.
Діл (менталитет) – тұлғаның, адамдар тобының немесе белгілі бір әлеумет дүниетанымының, дүниеге көзқарастарының және мінез-құлқының тарихи жатқан негіздері болып табылатын мәдениеттің мазмұны. Діл-адамның санасына терең сіңісіп қалған рухани құбылыс. Діл қай халықтың болмасын мәдениетінен, дінінен, өмірлік тұрмысынан, философиялық идеяларынан және білім беру жүйесінен туындап қалыптасады.
Сонымен білім берудің нәтижелілігін мынандай тізбек ретінде қарастыруға болады: сауаттылық – білімділік – кәсіби құзыреттілік- мәдениет-діл. Білім берудің нәтижелілік тізбегінде діл ең жоғарғы сатысында тұрады, және ол тізбектегі басқа бөліктердің жалпы мазмұнын анықтайды.
1.3.Қазіргі білім беру парадигмасының нәтижеге және жеке тұлғаға бағдарлануы.Білім беру саласының әрбір даму кезеңдеріне тән заманауи үлгі, модель ретінде қабылданатын өзіндік теориялық, әдіснамалық тұғырнамалары болады. Бұл жалпы педагогикалық қауымдастықтың қабылдаған даму бағыттарының жиынтығы ғылыми тілде парадигмадеп аталады. Парадигма ұғымын ең бірінші болып ғылыми пәндердің дамуының түрлі кезеңдерін зерттеген американдық тарихшы Т.Кун болған. Оның пайымдауынша әр ғылымның дамуында мынандай кезеңдер бар: парадигманың орнығуына дейінгі кезең, парадигманың қалыптасуы, орнығуы; ғылым саласындағы дағдарыс, ғылыми революция парадигмалардың ауысуы.
Заманның өзгеруіне байланысты парадигмалардың ауысып отыруы заңды құбылыс. Оны философиялық заңдар да дәлелдейді. Ал педагогикалық парадигма дегеніміз нақты педагогикалық міндеттерді шешудегі үлгі, стандарт, өлшемдер, модель ретінде ұстанатын, қалыптасып қалған негізгі ғылыми жетістіктер, әдістер, теориялар, көзқарастар жүйесі. Жаңа парадигмалар келешектегі ғылыми зерттеулердің бағыттарын анықтайды, оларға негіз болады. Мысалы, қазіргі отандық педагогикада мынандай парадигмалардың ауысуы байқалады: «білімді адам» парадигмасының орнына «өмірге бейімделген, белсенді, шығармашылық тұрғыдан ойлай алатын, және өзін-өзі адамгершілік, ақыл-ой жағынан дамытуға қабілетті адам»
парадигмасына ауысуы айқын көрінеді. Яғни, бұрынғы көзқарастар бойынша адамға білім, білік, дағдылар жүйесін меңгерту жеткілікті деп есептелінген болса, қазір ол жеткіліксіз. Себебі адам тек дайын білімдерді меңгерген болса, бірақ оны шығармашылықпен практикада қолдана алмаса, өзін-өзі жетілдіріп отыруға бейімделмеген болса, онда бұндай адам қоғам талабына жауап бере алмайды.
Сондықтан қазіргі білім беру саласында жаңа педагогикалық парадигма қалыптасуда. Білім беру жүйесі педагогикалық жаңашыл идеяларды енгізуге дайын, ашық салаға айналып келеді. Осыған байланысты білім беру парадигмасы да өзгереді: адамның еркіндігін шектейтін білім берудің қатаң жүйесінің орнына өзінің қызығушылықтарына, қабілеттеріне сәйкес жеке білім алу жолын (траекториясын) саналы түрде таңдай алатын адам парадигмасы дүниеге келді.
Білім беру саласындағы дағдарыстық жағдайлардан шығудың басты тетіктерінің бірі – педагогикалық парадигманың өзгеруін талап етіп отырған білім берудің нәтижеге және жеке тұлғаға бағдарлануы. Бұл бағыттардағы зерттеулердің барлығы өз алдына жеке-жеке педагогикалық теорияларға айналуда.
