Файл: Дрістер жинаы kkkzhN 3307 Клік рылыстары мен рылыларын жобалау негіздері пні 5В090100 Клікті пайдалану жне жк озалысы мен тасымалдауды йымдастыру .docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.01.2024

Просмотров: 300

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.




а – бір беткейлі, бір жолды жекелеген пункттерде; б – екі беткейліекі жолды желіледің жекелеген пункттерінде; в – ара тәрізді, ірі Станцияларда және жолдар саны үлкен парктерде
2.23 - сурет - Станциялардағы жер төсемі мен балласт қабатының көлденең профильдері
Станциялық жолдардың жоғарғы құрылысының қуаты желі категориясына байланысты қабылданады. Станциялардағы басты жолдарды аралықтағыдай типті рельстермен төсеген жөн; қабылдап-жөнелту жолдарын - бас жолдарға төселетіндерден бір типке төмен рельстермен немесе сол типтегі ескіге жарамды рельстермен.

Сұрыптау, тартым, тиеп-түсіру, деполық және басқа да станциялық жолдарда Р50-ден төмен емес типті ескі жарамды рельстерді, ал вагондардың тежеу аймағының шегінде сұрыптау парктерінің дөңестік алқымында Р65-тен төмен емес рельстерді төсеген жөн.

Басты жолдардың 1 км-дегі шпалдар саны аралықтардың басты жолдарындағыдай болуы тиіс:

  • жолдың түзу учаскелерінде және радиусы 1200 м – ден асатын қисықтарда - 2000 шп./ км жүрдек, ерекше жүктелген және I категориялы желілерде; 1840 шп./км II, III, IV категориялы желілерде;

  • радиусы 1200 м-ден аз қисықтарда - 2000 шп./км ерекше жүктелген, I, II категориялы желілерде; 1840 шп./км III және IV категориялы желілерде.

Қабылдап-жөнелту жолдарында, сұрыптау дөңестерінде және сұрыптау парктерінде 1840 шп./км ұсынылады, ал басқа жолдарда – 1600 шп./км.

Станциялардың басты жолдарындағы балласт түрі мен балласт қабатының қалыңдығы аралықтағыдай қарастырылады. Қабылдап-жөнелту және басқа да станциялық жолдарда асбест, қиыршықтас, қиыршықтас-құм және құм балластарынан жасалған бір қабатты балласты призма ұсынылады.

Басты жол осінен балласт призмасының еңісіне дейінгі қашықтық аралықтағы сияқты 1,73-тен 1,93 м-ге дейін қабылданады; ал қабылдап-жөнелту жолдарында – 1,55 м. Қабылдап-жөнелту жолдарындағы балласттың қалыңдығы бас жолдардағы балласттың түріне, жер төсемі топырағының түріне және желі санатына қарай жартасты топырақтардан жасалған жер төсемінде 25 см мөлшерінде және сазды топырақтардан жасалған жер төсемінде 30 см мөлшерінде қабылданады. Станциялық жолдардағы балласт қабатының бетін ағаш шпалдардың жоғарғы төсегінен 3 см төмен және темірбетон шпалдардың ортаңғы бөлігінің үстімен бір деңгейде жобалау керек.

Ені 6,5 м дейінгі станциялық жолдардың аралықтарын балластпен толтыру керек; ені үлкен болған кезде балласт қабатын жоларалық кеңістіктен суды бұруды қамтамасыз ете отырып, бөлек жобалауға рұқсат етіледі.


140-200 км/сағ жылдамдықпен жолаушылар пойыздарын өткізу көзделген станциялардың бас жолдарындағы бұрмалы бағыттамалары 1/11 маркалы Р65 үлгісінде төселуі тиіс; бүйірлік жол бойынша жолаушылар пойыздарын қабылдау және жөнелту үшін – 1/11–1/9; бүйірлік жол бойынша жүк пойыздарын қабылдап-жөнелту үшін – 1/9 және симметриялық – 1/6; біріктіру және өзге де станциялық жолдарда – 1/9 және симметриялық – 1/6. 1/18 және 1/22 маркалы бұрмалы бағыттамаларды пойыздарды тоқтаусыз өткізу үшін, басты жолдар тармақталғанда және жол тораптарында орналастыру ұсынылады.

