ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.01.2024
Просмотров: 3050
Скачиваний: 102
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Проблемалық оқыту технологиясының сипаттары:
-
оқушылардың дүниетанымдарын кеңейту. -
оқушылардың білімдерінің олардың сенімдеріне айналдыру. -
оқытуүдерісініңоқушылардың өмірлік тәжірибесімен, шынайы өмірмен байланысын нығайту. -
оқушыларды өздігінен жұмыс істеуге дағдыландыру. -
оқу-танымдық ізденісіте жоғары эмоционалды белсенділікті қалыптастыру.
Проблемалық оқыту технологиясының жалпы міндеттері мен қызметтері:
-
оқушылардың білімдер жүйесін және іс-әрекет тәсілдерін меңгерту. -
оқушылардың интеллекттерін дамытуға ықпал жасау. -
логикалық ойлауды дамытуға ықпал жасау. -
білімді шығармашылықпен меңгеру және қолдану дағды-ларын қалыптастыру. -
шығармашылық іс-әрекет тәжірибесін жинақтау. -
оқуға деген ынтаны жоғарылату.
Проблемалық оқыту технологиясының негізгі кезеңдері:
-
проблемалық ситуацияны туғызу. -
қарама-қайшылықтарды сезіндіру. -
өзіндік түрлі болжамдарды келтірту. -
проблемалық ситуацияның шешімін тапқызу. -
табылған шешімді іске асыру, тәжірибеде қолдануға бағыт-тау.
Проблемалық оқыту технологиясын пайдаланудағы оқушы-лардың белсенділік деңгейлері:
-
оқушылар белсенділігінің төменгі деңгейі. -
оқушылардың жартылай өзіндік белсенділік деңгейі. -
оқушылардың өзіндік белсенділік деңгейі. -
оқушылардың шығармашылық белсенділік деңгейі.
Проблемалық оқыту технологиясын ұтымды пайдалану үшін әуелі мұғалім өзі беретін пәні бойынша қызықты проблемалық ситуа-циялар, қарама-қайшылықтар, жұмбақ-мысалдар, ойландыратын бол-жамдар, эвристикалық әңгімелер, ізденісті қажет ететін шығармашы-лық тапсырмалар, интелектуалдық ойындар, шағын ғылыми жобалар, эксперименттік тапсырмалар, пікірталастар мен пікірсайыстар сияқты оқуға ынталандыратын, оқушылардың қызығушылықтарын арттыра-тын тәсілдер жүйесін құра білуі маңызды.
-
Оқытудың жобалау технологиясы. Бұл технологияның негізін американдық педагог Дж.Дьюи қалаған деп есептеледі. Жоба-лау технологиясы проблемалық оқыту технологиясының идеяларымен үндеседі, бірақ өзіндік ерекшеліктері бар. Оның басты айырмашылығы балаларға тапсырмалар берудің өзгешелігінде. Оқушыларға берілетін тапсырмалар олардың теориялық білімдерді нақты өмірлік тәжірибеде қолдана алуларына бағыттайды. Оқушылар өзіндік ізденіс үдерісінде алдарына қойылған мәселенің немесе тапсырманың шешімін тауып, оның дұрыстығын дәлелдеп қорғап шығулары талап етіледі.
Мұғалім бұл технология бойынша тек бағдар беруші рөлін ұстанады: оқушыларға әдебиет көздерін оқуды, өз беттерінше жұмыс істеу тәсілдерімен таныстырып отырады. Ең ұтымды жағы - оқушылардың танымдық әрекетке қызығушылығының артуы. Оқушылар алған академиялық білімдерінің нақты өмірлік тәжірибедегі құндылығын, болашақта қажеттілігін осы жобалық тапсырмаларды орындау арқылы жақсы түсінетін болады.
Жобалау технологиясы бойынша оқушылардың өздік жұмыстарын орындау түрлері төмендегідей жіктелуі мүмкін: жеке іс-әрекет; жұптық іс-әрекет; топтық іс-әрекет. Жобаны орындау үшін нақты бір уақыт мерзімі бекітіледі. Осы уақыт ішінде жобаны орындаушылар өздерінің меңгерген теориялық білімдерімен қатар, жеке тәжірибесі негізінде түрлі салалардағы жинақтаған білімдерін жүйелейді. Орындалған жобаның нәтижесі нақты және практикада қолданылатын болуы керек.
