Файл: Дрістер жинаы kkkzhN 3307 Клік рылыстары мен рылыларын жобалау негіздері пні 5В090100 Клікті пайдалану жне жк озалысы мен тасымалдауды йымдастыру .docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.01.2024

Просмотров: 299

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Құрама поездар құрамдары жиналғаннан кейін құрама поезды құрастыру орындалады, осының барысында вагондар топтар бойынша таңдалады. Құрама поезд топтарының саны учаскенің аралық станцияларының санына сәйкес келеді, оларда құрама поезд жұмыс істеуге тура келеді. Құрастырылған құрам қабылдап-жөнелту жолдарына қойылады, онда техникалық қызмет көрсету, ағытусыз жөндеу жасалады, поезд локомотиві тіркеледі, автотежегіштерге сынама жүргізіледі, сосын пеозд жөнелтіледі.

Учаскелік станциялардағы жолаушылар операциясы аралық станциядағыларға қарағанда үлкен көлемде орындалады. Учаскелік станцияларда аялдамасы бар транзиттік поездар жолаушылар поездарына арналған басты немесе қабылдап-жөнелту жолдарында қабылданады. Жолаушыларды отырғызу және түсіру, жүк пен поштаны тиеу және түсіру, құрамдарын техникалық тексеру, қажет болған жағдайда вагондарды ағытусыз жөндеу жүргізіледі. Жүрдек поездар басты жол бойынша аялдамасыз өткізіледі.

Учаскелік станцияның жүктеу жұмысы вагондарды жүктеу ауданында тиеу және түсірумен, жете беріс жолдарға қызмет көрсетумен, вагондарды өлшеумен, ұсақ жөнелтулерді сұрыптаумен шектеледі, кейбір станцияларда вагондарды тиеуге (вагондарды тазарту, жуу) дайындау, жанды тіршілігі бар вагондарды сумен қамту және басқа операциялар жүргізіледі.
1.2.2 Учаскелік станцияларды желілерде орналастыру
Қолданыстағы учаскелік станциялар бұрын атап өткендей, 100-130 км қашықтықта орналасады, тепловоз тартымын енгізу және теміржолдарды электрлендіру үлкен қашықтықтарда локомотив ауысымысыз қозғалысты ұйымдастыруға мүмкіндік берді.

Қазіргі кезде айналым учаскелерінің созылыңқылығы электровоздар үшін 600 - 1000 км және тепловоздар үшін 500-800 км-ге жетеді. Одан әрі локомотивтердің айналым учаскелерінің созылыңқылығын 1500 км және одан көп арттыру қарастырылады.

1.5-суретте А және Д екі депо локомотивтері қызмет көрсететін А-Д ұзартылған учаске көрсетілген. А және В станцияларында жөндеу базасы бар негізгі депо орналасады, оларда локомотивтерге жөндеу жүргізіледі. Осы станцияларда, локомотивке жүрген жолы бойынша жөндеу талап етілген жағдайдан басқа кезде, локомотивтер ағытылмайды. Д станциясында айналымды депо орналасады, онда локомотивтердің ауысуы және оларға техникалық қызмет көрсету жасалады. Б және Г
станцияларында локомотивтік бригадалардың ауысымы жүзеге асырылады. Ұзартылған учаскелерде, егер негізгі және бүйірлік бағыттарда бір сериялы локомотивтер жұмыс істейтін болса, поездардың тартымдық қызмет көрсету жүйесіне айналуына бүйірлік бағыттар да енеді. 1.5-суретте бұл - В-Е және Б-Ж учаскелері. Көптеген жағдайларда ұзартылған айналым учаскелеріне екі жол учаскелері енеді.

Ұзартылған айналым учаскелерінде локомотивтерге ауысымдық бригадалар қызмет көрсетеді. Жақын болашақта локомотивтік бригадалар-дың электр тартымдағы жұмыс иінін 400 км дейін, тепловоздық тартым кезінде 300 км дейін ұлғайту қарастырылады.

Тартымдық қызмет көрсету иінін ұзарту локомотивтерді пайдалану тиімділігін, локомотивтердің орташа тәуліктік жүрген жолын арттырады, олардың талап етілген санын азайтады және пайдалану шығындарын төмендетеді.


