ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.01.2024
Просмотров: 406
Скачиваний: 3
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
(6)
Бұл формуланы диаметрі кішкене шар диаметрінен бірнеше есе үлкен цилиндр пішінді ыдыстың ортасы арқылы өтетін түзудің бойымен түскен кішкене шар үшін ғана пайдалануға болады. Осы теңдіктің оң жағында тұрған физикалық шамаларды анықтап,
3-сурет тұтқырлық коэффициентін табуға болады.
Стокс тәсілімен сұйықтың тұтқырлық коэффициентін анықтауға арналған прибор ішіне зерттелетін сұйық (глицерин немесе кастор майы және т.б.) құйылған, таянышқа бекітілген цилиндр пішіндес ыдыстан тұрады (3-сурет). Реттеуіш бұрандалар мен тіктеуіштің көмегімен цилиндр пішіндес ыдыс вертикаль орналастырылады. Цилиндр сыртқы бетіне горизонталь сақина түрінде (d1,d2,d3) үш белгі түсіріледі (l-екі белгінің ара қашықтығы).
Шар бір қалыпты қозғала бастайтын деңгей сұйық бетінен 5-8 см төменге сәйкес келеді. Лабораториялық жұмысты орындау үшін ұсақ болат немесе қорғасын шарлар пайдаланылады.
Жұмысты орындау реті.
1. Кішкене үш шардың диаметрі микрометр көмегінде анықталады. Әрқайсысының диаметрін әр түрлі бағыт бойынша үш рет өлшеп, оны 1- кестеге жазамыз.
2. Шарды сұйыққа жай ғана тастап, оның түсуі алдында бақылаушының көзі мен жоғарғы белгі бір горизонталь түзудің бойында орналасуына назар аудару қажет. Шар жоғарғы белгінің тұсынан өте берген кезде секундөлшегішті қосамыз. Сол мезетте, бақылауда дәл жоғарыдағыдай тәсілмен кішкене шардың екінші белгіден өтуін қадағалаймыз,секундөлшегішті тоқтатамыз. Шардың түсу уақытын кестеге жазамыз.
-
кесте
Шар | Шардыңдиаметрі (мм) | Шардыңорташадиаметрі | Шардыңтүсууақыты | Белгілердің ара кашықтығы | Тұтқырлықкоэффиии-енті |
| D орт, мм | τ, с | l,м | η , Па ·с | |
1 | | | | | |
2 | | | | | |
3 | | | | | |
3. Масштабты сызғыштың көмегімен белгілердің ара қашықтығы 1 мм-ге дейінгі дәлдікпен өлшенеді.
4. Егер бақылаушы шардың екінші белгіден өтетін мезгілін байқамай қалса, онда бақылауды одан әрі жалғастырып, секундөлшегішті үшінші белгіден өту уақытында тоқтату қажет.
5. Үшінші белгі осы жұмыста пайдаланылатын шардың шекті шамаларын өлшеу үшін де қажет. Шар бірінші және екінші белгіден өту уақытында бірінші секундөлшегіш, ал екінші және үшінші белгіден өтуінде екінші секундөлшегіш қосылып-тоқтатылады. Егер шардың d1 ,d2 және d2 ,d3 белгілері арасындағы жылдамдығы бірдей болса, онда өлшемдері осындай шарды пайдалануға болады. Ал, бұл шарт орындалмаса, онда өлшемдері кіші шар алу қажет.
Өлшеу нәтижелерін өңдеу үшін әрбір кішкене шардың тұтқырлық коэффиценті (6) формула көмегіндеесептеледі. Соң бөлме температурасындағы тұтқырлық коэффицентінің тәжірибе үстіндегі орташа мәні есептеледі. Мұндағы ізделінетін сұйық,яғни глицирин немесе күнбағысмайы мен қорғасын тығыздықтарын қосымшадағы 2-3 кестелерден аламыз.
Бақылау сұрақтары:
1. Газдардағы тасымалдау заңы.
2. Стокс заңы.
3. Диффузия құбылысы.
4. Тұтқырлық коэффициентін формулада қорытып шығару.
5. Сұйықтардың ішкі үйкелісі.
Мазмұны |
Зертханалық жұмыс №1..........................................................................................................3 |
Зертханалық жұмыс №2........................................................................................................11 |
Зертханалық жұмыс №3........................................................................................................16 |
Зертханалық жұмыс №4........................................................................................................21 |
Зертханалық жұмыс №5........................................................................................................25 |
Зертханалық жұмыс №6........................................................................................................29 |
Зертханалық жұмыс №7........................................................................................................35 |
Зертханалық жұмыс №8........................................................................................................41 Зертханалық жұмыс №9........................................................................................................51 |
Қожабекова Э.Қ. Сүйінжанова Ұ.П
Механика курсынан зертханалық практикум
(оқу-әдістемелік нұсқаулық)
Басуға 28.12.2018 ж қол қойылды
Қағаз көлемі А4. Қаріп түрі Times
Көлемі 3,5 шартты баспа табақ
Таралымы №30
Шымкент қаласы, Байтұрсынов көшесі 13А