Файл: Дрістер жинаы kkkzhN 3307 Клік рылыстары мен рылыларын жобалау негіздері пні 5В090100 Клікті пайдалану жне жк озалысы мен тасымалдауды йымдастыру .docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.01.2024
Просмотров: 301
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Жолаушылар кешенінде енгізілуі мүмкін: - резервті құрамның тұруына арналған парктер,
- жолаушылар локомотивті және вагонды жөндеу кәсіпорындары және т.б.
Жолаушылар кешенінің негізгі құрылғыларының қуаты мен өлшемдері (қабылдау-жөнелту және перрон жолдары, жолаушылар станциясының платформасы, вокзал маңындағы алаң, вокзал құрылғылары, жолаушылар техникалық станцияның немесе техникалық парк құрылғылары, стрелкалы алқым) қарқынды қозғалыс кезінде категориялары әртүрлі келетін және жөнелтетін поездардың санына сәйкес келуі тиіс.
Жолаушылар кешені жұмысының технологиясы жолаушылар поезы қозғалысының графигімен байланысты болуы тиіс, барлық категориядағы қала маңындағы және жолаушылар құрамы бар операциялар мен жолаушыларға барлық қажетті көрсетілетін қызметтермен қамтамасыз етілуі тиіс.
Жолаушылар кешені орналасқан кезде жердің ауданын оңтайлы пайдалануға, энергетикалық, су және басқа ресурстарды үнемді пайдалануға, қоршаған ортаны қорғау шараларына ерекше көңіл бөлу керек.
Жолаушылар станциясын, жолаушылар техникалық станциясы (техникалық парктер), жолаушылар кешені мен конструкциясының өзара орналасуы;
Жол алқымдары құрамдар тоқтаған кездегі операцияларды орындаудың барынша ағындылығын қамтамасыз етуі тиіс.
Жолаушылар кешенінде құрылғыны былай орналастырады: - жолаушылар техникалық станциялар (техникалық парктер), сондай-ақ қала маңындағы құрамдардың тұрағы, негізінен, негізгі жол арасында немесе негізгі жолдың қасында, поездарды жөнелту жағында;
- пошта-багаж құрылысы мен құрылғылары, вагон-ресторандарды жабдықтау базасы - жолаушы техникалық станцияда (техникалық парктерде). Бұл ретте автокөліктің қолайлы кіруін, құрамды құрастыру мен тарату кезінде маневрлік алға жылжытулардың ең аз санын қамтамасыз ету қажет;
- локомотив шаруашылығы – жолаушылардың техникалық станциясымен қатар (техникалық паркпен) негізгі жолдар арасында. Жергілікті жағдай бойынша локомотив шаруашылығының мұндай орналасуы мүмкін болмаған кезде поездарды жөнелту жағынан негізгі жолдың қасында жолаушылар станциясымен қатар орналастыруға рұқсат етіледі.
«КТЖ» АҚ тапсырмасымен белгіленген жерлерде (негізінен, ірі торапты жолаушылар кешені, әкімшілік, өнеркәсіптік және курорттық орталықтар) жөнелту мен қабылдауға арналған жолдар және платформаларды, туристтік-экскурсиялық поездардың ұзақ мерзімді тұрағын жобалауға рұқсат етіледі.
Туристтік-экскурсиялық поездардың тұрақ бекеті жолаушыларға қызмет көрсету үшін қажетті құрылғылар болуы тиіс: тұрмыстық жайлар, вагон-ресторандарға тоңазытқыш қондырғыларын және вагондарға ауа салқындатқыштарын орнатуға арналған құрылғылар, жолаушылар вагоны мен вагон-ресторандар тұрағы жанынан канализация құрылғылары, жолаушылар вагондарын көмірмен және көмір кесектерімен, т.б. құрылғылармен жабдықтауға арналған отын қоймасы.
1.4.2 Жолаушылар станциясын тағайындау және оларды жіктеу
Жолаушылар станциясын негізгі тағайындау жолаушыларға, жолаушылар және қала маңындағы поездарға қызмет көрсету болып табылады.
