ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 18.01.2024
Просмотров: 114
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
4.5. Қорытынды сұрақтар (кері байланыс)
1. Асқорту жүйесінің АФЕ –рін атаңыз?
2. 1жасқа дейінгі балалардың тамақтануының түрлерін айтыңыз?
3. Тибағи тамақтану артықшылығы?
4. Гипогалактия – түрлері, себептері?
5. Қосымша тамақ еңгізу, оның түрлері?
6. Қолдан тамақтандыру дегеніміз не?
7. Аралас тамақтандырудегеніміз не?
4.6.Әдебиетер:
К.А. Святкина, Е.В.Белогородская, Н.П.Кудрявцева алматы – «Ана тілі» 1993 ж «Балалар аурулары», 81 – 97 беттер.
№4.Дәріс кешені келесі бөлімдерді қамтиды:
4.1. Тақырыбы: «Нәресте аурулары.»
4.2. Мақсаты: Нәрестелерде кездесетін аурулар туралы түсінік беру,нәрестелерде кездесетін ауруларға мейіргерлік күтім жүргізуді ұйымдастыра білу, алған білімдерін зерделеу болып табылады, оларды мейірбикенің профилактикалық қызметінде қолдануға мүмкіндік беретін жалпы және кәсіби құзыреттердің қалыптасуына ықпал етеді.
4.3. Дәріс тезистері:
Асфиксия.
Жана туылган баланын патологиясында 1-шi орында туылғандағы асфиксия.
Асфиксия(asphyxia;грек.а-жок,sphyxis тамыр согуы)-тұншығу,нәрестенiң туылу кезiндегi организмiнде оттегi жетiспеушiлiгiнен дамитын жағдай.Гипоксиямен-тканьдердегi оттегi жетiспеушiлiгi,гиперкапнямен-кандағы көмiртегiнiң көбеюiмен сипатталады.Асфиксия кезiнде ОЖЖ-нiн,жүрек қан тамыр жүйесiнiң,бауырдың жұмысы закымдалады.
Себептерi:
1.Кiндiктегi қан айналымының бұзылуы:баланын кiндiгiнiң мойнына,денесiне оралып қалуы,кiндiктiң түйiлуi,тусiп кетуi т.б.
2.Баланын туылуынын ауыр жағдайда өтуi:бала жолдасынын ерте ажырауы,ұрык қасындағы судың ерте кетуi,жатырдағы су мөлшерiнiң шамадан тыс көп болуы,аз болуы,баланын дурыс келмеуi,егiздiк,туылудын ұзаққа созылуы т.б.
3.Анасынын жуктiлiк кезiндегi зиянды әдеттерi,қан кетулер,әйел мықынының тар болуы т.б.
4.Нарестенiң туа бiткен аурулары.
Асфиксия екіге бөлінеді:
Бiрiншiлiк асфиксия-бала туылған кезде болады.
Екiншiлiк асфиксия-жатыр суы мен аспирациядан сон пневмония,ми жарақаты,жұлынның травмасы,ми ақауларында,1-шiлiк асфиксияда жәрдемнiн дұрыс болмауында дамиды.
Оттегi жетiспеушiлiгiнiң ұзақтығына байланысты 3 дарежесi бар:
-
Жеңіл асфиксия -Апгар шкаласы бойынша жагдайы-7 балл.ЖТБ-нын терiсi аздап кокшiл,демалысы узiк,журек согуы анык,минутына 100 рет,булшыкет ширактыгы жане физиологиялык рефлекстерi жаксы. -
Көк асфиксия - Апгар шкаласы бойынша жагдайы-6-4 балл.Баланын жалпы жагдайы ауыр,терiнiн цианозы жогары,журек тоны кунгiрт,тыныс алуы сирек,ретсiз,булшык ет тонусы,рефлекстерi төмен. -
Ақ асфиксия - Апгар шкаласы бойынша жагдайы-1-3 балл.Жалпы жагдайы оте ауыр,терi тусi боз,акшыл,тынысы жок,журек тоны кунгiрт,баяу,булшык ет тонусы,рефлекстерi жок.
Асфиксиямен туылган балага тез арада тiрiлту шараларын жургiзу кажет.