Басты және қабылдап-жөнелту жолдарындағы және дөңес маңы мен дөңес асты алқымдарындағы, сондай-ақ электрлік орталықтандырумен жабдықталған бұрмалы бағыттамалар мен бағыттамалы көшелерді су бұруды қамтамасыз ете отырып, шағылтасты немесе асбесті балластқа салу ұсынылады.

Жапсарлас бұрмалы бағыттамалардың арасында ұзындығы кемінде 12,5 м, ал қиын жағдайларда – 6,25 м тік вставкаларды қарастыру қажет; бас жолдарда 140 км/сағ артық қозғалыс жылдамдығы кезінде осы вставкалардың ұзындығы тиісінше 25,0 және 12,5 м болуы тиіс.

2.11 Станциялық жолдардың сыныпталуы. Станциялық жолдар мен бұрмалы бағыттамалардың нөмірленуі
Станциялардағы темір жолдар екі топқа бөлінеді: Станциялық және арнайы тағайындалудағы.

Станциялық жолдарға станцияның шекараларындағы – бас, қабылдап-жөнелту, сұрыптау, тартым, жүріс, тиеп-түсіру, қою, деполық (локомотив және вагон шаруашылығы), біріктіру жолдары және өзге де жолдар жатады.

Басты станциялық жолдар аралықтар жолдарының жалғасы болып табылады. Қабылдап-жөнелту жолдары пойыздарды қабылдауға, тұрақтауға және жөнелтуге арналған. Сұрыптау жолдары вагондарды сұрыптау, жинақтау және пойыздарды қалыптастыру жоспарының тағайындаулары бойынша қалыптастыру үшін қолданылады. Тартым жолдарының тағайындалуы вагондар топтары мен тұтас құрамдарды ауыстыру бойынша айлалық жұмыс, сондай-ақ вагондармен сұрыптау жұмысы болып табылады. Тиеп-түсіру жолдары тиеп-түсіру процесінде вагондардың тұруына, ал қою жолдары – тиеуді және түсіруді күтіп вагондардың тұруына немесе құрамдарға қосу үшін жинауға арналған.

Ірі станцияларда біртекті операцияларды орындауға арналған жолдар парктер деп аталатын топтарға біріктіріледі. Қабылдау, жөнелту, сұрыптау, жылжымалы құрамның тұрақтануы, вагондар мен локомотивтерді жабдықтау және т.б. парктері бар.



Арнайы тағайындалымдағы жолдарға кәсіпорындардың, карьерлердің және т.б. кірме жолдары, сақтандырғыш және ұстап қалатын тұйықтар жатады.

Сақтандырғыш тұйықтар жылжымалы құрамның пойыздардың жүру маршруттарына шығуының алдын алуға, ал ұстап қалатын тұйықтар – пойыз станциясының алдында тоқтауға немесе ұзақ түсіру бойынша қозғалыс кезінде басқаруын жоғалтқан пойыздың бір бөлігіне арналған. Сақтандырғыш тұйықтардың пайдалы ұзындығы, әдетте, 50 м-ден кем емес, ал ұстап қалушылар – есеппен белгіленеді.

Станциялардағы басты жолдар рим цифрларымен нөмірленеді (I, II, III, IV): тақ бағытта – тақ санмен, жұп бағыт бойынша – жұп санмен.