Халқы 1,5 млн. астам ірі қалаларда немесе жолаушылар кешенінде жолаушылар ағыны үлкен қалаларда екі немесе одан артық жолаушылар станциясы болуы мүмкін.
Ірі қалаларда бағыттарға тораптарға жанаса орналасқан барлық бағыттар, негізінен, қаланың негізгі аудандарымен және көше магистралімен қолайлы көлік байланысын қамтамасыз ету есебінен қаланың орталық бөлігіне жақын орналасқан бір біріктірілген жолаушылар станциясы қызмет көрсетеді.
Жолаушы станцияларында жолаушыларға қызмет көрсету операциялары орындалады, билеттерді сату, багажды қабылдау мен беру жүргізіледі, жолаушыларға тұрмыстық қызмет көрсетіледі және т.б. Бұл ретте жолаушыларға қызмет көрсету және поездардың жайлылығына қазіргі заманғы талаптар қойылады.
Жұмыстың сипаты мен негізгі тағайындауға байланысты жолаушылар станциясының үш түрін ажыратады:
-
алысқа, жергілікті және қала маңында қызмет көрсетуші (негізгі түр); -
тек қала маңындағы қозғалысқа қызмет көрсетуші; -
жолаушылар техникалық станциялар.
Темір жол бойымен алысқа сапар шегуге байланысты жолаушыларды мынадай категорияларға бөледі:
- алысқа жол жүретін жолаушылар (тікелей және жергілікті қатынастар), соның ішінде транзитті;
- қала маңындағы қатынастағы жолаушылар (қала маңындағы).
Алысқа жол жүретін жолаушыларға, негізінен, 200 км артық ара қашықтықта бір немесе бірнеше жолдар шегінде жүретін алыс және жергілікті поездағы жолаушылар жатады; транзиттік – алысқа жол жүретін жолаушылар, сол вокзалдан бір поездан басқа поезға ауысып мінетін жолаушылар; тікелей қатынаста – вагондарда ауыспай-ақ алысқа жол жүретін жолаушылар; жергілікті қатынас – бір жолдың шегінде 200 км-ден артық ара қашықтықта жүретін жолаушылар.
Қала маңындағы жолаушыларға қала маңындағы қозғалыс аймағы шегінде, негізінде, негізгі станциядан 150-200 км-ге дейін жүретін қала маңындағы поездардың жолаушылары жатады.
Алысқа жол жүретін, жергілікті және қала маңындағы қозғалысқа қызмет көрсететін жолаушылар станциясында мынадай құрылғылар болуы тиіс:
- вокзал және соған жататын вокзал маңындағы алаң;
- қабылдау-жөнелту (перрон) жолдары;
- бір және әртүрлі деңгейде жолаушылар платформасы, өзара және вокзал маңындағы алаң мен платформаны байланыстыратын өткелдер (тоннельдер, жаяу жүргіншілер көпірі);
- пошталық-багаж құрылғылары (егер оларды жолаушылар техникалық станциясына орналастыру мүмкін болмаса);
- қала маңындағы құрамның тұрақ парктері,
- жалғамалы, жүріс, тартымдық және басқа жолдар;
- локомотив және вагон шаруашылығы;
- автоматика, байланыс, жарықтандыру, сумен қамтамасыз ету, канализация және т.б. құрылғылары.
Жолаушылар станциясы келесі негізгі операцияларды орындайды:
- жолаушылар және қала маңындағы поездарды қабылдау мен жөнелту,
- қала маңындағы және жолаушылар құрамын беру мен жинау;
- багажды тиеу-түсіру, жүк багажы және поштасы;
- жолаушыларды түсіру, отырғызу мен қызмет көрсету;
- транзитті жолаушылар поезддарына қызмет көрсету (техникалық тексеру);
жекелеген вагондарды немесе бірнеше тобын ағыту және тіркеу, қажет болса сумен, отынмен және басқа операциялармен қамтамасыз ету;
- жолаушылар поездары локомотивіне қызмет көрсету (локомотивті беру мен жинау бойынша, локомотивті бригаданың ауысымы, ал кейбір жағдайда – локомотивтерге техникалық қызмет көрсету мен жөндеу операцияларын орындау).
