ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.01.2024
Просмотров: 3044
Скачиваний: 102
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
«Мұғалім мамандығы сырттай қарапайым болғанымен - тарихтағы ең ұлы істердің бірі» - деген сөздері ақиқатпен астарласады.
Адамзат тарихында мұғалім мамандығының ең маңызды ерекшеліктерінің бірі – оның қай елде болмасын ең кең таралғандығы. Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарын бітіруші түлектерінің басым көпшілігі педагогтар екенін атап айтуға болады. Бұл педагог мамандығының қоғам дамуы үшін аса қажеттілігінің, зор маңыздылығының көрсеткіші, себебі егер бұл мамандыққа қоғам тарапынан сұраныс болмаса, мұндай көп мамандарға сұраныс туындамаушы еді. Педагог мамандығы мәңгілік ескірмейтін мамандықтардың бірі. Үздіксіз білім беру жүйесінің дамуына байланысты сапалық деңгейлері жоғары, кәсіби құзыретті мұғалімдерге деген сұраныс жыл сайын көбейе түсуде.
Мұғалім қызметі тек болашаққа ғана бағытталған. Мұғалімнің іс-әрекеті, қызметі балалардың болашағына бағдарланып, оның еңбегінің нәтижесі де келешекте ғана көрініс береді. Мысалы, мұғалім еңбегінің жемісі нақты бір іс-әрекет орындалып болғаннан кейін ғана емес, айлар, жылдар өткен соң, шәкірттің бір табысқа қол жеткізуіне байланысты бағаланады.
Мұғалім қызметі үнемі гуманистік сипатта болады. Ұстаздық қызметтің тағы бір ерекшелігі-педагогтардың әр шәкіртінің жүрегіне жол таба білуінде, әр баланың бойындағы қабілетті дамыту үшін қолайлы жағдай жасай алу шеберлігінде. Ең бастысы мұғалім оқушының өзін тұлға ретінде сезінуіне көмектесіп, оның бойында өзінің ішкі жан дүниесін, өмірді, әлемді тануға деген қажеттілікті оята білуі керек.
Педагогикалық еңбектің ұжымдық сипаты. Мұғалім үнемі мінездері, қызығушылықтары, даму және тәрбиелік деңгейлері әр түрлі қалыптасқан балалар ұжымымен жұмыс істейді. Ал осындай ұжым ішіндегі қарым-қатынастық жүйені дұрыс басқара білу үлкен педагогикалық шеберлікті талап етеді. Бұл шеберлікті дамытуда педагогика ғылымындағы А.С.Макаренко негізін салып кеткен тұлғаны ұжымда,ұжым үшін және ұжым арқылы тәрбиелеу теориясының маңызы зор. Бұл теория көптеген шығармашыл педагогтардың зерттеулеріне негіз болып, тәжірибе жүзінде сыналып, жылдан жылға жетілдірілу үстінде, тиімділігі арта түсуде.
Мұғалімдер күрделі үдерісті – оқушы тұлғасының қалып-тасуын басқарады.
Мұғалім - оқушы өмірінің іргетасын қалаушы және ғылым негіздерін меңгертетін маман. Мұғалім мамандығы бар-шамызға ортақ игілікті іс болып табылатын жас ұрпақты тәрбиелеуге негізделеді, себебі адам бойындағы тәрбие мен жүйелі білім баланың өмірінің он бір жылы өтетін орта мектептен бастап қалыптасады.
Мұғалімдер әр баланың тұлғасын қалыптастыруда оларды ин-теллектуалдық жағынан дамытуды, эмоционалдық, рухани, дене сапаларын жетілулдіруді көздейді. Сондықтан мұғалім шәкірттердің жас ерекшеліктерімен қатар дербес ерекшеліктерін ескере отырып барлығына ортақ бір тиімді қарым-қатынастық жүйені қалыптастыруға жұмыстанады.
Мұғалімдерге аса жауапты іс жүктелген. Мұғалімдерге баланың мінез-қүлқының, дуниетанымының, адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуы, жалпы олардың өсіп дамуының ең маңызды кезеңі сеніп тапсырылған.