Қабылдап-жөнелту жолдары бас жолдардың нөмірінен кейінгі нөмірден бастап араб цифрларымен нөмірленеді, бұл ретте тақ пойыздарды қабылдауға арналған жолдар тақ сандармен нөмірленеді (3, 5, 7, 9), ал жұп пойыздарды қабылдауға арналған жолдар, – жұп сандармен (4, 6, 8, 10). Жұп және тақ пойыздарды қабылдау үшін пайдаланылатын қабылдап-жөнелту жолдарының саны аз станцияларда қабылдап-жөнелту жолдары жолаушылар ғимаратынан бастап дала жағына қарай басты жолдардың нөмірлерінен кейін реттік нөмірлермен нөмірленеді (3, 4, 5, 6, 7). Қозғалыс бағыттары бойынша жолдарды немесе пойыздарды қабылдау және жөнелту үшін бөлінген жекелеген парктердегі жолдарды мамандандыру кезінде жолдарды нөмірлеу оларға тақ немесе жұп пойыздарды қабылдауға байланысты жүзеге асырылады. Бұл ретте әрбір паркте әріптік белгі болуға тиіс (ЖҚЖП – жұп қабылдап-жөнелту паркі, ТҚЖП – тақ қабылдап-жөнелту паркі, С – сұрыптау паркі, СЖ – сұрыптап-жөнелту паркі).

Дөңестік сұрыптау станцияларының сұрыптау парктерінің жолдары екі араб цифрымен нөмірленеді, олардың біріншісі - шоғыр нөмірі, ал екіншісі - шоғындағы жол нөмірі.

Парктердің құрамына кірмейтін қалған станциялық жолдар да парк жолдарының соңғы нөмірінен кейінгі келесі нөмірден бастап араб цифрларымен рет-ретімен нөмірленеді.

Жолаушылар ғимараты жоқ сұрыптау және жүк станцияларында жолдар бас жолдардан бастап, солдан оңға қарай көлденең бағытта (километр есебі бағытына бағдарланғанда) нөмірленеді.

Бұрмалы бағыттамалар станциялардың немесе парктердің кіру бұрмалы бағыттамаларынан бастап тақ пойыздардың келу жағынан реттік тақ нөмірлермен, жұп пойыздардың келу жағынан – реттік жұп нөмірлермен нөмірленеді.


Үлкен жол дамуы бар станциялардағы бұрмалы бағыттамалар жұмыс сипаты бойынша біртекті жеке парктер немесе жолдар топтары бойынша нөмірленеді. Жекелеген парктер немесе жолдар топтары бойынша бұрмалы бағыттамаларды нөмірлеу кезінде әрбір паркке бұрмалы бағыттамалардың жүздеген нөмірлері беріледі (мысалы, А паркіне – 100 бастап 199 дейінгі нөмірлер және т.б.).

Бір бағыттама көшеде жатқан бұрмалы бағыттамалардың, сондай-ақ қосарланған бұрмалы бағыттамалардың (съездердің) үздіксіз нөмірленуі болуы тиіс (мысалы, 5, 7; 9, 11).

Парктердің құрамына кірмейтін жолдардағы бұрмалы бағыттамалар1-ден 99-ға дейінгі реттік нөмірлермен нөмірленеді.

Тақ жағын жұп жағынан бөлетін шекара ретінде қабылданады:

– шағын жол дамуы бар жекелеген пункттерде - жолаушылар ғимаратының осі;

– жолаушылар ғимаратының орталық орналасуы жағдайында үлкен жол дамуы бар станцияларда - осы ғимараттың осі; ғимарат орталықта орналаспаған жағдайда - жолдың дамуына қатысты орталықта орнатылатын станцияның көлденең осі;

– жеке парктер немесе жолдардың біртекті топтары бойынша нөмірлеу кезінде - осы парктердің немесе жолдар топтарының ортасы.
3 АРАЛЫҚ СТАНЦИЯЛАР
3.1 Аралық станциялардың негізгі ережелері мен схемалары
Аралық станциялар – бөлім бекеттерінің кеңірек таралған түрі. Оларда келесі операциялар орындалады:

- жүк және жолаушылар поездарын өткізу;

- аялдамасы бар поездарды қабылдау және жөнелту;

- жолаушыларды отырғызу және түсіру;

- жүк құжаттарын ресімдей отырып жүктерді тиеу, түсіру және сақтау;

- багажды қабылдау, беру және сақтау;

- құрама поездар вагондарын тіркеу және ағыту, ал кейбір жағдайларда жөнелту маршруттарын қалыптастыру;

- поезд жолдары вагондарын әкелу және әкету;

- ақтарма жүктердің айтарлықтай көлемі кезінде вагондарды өлшеу.