1-транзиттік поездардың негізгі ағыны локомотивтерінің айналым учаскелері; 2- локомотивтік бригадалардың жұмыс учаскесі; 3 - негізгі депо; 4 – электровоздардың (тепловоз) айналым пункты; 5 - локомотивтік бригадалардың ауысым станциялары

1.5 - сурет – локомотивтер мен локомотивтік бригадалардың айналым учаскелерінде учаскелік станциялардың орналасуы.
1.2.3 Учаскелік станцияларды жіктеу
Теміржол көлігінің дамуы процесінде учаскелік станциялардың: тартым түрімен, жұмыс сипатымен, құрылғыларының өлшемімен, негізгі элементтерінің орналасуымен ерекшеленетін әр түрлері пайда болды.

1. Тартым түріне байланысты учаскелік станциялар: электрлік, тепловоздық және аралас тартымға арналған болады. Соңғы жағдайда учаскелік станциялар алуан түрлі тартымның (мысалы, электр және тепловоздық) түйісу станциялары болып табылады немесе электрленген желілерде түрлі ток жүйелері бар учаскелердің түйісу станциялары болуы мүмкін.

2.Тартымдық қызмет көрсету сұлбасына байланысты мынадай учаскелік станциялар болады:

- локомотивтік бригадалар ауысымымен;

- локомотивтік бригадалар мен локомотивтердің ауысымымен, олар: ТР-2 және ТР-3 локомотивтеріне ағымдағы жөндеуді жүргізуге және локомотивтерге техникалық қызмет көрсетуге арналған пайдалану-жөндеу депосы бар станция бола алады;

- берілген депоға (ТО-2 және ТО-3 ағымдағы жөндеу ТР-1, ТО-4 және жоспардан тыс жөндеулер) жататын локомотивтерге техникалық қызмет көрсетуді жүргізетін пайдалану депосы бар (айналым депосы).



Кіре берістерде басты жолдарды санына байланысты бір жолды, екі жолды және көп жолды желідегі учаскелік станцияларға бөледі.

Жанасатын кіре берістер санына байланысты учаскелік станциялар, торапты емес болып, яғни бір жолды немесе екі жолды бір желіде орналасқан және торапты, үш немесе одан көп желі кіре берістері бар болып бөлінеді.

Негізгі парктердің өзара орналасуы бойынша келесі типтердегі: көлденең, бойлық, жартылай бойлық, жолаушылар құрылғылары мен жүк қозғалысына арналған парктер ретпен орналасатын учаскелік станцияларға бөлінеді.

1.3 Сұрыптау станциялары
1.3.1 Тағайындау және желіде орналастыру
Сұрыптау станциялары құрастыру жоспарына сәйкес поездарды құрастыру және вагондарды жаппай қайта өңдеуге: өтпелі, учаскелік, құрамалы, сондай-ақ өнеркәсіптік кәсіпорындардың кірме жолдарында әкетуге және беруге арналған. Сұрыптау станцияларында станцияға жақын орналасқан жүк, порт, паром станциялары үшін құрама поезд құрамында вагондарды іріктеу орындалады [1, 2].

Сұрыптау станцияларында транзиттік поездармен жұмыс орындалады: локомотивтер және локомотивті бригадалардың ауысымы, вагондарға техникалық қызмет көрсету және коммерциялық тексеру.

Станцияда сұрыптау жұмыстарын орындау үшін дөңестер (қуаты жоғары, үлкен, орташа және шағын), сұрыптау парктері және тартымдық жолдар бар. Таратылатын поездарды қабылдау үшін және құрастырылған поездарды жөнелту үшін станцияда жеке парктер болады. Қабылдау паркі, сұрыптау және жөнелту паркі сұрыптау жүйесін немесе сұрыптау кешенін түзеді. Қайта өңдеусіз және жартылай қайта өңдеусіз поездарды қабылдау және өңдеу үшін жекелеген қабылдау-жөнелту жолдары қарастырылады.

Сұрыптау станциясында жолаушылар операциясы орындалады. Ірі тораптарда орналасқан сұрыптау станцияларында тек қала маңындағы жолаушыларға ғана қызмет көрсетіледі, өйткені алыс жолаушылар поезды арнайы жолаушылар станцияларында қызмет көрсетіледі. Тораптан тыс орналасқан сұрыптау станцияларында жолаушылар операциялары учаскелік станция сияқты маңызды көлемде орындалады.