Локомотивтерге техникалық қызмет көрсету мен жөндеу бойынша негізгі операциялар локомотив шаруашылығының жолдарына шоғырланған. Кейбір жағдайда жолаушылар станциясының жолдарында ақырғы айналатын жолаушылар құрамының локомотивіне жартылай қызмет көрсетілуі мүмкін. Локомотив шаруашылығы жолаушылар немесе жолаушылар техникалық станциясында орналасады.
Пошта-багаж құрылғылары кейде жолаушылар станциясында орналасады (егер оларды жолаушылар техникалық станциясына орналастыру мүмкін болмаса). Олар келесі операциялардың орындалуын қамтамасыз етуі тиіс: - багажды қабылдау, тиеу, сұрыптау, багажды, поштаны және жүк-багажды тиеу мен түсіру;
- багаж және пошта вагондарын оларды тиеу мен түсіру орындарына беру кезінде ағыту мен тіркеу;
- Қазақстан темір жолдары желісінде осы поездарды құрастыру жоспарына сәйкес пошта-багаж поезддарын құрастыру.
Қала маңындағы құрам тоқтаған жолда қала маңындағы поездар құрамына қызмет көрсету бойынша операциялар орындалуы тиіс: тоқтап тұру, жинау, қажет жағдайда – техникалық қызмет көрсету және жөндеу. Қала маңындағы поездар құрамына техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша негізгі операциялар мотор вагонды жөндеу кәсіпорындарында шоғырланған болуы тиіс.
Алысқа жол жүретін, жергілікті және қала маңындағы қозғалысқа қызмет көрсететін жолаушылар станциясы мынадай үш типке бөлінеді: өтпелі қабылдау-жөнелту жолдары, тұйық немесе аралас типті.
Жолаушылар станциясы пайдалану жұмысының сипаты бойынша екі түрге бөлінеді: ақырғы поездар ретінде қызмет көрсететін транзитті-ақырғы (алысқа жол жүретін, жергілікті және қала маңындағы) поездар, сондай-ақ транзиттік (аялдап тоқтап өтетін) поездар және тек ақырғы поездарға қызмет көрсететін ақырғы станциялар.
Тек қала маңындағы қозғалысқа ғана қызмет көрсететін жолаушылар станциясына алысқа жол жүретін поездар және аймақтық станциялар болмаған кездегі осы қозғалыстың бастапқы пункттері жатады. Аймақтық станцияларды учаскелік және аралық станциялармен жиі орналастырады. Бұл жағдайда аймақтық станцияларға тек жолаушылар қозғалысына арналған құрылғылар ғана жатады. Жолаушылар аялдау бекеті қала маңындағы қозғалыс үшін элементарлы жолаушылар станциясы деп санауға болады (егер олар жолаушыларға қызмет көрсетуге арналған құрылғылар болса).
Ақырғы алыс және жергілікті поездар келу бойынша келесі операцияларды орындайды: жолаушыларды түсіру, поезд локомотивін, пошта және багаж вагондарын ағыту, құрамды алдын ала тексеру және оны техникалық паркке немесе техникалық станцияға беру. Алыс және жергілікті поездарды жөнелту бойынша орындалады: құрамды жөнелту жолына беру, жолаушыларды отырғызу, пошта және багаж вагондарын тіркеу, жедел пошта мен багажды тиеу, поезд бригадасының құрамын қабылдау, поезд локомотивін беру, тежегіштерді сынау мен жөнелту.
Қала маңындағы поездар мына операцияларды орындайды: поездарды қабылдау, түсіру, жолаушыларды отырғызу және поездарды жөнелту. Қала маңындағы поезддар құрамы тәулігіне бір рет техникалық паркте немесе электродепода дымқыл түрде жиналады.
