ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 18.01.2024
Просмотров: 112
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
№3.Дәріс кешені келесі бөлімдерді қамтиды:
4.1. Тақырыбы: «1 жасқа дейінгі балаларды тамақтандыру түрлері. Табиғи тамақтандыру. Бір жастан асқан балаларды тамақтандыру.».
34лаларды тамақтандыру түрлерін меңгеру,анаа сүтінің артықшылықтарын біле отырып анасына анаа сүтімен емізуді насихаттау,алған білімдерін зерделеу болып табылады, оларды мейірбикенің профилактикалық қызметінде қолдануға мүмкіндік беретін жалпы және кәсіби құзыреттердің қалыптасуына ықпал етеді.
4.3. Дәрістің тезисі.
Баланың ас қорыту ағзаларының анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері
Құрсақ ішіндегі ұрықтың дамуы анасынан келіп түскен қоректік заттармен жүзеге асырылады. Туылғаннан соң бала бірден қоректенудің жаңа жағдайына өтеді. Жаңа туылған нәрестенің асқорыту мүшелері толық жетілмеген, тек ана сүтін қорытуға бейімделген.
Ауыз қуысы. Баланың ауыз қуысы салыстырмалы кішкене өлшемде, шырышты қабаты нәзік, қан тамырларға бай болып келеді. Сілекей бездері жақсы дамымаған: 4-6 айлығынан бастап сілекей бөлінуі күшейеді. Тілі жалпақ, шайнау бұлшық еттері жақсы дамыған. Ұртында майлы кесектері (Биша түйіндері) жақсы жетілген.
Өңеш. Ересектерге қарағанда ұзын, 10-12см, шырышты қабаты өте нәзік, қан тамырларына бай, бұлшық ет қабаты нашар дамыған.
Асқазан. Бір жасқа дейінгі балаларда көлденең орналасқан, бала жүре бастағанда тігінен орналасады. Шырышты қабаты өте нәзік, қан тамырдарына бай, бұлшық ет қабаты әлсіз, кардиальды сфинктері нашар жетілген, ол баланың жиі құсуына әсер етеді. Пилорикалық сфинктер жақсы жетілген. Жаңа туылған нәрестеде асқазан сиымдылығы 30-35 мл, 2 айлығында-90-100 мл, 1 жасында -250-300 мл болады. Асқазан сөлінің құрамы ересектердікіндей, бірақ әлсіз, қышқылдар мен ферменттері аз болады. Жаңа туылған балада тұз қышқылы мен пепсин ферменті асқазан сөл құрамында жақсы дамымаған.
Ішек. Ересектерге қарағанда ұзынырақ (өз бойынан 6-есе ұзын, ересектерде бойынан 4 есе ұзын). Ішектің шырышты қабаты қан тамырларына және ас қорыту бездеріне бай, сондықтан ішектегі сорылу процессі жақсы жүргізіледі. Бірақ бұлшық ет қабаты әлсіз және ішектің жүйке талшықтары жақсы жетілмеген, сондықтан жас баланың іші жиі кебеді. Туылған кезде баланың ішегі стерильді, оны алғашқы тамақтандырғанда өзіне тән микроағзалар (бифидумбактериялар, лактобактериялар) қалыптасады.
Бауыр. Баланың ең ірі мүшесі, салыстырмалы түрде көлемі үлкен, қан тамырларына бай, бірақ бауыр жасушалары-гепатоциттер жақсы жетілмеген, бауыр бөліп шығаратын өт аз мөлшерде және әлсіз болады.
Баланың нәжісі-меконий деп аталады, ол қоңыр қара қошқыл түсті, жабысқақ болады. 2-3 күннен жасыл түске боялады, 4-5-ші күндері қалыпты сарғыш түсті қоймалжың нәжіске айналады.
Бір жасқа дейінгі бала үшін ең сенімді тамақ-ана сүті болып табылады. Асқазанда ана сүтінің қорытылу мерзімі 2-3 сағат, ішекте сіңірілу мерзімі 4-18 сағат, ал сиыр сүтінің қорытылуы одан ұзаққа созылады.
