Файл: Дрістер жинаы kkkzhN 3307 Клік рылыстары мен рылыларын жобалау негіздері пні 5В090100 Клікті пайдалану жне жк озалысы мен тасымалдауды йымдастыру .docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.01.2024
Просмотров: 296
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қарағанды техникалық университеті
ДӘРІСТЕР ЖИНАҒЫ
KKKZhN 3307 - «Көлік құрылыстары мен құрылғыларын жобалау негіздері» пәні
5В090100 – «Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру» мамандығы
6B11301 – «Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру» білім беру бағдарламасы
Жол-көлік факультеті
Өнеркәсіптік көлік кафедрасы
2020
1 ТЕМІРЖОЛ СТАНЦИЯЛАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІ ЖӘНЕ СИПАТТАМАСЫ
1.1 Аралық бөлік бекеттері
1.1.1 Жол және көмекші қосындар
Жол қосыны – автоматты бұғаттаумен жабдықталмаған, жол дамуы жоқ желідегі жеке қосын. Әрбір қосында кезекші отырады, жартылай автоматтандырылған бұғаттау құрылғыларымен жабдықталған, станциялармен немесе жол қосындарымен өзара әрекеттесіп жұмыс істей отырып, арнайы электрлік тәуелдіктер көмегімен қосындағы кезекшіге поездар қозғалысына рұқсат ететін немесе тыйым салатын жағдайда қосын сигналын беруге мүмкіндік береді [1].
Жол қосындары қозғалыстың бағыты немесе қозғалыстың тегі бойынша негізгі жолдардың тармақталуы немесе қосылуы кезінде, ірі жасанды құрылыстар болған кезде (көпірлер, тоннельдер және т.б.) негізгі жолдардың саны өзгерген жерде салынады, екі жолды желіде бір жолды болып сақталады.Бұл жағдайда жол қосыны шағын жол дамуына ие болады: сақтандырғыш тұйық және шығу. Қосын кезекшісі стрелкалармен және сигналдармен басқарады.
Көмекші қосындар кірме жолдардың аралығында жанасу пунктіне қызмет көрсетуге арналған. Көмекші қосындар жол қосындарына қарағанда барлық аралық бойынша жүретін поездар үшін жеке бөлім бекеттері болып табылмайды. 1.1-суретте екі жолды аралықта кірме жолдардың жанасуы кезіндегі көмекші қосындардың сұлбасы көрсетілген.
1.1 - сурет - Жол және көмекші қосындардың сұлбасы
Кірме жолдар мекенжайына вагондар А станциясына келеді, сол жерден кірме жолдарға жіберіледі. Егер аралыққа кірме жол жанасатын болса (1.1, г-сурет) және вагондар онда тиеу мен түсіру кезінде ұзақ уақыт тұрса, 3-жолды берілісті қабылдау және жөнелтуге тағайындайды, 4-сақтандырғыш тұйықпен қоршайды. Мұндай көмекші қосын профильде де және жоспарда да жол дамуы бар жеке бөліктерге қойылатын талаптарға жауап беруі тиіс.
1.1.2
Жол айырылымы
Жол айырылымы қажетті өткізу қабілетін қамтамасыз ету үшін бір жолды темір жол желісіне салынады. Онда поездардың айырылысуы мен басып озуы, сондай-ақ жолаушыларды отырғызу мен түсіру, кей жағдайда шағын көлемдегі жүктерді тиеу мен түсіру операциялары орындалады. Жол айырылымында осы операцияларды орындау үшін қабылдау-жөнелту жолдары (негізгі жолдан басқа бір-екі), жолаушылар құрылғысы (жолаушылар ғимараты, жолаушыларды түсіру мен отырғызуға арналған платформалар), байланыс және СЦБ құрылғылары, жарықтандыру, кіру және шығу бағдаршамдары, байланыс желілері (электрленген желіде) болуы тиіс [2].
