ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.01.2024
Просмотров: 411
Скачиваний: 3
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қажеттi-құрал жабдықтар: штангенциркуль, микрометр, сым, өлшенетін қатты дене үлгілері, цилиндр тӘрізді денелер немесе пластинакалар
Қысқаша теориялық мағлұмат
1. Сызықты нониустың теориясы. Штангенциркуль.
Сызықтық жӘне бұрыштық шамаларды өлшеу үшін Әртүрлі өлшеуіш қондырғылар мен құрал жабдықтар қолданылады. Солардың ішіндегі ең қарапайымдары: штанегенциркуль микроскоп, микрометр, бұрыш өлшеуіш т.б.
¦зындықты масштабты сызғыш арқылы өлшейді. Мұндай сызғыштың ең кіші бөлігінің шамасын бір бөліктің құны деп атайды жӘне ол көпшілік жағдайда 1 мм-ге тең (1-сурет).
1-сурет
Егер үлгі денесінің ұзындығын миллиметрдің үлесіне дейінгі дӘлдікпен өлшеу қажет болса, онда мұндай жағдайда өлшеуіш құралдың қосымша шкаласы –нониусты пайдалану қажет. Сызықты шамаларды өлшеуге арналған нониус – сызықты, ал бұрыштық шамаларды өлшейтін нониус – бұрыштық деп аталады.
Сызықты нониус кішігірім (С) сызғышы түрінде жасалған, осы сызғыштың шкаласы m бөліктен тұрады, ал оның жалпы саны масштабты (А) сызғышының (m-1) бөлігіне тең. (С) нониус (А) сызғыштың бойымен Әрлі-берлі жылжи алады (1-сурет). Егер а -нониустың бөлік құны, в-масштабты сызғыштың бөлік құны, m–нониустегі бөліктер саны болса, онда в/m -қатынасы нонуистың дӘлдігі деп аталады.
Көптеген жағдайда нониустың дӘлдігі 1/10 мм, бұл жағдайда в=1, m=10 деп алынады.
Егер к –масшатбты сызғыштың бөліктерінің мм-алынған бүтін саны болса, онда өлшеген ұзындығымыз мына формуламен есептелінеді:
(3)
ал егер b=1 мм, m=10 бөлік болса онда (1) формула мына түрге келеді:
(4)
Сонымен қарастылып отырған қатты дененің ұзындығы масштабты сызғыштың к мм –мен алынған бүтін санына жӘне n санының оннан бір бөлігіне тӘуелді болады екен. Мұндағы n нониустың көрсетуі, яғни негізгі шкалаға дӘлме-дӘл келген нониус сызығын табамыз да, нониустан көрсеткен сызықты аламыз.
Егер m- нониустегі бөліктер саны 20-ға немесе 100-ге тең болса, онда (2) формула мына түрге келеді.
егер m=100 болса, онда
-ге тең болады.
Сызықты нониус штангенциркуль деп аталатын құралда қоданылады. Бұл штангенциркульдің жалпы түрі төмендегі 2-суретте көрсетілген.
2-сурет
2. Микрометрлік бұранда. Микрометр
Микрометрлік бұранда дӘл өлшеуіш құралдарда (миктрометр, микроскоп ) қолданылады жӘне ол миллиметрдің жүздік үлесіне дейінгі дӘлдікпен өлшей алады. Микрометр (төмендегі 3-суреттерге қара ) В скобадан жӘне А микрометрлік бұрандадан тұрады. Скобада Е тірегі орналасқан. Микрометрлік бұрандаға С цилиндрі (барабан) орналасқан, оның бөліктері шеңбер тӘрізді түрде көрінеді
3-сурет
Микрометрлік бұранданы айналдырған кезде барабан сызықты шкала бойымен жылжиды, ал шкала Д стеблінде орналасқан. А микрометрлік бұранда 1 мм – ге жылжуы үшін С барабанымен толық екі айналым жасау қажет. Олай болса, микрометрлік бұранданың қадамы в = 0,5 мм. Мұндай микрометрлердің С барабанына 50 бөліктен тұратын шкала орналасқан. Бұранданың қадамы
в = 0,5 мм болса, ал барабандағы бөліктердің жалпы саны m=50 десек, онда микрометрдің дӘлдігі b/m= 0,5/50=1/100=0,01 мм.
Микрометрмен өлшеу жүргізу үшін денені Е тірекпен А микрометрлік бұранда арасына орналастырады да ( 3-суретте ) М ұшы арқылы А микрометрлік бұранданы дене толық қысылғанша бұрайды. Осыдан соң қысылған дененің қалыңдығын, диаметрін немесе ұзындығын төмендегі формула бойынша есептеп табады:
(5)
мұндағы к негізгі шкаланың ең кіші бөліктерінің саны немесе шкаланың ең кіші бөлігінің құны ( ол көбіне 1 мм-ге тең), ал m – барабандағы барлық бөліктердің жалпы саны, n – Д стебліндегі негізгі шкала осімен сӘйкес келетін барабан бөлігінің көрсеткен нөмері.