Бала жасының кезеңдерінің ішінде ең жедел өсіп даму кезеңі- бала туылғаннан бір жасқа дейінгі аралық. Баланың дұрыс өсіп дамуы үшін оны дұрыс тамақтандырудың маңызы зор.
1 жасқа дейінгі балаларды тамақтандырудың 3 түрі бар: табиғи, аралас және қолдан тамақтандыру.
Табиғи тамақтандыру дегеніміз-5 – 6 айға дейін баланы тек анасының сүтімен қоректендіріп, 6 айынан бастап ана сутімен қатар қосымша тамақ беріледі.
Денсаулық Сақтау Министрлігінің 113 – ші бұйрығы бойынша, нәрестелердің ауруының азайту үшін, балалардың дұрыс дамып жетілуі үшін, барлық туған балалар ана сүтімен тамақтануы керек деп белгіленген.
Табиғи тамақтандырудың келесі артықшылықтары бар:
Ана сүтінің химиялық құрамы жақсы:
а/ Ана сүтіндегі ақуыздар альбуминдер және глобулиндер, олар ұйығанда өте майда сүзбе береді, оны қорыту оңай, ал сиыр сүтінде казеин, сүзбесі ірі болады.
б/ Ана сүтінің майлары қанықпаған май қышқылдарынан тұрады, олар жұмсақ майлар. Ал сиыр сүтінде қаныққан майлар, қатты, қорыту қиын.
в/ Қанттары-бетта лактоза, бифидум бактериясының өсуіне себепкер болады. Сиыр сүтіндегі лактоза-ішек таяқшасын өсіреді.
д/ Ана сүтінің құрамында А,Д,Е,С витаминдері бар. Сиыр сүтін қайнатқанда олар бұзылып кетеді. Ананың сүті таза. Әр-дайым жылы.
Ана сүтінде гармондар мен имунды денелер бар. Эмоциональдық фактор-кіндік кесілгеннен кейін бала мен ана арасындағы байланыс емшектің сүті арқылы сақталады. Босанғаннан кейін бірінші күндері емшектен уыз шығады. Ол қою кілегей сарғыш сұйық зат. Уызда ақуыздар сүтпен салыстырғанда 4 есе, тұздар 2 есе көп, витаминдер, имундық денелер де көп. Уыздың құрамы баланың тканьдеріне жақын, сондықтан қорытылмай-ақ сіңеді. 4-5 күннен өтпелі сүт, екінші аптадан бастап сүт шығады. Анасының көкірек бездеріннен сүттің бөлінуін лактация деп атаймыз. Ұзақ уақыт емшекпен емізуді сақтау үшін қажет:
1.емшекпен емізудің маңыздылығын жетілдіру;
2.жүкті әйелдерге табиғи тамақтандырудың артықшылықтары туралы түсіндіріп және емшекпен тамақтандырудың техникасын үйрету;
3.ана мен баланың терілік байланысын ерте қамтамасыз ету-ерте емшекке салуды қамтамасыз ету;
4.перзентханадан шыққан соң емхана қызметкерлері емізу кезінде пайда болған қиындықтарды жоюға көмек көрсетуі керек.
Баланы алғашқы емізу тәртібі :
-
Ана мен баланың тері мен тері байланысын қамтамасыз ету; -
Босанғаннан кейін алғашқы 2 сағатта анасына баланы емізуге көмектесу ; -
Баланың емшекті дұрыс алғанын қадағалау ; -
Балаға екі емшектен бірдей сүтті емуге мүмкіншілік жасау ; -
Өлшеуді ,терісін тазалауды т.б. манипуляцияларды алғашқы емізуден кейін жасау керек .
БАБЖ бағдарламасы бойынша баланы емізу қағидасы;
1.Сәбидің басы мен денесін тік, бір жазықта ұстаңыз.
2.Сәбидің бетін анасының кеудесіне қаратып,мұрны емшек ұшының деңгейінде
болу керек.
3.Сәбидің денесі анасының денесіне түйістірілулі болу керек.
4.Анасы тек мойны мен иығын ғана емес, сәбидің бүкіл денесін ұстап отырады.
1.Сәбидің ерніне емшектін ұшын тигізіңіз.
2.Сәбидің аузын барынша ашқанын күтіңіз.
3.Емшекті тез сәбидің аузына апарыңыз.