1.2 – сурет – Жол айырылымының сұлбасы
Разъезде қабылдау-жөнелту жолдарының орналасуы өтпе жолдардың жоспары мен профиліне, қозғалыс өлшемдеріне, станциялық алаң ұзындығына байланысты мынадай болуы мүмкін: бойлық бір жақты (1.2, а-сурет), бойлық жан-жақты (1.2 сурет, б), жартылай бойлық (1.2, в-сурет) және көлденең (1.2, г-сурет).
Қабылдау-жөнелту жолдарының пайдалы ұзындығы осы желіге белгіленген стандартты деп қабылданады.
Қабылдау-жөнелту жолдары бойлық орналастырылған сұлбасында ұзындықтың бойында бір-бірінен салыстырмалы ығыстырылған. 1.26, а-суреттегі сұлбада 5, 7 орталығы арасындағы ара қашықтық көлденең төсемге дейін ең қысқа. 1.26, б-суреттегі сұлбада 3 және 5 орталығы арасындағы ара қашықтық ( ) жолдарды қамтамасыз ету шартынан анықталады.
Қабылдау-жөнелту жолдары жартылай бойлық орналастырылған сұлбасында жолаушылар поезының ұзындығына ығыстырылған. Көлденең типтегі разъездер шағын ауданды алып жатыр. Жолдар параллель орналасқан. Алғашқы стрелкалы бұрмалар оң жол принципі бойынша төселеді (алғашқы кіру стрелкасы оңға қарай ауытқуды білдіреді). Б-дан 3-жолға қабылданатын, ал А-дан 2-жолға қабылданатын жүк поезддары тек бірінші стрелкалы бұрмаға қарай өтеді, бұл ретте оларды бір уақытта қабылдау жағдайында ең озық қауіпсіздік қозғалысы қамтамасыз етіледі.
А жағынан жүк поезының айырылысуы кезінде (1.2, а-сурет) 2-жолға аялдап тоқтайды, ал Б-дан келетін поезы аялдамай өте шығады. Сосын 2-жолдан келетін поезд 9, 7, 5, 1 стрелкалы бұрма бойынша аралыққа жөнелтіледі. Бірдей уақытта поездардың айырылысуы мен басып озулары кезінде А-дан келетін поездды 2-жолға қабылдайды, Б-дан келетін поездды 3-жолға қабылдайды, ал жолаушылар поезын негізгі жол бойымен тоқтаусыз өткізеді. Басқа сұлбалар бойынша салынған разъезд арқылы поездарды осыған ұқсас өткізеді. Себебі 1.2, г-суреттегі сұлбада (көлденең типтес сұлба) аялдап өтетін жолаушылар поезын жолаушылар ғимаратына қарай 2-жолға қабылдаған дұрыс.
Бойлық типтес разъезде әртүрлі бағыттағы екі поезды тоқтаусыз, бірақ азайтылған жылдамдықпен өткізуге болады. Бойлық типтес разъездің жаңа құрылысы (1.2, а-сурет) егер жақын арада екінші негізгі жолды салу қарастырылған жағдайда ғана салынады.
1.1.3 Озба бекеті
Поездардан озып өтуге арналған екі жолды желілерде озба бекеттерді жабдықтайды. Осы озба бекеттерде әдетте жолаушыларды отырғызу және түсіру де қарастырылады.
Озба бекеттерінің көлденең және жартылай бойлық типтегі төрт негізгі сұлбасы қолданылады (1.3-сурет). Көлденең тип сұлбасы анағұрлым кең таралған (1.3-сурет). Көлденең типті сұлба көбірек таралған (1.3,а-сурет). Оның жетістігі – алаңы қысқа, ал кемшілігі - жолаушыларға қолайсыздығы: 4-жолға поезды қабылдау кезінде оларға 4, ІІ және І жолдардан өтуге тура келеді.
1.3 – сурет – Озба бекеттердің сұлбасы
Озба бекеттердің шеттері бойынша екі-екіден диспетчерлік ауыспа салынады, олар қозғалысты, жолдың біреуі жабылып қалған жағдайда (жасанды құрылыстарды жөндеуге, күрделі жөндеуге және басқа себептерге байланысты) бір басты жолдан екінші жолға ауыстыруға мүмкіндік береді. Кейде бірінші кезекте төрт ауыспаның орнына тек екеуін ғана (5-7 және 6-8) салады. Озба бекеттерде дипетчерлік ауыспалардың бағыттамамен ауыстыру маркаларының 1/11 салынуы артық емес.