2.2. Мұғалім еңбегінің профессиограммасы – мұғалім тұлғасының моделі ретінде.Адамзат тарихындамұғалім тұлғасына қойылатын талаптар қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық, мәдени жағдайларға байланысты өзгеріп отырған. Мұғалімдердің моральдық-психологиялық, этикалық сапалары туралы ойлар шығыс философы Әбу Насыр Әл-Фараби еңбектеріндегі айырықша көңіл аударылған мәселелердің бірі. Ол мұғалім бойында шыншылдық, шәкірттеріне де, өзіне де талап қоя алушылық, ықыластылық, қаталдық, күш-жігер және педагогикалық такт сияқты қасиеттердің сақталуын қажет деп санаған. Әл-Фараби ұстаздың мінез-құлық нормасы қандай болуы жайлы былай деп жазады: «..ол тым қатал да болмауға тиіс, тым ырыққа да жығыла бермеуі керек, өйткені тым қаталдық шәкіртті өзінің ұстазына қарсы қояды, ал тым ырыққа көне беру – ұстаздың қадірін кетіреді. Оның берген сабағы мен ғылымға шәкірті селқос қарайтын болады».
Педагогика ғылымының негізін қалаушы Я.А.Коменский (XVIIғ.) «Мұғалімдергеең тамаша міндет жүктелген, күн астында одан жоғары тұрған еш нәрсе жоқ» - дей отырып, балаларды оқыту-тәрбиелеу барысында мұғалімдерден табиғатқа сәйкестілік және дидактикалық принциптердің орындалуын талап еткен.
Педагогика тарихында мұғалім тұлғасына қойылатын талаптар А.Дистервег, К.А.Гельвеций, К.Д.Ушинский, П.Ф.Каптерев, А.С.Макаренко, Ы.Алтынсарин, М.Жұмабаев, В.А.Сухомлинский сынды белгілі педагогтар еңбектерінде ерекше қарастырылады.
П.Ф.Каптерев мұғалімдердің адамгершілік қадір-қасиеттерінің маңыздылығына көңіл бөле отырып, оқыту мен тәрбиелеу үрдістерінің тұтас жүргізілуі барысында «оқыта отырып тәрбиелеу, тәрбиелей отырып оқыту» қағидасының сақталуын талап етеді.
Мұғалім тұлғасына қойылатын талаптардың күрделенуіне байланысты педагогикалық теорияда профессиографиялық тұрғыдан зерттеулер орын ала бастады. Осы бағытта арнайы зерттеулермен айналысқан ғалымдар Ф.Н.Гоноболин, Н.В.Кузьмина, А.И.Щербаков, В.А.Сластенин, Ю.С.Алферов, Е.И.Антипова т.б. болды.
В.А. Сластенин мұғалім тұлғасына қойылатын талаптар жүйесін оның педагогикалық еңбекке кәсіби даярлығы ретінде қарастырады. Ол даярлықтың құрамына мұғалімнің психологиялық, физиологиялық, даярлықтарымен қатар ғылыми-теориялық және практикалық құзыреттілігін жатқызады. В.А.Сластениннің пікірінше: «Мұғалім профессиограммасы мамандықтың паспорты ретінде оның квалификациялық сипаттамаларын, яғни қоғамдық-саяси, әлеуметтік және психологиялық-педагогикалық білімдерінің көлемдерін және ғылыми негізделген ара-қатынастарын, сонымен қатар болашақ мұғалімге қажетті педагогикалық, әдістемелік іскерліктер мен дағдыларды қамтуы қажет».Профессиограмма – мұғалімнің, оқытушының, сынып жетекшісінің, педагогтың идеалды үлгісі, эталоны, моделі.