1.Сәбидің иегі емшекке тиіп тұрады.
2.Сәбидің аузы барынша ашық.
3.Астыңғы еріні сыртқа шығыңқы болады.
4.Емшектің басым бөлігі астынан емес,үстіне көрініп тұру керек.
Емізу жиілігі :БАБЖ бағдарламасы бойынша баланы сұрауы бойынша еркін емізуі керек,бірақ орта есеппен тәулігіне 1 айлығына дейін 8-12 рет, 2 айлығына дейін 7-8 рет, 6 айлығына дейін -6-7 рет, бір жасына дейін 5 рет ,емізу аралығы 20 минуттан.
Ерте емізудің артықшылықтар:
-
Балаға бірінші болып микрофлорасы енеді, -
Уыз сүтінде иммунды денелердің мөлшері артық ; -
Анасы емізу кезінде мейірленіп ,ертерек сүті көбейеді; -
Анасының жатыры жиірек жиырылып, қан жоғалту азырақ болады;
БАБЖ бағдарламасы бойынша табиғи тамақтандырудың 10 ұстанымы:
1.Баланы тәбетіне , талап етуіне қарап тамақтандыру .
2.Бірінші рет емізуге мүмкіншілігінше ерте беру.
3. Емізу аралығында қосымша сусын бермеу.
4. Баланың емізу уақытын шектемеу
5.Түнде емізуді шектемеу, түнге қарай пролактин гормонының бөлінуі жақсарады.
6. Қосалқы және қосымша тамақты 5 айлығынан ерте енгізбеу
7.Емізулі ананың жеке басының тазалығын қатаң сақтау
8.Баланы емізер алдында және емізіп болған соң бірнеше тамшы сүтті қысып шығарып емшек ұшын залалсыздандыру.
9. Ана көкірегін кезекпен емізіп отыру
10.Емізіп болғаннан кейін , қалған сүтті толық сауып тастау
БАБЖ бағдарламасы боиынша тамақтандырудың 10 ұстанымы «Табиғаттың алтын заңы» деп аталады : баланың сұрануы боиынша, жылағанда , ана көкірегін іздегенде тамақтандыру. Мысалы, 3 айлық бала, туылғандағы салмағы 3000 гр, тексеру кезінде салмағы 5000 гр болды. Осы баланың тәулік және бір реттік сүт көлемін есептеу керек:
V тәуліктік = 5200*1\6=866гр
V бір реттік = 866/6 (ему жиілігі) = 144 гр немесе мл сүт ішеді.
Қосымша тамақтарды енгізу ережелері
Бала 6 айға толғанда ана сүті көлемі жағынан жеткілікті болғанымен құрамы бойынша баланы қанағаттандырмайды, сол себепті қосымша тамақ енгізіледі. Қосымша тамақ дегеніміз- бір реттік ана сүтін алмастыратын тамақ.
1. Қосымша тамақ баланы емізудің алдында беріледі.
2. Жаңа қосымша тамақ мөлшерін 5-10 гр бастап, 2 аптаның ішінде біртіндеп көбейтіп отырып, бір емгендегі сүт мөлшеріне дейін жеткіземіз, 1 емізуді қосымша тамақпен түгелдей алмастырамыз.
3. 2 түрлі қосымша тамақты бір мезгілде енгізу болмайды.
4. Тамақ түйіршіксіз, қоймалжың түрде қасықпен беріледі.
І қосымша тамақ түрі – 6 айда – көкөніс пюресі;
ІІ қосымша тамақ түрі – 7 айда – жармалар немесе ботқалар.
ІІІ қосымша тамақ түрі – 9-10,11 айда – айран, шегілген ет т.б.
Гипогалактия және оның себептері;
Ана сүтінің азаюын –гипогалактия деп атаймыз . Оның себептері лактацияға әсер ететін факторлармен тікелей баланысты .