Жартылай бойлық типтегі озба бекеттің сұлбасы (1.3, б-сурет) жолаушылар үшін біршама қолайлы, сондықтан оны жергілікті, мысалы қала маңы жолаушылар поездарының айтарлықтай саны бар учаскелерде қолданады.
Осы сұлба бойынша поездардың орнынан қозғалу жағдайы жақсы. Бойлық типтегі озба бекеттің сұлбасында (1.3-сурет) алдыңғыдай жетістіктер бар, бірақ өте ұзын станция алаңын талап етеді, сондықтан сирек қолданылады.
1.3, г-суретіндегі сұлба жолаушылар тасымалының айтарлықтай өлшемдері кезінде қолданылады.
1.1.4 Аралық станциялар
Аралық станциялар – бөлім бекеттерінің кеңірек таралған түрі. Оларда келесі операциялар орындалады:
- жүк және жолаушылар поездарын өткізу;
- аялдамасы бар поездарды қабылдау және жөнелту;
- жолаушыларды отырғызу және түсіру;
- жүк құжаттарын ресімдей отырып жүктерді тиеу, түсіру және сақтау;
- багажды қабылдау, беру және сақтау;
- құрама поездар вагондарын тіркеу және ағыту, ал кейбір жағдайларда жөнелту маршруттарын қалыптастыру;
- поезд жолдары вагондарын әкелу және әкету;
- ақтарма жүктердің айтарлықтай көлемі кезінде вагондарды өлшеу.
Барлық осы операцияларды қауіпсіз және уақытылы орындау үшін аралық станцияда құрылғылардың келесі кешені болады:
- басты жолдардан басқа, қабылдау-жөнелту, тиеу-түсіру, маневрлік жұмыстар үшін тартымдық жолдар, жете беріс жолдар түйіскен жағдайда сақтандырғыш тұйықтар мен басқа жолдар енетін жол дамуы;
- платформалары мен басқа да жолаушылар құрылғылары бар жолаушылар ғимараттары;
- қойма ғимараттары, тиеу-түсіру алаңдары мен механизмдері;
- нұсқама орындар, байланыс құрылғылары және СЦБ, электрмен жабдықтау, жарықтандыру және сумен қамту.
Қолданыстағы желілерде аралық станциялар 15-20 км қашықтықта орналасады. Жаңа станциялар 4-60 км қашықтықта орналасады. Қабылдап-жөнелту жолдары мен жүк құрылғыларының орналасуына байланысты аралық сатнцияларды үш: қабылдап-жөнелту жолдары бойлық, жартылай бойлық және көлденең орналасқан негізгі типке бөледі.
Қосымша түрде станциялар басты және қабылдап-жөнелту жолдарының саны, жүк құрылғыларының орналасуы мен дамуына, жете беріс жолдардың түйісуінің болуы бойынша бөлінеді.
1.1.5 Көп жолды учаскелердің аралық станциялары
Теміржол тораптарының ірі қалаларға жете берістерінде, әсіресе қала маңы жолаушылар поезының қозғалыс көлемі үлкен болғанда, қосымша басты жолдар салады. Көп жолды учаскелер (үш жолды, төрт жолды және т.б.) пайда болады. Осындай учаскелерде аралық станцияларды көлденең типті етіп салады.
Үш жолды учаскеде екі жақты әрекеттегі үшінші басты жолдың екі орналасу нұсқасы (1.4, а-сурет) – негізгі жұптың екі басты жолдарының арасынан немесе олардан бүйірлей орналасуы мүмкін.