1 этап - Басы туа салысымен ауыз қуысынан,тыныс жолдарынан шырышты сорып алу.Егер балада тыныс алу болмаса тактильдi стимуляция жасайды.
2 этап - Тыныс алуды калпына келтiру ушiн амбу қапшығы аркылы жасанды дем берiледi.
3 этап - Нарестеге жасанды дем беру мен жүрекке тiкелей емес массаж жасайды.Әсерi болмаса көк тамырға адреналин,преднизалон енгiземiз.Егер 15-20 минут iшiнде тыныс алу,жүрек соғуы болмаса реанимация шараларын токтатамыз.
Күтiмi:
1.Балаға барлық манипуляциялар төсекте өткiзiледi.
2.2-7 кун бойы анасынан сауылған сүтпен тамақтандыру.
3.Баланың дем алуын оңайлату үшiн бос жөргектеу.
4.Палатаны жиi желдету,Бобров аппараты арқылы оттегi беру.
5.Кеудесiне 2 мезгiл қыша қағазын кою керек.
6.Баланың терiсiн стерильдi өсiмдiк майымен немесе «А» витаминiнiн майлы
ерiтiндiсiмен майлап туру керек.
Көрсеткіштер | 0 баллдар | 1 баллдар | 2 баллдар |
Терінің түсі | Жалпы цианоз немесе терісі бозарған | Денесі ашық қызыл,аяқ-қолында цианоз | Ашық қызыл |
Тынысы | Білінбейді | Даусы әлсіз, сирек бірең-сараң тыныстық қимыл байқалады | Дауысы ашық, тынысы ырғақты |
Жүрек соғысы | Білінбейді | 100-ден төмен | 100-ден артық |
Рефлекстер (өкшесін басқанға қайтарған жауабы – Аршавский бейнелісі) | Жауапсыз | Ауырғанын байқатып, бет ауызын тыржитады | Жылайды, қозғалады |
Бұлшық ет тонусы | Анықталмайды | Аяқ-қолы аздап бүгілген | Қимылдары активті |
-
A=плазма, полиглюкин, лазикс, маннит, мочевина, 10% альбумин тамшылатып құйылады. -
Құрысып-тырысуды басатын дәрілер-0,25% дроперидол, 2,5% пипольфен, фенобарбитал қолданылады, қажет болағн жағдайда ГОМК тағайындалады. -
Витаминдер комплексі қолданылады
Бала емделіп шыққаннан кейін невропатолог, педиатр дәрілерінің «Д» есебіне бақылауға алынады.
БОСАНУ КЕЗІНДЕГІ ЖАРАҚАТТАР.
Босану кезіндегі жарақаттар-босану кезінде ұрықтың ұлпалары мен мүшелерінің жарақаты. Оның себептері акушерлік және хирургиялық әрекеттерді қолдану немесе босану кезінде жамбаспен келуі, ірі ұрық, мерзімінен кеш босану, бала басының үлкен болуы, жетілмей туылу, бала кезінде мешелмен ауырғаннан әйелдің жамбас өлшемдерінің кішіреюінен т.б. себептер болуы мүмкін. Жарақаттар жүйке жүйесінде, жұмсақ ұлпаларда, сүйектерде немесе ішкі мүшелерде болуы мүмкін. Оларға ми мен жұлын, шеткі жүйке жүйесінің зақымдануы, бұғана, ортан жілік, жіліншік сүйектерінің сынуы, ауыр босану кезінде ішкі мүшелердің зақымдануы, бұлшық еттің созылуы, гематома т.б. жатады.
Туылу кезіндегі ісік-физиологиялық құбылыс, ұрықтың шығар бөлігінде ісіктің пайда болуымен және жұмсақ ұлпада қан айналымының бұзылуымен сипатталады. Бастағы ісік бас сүйегінің бір бөлігінен келесі бөлігіне тарайды, ал бала жамбаспен немесе бетпен келгенде ісік жамбаста, аяқта болуы мүмкін. Туылғаннан кейін 2-3 күннен соң ісік емсіз-ақ тарап кетеді.