Бұдан басқа, сұрыптау станцияларында жүк жұмысы орындалады: ұсақ жөнелтулер мен контейнерлерді сұрыптау, кірме жолдарға қызмет көрсету; вагондар мен локомотивтерді жөндеу, локомотивтерді жабдықтау орындалады.

Сұрыптау станциясында жолаушылар, локомотивті және вагон шаруашылығы құрылғылары, энергиямен жабдықтау, СЦБ және байланыс құрылғылары, сұрыптау платформалары, контейнерлерді сұрыптау жабдықтары және басқа құрылғылар орналасқан.

Сұрыптау станциясы электрлік орталықтандыру құрылғыларымен (микро процессорлық сұлбада электрлік орталықтандыруды енгізу басталды), стрелканы автоматты тазалау, телевизиялық бақылау жүйесімен, ағытпаның жылдамдығын автоматты реттеу жүйесімен (АРС), автоматты тарату жылдамдығының жүйесімен (АЗСР), сұрыптау құрылғыларында вагондардың жылдамдығын квази-үздіксіз реттеу құрылғыларымен жабдықталған. Сұрыптау станциялары станция жұмысының технологиялық процесін автоматты басқару жүйесімен жабдықталуы тиіс.


Сұрыптау станциялары Қазақстанның темір жол желісінде әртүрлі орналасқан. Бұл ірі қалалар мен өнеркәсіптік орталықтардың орналасқан жеріне байланысты әртүрлі аудандардағы темір жолдар желінің жиілігіне, вагондар ағынының сипаты мен өлшеміне байланысты.

Сұрыптау станциялары жүктерді жаппай тиеу мен түсіру аудандарында (өндіруші бассейндердің шыға беріс жерінде, ірі өнеркәсіптік орталықтарға жақындау жерде, ірі өзен және теңіз айлақтарына жақын жерде), сондай-ақ тоғысатын желілер арасында вагондар ағынын елеулі корреспонденция болатын және поездардың үлкен саны
1.3.2 Сұрыптау станцияларын жіктеу
Сұрыптау станцияларын былай жіктейді.

Ведомстволы тиесілігі бойынша: темір жолдардың жалпы желісіндегі станциялар, өнеркәсіптік сұрыптау станциялары және біріккен станциялар.

Сұрыптау станцияларын желідегі маңызы бойынша желілік маңыздағы және аймақтық маңыздағы негізгі станциялар деп бөлуге болады.

Негізгі станцияларды жергілікті ауқымды жұмысымен, қуатты вагондар ағынымен маңызды магистральдер қиылысында орналасады. Негізгі сұрыптау станцияларын өтпелі поездар, қайта өңдеусіз бірнеше сұрыптау станцияларынан өтеді, учаскелік поездар және құрама поездар және торапқа жақын жүк станциясына дейінгі беріліс поездары құрайды.

Аймақтық сұрыптау станциялары сұрыптау станциялары арасындағы учаскеде қызмет көрсетіледі, тораптарда және солардың арасындағы учаскеде туындайтын вагондар ағыны қайта өңделеді. Учаскелік және құрама поездар және келесі сұрыптау станциясына дейінгі поездар, сондай-ақ жүк станцияларына арналған поездар құрастырылады. Кейде бір, екі тағайындаудағы өтпелі поездар құрастырылады.
1.4 Жолаушылар станциялары
1.4.1 Жолаушылар кешені туралы ұғымдар
Жолаушыларға қызмет көрсету үшін, жолаушылар құрамын және қала маңындағы поездарды өңдеу үшін жолаушылар кешені тағайындалған. Жолаушылар кешені енгізеді:

- поездарды қабылдау және жөнелтуге арналған жолдарын, жолаушыларды түсіру және отырғызу үшін жолаушылар платформасы бар жолаушылар станциясын;

- барлық қажетті жабдықтары бар вокзал ғимараты және вокзал маңындағы алаң енетін вокзал кешенін;

- тиісті жол дамуы мен қоймалары бар пошта-багаж құрылысы мен құрылғылары;

- техникалық станциялар (техникалық парктер) жолаушылар құрамына техникалық қызмет көрсету, жөндеу және жабдықтау үшін; - қала маңындағы құрамның тұруына арналған жолдар.