1.4 - сурет - Көп жолды учаскелердің аралық станцияларының үлгісі:
а– үш жолды; б – төрт жолды бөлім
Төрт жолды қала маңы учаскесінде басты жолдардың бір жұбы - көбінесе қала маңы қозғалысына арналған 1.4, б-сурет, екіншісі - аралас қозғалысқа арналған, оларды мамандандырудың үш нұсқасы болуы мүмкін. Басты жолдары (III және IV жолдары) алыс қала маңы және жүк қозғалысы үшін мамандандырылған төрт жолды учаске станциясының сұлбасы 1.4, б-суретте келтірілген. Ол өзара диспетчерлік ауыспалар арқылы жалғасқан екі жүйе болып табылады. Осы сұлбаның жетістіктері – қала маңы қозғалысының жергілікті жұмыс ерекшелігі және аймақтық станцияның дамуы үшін жақсы жағдайлар.
Кемшілігі - басты жолдардың бір жұбынан екіншісіне көшу кезіндегі аз маневрлік.
Басты жолдарды мамандандыру кезінде (ішкі қала маңы жұбымен) аймақтық станцияның даму жағдайы сондай, бірақ басты жолдардың бір жұбынан екіншісіне көшу жеңілденеді. Алайда жүк қозғалысы үшін қабылдап-жөнелту жолдарының сырттай орналасуы жергілікті вагондарды жұптық поездардан жүк ауласына берілуін қиындатады.
1.2 Учаскелік станциялар
1.2.1 Учаскелік станциялардың қызметі
Учаскелік станциялар, локомотивтік бригадалардың үздіксіз жұмысымен және пароваз тендерінде көмір қорымен анықталған локомотивтердің келу учаскесін шектейтіндіктен өз атауын алған. Сондықтан учаскелік станциялар арасындағы қашықтық барлығы 100-130 км құрайды. Учаскелік станциялардың негізгі операциясы локомотивтер мен локомотивтік бригадаларды ауыстыру болды [2].
Тепловоз қызметін енгізу және теміржолдарды электрлендіру локомотивтердің келу учаскелерінің созылыңқылығын ұлғайтуға мүмкіндік берді, сондықтан көптеген учаскелік станциялар өздерінің бастапқы қызметтерін – локомотивтерді ауыстыруды жоғалтты. Қазіргі кезде учаскелік станциялардың негізгі жұмысы транзиттік поездарды өңдеу: техникалық қызмет көрсету, коммерциялық тексеру, локомотивтер ауысымы, локомотивтік бригада ауысымы, вагондарды ағытулы және ағытусыз жөндеу, локомотивтерге техникалық қызмет көрсету. Учаскелік станцияларда құрама және учаскелік поездарды тарату және құрастыру, жолаушылар және жүк операциялары, жете беріс жолдарға қызмет көрсету.
Желілі учаскелік станцияларда түйісетін бағыттардан келетін поездардың салмағының, ал осыған орай вагондар тобын ағыту және тіркеудің өзгеруі мүмкін.
Учаскелік поездарда учаскелік станцияға жүк түсіріп-тиелетін вагондар, учаскенің аралық станциясына арналған вагондар, сондай-ақ учаске шегінен тыс станцияларға арналған вагондар келеді. Екінші топ вагондарынан, учаскенің аралық станциялары бойынша таңдай отырып, құрама поездарды құрастырады.
Құрама поездармен келген вагондардан және берілген станцияда жүктелген, құрама поезд қызмет көрсететін учаскенің шегінен тыс жүретін вагондардан жақын учаскелік немесе сұрыптау станциясына дейін учаскелік поездарды құрастырады.
Поездарды қабылдау және қабылдау бойынша операциялар орындау үшін (техникалық қызмет көрсету, коммерциялық текчсеру, локомотивтер мен локомотивтік бригадалар ауысымы) қабылдап-жөнелту паркі қызмет етеді. Құрама және учаскелік поездар құрамына арналған вагондардың жиналуы сұрыптау паркінің жолдарында жүзеге асырылады. Поездарды тарату және құрастыру тартымдық жолдарда орындалады, олар сұрыптау паркінің екі жағынан орналасады. Поездарды тарату үшін қайта өңдеу көлемі айтарлықтай болғанда қуаты аз дөңес құрылуы мүмкін.