Білім берудегі жеке тұлғаға бағдарланутұғыры (тұлғалық-бағдарлық бағыт) оқыту мен тәрбиелеуүдерісіндегі әр оқушы тұлғасын ең жоғарғы құндылық ретінде қабылдауды көздейді. Педагогикалық сөздіктерде тәрбие барысындағы жеке тұлғаға бағдарлану тұғыры деппедагогтардың оқушыны тәрбиелік ықпалдың саналы, жауапты субъектісі ретінде қабылдайтын бірізді қатынасын атайды. Педагогика саласында бұл теория тәрбиенің субъект-субъектіліүдерісретінде анықталуына байланысты ХХ ғасырдың 80-ші жылдарынан бастап қалыптаса бастады. Оның әр түрлі философиялық, психологиялық-педагогикалық қырларын Б.Г.Ананьев, А.Г.Асмолов, М.С.Каган, В.В.Сериков, И.С.Якиманская т.б. көптеген ғалымдар зерттеген.
Бұл теория бойынша педагог әрбір балаға объект ретінде емес, керісінше, оны белсенді позицияға қойып оқушы тұлғасын субъект ретінде қабылдауы қажет. Яғни әрбір баланың жеке дара тұлға екені ескеріліп, оның құндылығын басты мәселе ретінде қарастырған абзал. Бұл идеяның негізгі мақсаты - балаға құрмет көрсете отырып оның өзін-өзі жеке тұлға ретінде сезінуіне жағдай жасау, өзіндік санасын, өзін-өзі іске асыра алу, өз күшіне деген сенімділікті арттыру сияқты әлеуетідамыту.Білім беру үдерісінің тұлғаны дамытуға бағ-дарлануы оқушылардың білімді меңгеру арқылы нақты нәтижелерге қол жеткізе алатындығын басты назарға алады.
Барлық дамыған мемлекеттер білім беруге инвестиция жасаудың ұтымдылығын бағалай отырып,оның нәтижелілігін негізгі басымдық ретінде қарастыруда. Сондықтан білімнің практикалық құндылығын арттыру мақсатында оқушылар бойында қажетті сапаларды қалыптастыру үшін олардың функционалдық сауаттылығын дамыту қажеттілігі заман талабына айналды. Кең мағынадағы функционалдық сауаттылық білім беру үдерісінің адамдардың көп жоспарлы қызметімен байланысын кіріктіретін тұлғаның әлеуметтік бағдарлану тәсілі ретінде түсіндіріледі. Функционалдық сауаттылықтың маңыздылығы адамның қоршаған ортамен үйлесімді қарым-қатынасқа тез бейімделіп, өз білімдерін өмірлік тәжірибеде тиімді пайдалана алуында.
Әлемдік деңгейдегі функционалдық сауттылық идеясына негізделген оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың халықаралық бағдарламалары: (PISA - Program for International Student Assessment),TIMSS (Trends in Mathematics and Science Study), PIRLS(Progress in International Reading Literacy Study).
Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының жаңа кезеңінде 12-жылдық жалпы орта білім беру негізінде жас ұрпаққа білім берудің мазмұны күрделеніп, оқушыларды болашақ кәсіптерін саналы түрде таңдай білуге бейімдеу, сол арқылы білікті және құзіретті маманы етіп қалыптастыру, ел мүддесі үшін қызмет ететін ерікті азаматтар ретінде тәрбиелеу әр мектептің жауапты міндеті.Қазіргі кезде білім беру барған сайын қоғамдық өмірдің барлық саласына еніп, жалпылық сипатты иеленіп, тұтастай қалыптасып жатқан үздіксіз білім беру жүйесінің бір маңызды бөлігіне айналуда. Бұл салада мектеп пен жоғары оқу орындарындағы сабақтастық, мектеп бітірушілердің болашақ мамандықтарын бейіндік оқыту арқылы дұрыс таңдай алулары, сол таңдаған кәсіптері арқылы әр тұлғаның толық өздерін іске асыра алулары көзделген.
1.4.Білім беру саласындағы өзгерістерге әсер ететін факторлар. Білім беру феномені ХХІ ғасырдағы стратегиялық басымдықтардың біріне айналу себебі оның әлеуметтік мәнінің өзектенуімен айқындалып, білім беру жүйесінде үздіксіз реформалар енгізілу үстінде. Енді осы өзгерістерді туындататын негізгі факторларды қарастырып өтейік.
