Файл: Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.01.2024

Просмотров: 3046

Скачиваний: 102

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Г.К.Селевко педагогикалық технологиялардың өзiндiк жiктеуiн ұсынады:

  1. Педагогикалық қарым-қатынасты iзгiлендiру мен демок-ратияландыруға негiзделген технологиялар (ынтымақтастық техно-логиясы, Ш.А.Амоношвилидiң iзгiлiктi-тұлғалық технологиясы, Е.Н. Ильинның әдебиеттi адам қалыптастыру пәнi ретiнде оқыту жүйесi, т.б.);

  2. Оқушылардың iс-әрекетiн белсендiру мен күшейтуге негiзделген технологиялар (ойын технологиясы, проблемалық оқыту технологиясы, В.Ф.Шаталовтың тiрек белгiлерi негiзiнде оқыту техно-логиясы, Е.И.Пассовтың коммуникативтi қарым-қатынас негiзiнде оқыту технологиясы, т.б.);

  3. Оқыту үдерістің тиiмдi ұйымдастыру мен басқару негiзiндегi технологиялары (бағдарламалық оқыту, саралап оқыту технологиясы (В.В. Фирсов, Н.П. Гузик), оқытуды жекелендiру технологиясы (А.С. Границкая, Инге Унт, В.Д. Шадриков), тiрек нұсқаларын пайдалана отырып, түсiндiрiп басқарудағы алдын-ала оқыту (С.Н. Лысенкова), оқытудың топтық және ұжымдық тәсiлi (И.Д.Ривин, В.К.Дъяченко), компьютерлік (ақпараттық) технологиялар және т.б.

  4. Оқу материалын әдiстемелiк жетiлдiру және дидак-тикалық қайта құру негiзiндегi технологиялар (П.М. Эрдниевтiң дидактикалық бiрлiктердi iрiлендiру, В.С. Библер мен С.Ю. Кургановтың «Мәдениеттер диалогы» Л.В.Тарасовтың «Экология және диалектика» жүйесi және т.б.);

  5. Баланың табиғи дамуына сүйенетiн, халық педагоги-касының әдiстерiн пайдаланатын табиғи үйлесiмдiлiк: Л.Н. Толстой бойынша оқыту; А.Кушнир бойынша сауаттылыққа тәрбиелеу, М.Монтессоридiң өздiгiнен дамыту технологиясы және т.б.;

  6. Альтернативті технологиялар: Р.Штейнердiң Вальдорф педагогикасы, С.Френенiң еркiн еңбек технологиясы және т.б.;

  7. Кешендi технологиялар: А.М. Тубельскийдiң өзiн-өзi анықтау мектебi, И.Ф. Гончаровтың «Орыс мектебi», Е.А. Ямбургтың «Бәрi үшiн арналған мектебi», М.Балабанның «Парк мектебi» т.б.


14.5. Педагогикалық технологиялардың түрлерi және сипат-тамалары.


1)Тұлғалық-бағдарлық білім беру технологиялары гуманизм идеясына негізделген және тұлғаны басты құндылық ретінде бағалай-тын технологиялар. Педагогикалық теорияда барлық технологиялар оқушы тұлғасын дамытуға бағытталған, дегенмен тұлғалық-бағдарлық технологиялардың негізгі ерекшелігі мұғалім мен оқушы тұлғаларының ізгілік қатынасқа негізделуінде, оқушының оқу ортасын ізгілендіруде.

Педагогикадағы бұл бағыттың өкілдері Ш.А.Амонашвили, В.В.Сериков, Ю.И.Турчанинов, И.С.Якиманская, А.А.Бейсенбаева т.б.

Осы бағыт бойынша оқыту үдерісі мен оқушының өздігінен оқу үдерісі ажыратылып қарастырылады, яғни, оқушының оқу арқылы тұл-ғалық қасиеттерін дамытуға баса назар аударылып, оның жеке дара-лығына, темпераментіне, мінезіне, өзіндік қарым-қатынас жасау стиліне, қайталанбастығына, оқыту үдерісін оқушыға барынша қолайлы етіп бейімдеуге басымдық беріледі.