Кефалогематома-төбе, желке, маңдай, самай сүйектерінің сүйек үсті қабатының астына қан құйылу, оның шекарасы бір сүйектің тігісінен екінші сүйекке жайылмайды, ауырмайды, пульсация болмайды. Бірінші күндері тығыз, одан кейін флюктуация байқалады, айналасы қатты шеңбермен қоршалған, терінің түсі өзгермеген. Бірінші күндері көлемі ұлғаюы мүмкін.
Гематома 7-10 күннен тарай бастайды. Үлкен кефалогематомаларда анемия, гемолитикалық сарғаю, іріңдеу сияқты асқынулар байқалады.
Емі : қан ағуды тоқтату және қан тамырларының қабырғаларын нығайтуға(вит. К кальций хлориді, аскорутин, қатты таңу, басқа салқын басу) бағытталады. Егер кефалогематома 10 күннен асқан мерзімде көлемі өзгермесе хирургиялық ем қолданылады.
Бас миының зақымдануы-деп баланың туылу кезінде пайда болған бас миының ісінуі мен миға қан құйылуды айтамыз. Бұл жағдайдың себептері:
-
Құрсақ кезіндегі ана мен баланың гипоксиясы (анасының аурулары мен гестоздар) -
Баланың туылу кезіндегі қиындықтар-баланың басы мен анасының туу жолдарының сәйкес келмеуі. Әртүрлі акушерлік әрекеттер: қысқыш, вакуум-экстрактор қолдану, толғақтың әлсіз болып, ұзаққа созылуы т.б. себептер. -
Жаңа туылған баланың қанының ұю факторларының жетімсіздігі. -
Ағымы бойынша бас миының зақымдануы 3 кезеңде өтеді. Өткір кезең 7-10 күннен 1 айға дейін, ерте орнына келу кезеңі 1-3 айға, кеш орнына келу кезеңі 4 айдан 1-2 жылға созылады.
Клиникасы. Бас миының зақымдануының клиникалық белгілері мен ауырлығы мидағы қан құйылған және гематоманың көлеміне байланысты әртүрлі ауырлықта өтеді.
Өткір кезеңде бала қатты шыңғырып жылайды, өте мазасыз, жиі құсу байқалады, дем алысы ретсіз, жиі көгеріп қалады, құрысып-тырысу байқалады, рефлекстері төмендейді(ему, жұту рефлекстеріне дейін), бұлшық ет тонусы жоғарылайды. Парез, параличтер, көз тарапынан Грефе белгісі, көлденең нистагм анықталады. Жүрек тондарының әлсіреуі, брадикардия немесе тахикардия экстрасистолия сияқты қан айналу жүйесіндегі өзгерістер мен құсу, тәбетінің төмендеуі, іш кебу, іш өту, іш қату болады.
Емдеу мен күтімді жүргізу. Баланың емі перзентханадан басталып, ары қарай арнайы, жаңа туылған балалар патологиясы бөлімінде өткізіледі.
-
Балаға қатаң төсек режимі тағайындалады, жөргек ауыстыру т.б. күтім балаға төсекте жасалады -
Тамақтандыру үшін алғашқы күндері сауылған ана сүті зонд арқылы беріледі -
Баланың бас жағын көтеріңкі етіп, бір қырынан жатқызуы қажет -
Баланың бас жағына (тиісті жерге) 1-2 см қашықтықта мұзды мұйық қойылады -
Денесін қыспай, дем алысы қиындамау үшін бос жөргектеледі -
Мезгіл-мезгіл ылғалдатылған оттегі беріледі -
Дәрілерден-қан ағуды тоқтататын және қан тамырларының қабырғаларын нығайтатын дәрілер (аскорбин қышқылы, рутин, викасол,кальций хлориді немесе кальций глюконаты) тағайындалады. -
Мидың ісінуін азайту үшін 25% магнезий сульфаты бұлшық етке, көк тамырға 20% глюкоза, плазма, полиглюкин, лазикс, маннит, мочевина, 10% альбумин тамшылатып құйылады. -
Құрысып-тырысуды басатын дәрілер-0,25% дроперидол, 2,5% пипольфен, фенобарбитал қолданылады, қажет болаған жағдайда ГОМК тағайындалады. -
Витаминдер комплексі қолданылады
Бала емделіп шыққаннан кейін невропатолог, педиатр дәрігердің «Д» есебіне бақылауға алынады.