В.А.Сластенин ұсынған мұғалім профессиограммасында ол педагогикалық кәсіптің жалпы сипатын және жеке мамандыққа байланысты сипаттарын қарастыра отырып 4 бөліктен тұратын мұғалімнің профессиограммасын береді:
Қазіргі кезде мұғалім профессиограммасын құруда үлкен тәжірибе жинақталған. Мұғалім тұлғасына қойылатын талаптарды үш үлкен кешенге бөліп қарастыруға болады: жалпыадамзаттық сапалары; кәсіби-педагогикалық қасиеттері; арнайы пән бойынша білім, білік, дағдылары.
Педагогтың білімі, білігі, іскерлігі және тұлғалық қасиеттеріне қойылатын минималды талаптар жүйесі ретінде педагогикалық іс-әрекеттің кәсіби стандарты құрастырылады. Қазақстан Республикасында мұғалімдердің кәсіби еңбекке сәйкестілігін, кәсіби өсу деңгейіне қойылатын талаптар жүйесі ретінде
педагогтың кәсіби стандарты әзірленген. Кәсіби стандартты әзірлеу мақсаты-педагогқа қажетті іскерлік пен дағдылар, білімдер мен құзыреттерді сипаттау. Бұл стандарт бойынша мұғалімдердің санаттары өзгертіледі, мұғалімдердің еңбек функцияларының даму деңгейлері анықталатын болады. Педагогтың кәсіби стандартында бес еңбек функциясы анықталған: оқыту, тәрбиелеу,әдістемелік,зерттеу,әлеуметтік-коммуникативтік.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы»заңында педагогтардың негізгі құқықтары мен міндеттері анықталған. Аталған заңның 7-тарауының
50-51-баптарында педагог қызметкердің мәртебесі, құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі анықталған.
2.3.Мұғалімнің кәсіби іс-әрекетінің сипаттамасы.Іс-әрекет ұғымы ғылымаралық ұғымдар қатарына жатады, себебі ол педагогика, психология, әлеуметтану, философия, мәдениеттану сияқты көптеген әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың зерттеу нысандарының бірі. Кез келген жеке тұлғатек өзінің белсенді іс-әрекеті арқылы ғана дамитыны белгілі. Сондықтан адамтану ғылымдарының барлығы өз тұрғысынан адам санасы мен іс-әрекеттін зерттеуге тырысады.
Психологиялық тұрғыдан қарастырғанда,іс-әрекет-адамның қоршаған дүниемен белсенді қарым-қатынаста болуы арқылы өзін субъектілік позицияға қоюы ретінде қарастырылады. Педагогикалық көзқарастар бойынша, іс-әрекет – қоғамдық және жеке тұлғалық маңызды нәтиже беретін бір мақсатқа бағытталған белсенділік. Өзіндік жеке іс-әрекеттері арқылы адам басқа әлеуметтік іс-әрекеттерге араласады. Іс-әрекеттің құрылымына мотив, мақсат, құрал, іс-қимылдар, нәтиже, бағалау сияқты компоненттері кіреді .
Педагогикалық-психологиялық ғылымдар саласында іс-әрекет теориясының дамуынаС.Л.Рубинштейн, А.Н.Леонтьев,П.Я.Гальперин т.с.с. психологтардың зерттеулері негіз болған. Іс-әрекет компоненттері бір-бірімен тығыз байланыста болып біртұтас жүйені құрайды. Бұл жүйедегі компоненттер өзара бірі-біріне тәуелді, олардың кез келген компонентін алып тастасақ, толыққанды атқарылған іс-әрекет болуы мүмкін емес. Әрбір компонент өзіндік маңызды рөл атқарады.
А.Н.Леонтьевтің пікірінше, мақсаткез келген іс-әрекеттің жүйе құрастырушы компоненті болып табылады. Шынымен, мақсатсыз іс-әрекет болуы екіталай. Әр адамның алдына қойған жақын және алыс мақсаттары болады. Мотив деген компоненттің ішіне адам үшін маңызды рухани, материалдық, әлеуметтік, табиғи-биологиялық қажеттіліктері кіреді.