Жобалау технологиясы мына талаптарға сай жүргізілуі тиіс:
-
берілген тапсырманың шығармашылық тұрғыдан қызықты болуы, жан-жақты ізденіс әрекетін талап етуі; -
күтілетін нәтижелердің практикалық, теориялық, танымдық құндылығының жоғары болуы; -
жоба (жеке, жұптық, топтық) міндетті түрде өзіндік орындалатын іс-әрекет болуы керек; -
жобаның мазмұнының нәтижелерге жету кезеңдері бойынша құрылымдануы; -
зерттеу әдістерінің қолданылуы: зерттеу проблемасын, мін-деттерін, болжамын анықтау, жинақталған мәліметтерді талдау, ста-тистикалық әдістерді қолдану; -
жоба тапсырмасын орындауда пәнаралық байланыс негізінде білім интеграциясының болуы ; -
орындалған жоба нәтижесінің қорытынды формасының мате-риалдық сипатта өткізілуі: бейнефильм, альбом, презентация,сайт, мақала, т.с.с.; -
жобаның көпшілік алдында талқылануы, қорғалуы, құнды-лығының дәлелденуі.
Жобалау технологиясының оқушы үшін тиімділігі:
-
жоба мәселесін шешу барысында оқушы түрлі әдебиет көз-дерін өзі іздестіріп, өз білімін оқулықтан тыс материалдармен толық-тырады; -
теориялық білімнің практикалық қолданысын іздестіруге машықтанады; -
жұптық немесе топтық ізденіс жұмыс барысында комму-никативтік іскерліктерін дамытады; -
мектеп жасынан ғылыми-ізденушілік іс-әрекет дағдыларын қалыптастырады; -
сыни ойлау, жүйелі ойлау, логикалық ойлауын дамытады; -
белгіленген мерзімге дейін жобаны орындау кезеңдеріне қажетті уақытты өздері белгілеп, тайм-менеджмент негіздерімен танысады.
-
Оқытудың ақпараттық және коммуникативтік техно-логиялары. Қазіргі ақпараттық қоғамда оқыту үдерісін ақпараттық-коммуниткативтік технологияларынсыз көз алдына елестету мүмкін емес. Интернет желісі пайда болғаннан бастап ақпараттық-коммуника-тивтік технологиялар тек оқыту құралы емес, сонымен қатар әлемдік масштабтағы қарым-қатынас алаңына айналып, олардың тұлға сана-сына, оның дүниетанымына және жалпы тәрбиесіне әсері ерекше сезі-ле бастады. Кез келген ақпараттың қолжетімділігі әр тұлғаның әлемдік білім беру кеңістігіне интеграциялануына зор ықпал тигізуде.
Ақпараттық-коммуникативтік технологиялар - түрлі ақ-парат көздерімен (электрондық, баспалық, қарым-қатынастық) жұмыс істеу үшін арнайы бағдарламалық және техникалық құралдарды пайдаланатын педагогикалық технологиялар. Ақпараттық техноло-гиялардың жедел модернизациялануына байланысты мұғалімдердің ақпараттық құзыреттіліктеріне деген талаптар жылдан-жылға кү-шею үстінде.