Тұлғалық-бағдарлық оқыту технологиялары мынандай тұжы-рымдамаларға негізделеді:

  1. білім алу арқылы адам өзін-өзі қалыптастыру, өзінің қай-таланбас жан екенін сезіну, өзінің болашағына өзі жауапты екенін түсіндіру;

  2. мұғалім тарапынан оқушыға қамқорлық, құрмет пен сый-ластық танытылып, олардың өзін-өзі өзектендіру, өзін-өзі дамыту, өзін-өзі таныту, өзін-өзі тәрбиелеу тетіктерін қалыптастыру;

  3. гуманизм идеялары негізінде оқушылардың қоғам, мәде-ниет, әлеуметтік ортаның белсенді мүшесі ретінде құндылықтық бағдарларын қалыптастыру;

  4. оқушының интеллектуалдық әлеуетін ашуға, шығармашы-лық қабілеттерін дамытуға, қажеттіліктер жүйесін дұрыс анықтай білуге үйрету;

  5. тұлғалық-бағдарлық технологияларды қолдануда түсіндіру-ден түсінуге, монологтан диалогқа, сырттай бақылаудан өзіндік бақылауға, сырттай бағалаудан өзін-өзі бағалауға, сырттай басқарудан өзін-өзі басқаруға ауысудың талап етілуі;

  6. оқушылардың өз бетінше шешім қабылдауға, өздігінен оқу траекториясын анықтауға мүмкіндіктер және еркіндіктің берілуін қада-ғалау;

  7. субъект-субъектілі қарым-қатынас негізінде әр оқушының табысты іс-әрекет етуіне, оқу жетістіктерімен қатар адами құнды қасиеттерді қалыптастыру.

Тұлғалық-бағдарлық білім беру технологиялары макротехноло-гиялар санатында болып есептеледі, сондықтан басқа да көптеген технологиялардың табысты қызмет етуіне негіз бола алады. Осы тех-нологиялар топтамасына Ш.А.Амонашвилидің ізгілік-тұлғалық техно-логиясы, дамыта оқыту технологиясы, ынтымақтастық технологиясы, т.б. жатады.


2) Ұжымдық-танымдық іс-әрекет технологиялары. Оқы-тудың ұжымдық түрлері ертеден қалыптасқанымен, оның ерекше-ліктерінің арнайы зерттелуі А.Г.Ривин, В.К.Дьяченко еңбектерінде қарастырылады. Бұл технологияның түйінді идеялары оқыту үдерісінде кездесетін төмендегідей қарама-қайшылықтарды шешуге бағытталған:

  • мұғалімнің белсенді оқыту әрекеті мен оқушылардың сыл-бырт бақылаушылық әрекеттері арасындағы қарама-қайшылық;

  • оқытудың ұжымдық түрін пайдалана отырып оқушылардың өзара қарым-қатынастарына қатаң шектеу қою арасындағы қарама-қайшылық.

Аталған қарама-қайшылықтарды шешу мақсатында ұжымдық-танымдық іс-әрекет технологиясы топтық, шағын топтық, жеке, жұп-тық оқыту түрлерін, жұптар мен шағын топтар құрамының ауыспалы болуын, оқушылардың өзара бірін-бірі оқытуларын, өзара бірін-бірі бақылау мен бағалауларын, өзара көмек көрсету қағидаларын басшы-лыққа алады.

Оқушының оқу-танымдық үдерісіне қолайлы ортаны колабора-тивті орта деп атайды. Коллаборация, немесе ынтымақтастық – кез келген салада бір немесе бір топ адамдардың ортақ мақсатқа қол жеткізу үшін өзара білім мен тәжірибе алмасу, өзара оқыту мен ке-лісімге келу бойынша бірлескен іс-әрекет үрдісі. Осыған байланысты әлемдік білім беру кеңістігінде коллаборативті оқыту (collaborative learning) ұғымы кеңінен қолданылады. Коллаборативті оқыту – оқушылардың өзара бірлесіп, немесе мұғалімдермен бірге жаңа білімді іздестіру, талдау және түсіну бойынша ынтымақтастық әрекеттестікке негізделген оқыту. Бұл теория оқытудың әлеуметтік сипатына көбі-рек мән беріп, оның нәтижелілігін оқушылардың өзара бірлескен қа-рым-қатынастарының нәтижесі арқылы бағалайды.