Ал ұсынылып отырған жұмыста қолданылатын микрометр үшін
в = 0,5 мм,m=50, онда (5) формула келесі түрге келеді:
(6)
Сонда біз микрометрмен өлшеу жүргізген кезде осы соңғы (6) қорытынды формуланы пайдаланамыз.
Жұмыстың орындалу реті
Тапсырмалар мен өлшеулер.
Бiрiншi тапсырма: сымның диаметрiн микрометрдiң көмегiмен өлшеу жӘне өлшеу қателiгiн анықтау.
-
Микрометрдiң көмегiмен сымның диаметрiн 5-9 рет өлшеңiздер. -
Өлшеудiң қателiктерiн есептеңiздер, өлшеу нӘтижесiн 1-кестеге түсiрiңiздер. -
Есептеулердi микрокалькулятормен немесе ЭЕМ-да жүргiзуге болады. -
Өлшеп алынған к мен n-нің мӘндерін (6) өрнекке қойып есептейміз.
№ | к | n | L | DLi | DL/L×100% | Lшын |
1 2 3 4 | | | | | | |
Орта МӘнi | | | | | | |
1-кесте
Екiншi тапсырма: Дұрыс формалы денелердiң көлемiн анықтау.(цилиндрдің немесе параллелипедтің көлемі)
-
Штангенциркульмен берiлген дененiң сызықтық өлшемдерiн (диаметрiн, биiктiгiн немесе биiктiк енiн, қалыңдығын) 5-7 рет өлшеңiздер. Цилиндрдiң көлемiн анықтау үшiн диаметрi мен биiктiгiн өлшеп 2 және 3 кестеге жазу керек. -
Тiкелей өлшеулердiң қателiгiн анықтау керек. -
Цилиндрдің көлемiнiң қателiгiн анықтау үшiн (2) формулаларға салу керек. -
Осы алынған мӘндердің (яғни биіктік пен диаметрдің ) орташа мӘндері арқылы V мен ΔV-ны есептеп, салыстырмасы қателігін табу керек -
V мен ΔV-ны есептеу үшін (2) формуланы қолдану қажет -
Есептеулердi калькулятормен немесе ЭЕМ-де жүргiзiңiздер. -
Цилиндрдiң биiктiгi үшiн:
№ | к | n | h | Dh | Dh/h×100% | hшын |
1 2 3 4 | | | | | | |
Орта МӘнi | | | | | | |
2-кесте
Цилиндрдiң диаметрi үшiн:
№ | к | n | D | Dd | Dd/d×100% | dшын |
1 2 3 | | | | | | |
Орта МӘнi | | | | | | |
3-кесте
Стьюдент коэффициентi
N a | 0,9 | 0,95 | 0,96 | 0,99 | 0,999 |
3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 | 2,9 2,4 2,1 2,0 1,9 1,9 1,8 1,8 1,8 1,8 | 4,3 3,2 2,8 2,6 2,4 2,4 2,3 2,3 2,2 2,2 | 7,0 4,5 3,7 3,4 3,1 3,0 2,9 2,8 2,8 2,7 | 9,9 5,8 4,6 4,0 3,7 3,5 3,4 3,3 3,2 3,1 | 31,6 12,9 8,6 6,9 6,0 5,4 5,0 4,8 4,6 4,5 |
Б а қ ы л а у с ұ р а қ т а р ы.
-
Штангенциркульдiң, микрометрдiң құрылысы қандай, олармен қалай өлшенедi? -
Нониус ұғымы, шкаланың бөлік құны? -
Стьюдент коэффициентінің мағнасы не ? -
Жүйелiк ,кездейсоқ ,дөрекi қателердің пайда болу себептері ? -
Өлшеулердiң қандай түрлерi бар, бiр-бiрiнен айырмашылығы қандай? -
Абсолют жӘне салысытрмалы қате деген не? -
Орташа квадраттық қате дегенiмiз не?
Ә д е б и е т т е р.
1. Н.Н.Майсова. Практикум по курсу общей физики. Москва.: “Высшая школа” ,1970
2. Л.Л. Гольдина. Руководство к лабораторным занятиям по физике. М.: Наука,1973
3. Физический практикум. Механика и молекулярная физика(под ред. В.И.Ивероновой.-М.: Наука,1967.
4. Л.П.Китаева. Рекомендации по оценке погрешностей измерений в физическом практикуме, Томск,1983.
5. Тлеубергенова Г.А, Оразалиева Б.Н. Брузгин Н.М. Практикум по курсу общей физики.
N2 зертханалық жұмыс
Максвелл маятнигiнiң көмегiмен қатты цилиндрдiң
инерция моментiн тәжiрибе жүзiнде анықтау
Жұмыстың мақсаты: Қатты цилиндрдiң симметрия осiне қатысты инерция моментiн Максвелл маятнигiнiң көмегiмен тәжiрибеде анықтау.
Қажетті құрал-жабдықтар : Максвелл маятнигі, Әртүрлі массалы сақиналар штангенциркуль немесе микрометр.
Қысқаша теориялық мағлұмат
Максвелл маятнигi бiр ұштары қозғалмайтын денеге бекiтiлген , ал екiншi ұштары айналу осiне оралған екi жiпке iлiнген салмақты дискiден тұрады.