Мұғалімнің ақпараттық құзыреттілігіне төмендегідей іскер-ліктер мен дағдыларды меңгеруі жатады:
-
электрондық базамен жақсы жұмыс істей алуы, ком-пьютерлік сауаттылығының болуы (MS Offise Word, MS Offise Excel, MS Offise Power Point, MS Offise Publisher, т.б. бағдарламалармен жұмыс істей алуы); -
оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында сабаққа қажетті материалдарды иллюстрациялық, анимациялық ерекшеліктерімен презентация құрастыра білуі; -
мультимедиялық жобалардың, интерактивті тақтаның барлық мүмкіндіктерін пайдалана білуі, оқу бағдарламаларын көрсетуде қажетті деңгейде проекциялау техникасының тілін білуі; -
оқытатын пәні бойынша электрондық-сандық ресурстар, электрондық оқулықтар, атластар, құралдар, электрондық жұмыс дәптерлері, электрондық күнделік, компьютерлік тесттермен жұмыс істей алуы; -
жеке электрондық дидактикалық материалдарының қорын дайындау, оқушылардың электрондық портфолио банкін дайындай алуы; -
сайттар, буклеттер жасайтын бағдарламаларды, редактор-лармен жұмыс жасай алу, электрондық кітапханалар мен веб-сайт-тарға сілтемелерді пайдалана отырып, сабақ тақырыбына қажетті қосымша материалдарды пайдалана алуы; -
интернет желісінде блог, форумдар жүргізу, оқушылар-мен, ата-аналармен, әріптестерімен кәсіби желілік қоғамдастықтарда on-line жұмыс жасай алуы, желілік журнал, күнделіктер жүргізуі; -
интернет кеңістігінде оқушыларды дистанциялық олим-пиада, сайыстарға, викториналарға қатыстыруы; -
арнайы Coursera, EdX, Udacity, FutureLearn және т.б. интернет платформаларында оn-line түрінде біліктілікті жетілдіру курстарына қатысуы.
Ақпараттық технологияның қарқынды дамуына байланысты мұғалімнің ақпараттық құзыреттілігіне қойылған талаптар жылдан-жылға жаңарып, өзгеріп отырады.
-
оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту техно-логиясы.Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту технологиясыныңавтор-лары американдық педагогтар Дж. Стил, К.Мередит, Ч.Темпл, К.Уолтер, т.б. Бұл технология мынандай қағидаға негізделеді: оқушыны күштеп үйретуге болмайды, ол тек өз ынтасы негізінде ғана үйрене алады.
Сыни ойлау - адамның логикалық, аналитикалық, өз тәжірибесіне негізделген, тәуелсіз, түрлі фактілер арқылы дәлелденетін, рефлексивті, бағалап ойлау түрі.
Сыни тұрғыдан ойлауды Дэвид Клустер былайша сипаттайды:
-
өз бетінше ойлай алу, яғни ойлау үдерісінде жекелік сипаттың болуы маңызды. Біз үшін ешкім сыни тұрғыдан ойлай алмайды. Біз тек өзіміз үшін ғана сыни тұғыдан ойлана аламыз. -
кез келген ақпарат сыни тұрғысынан ойлаудың соңғы емес бастапқы сатысы. Себебі ақпарат болмаса, ойлауға да негіз жоқ. -
сыни тұрғыдан ойлау сұрақтар қоюдан, проблемаларды анықтаудан басталады. Осындай мәселелерді шешу барысында оқушы шыныменен терең ойлана бастайды. -
сыни тұрғыдан ойлау аргументтерді, дәлелдерді, фак-тілерді, статистикалық мәліметтерді, эксперимент нәтижелерін қатыстыруды қажет етеді. -
сыни тұрғысынан ойлау үнемі әлеуметтік сипатта бола-ды. Кез келген ой басқалармен бөліскенде шыңдала түседі. Сондықтан бұл технологияны қолдану барысында оқушылардың өзара пікір ал-масуына мүмкіндік жасалуы керек.
Кез келген сабақ мұғалімнің монологына айналып кетпеуі керек. Ол кітаптағы мәліметтерді ауызша тасымалдаушы аппарат емес. Сол үшін ашық талқылау, диалог болуы қажет. Дәстүрлі оқытуда көп жағ-дайда оқушылар мектеп жасынан пасcивті тыңдауға, конспектілеуге, дайынды көшіруге бейімделіп кететіні алаңдаушылық туғызады. Сон-дықтан кейбір оқушылардың ережелерді түсінбей жаттап алғандарын білім деп қабылдау қиын. Сонда қазіргі мектептерде оқушылардың жаттау қабілеттеріне баға қойылып жүр ме, әлде біліміне баға қойыла ма? Мұғалім үшін оқушының жаттанды білімі білім емес, ол тек уақытша ғана жатталған үстіртін білім екенін түсінуі маңызды. Сон-дықтан әр оқушы сыни тұрғыдан ойлауға үйреніп, әр-бір айтқан жауаптарын негіздеп, дәлелдеп, мысалдармен бекіте алса және алған білімін өмірде қолдана алса ғана ол нағыз білім.
