ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.01.2024
Просмотров: 3036
Скачиваний: 102
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Сондай-ақ тиімді оқудың өзі үлкен өнер. Ол үшін мұғалім ой еңбегінің нәтижесіне әсер ететін барлық факторлар дұрыс ойластыруы керек. Қанша уақыт жұмсау, нені анықтау, қандай сұрақтарға жауап іздеу, не үшін оқу – осының барлығын дұрыс ұйымдастыру мұғалімнің педагогикалық шеберлігінің және технологиялық құзіреттілігінің айқын дәлелі бола алады.
Рефлексиялық жазу - оқу барысында оқушылар көптеген жазба жұмыстарын атқарып отырады. Мысалы қысқаша конспект жасау, түртіп жазу, ұнаған ойларды жазып алу, ұлы адамдар сөздерін жазып алу. Сонымен қатар оқыған материал бойынша рефлексиялық жазба жұмыстарын жүргізу (оқылған материал бойынша эссе, шығарма, маз-мұндама жазу, т.с.с.) білімді меңгеру деңгейін дұрыс анықтауға мүмкіндік беретін маңызды тетіктердің бірі.
Сыни тұрғыдан ойлауды дамытуда шетелдік білім беру үдерісіндекөп жылдардан бері қолданылып келе жатқан Блум таксономиясы тиімді нәтижелер көрсетуде. Осы теория негізінде танымүдерісі ең қарапайымынан бастап 6 деңгейге бөлініп қарастырылады.
6-Кесте. Блум таксономиясының деңгейлері
№ | Таным деңгейі | Іс-әрекет мазмұны | Деңгейлер |
1 | Білу | Есте сақтау, жаттап алу, ажырату, қайта жаңғыртып айтып беру. | Төменгі |
2 | Түсіну | Өз сөзімен айтып беру, түйіндеу, ережелер мен анықтамаларды мысалдармен дәлелдей алу. | Орташа |
3 | Қолдану | Алған білімдерін практикалық іс-әрекетте қолдана алу, мәселелерді шешуде ең оңтайлы тиімді жолдарды таңдай алу, таныс емес жағдайда білімдерді пайдалана алу. | Орташа |
4 | Талдау (Анализ) | Зерттеу нысанын түрлі бөліктерге бөлу, әр бөліктің мән-мағынасын саналы түрде түсінуі, Терминдерді, сөздерді топтастыру, | Жоғарғы |
5 | Біріктіру (Синтез) | Нәтижелерді шығармашылық тұрғыдан біріктіру. Тақырып құрылымы бойынша модель құрастыра білу, барлық білімдерді біріктіріп барлығын қамтитын бір тұжырым жасау. | Жоғарғы |
6 | Бағалау | Шешім қабылдай алу, түрлі пікірлердегі қарама-қайшылықтарды жою, өз пікірін қорғай алу, жүйелі тұжырым жасай алу. | Жоғарғы |
Осы кестедегі көрсетілген таным деңгейлерін салыстыра оты-рып, жалпы білім беретін мектептеріндегі дәстүрлі қалыптасып қалған оқыту жүйесінің қаншалықты жетілдіруді қажет ететінін айқын бай-қауға болады. Орта білім беру мазмұнын жаңарту бағдарламасы толығымен осы теориялардың тұжырымдамаларына негізделіп жаса-луда. Яғни, сабақты жоспарлауда мұғалім оқушыларға берілетін тап-сырмаларды Блум таксономиясының оқу мақсаттарына сай ойлас-тырып дайындауы қажет.