Іс-қимылдар, операциялар – іс-әрекеттің негізгі компоненттерінің бірі. Кез келген іс-әрекет жүйелі түрде орындалатын түрлі іс-қимылдар тізбегінен құралады. Мысалы тұру, жүру, отыру, көтеру, әкелу, ашу, жабу, жүгіру сияқты қимылдар мен қатар қарау, тыңдау, есту, оқу, талдау, тұжырымдау т.с.с. ойлау операциялары да бар.
Іс-әрекет мақсатына қарай құралдар таңдалады. Құралдардың өзіндік ерекше орын алатыны белгілі. Олардың өзі іс-әрекет мақсатына байланысты таңдалып еңбек құралдары, ойын құралдары, тіл құралдары, оқыту құралдары т.с.с. бөлінеді.
Іс-әрекет нәтижесі деген компонент тұлға үшін маңызды компоненттердің бірі. Жоғарыда аталып келе жатқан компоненттердің барлығы осы нәтижеге қол жеткізуге бағытталған.
Бағалау компоненті – іс-әрекет мақсатына жетудің өлшемі. Тұлға орындаған іс-әрекетінің табысты немесе табыссыз аяқталғанына баға береді.
Білім беру саласындағы іс-әрекеттік тұрғыдан қарау теориясы сана мен іс-әрекеттің бірлігі деген психологиялық теорияға негізделеді. Бұл теорияны түбегейлі меңгеру болашақ мұғалімдер үшін өте маңызды.
Адамдардың іс-әрекеттері мазмұнына, орындалу сипаттарына, кәсіптеріне байланысты бірнеше түрлерге бөлінеді. Адамның шұғылданатын кәсібінебайланысты іс-әрекеттер медициналық, педагогикалық, конструкторлық, инженерлік, бухгалтерлік, т.с.с. түрлерге бөлінеді.
Мазмұны жағынан іс-әрекеттерді: танымдық (қоршаған әлем туралы білімдермен қарулану, дүниені танып білу); зерттеушілік (белгісіз құбылыстарды зерттеу үдерісі); коммуникативтік (қарым-қатынас орната алу, тіл табыса алу үдерістері); білім берушілік (басқаларға білім беруүрдісі);өзгертушілік (қоғамды, өзін жетілдіру үдерісі) болып ажыратылады.
Әртүрлі белгілеріне қарап педагогика-психология ғылымдарында іс-әрекеттің негізгі түрлері ретінде: ойын, қарым-қатынас, еңбек, оқу іс-әрекеттері қарастырылады.
Қазіргі қоғамда мыңдаған еңбек түрлері бар. Тұлғаға қойылатын талаптар жиынтығымен сипатталатын еңбек іс-әрекетінің белгілі бір түрін, адамның дене және рухани күшінің шектеулі бір саласын кәсіпдеп атайды. Мамандық–берілген кәсіптің бір түрі. Мысалы, мұғалімдік кәсіппен айналысатын адамдар көп, солардың ішінде кейбіреулері информатика мамандығын, кейбіреулері тіл және әдебиет, тарих сияқты мамандықтарды меңгереді. Мамандықтарына байланысты информатика пәнінің, тіл мен әдебиет пәнінің, тарих пәнінің мұғалімдері деп аталады. Сонда

-
Мұғалімнің қасиеті мен сипаттамасы. Бұған ол мұғалімдердің идеялық, кәсіптік-педогогикалық, танымдық бағыттылығын жатқызады. -
Мұғалімнің психологиялық-педагогикалық дайындығынақойылатын талаптар. Мұнда ол мұғалімдердің білім, білік және дағдыларын біріктіре қарастырады. -
Арнайы даярлықтың көлемі мен құрамы. Бұл тарау болашақ мұғалімдердің шеберлік деңгейінде еңбектенуі үшін қажет болатын жалпы ғылыми негізде дайындық көлемі мен арнайы даярлықтың қалыптасатын нақты білім, білік және дағдыны біріктіреді. -
Мамандық бойынша әдістемелік жағынан даярлық мазмұны. Бұған мұғалімге қойылатын жалпы әдістемелік талаптар және жеке пән мұғалімдеріне қойылатын арнайы әдістемелік талаптар еңгізілген.