Көптеген зерттеушілер сыни тұрғыдан ойлауды дамытутехнологиясын сабақ барысында қолдануда оның үш негізгі кезеңін атап көрсетеді:
-
Ынттаны, қызығушылықты ояту кезеңі(Evocation):
-
тақырып бойынша белгілі білімдерін еске түсіру, ойландыру; -
Тақырыпқа деген қызығушылықты ояту; -
оқушылардың осы тақырыпты меңгеру бағытын анықтауы; -
оқу ынтасын оятуға байланысты проблемалық сұрақтардың қойылуы, -
қызықты тарихи маңызды мысалдардың келтірілуі, т.б.
-
Ой қозғау, түсіну кезеңі(RealizationofMeaning ):
-
оқушылардың белсенді ой еңбегіне қатысуы; -
тақырып көлемінде мәтіндермен түрлі жұмыс істеу әдістерінің болуы; -
оқушылардың танымдық қажеттіліктерін қамтамасыз ету; -
мәтінге, білімге деген жағымды көзқарас қалыптастыру; -
мқушыларды өз беттернше жұмыс істеуге, ізденуге үйрету; -
педагог тек сырттай бақылаушы, кеңесші, бағыттаушы болуы; -
сабақты жоспарлауда әртүрлі стратегиялардың пайдала-нылуы, т.б.
-
рефлексия, ой толғаныс кезеңі (Reflection):
-
бұрынғы білетін білімдер мен жаңа алған білімдерін салыстыру; -
тақырып көлеміндегі білімдерін жүйелеу; -
болашақта осы тақырыпты жетілдіру бағыттарын анықтау; -
оқушының тақырыпты қаншалықты жақсы меңгергенін талдауы; -
өздік танымдық жұмысын бағалаулары, өзара баға берулері; -
кері байланыс карталарының сұрақтарына жауап берулері; -
қорытынды тұжырым жасау үшін қысқаша эссе жазулары, т.б.
Сабақтың осындай құрылымы адам қабылдауының кезеңдеріне сай анықталған. Қысқаша айтқанда, ең бірінші тақырып бойынша не білетіндерін ортаға салып қызығушылықты ояту, екіншіден, жаңа ақпараттармен танысу және бөлісу, үшіншіден, бұл алған білімдерді не үшін және қалай қолдану жайлы ой толғаныстың болуы қажет.
Бұл технологияда ақпараттардың оқу арқылы қабылданып, жазу арқылы есте қалатынына аса мән берілген. Сондықтан аталып отырған технологияда оқу және жазу үдерістерінің түрлі тәсілдері қарасты-рылады. Мәтінмен жұмыс істей отырып оқушы өзінің қаншалықты түсініп отырғанын бақылайды, оған сырттан ешкім ықпал жасамайды және танымдық мақсатқа өз бетінше жетуге тырысады.
Сынитұрғыдан ойлауды дамыту технологиясының түйін сөз-дері:түсіне оқу, тиімді оқу, рефлексиялық жазу. Мектептегі өзгермелі фактор - педагогтардың оқушылардынеге үйрететіндері емес, қалай үйрететіндері. Ең маңыздысы сол белгілі білім ақпараттарын тың-даушыға қандай әдіс-тәсілдерді қолдана отырып жеткізуінде. Оқыту мен жазу білім берудегі ең негізгі үдерістер болғандықтан, оқушыларды дұрыс жазып, дұрыс оқу тәсілдеріне арнайы үйрету, ақпараттарға сын тұрғысынан қарап, ой елегінен өткізу тәсілдерін меңгерту қажет.
Оқуда кез келген ақпарат түрлі тәсілдермен талданып, мазмұны бойынша маңызды жақтары іріктеліп отырады. Түсіне оқу деген ұғым-ның өзі педагогты ойландыруы керек. Мұғалім ақпараттың күрделілік деңгейін дұрыс таңдап, оның оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай келуін ескеруі қажет.