Оқушылармен топтық жұмыс ұйымдастырудың өзі үлкен пе-дагогикалық шеберлікті және шығармашылықты қажет етеді. Әуелі оқушылармен бірігіп топтық жұмыс ережелерін құрастырып алған абзал. Бір сабақты минут-минутына дейін ойластырып, балалардың топтық жұмыстарын жоспарлап, коллаборативті ортаны қалыптастыру - мұғалімнің кәсіби құзіреттілігінің көрсеткіші. Осындай сабақ жоспарын құрудың өзі қызықты шығармашылық үдеріске айналады.

Топтық жұмыс ережелерін құрастыру және оны оқушылар үшін тартымды қылып көрсету маңызды. Құрастырылған ережелер барлы-ғына бірдей көрінетіндей, оқылатындай және суреттермен бейнеленіп тұрғаны дұрыс. Балалар өз пікірлерінің бағалы екенін сезініп, өз күштеріне деген сенімдері арта түседі. Топтық жұмыс ережелерін балалардың өздеріне құрастырту мұғалім үшін өте ұтымды қадам, себебі олар өздері ұсынған ережеге қарсы шыға алмайды.


Қазіргі кезде топтық жұмыстарды жүргізуде топтық бағалау формалары да көп қолданылады. Сондықтан ережелердің өзін сабақ үстіндегі объективті өзара бағалауға, жауап беру тәртібіне, уақытты ұтымды пайдалануға, сөйлеу әдебіне, тыңдау мәдениетіне қатысты бекітіп алуға болады. Бағалауға қатысты оқушылармен бірлесе отырып бағалау критерийлерін анықтап алу бағалау тиімділігін арттырады.

Дәл осылай сыныптағы оқушылардың топтарға бөлінуін, топта әрқайсысына жеке рөлдердің бөлініп берілуін алдын-ала ойластырып алған жөн. Топтық жұмыста әр оқушыға рөлдерді таратып беру әдіс-темесі жақсы нәтижелер көрсетуде. Мысалы, сыныпта 30 оқушы бол-са, оларды 6 адамнан 5 топқа бөлу қажет дейік. Топтарға бөлудің өзі сан-алуан түрлері белгілі. Ең қарапайым әдісі ретінде балаларға 1-ден 5-ке дейін санату. 1-ші нөмірдегілер - бірінші топқа,... 5-ші нөмірдегілер - бесінші топқа топтасады. Енді әр топ орналасқан партаға (спикер, репортер, комментатор оптимист, скептик, координатор, т.б.) рөлдері жазылған карточкалар қойылады. Әр топ мүшелері рөлдерді кездейсоқ суырып алып отырып, сол рөл бойынша қызмет атқарады. Бұл рөлдердің әр балаға ауысып келіп отыруы оларды әр қырынан танытуға бағытталып әзірленген. Мұғалім өз шығармашылығына, оқушылардың психологиялық ерекшеліктерін дамыту қажеттілігне байланысты басқа да рөлдерді ұсына алады.