1)Жаһандану үрдісі.Бүкіл дүниежүзілік деңгейде мемлекеттердің өзара ықпалдасуына әсерін тигізіп тұрған жаһандану үрдісі адамдардың планета көлемінде көрініс тауып отырған экологияның бүлінуі, су ресурстары үшін күрес, ғаламдық жылыну қаупі, мемлекеттер мен құрлықтардың экономикалық даму деңгейлеріндегі үлкен айырмашылықтар, ядролық қару зардаптары, саяси тұрақсыздық және терроризм секілді ауқымды мәселелерді шешу әлемдік қауымдастықтың бірлесе әрекеттесуін қажет етеді.
Ағылшын тілінен аударғанда «жаһандану» сөзі әлемдік, жалпы, бүтін, бәрін қамтушы мәнін білдіреді. Жаһандануды әрі дүниежүзілік кеңістікке ену, әрі әлемдік қарым-қатынасқа көпұлтты қауымдастықтардың кіруі ретінде түсіндіруге болады. Сонымен, жаһандану – қарқынды өсіп жатқан дүниежүзілік дәрежедегі факторлардың жеке мемлекеттердегі шынайы әлеуметтік жағдайларға ықпал ету үдерісі.
Осындай ауқымды факторлардың ықпалынандүниежүзлік білім беру жүйесінің негізгі даму бағыттары айқындала түсті:
Қазақстанның білім беру жүйесі мен педагогика ғылымы ХХ және ХХІ ғасырлар тоғысында әлемдік білім кеңістігінде болып жатқан тиімді жаңалықтарды қабылдай отырып, қарқынды түрде дами түсті. Адамзаттың өмір сүру тәсілдеріндегі, ойлау жүйесіндегі, идеяларындағы өзгерістер қашан да болсын білімнің қоғамдағы орны мен рөліне тікелей ықпал жасайтыны белгілі. ЮНЕСКО XXІ ғасырдағы білім саласы бойынша дүниежүзілік деңгейдегі білім құндылығының негізін құрайтын мәселелерге ерекше мән беріледе. Олар–ынтымақтастықта өмір сүруге, білімді меңгеруге, еңбек етуге үйрену болып табылады.
Еліміз егемендік алғаннан кейін Қазақстанда білім берудің ұлттық моделі қалыптасуда. Онда білім мен тәрбие берудіңұлттық дәстүрін әлемдік білім кеңістігінде орын алып отырған өзгерістермен өзара байланыстыруға айрықша көңіл бөлінуде.
Еліміздегі әлеуметтік-экономикалық тұрақтылық ұлттық білім беру жүйесін әлемдік білім беру кеңістігіне кіріктіру мақсатында білім беру саласындағы әлемдікдеңгейдегі жүйелі өзгерістер мен жаңа бастамаларға сәйкес Қазақстанда іргелі реформаларды іске асыруға мүмкіндік берді.
Еліміздегі білім беру жүйесін жандандыруға байланысты “Білім туралы” Заң, Мемлекеттік “Білім” бағдарламасы, Білім берудің Стра-тегиялық бағдарламасыт.б. қабылданды.
Қазақстан Республикасындағы жалпы білім беретін мектептердің тұжырымдамасы негізінде 1996 жылы оқу үдерісін ұйымдастыруға негіз болатын Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпы орта білім стандарты туралы Ереже бекітілді. Ереже білім стандарттарының не-гізгі қызметі мен құрамын анықтауға, пәндер бойынша білім стандарттарын жасауға, базистік оқу жоспарын жаңа нормативтік құжат ретінде ұсынуға мүмкіндік берді.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпы орта білім стандарттары, Қазақстан Республикасында жалпы білім беретін мектептердің мемлекеттік базистік оқу жоспарықабылданды.