1.5 Жүк станциялары
Жүктерді тасымалдау процесі жүк тасымалы үшін ашық станцияларда басталады және аяқталады. Негізгі қызметі жүк және коммерциялық қызмет болып табылатын станциялар негізгі болып табылады, жүк станциялары деп аталады. Жүк станциялары әртүрлі көлік түрлерінің және табандары әртүрлі теміржол көлігінің түйісетін бекеттері болып табылады, кәсіпорындардың кіреберіс жолдарына вагондарды және жүктерді берумен байланысты операцияларды орындайды.
Жүк станциялары жұмысының негізгі тағайындауы мен сипатына байланысты болады:
- арнайы емес станциялар. Мұндай станциялар жүктің барлық түрлерін, ыдыстағы жүктер, жекелеген жүктер, контейнерде тасымалданатын, аспа жүктер және басқа жүктерді қайта өңдеуге арналған. Бұл станциялар қалаларда жүк жұмысының елеулі көлемі кезінде салынады және қалаларға, өнеркәсіптік кәсіпорындарға, ұйымдарға қызмет көрсетуге арналған;
- арнайыландырылған станциялар жүктердің жекелеген түрлерін қайта өңдеуге арналған. Арнайыландырылған станциялар ірі көлемдегі жекелеген жүктерді тиеу үшін өндіру орындарында (тиеу) немесе ірі қалаларда, өнеркәсіптік орталықтарда орналасады.
Жүк станциялары жүк операцияларын жүргізу жеріне байланысты бөлінеді:
- жалпы тағайындаудағы жүк станциялары, онда жүк операциялары «Қазақстан Темір Жолы» АҚ тиесілі жүк аудандарында немесе жүк бекеттерінде орындалады;
- кірме жолдарға қызмет көрсететін жүк станциялары. Мұндай станциялар, негізінен, станцияда жүк аудандары болмайды, барлық жүк ауданы кірме жолдарда орындалады.
Жүк станциялары жұмыстың сипаты бойынша тиеу, түсіру, тиеу-түсіру түрінде болады. Тиеу станциялары үшін бос вагондардың жаппай түсуі сипатты болып табылады, оларды тиеуге дайындау және жүк тиелген күйде жөнелту; осы станцияларда түсіру шағын көлемде жүзеге асырылады.
1.5.1 Жалпы тағайындаудағы жүк станциялары
Жүк станциялары келесі техникалық операцияларды орындайды:
- поездарды қабылдау – сұрыптау станциясынан немесе бағыттар торабына іргелес жатқан маршруттардан беру;
- техникалық және коммерциялық тексеру;
-тиеу-түсіру орындары бойынша вагондарды тарату, таңдау; түсіру шебі бойынша вагондарды беру мен орналастыру;
- тиеу-түсіру жерінен вагондарды жинау;
- сұрыптау бекетіне тоқтату;
Жүк станцияларындағы коммерциялық операциялар жөнелтушілерден жүктерді қабылдаудан, алушыларға жүктерді беруден, құжаттарды ресімдеуден, жүктерді тиеу, түсіру мен сақтаудан, контейнерлерді қайта өңдеуден, жүктерді өлшеу мен сұрыптаудан тұрады.
Барлық көрсетілген операцияларды орындау үшін жүк станциялары: - поездарды қабылдау және жөнелту үшін қабылдау-жөнелту жолдарын;
- бекеттер бойынша вагондарды таңдауға арналған сұрыптау және тартымдық жолдар;
- поездардың берілісін құрастыру мен тарату үшін сұрыптау құрылғылары;
- жүк бекеттеріне беруді күтіп тұрған вагондарға арналған көрме парктері.
Жүк станциясында құрылғыларды орналастыруға және жолдың дамуына қойылатын талаптар:
- станция бойымен локомотив пен вагондарды жылжыту ағыны;