Сыни тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясының көптегенстратегиялық тәсілдері бар және олар жылдан жылға көбею үстінде: «Білемін, білгім келеді, білдім», «INSERT (interaktiv notig system for reading and thinking)», «Синквейн», «Кластер», «Сенесіз бе?», «Зигзаг», «Рефлексиялық сұрақтарға жауап», «Жолақтағы белгілер (+,-,!, ?), «Паузамен оқу», «Сұхбат», «Эссе», «Джигсо (jigsaw-пазл)», «Аралас мәтіндер», «Берілген мәтін бойынша сұрақтар құрастырып өзара тек-серу», «Мұғалімнің жасырын қателері», «Жарнама», «Тақта алдын-дағы топтық жауап», «Тарау бойынша блиц-турнир», «Ассоциация», «Болжау», «Венн диаграммасы», «Балықшылар сайысы», т.б. көптеген стратегиялары бар. Тек әр мұғалім осы стратегияларды әр ситуацияда ұтымды пайдалана алуы оның жеке құзырында.
-
Оқытудың белгі-контекстік технологиясы. «Контекст» сөзі латын тілінен аударғанда «contextus» – өрілу, бірігу деген мағы-наны білдіреді. А.А.Вербицкийдің белгі-контестік оқытутехнологиясы кәсіби білім беру саласына арналған және оқыту үдерісінде білім алу-шының болашақ кәсіби іс-әрекеті контекстінде қарастырумен негіз-деледі. Технологияның басты идеясы - оқыту үдерісінде ғылыми теория мен кәсіптік саланы (өндірісті) кіріктіру. Яғни, жоғары оқу орын-дарында білім алушылар тек пән мазмұндарын меңгерумен емес, соған қоса алған білімдерін кәсіби салада пайдалану дағдыларын қалып-тастыра алулары керек. Демек, білім болашақ кәсіби іс-әрекет контекс-тінде (кәсіби іс-әрекет моделі, белгісі арқылы) берілуі керек.
Технологияда білім алушының үш түрлі іс-әрекеті ажыра-тылып қарастырылады:
-
Академиялық типтегі оқу іс-әрекеті (лекция, семинар, өздік және лабораториялық жұмыстар, т.б.); -
Квазикәсіби іс-әрекет (кәсіпті меңзейтін іскерлік ойындар, сабақтың кәсіби іс-әрекетке жақындатылған ойын формалары, т.б.); -
Оқу-кәсіби іс-әрекет (ғылыми-зерттеу жұмыстары, кәсіптік практика, дипломдық жұмыс, т.б.).
Осы іс-әрекет түрлерінің өзара кіріктіріле атқарылуы конекстік оқыту технологиясының мәнін ашады. Контекстік оқыту білім беру саласындағы негізгі қарама-қайшылық болып табылатын теориялық білімдердің шынайы кәсіби іс-әрекет талаптарына сәйкессіздігін жоюға бағытталған.
Бұл технологияны қолданудың негізгі принциптері:
-
теория мен практиканың байланысын модельдеу; -
бірлескен іс-әрекет түрлерін модельдеу; -
тұлғаның белсенділігін қалыптастыру; -
проблемалық жағдаяттарды шешу; -
оқыту мен тәрбиенің бірлігін қамтамасыз ету;
Іскерлік ойын – казір кәсіби (болашақ кәсіпті елестету) іс-әрекеттің жетекші формасы болып табылады. Іскерлік ойын арқылы білім алушы өзінің болашақ кәсібімен жанама түрде тереңірек таны-сады, ондағы қызметтерін іс-жүзінде орындап көруге тырысады. Мы-салы, педагогтық кәсіпті жақсы меңгеру үшін, болашақ ұстаздар ара-сында іскерлік ойындар ұйымдастыру арқылы олардың бойында сөйлеу шеберлігін, шығармашылық, ұйымдастырушылық, конструк-тивтік, т.б. қабілеттерін қалыптастыруға болады.
Сонымен қатар іскерлік ойындарды жүргізуге қойылатын әдістемелік талаптарды ескеру қажет:
-
Іскерлік ойын бір тарауды пысықтау үшін, оның логикалық аяқталуын көрсету үшін қоланылады; -
Ойынның ұйымдастырылуы барынша шынайы кәсіби іс-әрекет моделіне сәйкес болуы керек; -
Еркін шығармашылық және ізденіс ахуалының қамтамасыз етілуі қажет; -
Қажетті оқу-әдістемелік құжаттарды дайындау талап етіледі; -
Іскерлік ойынның мақсаты, міндеттері, мазмұны, жүргізу ережелерінің нақты белгіленуі; -
Ойында көрсетілген кәсіби мәселенің мүмкін болатын бір-неше шешімдерінің анықталуы; -
Ойынды жүргізуге қажетті жабдықтардың болуы.