-
Қазіргі заманда ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуы негізінде адамдардың тұрғылықты жерінің аумағынан аспай-ақ алыстағы қажетті ақпараттарға қол жеткізу мүмкіндіктері көбейді. Дәлірек айтсақ, бұрынғы кезде адамдар басқа елдің адамдарымен тек хат, телеграмма және т.б. арқылы қатынаса алса, қазір адамдардың қарым-қатынасы уақытпен де, кеңістікпен де еш шектелмеген. Электронды техника мен телекоммуникация желілерінің on-line форматтарының дамуы арқасында қазіргі адамға жер шарының кез келген нүктесіндегі адамдармен байланысу мүмкіндіктері кеңінен ашылған. Ақпараттандыру үдерісі әр адамды әлемдік қауымдастықтың бөлшегі екенін сезіндіріп, объективті шындық шегінің кеңейгенін ұғындырды. -
Әлемдік өркениеттің дамуында гуманистік қағидалардың өзектенуі. Дүниежүзі бойынша байқалып отырған экономикалық дағдарыстар мен қатар адамдар арасындағы рухани-адамгершілік дағдарыстың белең алуы қоғамды ізгілендіру мәселесін күшейте түсті. Бұл мәселе адамдардың білімділігімен, олардың кәсіби құзыреттілігімен, адами құндылықтарымен тығыз байланыста қарастырылуда. Қоғамның бәсекеге қабілеттілігі оның адами капиталының сапасына тікелей байланысты. -
Интеллектуалды әлеуетті дамыту маңызы.Адамның интеллектуалдық әлеуетін дамыту - заманымыздың ең қажетті талаптарының бірі. Барлық дамыған мемлекеттердің ұтымды басымдықтарының бірі ретінде қоғамның интеллектуалды әлеуетін дамыту мәселесімен байланыстырады. Интеллектуалды әлеуетті дамытудың іргетасы–білім беру саласы. Сапалы білім беру арқылы мамандар мемлекеттің экономикасын, ғылымы мен мәдениетін дамытатын негізгі қозғаушы күшке айналады.
Осындай ауқымды факторлардың ықпалынандүниежүзлік білім беру жүйесінің негізгі даму бағыттары айқындала түсті:
-
Білім беру–ХХІ ғасырдағы стратегиялық басымдылық. Дүниежүзілік деңгейде білім беру мемлекет дамуының негізгі басымдықтарына ауысуда. Әр мемлекет өз азаматтары үшін білім беруді сапалы етуге тырысады, себебі онсыз қоғам дамуында көп қиындықтар туындауы мүмкін. Барлық азаматтар білім алуға құқылы және білімдерін жетілдіру арқылы ғылымның, экономиканың, өндірістік саланың, техниканың дамуына өз үлестерін қоса алады. -
Білім беру үдерісінің жалпы әлемдік стандарттарға сәйкестендірілуі. Қазақстан Республикасы орталық Азиядағы Болон үдерісінің бірінші мүше болған мемлекет болып табылады. 2010 жылы Қазақстан Республикасы тұңғыш рет әлемнің 47 елдерімен қатар жоғары бiлiмнің Болондық үдерісіне қатысушы елдердің министрлері комитетінің шешімімен Болон декларациясына қол қойылған күн және жоғары бiлiмнiң Еуропалық кеңiстiгiнiң толық құқықты қатысушысы болып табылды. Болон үдерісінеқатысудағы мақсат-еуропалық бiлiмге бару жолын кеңейту, оның сапасын одан әрi жоғарылату, білім берудің несиелік жүйесін қолдану, студенттер мен оқытушылық құрамның ұтқырлығын жоғарылату және де Қазақстандық ЖОО-ның бітіруші түлектерiне Еуропа аралық білім стандартына сай диплом беру болып табылады. -
Жаһандану әсерінен отандық білім беру жүйелерінің әлемдік білім беру кеңістігіне кіріктірілуі. Әлемдік білім беру кеңістігін не құрайды? Оның құрамына мақсаттары, міндеттері, мәдени салт-дәстүрлері, философиялық негіздері бойынша ерекшеленетін ұлттық білім беру жүйелері кіреді. Осындай әр түрлі білім беру жүйелерінің өзара байланыстары, әрекеттестіктері әр адамның дүниетанымының кеңеюіне, рухани тұрғыдан баюына, мәдениетінің қалыптасуына септігін тигізіп, өздерін әлемдік білім беру кеңістігінің бір бөлігі ретінде сезіне алуларына мүм-кіндік тудырады. -