Гиполактияның түрлері:
1. Ерте (босанудан кейін алғашқы 10 күн ішінде )
2. Кеш (босанғаннан 10 күннен кейін)
Гиполактия төрт дәрежеге бөлінеді :
І дәрежесі –сүттің тапшылығы 25% құрайды
ІІ дәрежесі –сүттің тапшылығы 50% құрайды
ІІІ дәрежесі – сүттің тапшылығы 75% құрайды
IV дәрежесі – сүттің тапшылығы 75% жоғары болады
Себептері:
анасының дұрыс тамақтанбауы, баланы ретсіз тамақтандыру, анасының тамағының құрамы нашар болуы, емгеннен соң сүтті толық сауып тастамау, мастит, нерв – психалық әсерлер, анасының ағзасында гармондардың жетіспеуі.
Емі:
-
Анасының тамақтану күн тәртібін реттеу -
Баланы жиі емізу, екі емшекпен -
Емгеннен соң емшекті толық сауып тастау -
Анасы сапалы тамақтандыру -
Маститің алдын – алу -
Никотин қышқылы, поливитаминдер беру -
Гармон – пролактин беру, күн ара 10 – 15 рет б/етке -
Сыра ашытқысы
Аралас тамақтандыру:
Егер бала салмағын мөлшерінен аз қосса, емізу аралығында мазасыз болса, бақылау өлшеуін өткізген кезде емшектен сорып алған сүті оның жасына қажетті мөлшерден аз болса баланы аралас тамақтандыруға аударып үстеме тамақ ретінде сүт қоспалары беріледі.
Сүт қоспалары бейімделген және бейімделмеген қоспалар болып бөлінеді. Бейімделген қоспалардың құрамы «ана сүтіне ұқсас». Оларға «малютка», «малыш», «детолакт», «витолакт» т.б.жатады. Бейімделмеген қоспалар қарапайым және қышқыл болып бөлінеді. Қарапайым қоспаларға сиырдың сүті, «крепыш», «здоровье», ал қышқыл қоспаларға-айран, биолакт, «балдырған» жатады.
Үстеме тамақты беру ережелері:
1. Бала емшек еміп болғаннан кейін беріледі, оның мөлшері баланың емшектен еміп алған сүтінің көлеміне байланысты.
2. Үстеме тамақты 37-380с-қа дейін жылыту керек.
3. Қасықпен берген жөн, ал шөлмекпен берілсе, емізіктің тесігі кішкене болуы керек.
Жасанды тамақтандыру:
Егер жаңа туған баланың анасының сүті мүлдем жоқ болса, немесе баланы емізуге болмайтын болса, баланы сүт қоспасымен қоректендіреді.
Аралас және қолдан тамақтандырылатын балалар бейімделген сүт қоспасын алса, оларға шырындар, қосымша тамақ уақтында беріледі. Ал егер бейімделмеген қоспамен қоректендірілсе-шырындар, жұмыртқаның сарысы, қосымша тамақтар 2-3 апта ерте беріледі.
Бір жастан асқан балаларды тамақтандыру:
Бұл уақыт кезінде анасы бала қажет еткенінше ана сүтімен тамақтандырып қосымша тамақтарын өздері ішетін тамақтардан беру керек.Балаға берілген әрбір негізгі қосымша тамақтың көлемі 300 мл – ден кем болмауы тиіс.Балаға күніне 5 рет тамақ беру керек;
3 рет өздеріңіз ішетін тағамдардан,2 рет қосымша берілетін тағамдар:жемістер, майға нан жағып,еттен жасалған бәліш,қаймақ қосқан ірімшік.Тамақтың көлемі мен әртүрлілігін ұлғайту керек.
4.4. Иллюстративті материал.Кіріспе дәріс,визуализация дәрісі, мультимедиялық дәрістердің электронды нұсқасы.
СҮТ КӨЛЕМІН АНЫҚТАУ
10-12 күнге дейін мына формулалармен | Соң 1 жасқа дейін көлемдік әдіспен |
Тур формуласы V=n*7*10 | 2 апта – 2 айлығында =1/5 m |
Тур – Финкельштейн формуласы V=n*70 (80) | 2 ай -4 ай =1/6 m |
Зайцеваның формуласы V=n*2% m | 4 ай -6 ай =1/7m |
Роммель формуласы V=n*1% m | 6 ай- 9 ай =1/8m |
N=баланың күні | 9 ай-12 ай =1/9m |
M=туылғандағы салмағы | m = баланың сол айдағы салмағы |