Контекстік оқыту технологиясы жоғарғы сынып оқушыларының арасында, кәсіпке бейімдеу барысында қолдану өте тиімді.
Өзiн-өзi бақылау сұрақтары
-
«Теория», «әдiстер», «әдiстеме», «технология», «педагогикалық техно-логия» ұғымдарының арақаттынасы қандай? -
Педагогикалық технологиялардың жіктемелері қандай өлшемдерге негізделген? -
Макротехнологиялар мен микротехнологиялардың негізгі айырмашы-лықтары неде? -
Педагогикалық технологиялардың атқаратын қызметтері қандай? -
Педагогикалық үдерістегі коллаборативті оқу ортасының оқушы тұлғасына ықпалы қандай?
ГЛОССАРИЙ
Тәрбие - қоғамдық, өндірістік және мәдени өмірдің белсенді қатысушысын даярлауды мақсат етіп қойған, жеке адамды қалып-тастырудың жүйелі үдерісі
Тәрбие жүйесі – тәрбие ісінің мазмұны, құрылымы мен қолданудың әдіс-тәсілдері және оны білім беру үдерісіндеқолдануды ұйымдастыру істерінің жиынтығы.
Тәрбиежұмысы – бұлжекетұлғаныңнеғұрлымтолықдамуынабағытталғанересектерменбалалардыңтіршілікәрекетінұйымдастыруғабағытталғанмақсаттыіс-әрекет.
Теория(гр. theorіa – пайымдау, анықтау)– белгілібірқұбылыстың, шындықтыңзаңдылықтарыменбайланыстарыжайлыжан-жақты, толықмағлұматберетін тұжырым.
Әдістеме дегеніміз - әдіс пен тәсілдердің жиынтығы.
Әдіс тәрбиешінің баланың бойына тұрақты моральдық көзқарастар мен адамгершілік сезімдерді, дағдыларды сіңірудің құралы тұрғысынан қарастырылады.
Заңдылық – қоғамның мақсаттары мен міндеттеріне сай келетін, заң аясынан шықпайтын құқықтық әрекеттер мен құқықтың орындалуына саналы түрде жету.
Тәрбиенің әдіснамасы- тәрбиенің тарихилығының айқындалуы, мақсаты, міндетіне, әдіс-тәсілдеріне сәйкес мазмұнын жүйелі құра білу, бірізді, сабақтастықта ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан рухани мәдени дәстүрлер тәрбие үдерісіне жаңашыл көзқарастармен енгізе отырып, тұлға бойындағы ізгілік қасиеттерді оның іс–әрекеті, қарым-қатынасы, мінез – құлқында көрініс табуы.
Тұлға – ерік-жігерінің іске асуы, өз ойын еркін іске асыру дайындығы және оның іске асуының нәтижесі. Ерік-жігер тетігі дегеніміз адамның өзіне тән жеке бас қасиеттерін іске асыруы.Тұлға дегеніміз – сезімнің, әсердің ішкі күшінің - сүйініштің бойға жинақтаған көрінісі.
Ерлік тәрбиесі – қазақ халқының жауынгерлік дәстүрі негізінде оқушылардың ерік-жігерін, табандылық, батылдық қасиет-терімен бірге, ұлттық сана, парыз, намысты қалыптастыра отырып, Отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Қазақстандықпатриотизм–Қазақстандымекендейтінбарлықұлтпенұлыстардың, халықтардыңҚазақстанмемлекетіәлемдікбиіктенкөрінуүшінбілім, мәдениет, экономика, әлеуметтіктұрғыдадамуынажағдайжасайотырып, еліміздегібейбітшілік, бірлікпентәуелсіздіктісақтауүшінбарлықкүшжігерінжұмсауға даярлығы.