Үздіксіз білім беру үдерісі. Білім шексіз, білім алу бір қысқа мерзімді үдеріс емес, керісінше, адам өмір бойы білімін жетілдіріп, танымын тереңдете беруі керек. Ақпараттық заманында білім тез-ақ ескіріп қалатыны айқын байқалуда. Осыған байланысты әр адам жинақтаған білімін үнемі толықтырып, жаңартып отыруы қажет. Сондықтан қазіргі кезде «қосымша білім беру», «үздіксіз білім беру», «маманның кәсіби біліктілігін жетілдіру», «өз бетінше білім алу», «қашықтықтан білім беру» ұғымдары психологиялық-педагогикалық, әлеуметтанулық әдебиеттер мен мерзімді педагогикалық басылым-дарда өте жиі талқылануда. -
Білім беруді гуманизациялау үдерісі. Білім беруді гуманиза-циялаудың басты идеясы – адам тұлғасының құндылығын жоғарлату, адам – барлық іс-әрекеттер өлшемі, адами фактордың сапасын жақсарту. Педагогикалық сөздікте гуманизм-адам тұл-ғасын ең жоғарғы құндылық ретінде қабылдауға негізделген көзқарастар жиынтығы; тұлғаның құқығы мен бостандығын қорғауға бағытталған және тұлғаның жан-жақты дамуын қарастыратын ілім ретінде түсіндіріледі. Гуманизм–адамның өмірлік ұстанымы, оның қағидалары адамның адами қасиеттерін сақтап, оны тек жағымды, жақсы ізгі істерге бағыттайды. Қазіргі жаһандану заманында білім беру саласының да жетекші идеясы, жоғарғы гуманистік мәні-тұлғаны ең жоғары құндылық ретінде қарастыруында. Сондықтан оқыту-тәрбиелеу үдерісін ізгілендіру мәселесіне басты назар аударылуы қажет -
Білім берудегі дарындылықты дамыту идеялары. Әлемдік білім беру тәжірибесінде оқушылардың арасынан дарынды, талантты балалармен жұмыс істеу, олардың дамуына қолдау көрсету мәселелері ерекше назарға ие. Осындай оқушыларды оқытудың өзіндік тұжырымдамасы негізінде арнайы мекемелер жұмыс істейді. Қазақстанда дарынды балаларға арналған мектептер тәжірибесінде барлық балалар бірдей емес, бірақ әр баланың ерекше байқалатын дарыны болуы мүмкін. Сондықтан әр баланың шығармашылығын, дарындылығын одан әрі дамыту жолдары зерттелуде. -
Көпмәдени тұлғаны тәрбиелеу. Көп ұлтты қоғамда әр адам бойында толеранттылық қабілеттерін дамытып, өзара сыйластық және сенімділік қағидаларын қалыптастыру өте маңызды. Көпмәдени тұлғаны қалыптастыру ретінде әр елдің ұлттық ерекшеліктерін ескере отырып адамның салт-дәстүрлерге бай түрлі мәдениеттер, құндылықтар жағдайына бейімделуін, олардың түрлі мәдениеттер арасындағы ынтымақтастықта өмір сүруге ұмтылушылықтарын нығайту қарастырылады. Әр халықтың мәдени өзгешеліктерін сақтай отырып халықтар арасындағы достықты, түсіністікті нығайту көпмәдениеттілікке тәрбиелеудің маңызды бағыттарының бірі. Ал сол көпмәдени тұлғаны қалыптастыру білім беру үдерісінде іске асырылып, оның нәтижелерінің бірі болып табылады. -
Білім беру мазмұнын жаңарту оқытудың әдіс-тәсілдерін, жаңа педагогикалық технологияларды қолдану. Білім беру саласы реформаларға жиірек ұшырайтын салалардың бірі. Қазіргі ақпараттық ағымның жылдамдығына байланысты білім беру мазмұны да жаңартылып отыруды қажет етеді. Қазақстан Республикасында жалпы орта білім берудің жаңартылған бағдаламасы 2016 жылдан бастап мектептерге енгізілуде. Білім беру мазмұнының өзгерісімен қатар ондағы оқу мен оқыту міндеттері, оқытудың әдіс-тәсілдері, оқыту формалары, оқу құралдары айтарлықтай өзгерістерге ұшырауда. -
Инклюзивті білім беру-жалпы білім беретін мектептердегі балалармен бірге дамуында ауытқулары бар, қабілеттері шектелген балалардың білім алу мәселелерін зерттеу және практикасын жетілдіру үдерісі. Инклюзивті білім беру арқылы қабілеттері шектеулі балалардың әлеуметтенуі, қоғамдық қарым-қатынастарға бейімделуі жеңілдейді. Сонымен қатар ондай оқушылар арнайы дефектолог-мұғалімдердің қарамағында және қолдауында болады.
-
.Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің заңнамалық негіздері мен мемлекеттік білім беру саясаты.