Барлық осы операцияларды қауіпсіз және уақытылы орындау үшін аралық станцияда құрылғылардың келесі кешені болады:

- басты жолдардан басқа, қабылдау-жөнелту, тиеу-түсіру, маневрлік жұмыстар үшін тартымдық жолдар, жете беріс жолдар түйіскен жағдайда сақтандырғыш тұйықтар мен басқа жолдар енетін жол дамуы;

- платформалары мен басқа да жолаушылар құрылғылары бар жолаушылар ғимараттары;

- қойма ғимараттары, тиеу-түсіру алаңдары мен механизмдері;

- нұсқама орындар, байланыс құрылғылары және СЦБ, электрмен жабдықтау, жарықтандыру және сумен қамту.

Қолданыстағы желілерде аралық станциялар 15-20 км қашықтықта орналасады. Жаңа станциялар 4-60 км қашықтықта орналасады. Қабылдап-жөнелту жолдары мен жүк құрылғыларының орналасуына байланысты аралық сатнцияларды үш: қабылдап-жөнелту жолдары бойлық, жартылай бойлық және көлденең орналасқан негізгі типке бөледі.


Қосымша түрде станциялар басты және қабылдап-жөнелту жолдарының саны, жүк құрылғыларының орналасуы мен дамуына, жете беріс жолдардың түйісуінің болуы бойынша бөлінеді.
3.2 Аралық станциялардағы жолдар саны
Басты жолдардың саны поездар қозғалысы бойынша байланыс тәсіліне байланысты бір жолды немесе екі жолды теміржол желісінің қолма-қол өткізу қабілетімен теміржол учаскесінің қажетті өткізу қабілетін (қажетті резервті ескере отырып) салыстырумен айқындалады.

Қажетті өткізу қабілетін келесідей анықтауға болады

, (3.1)
мұнда – параллельді кереген кезіндегі поездар қозғалысының (жұп) өлшемі;

r - өткізу қабілетін толтырудың рациональды деңгейі 0,8 қабылданады.

Параллель кестедегі поездар жұпындағы қозғалыстың келтірілген өлшемдері қозғалыстың берілген мөлшерлерінің негізінде белгіленеді:
, (3.2)
мұндағы – сәйкесінше жүк,жолаушы және құрама поездар жұбының саны;

– бір жолаушылар және бір құрама поездар тиісінше кестеден қанша жүк поездары алынып тасталатынын көрсететін алып тастау коэффициенттері (есептеулер үшін қабылдауға болады және ).

Алынған қажетті өткізу қабілеті аралықтың өткізу қабілетімен салыстырылады. Автобұғаттауда тәулігіне поездар саны 42 жұптан кем, ал жартылай автобұғаттауда 30 жұптан кем болғанда станцияда бір басты жол қабылданады; автобұғаттауда тәулігіне 42 – ден жоғары 144 жұп поезд және жартылай автобұғаттауда тәулігіне 30-дан жоғары 72 жұп поезд-екі басты жол.

Аралық станциялардағы қабылдау-жөнелту жолдарының саны қажетті өткізу қабілетіне байланысты да белгіленеді:

- дара жолды желілерде: параллель кестедегі поездардың 24 жұбы және одан кем болғанда – бас жолдан басқа 2 жол;

- өткізу қабілеті 24 жұптан асатын қос жолды желілерде-2-ден 3 жолға дейін.

Торап алдындағы станцияларда, сондай-ақ жүк жұмысы шоғырланған немесе жөнелту маршруттары қалыптастырылатын станцияларда қабылдау-жөнелту жолдарының санын жоғарыда көрсетілген саннан артық ұлғайту ұсынылады.