ТЕРІНІҢ ЖҰҚПАЙТЫН АУРУЛАРЫ.
Тер бөртпе, ыстық шығу (потница)-денеге, мойынға, аяқ-қолдың ішкі бетіне ұсақ қызыл бөртпелердің шығуы. Қатты ысынғанда немесе теріні дұрыс күтпегенде тердің тер шығару бездерінің түтікшелерінен бөліне алмай асқынуы.
Емі. Тер бөліну себебін жою, калий перманганат ерітіндісімен гигиеналық бақылауға түсіру.
Терінің баздануы (опрелость) - баланы дұрыс күтпеуден (сирек жөргектеу, гигиеналық былау мен жуындыруды уақытында жасамау, жөргекті дұрыс жумай қайта пайдалану т.б.) болады. Шілдесі бар балалар баздануға өте бейім болып келеді. Баздануға жамбас, жыныс мүшелері, табиғи тері қатпарлары жиі ұшырайды.
Терінің баздануы 3 дәрежеге бөлінеді:
1.терінің аздап қызаруы
2.қанық қызару, терінің сыдырылуы (эрозиялар)
3.қанық қызару, сулану, тұтасқан эрозиялар
Терінің сыдырылған жерлеріне инфекция тез түседі.
Емі: ауа ваннасын, ультракүлгін сәулесін қолдану, жиі жөргектеу, гигиеналық ережелерді мұқият орындау. Тері қызарғанда залалсызданған өсімдік майын, витамин А майлы ерітіндісін, бала кремін, ұнтағын қолданады. Эрозияда теріні 5%калий перманганат, 0,5% резорцин, 1,25% күміс нитраты ерітінділерімен тазалайды. Гигиеналық ванна үшін 1:1000 калий перманганаты, 1% танин ерітітнділері, емен қабығы мен түймедақ қайнатпалары пайдалы.
Склерема-бетте, сирақта диффузды қатаю пайда болып, оның денеге, жамбасқа, аяқ-қолға жайылуымен(генерализация) сипатталады. Саусақпен басқанда теріде ойық пайда болмайды. Зақымданған жер атрофияға ұшыраған кейіпте болады, аяқ-қолдың қозғалысы шектелген, «маска тәріздес» бет, дене қызуы төмен, бала сұлық, ұйқы басады, нашар емеді.
Жалпы жағдайы ауыр. Емі . науқасты кювезге саламыз немесе айнала жылытқыштар қоямыз (3жылытқыш), жылы ванна қолданамыз. Жүрекке әсер ететін дәрілер, кортикостероидтар, оттегімен емдеу.
ТЕРІНІҢ ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАРЫ.
Пиодермия-терінің жедел және созылмалы, беткей және терең іріңді қабыну ауурлар тобы. Себептері: құрсақтағы кезеңде, туылу кезінде және туылғаннан кейін баланың күтімінде санитарлық-гигиеналық тәртіпті сақтамаған жағдайда тері қабаты арқылы стафилококк, стрептококк т.б. микроорганизмдердің өтіп, оны қабындыруы.
Жаңа тулыған балада терінің іріңді қабыну аурулары анықталған жағдайда оны балалар ауруханасының арнайы бөлімшесіне жатқызады. Егер бала ауруханада болған кезде анықталса, оның палатасына ешкімді жатқызбай, ол жердегі басқа балалар қатаң бақылауға алынады. Жөргекті рәбір ауыстырғанда терісін мұқият тексеріп, бифидумбактерин дәрісі беріледі. Палатада жиі санитарлық тазалау жасалады.
Везикулопустулез- пиодермияның жиі кездесетін түрі. Терінің үстінде ұсақ, көлемі 1-3 мм мөлдір экссудатқа толы көпіршіктердің пайда болуы, ол көпіршік тез іріңге толып-пустулаға, 2-3 күннен көпіршіктер жарылып эрозияларға айналады, олар кеуіп, эпителиймен жабылады. Элементтер желкеде, мойында, арқада, тері қыртыстарында жамбаста орналасады.