Осылайша рөлдерді үлестіру арқылы әр оқушының оқу белсенділігін арттыру, үнемі жауапқа дайын болып отыру, оларды әр тақырып мазмұнын талқылау ағымында ұстап отыруға болды. Топтық жұмыстың маңызды ерекшелігі – топтағы әр адамның жеке қасиеттерін, көшбасшылық қабілеттерін аша білу мүмкіндігі. Осы рөлдерге байланысты тапсырмаларды да түрлендіріп отыруға болады. Мысалы тақырыпты топтық талқылағаннан кейін әр топтан «опти-мисттері» мен «скептиктерін» шығарып «Оптимисттер» және «Скептиктер» тіресін өткізуге болады. Ол үшін тақта алдында әр топтың оптимисттері бір қатарға, скептиктері қарама-қарсы екінші қатарға бөлініп тұрады. Әр топ өз пікірлерінің қарсыластарының пікірінен маңыздырақ екенін мысалдармен дәлелдеп шығуға тырысады. Оптимисттер тақырыптың практикалық құндылығы, ұтымды, жағымды, пайдалы жақтарын ашып көрсетсе, скептиктер керісінше, олардың айтқанына күмән тудырып, кедергілерді көрсетіп, жауаптарын жоққа шығаруға тырысады. Егер жауап беру қиындап бара жатса, әр топтан спикерлер шығып сөйлеулеріне болады.


Ұжымдық-танымдық іс-әрекет технологиясының мақсаты – оқушылар арасындағы қарым-қатынас мәдениетін жақсарту. Ал қарым-қатынастар тек жақсылық жасау арқылы жақсарады, сондықтан топ ішінде өзара көмек, өзара сыйластық, өзара қолдау, өзара түсіністік сияқты ізгі әрекеттердің көп орындалуы ынтымақтастық ортаны қалыптастырудың кепілі. Бұл қатынастарды дұрыс басқара алу үшін мұғалім оқушылар ұжымының құрылымын, даму сатылары мен ерекшеліктерін терең зерттеп, олардың темперамент типтерін (меланхолик, сангвинник, холерик, флегматик) жетік білгені абзал.

  1. Проблемалық оқыту технологиясы.Проблемалық оқыту идеясыоқушылардың ақыл-ойын дамытуда оқуды қызықты танымдық үдеріске айналдыруға байланысты пайда болған. Бұл идеялар Я.А.Коменскийдің, И.Г.Песталоццидің, Ф.А.Дистервегтің, К.Д.Ушинскийдің және т.б. педагогтардың еңбектеріндегі зерттеу өзегіне айналған. Сонымен қатар ХХ ғасырда шетелдік педагогикада проблемалық оқыту идеясы американдық психолог Дж.Дьюидің еңбек-терінде оқушыларды белсенді оқу іс-әрекетіне қатыстыру, оқу пробле-маларының шешімдерін өздігінен іздеткізу тұрғысынан зерттеліп дами түсті.

ТМД елдерінде проблемалық оқыту технологиясының зерттелуі М.А.Данилов, В.П.Есипов, И.Я.Лернер, А.В.Брушлинский, М.И.Махмутов, А.М.Матюшкин т.б. ғалымдар еңбектерінде зерттел-ген. Бұл зерттеулердің нәтижесінде оқушыларға білімді дайын күйінде бере салмай, керісінше, сол білімге өздерінің ізденістері арқылы, алдарына қойылған проблемалық ситуацияларды шешу арқылы жет-кізудің маңыздылығы негізделді. Дәстүрлі оқытуда балалардың ізденіс жұмыстарының айқын көрінбейтіні алаңдатушылық туғызады. «Білім – инемен құдық қазғандай» балаларды ізденіске, шығармашылыққа, тапқырлыққа ой еңбегіне деген қызығушылықтарын оятып, ынталан-дыра алатын болуы керек.

Проблемалық оқытудың негізгі элементі - проблемалық ситуа-ция. Проблемалық оқу ситуациясын шешу арқылы балалар өз қателік-терінің себептерін түсінетін болады, табылған тәсілдердің тиімділігін бағалайды, өз шешімдерін басқа балалар шешімдерімен салыстыра отырып, ең дұрыс шешімдерді таңдауға үйренеді.

Осындай ізденіс үстінде оқушылар өз пікірлерін негіздеу үшін фактілер мен аргументтерді келтіріп, өз пікірлерінің дұрыстығын дәлелдеуге үйренеді. Сонда ғана қол жеткізген білімдері нақты сенім-деріне айналып, білім берік естерінде сақталады. Осылайша білім берудегі үстірттілік пен формализмнен біртіндеп арылуға болатыны анық.