Әлеуметтік құндылық – ұрпақтан-ұрпаққа жинақталған тәжірбиелер, өмір шындығы. Мұндай құндылықтар білім, мұрат, адамдар арасындағы қарым- қатынас және мінез- құлық нормалары, адамдардың өмірлік іс - әрекеті.
Педагогикалық қолдау-баланың дамуына көмектесу және оның денсаулық, қатынас, оқыту, өзін-өзі өмірлік анықтауы мәселелерін шешуге бағытталған өзін-өзі дамытуына ықпал ету мәселесін қамтиды.
Құндылық – Отан, адам, тұлға, өмір, адамдардың бір-біріне мейрімділік қарым-қатынасы, шыншылдық, әділеттілік, білім, ғылым, өнер сияқты адамның өмір сүруіне деген материалдық жағдайдың болуы.
Білім – бұрыңғы белгілі бір жүйедегі ұғымдарының, деректері мен пайымдардың жиынтығы.
Ғалым – ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын әрі ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелеріне қол жеткізетін жеке адам.
Ғылым – қызметі табиғи байлықтарды ұтымды пайдалану және қоғамды тиімді басқару мақсатында табиғат, қоғам және ойлау заңдарын зерделеу, болмыс туралы объективті білімді тұжырымдау және теориялық жағынан жүйелеу болып табылатын адам әрекетінің саласы.
Ғылыми-зерттеу жұмысы – бар білімді кеңейту және жаңа білім алу, ғылыми болжамдары тексеру, табиғат пен қоғам да-муының заңдылықтарын анықтау, жобаларды ғылыми жинақтау, ғылыми негіздеу мақсатында ғылыми ізденіспен, зерттеу, эксперимент жүргізумен байланысты жұмыс.
Ғылыми таным – жаңа білім алу мақсатындағы ғылыми әдістерді пайдаланып, өзіндік мақсат көздей отырып зерттеу жүргізу.
Педагогика әдіснамасы (методология педагогики) - педагогика теориясына лайықты танымның ұстанымы, әдісі, нысаны мен таным амалдары арқылы педагогикалық болмысты, өзгерісті түсіндіру.
Гуманизм - адам тұлғасын ең жоғары құндылық ретінде қабылдауға негізделген көзқарастар жиынтығы; тұлғаның құқығы мен бостандығын қорғауға бағытталған және тұлғаның жан-жақты үйлесімді дамуын қарастыратын ілім.
Кәсіби құзыреттілік - тұлғаның кәсіби іс-әрекетті атқарудағы теориялық және практикалық даярлығының бірлігі. Маманның жұмыс мақсаттарына, талаптарына сай өзіндік шешім қабылдай алуы, күрделі мәселелер жағдайында тиімді жол таба алу іскерлігі, және іс-әрекет нәтижесін бағалауға даярлығы.
Мәдениет – қоғамның даму тарихының жеткен сатысын сипаттайтын және адамзаттың қоғамдық-тарихи тәжірибесі үдерісінде қалыптасатын материалдық және рухани құндылықтар жиынтығы.
Өзін-өзі тәрбиелеу - өзіндік адамгершілік сапаларды қалыптастыру бойынша тұлғаның саналы іс-әрекеті, бір мақсатқа сәйкес адамның өз тұлғасын өзі қалыптастыруы.
Педагогикалық парадигма-нақты педагогикалық міндеттерді шешудегі үлгі, стандарт, модель ретінде ұстанатын, негізгі қалыптасып қалған ғылыми жетістіктер, әдістер, теориялар, көзқарастар жүйесі.
Педагогикалық іс-әрекет – педагогикалық үдерісте жас ұрпақты оқытып, тәрбиелеп, дамытуға, өздерін өздері іске асыруға және еркін шығармашылық тұрғыдан өздерін таныта алуына қолайлы жағдай жасауға бағытталған кәсіби іс-әрекет.
Рефлексия - адамның өзін-өзі зерттеуі, түсінуі, өзін басқалардың қалай қабылдайтыны жайлы өзін бағалауы.