Файл: 3. Дріс кешені келесі блімдерді амтиды Таырыбы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 18.01.2024

Просмотров: 116

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

«Жалған круптағы»/стенозды ларингиттегі/ көрсетілетін жедел жәрдем

1.      Баланың басын жоғары салуыңыз

2.      Қысатын киімдерден босатыңыз

3.      Таза ауамен қамтамасыз етіңіз

4.      Қыша қағазын балтырға жапсырыңыз, ыстық аяқ ваннасын жасаңыз/экссудаттың төмен кетуіне байланысты ісінуі қайтады/

5.      Ингаляция жүргізіңіз/эуфиллин, ассодасы, қақырық түсіретін дәрілер/ дауыс қуысының ісінуін төмендетеді.

6.      Бұлшық етке немесе көктамырға лазикс 1-2мг/кг/1мл-10мг/ енгізіңіз

7.      Эфедрин 0,1мл/жас тері астына немесе бұлшық етке енгізіңіз. Ауыр жағдайда преднизалон бұлшық етке немесе көктамырға енгізіңіз 3-5мг/кг /1мл -30мг/

8.      Оттегі беріңіз

Емі: Төсек режимі дене қызуы түскеннен соң  тағы 2-3 күнге тағайындалады.

Өкпенің қабынулары.

Өкпенің өткір қабынуы, балалардың тыныс алу ағзаларының ауруларының ішінде ауыр түрі және балалар өлімінің себепшісі ретінде (әсіресе 2 жасқа дейін) алдыңғы орындарда тұр. өкпенің өткір қабынуы өкпе ауруларының арасында ең жиі (80%)кездесетін түрі.

Аурудың қоздырғыштары алуан түрлі-вирустар, микроорганизмдер, паразиттер, саңыруақұлақтар және олардың қосындылары. Осыған байланысты вирусты, микробты, (бактериалды) полимикробты өкпе қабынулар деп те аталады.

Өкпе қабынуының жіктелуі:

Кестеде көрсетілгендей 1978 жылы Ю.Ф.Домбровская мен басқа да авторлардың ұсынуымен өкпе қабынулары клиникалық түріне қарай ошақты, сегментті, крупозды және интерстициальды болып, ауырлығына қарай асқынбаған және асқынуларымен, ағымына қарай өткір және созылмалы болып бөлінеді. Осыған сәйкес толық диагноз, мысалы былай қойылады:

өкпенің ошақты қабынуы, өткір ағымы, асқынулары, тыныс тапшылығы жоқ немесе өкпенің өткір, сегментті қабынуы, обструктивті синдром, т.т. 2 дәрежелі.

Өкпе қабынуларының жіктелуі:

Ю.Ф.Домбровская, С.В.Рачинский, С.Ю.Каганов

түрлері

асқынулары

ағымы

Тыныс тапшылығы (ТТ)

1.Ошақты

2.Сегментті

3.крупозды

4.интерстициальды

А.Асқынулары жоқ

Б.Асқынулары бар:

1.Обструкциялық синдром

2.Токсикалық синдром-нейротоксикалық, кардиоваскулярлық, диспенсиялық

3.Іріңді асқынулар:өкпе-плевра синдромы, өкпе деструкциясы, абсцессі, плеврит, пневмоторакс

4. Басқа органдар тарапынан отит, остеомиелит, менингит т.б.

1.жедел, 2 айға дейін

2.ұзаққа созылған 2-8 айға дейін

3.созылмалы 8 айдан ұзақ

1. Т.Т.О.

2. Т.Т.1

3. Т.Т.2


Клиникасы. өкпенің өткір қабынуы басталғанда жоғарғы тыныс жолдарының қабыну белгілерінен басталады: мұрны бітіп, түшкіреді, мұрын арқылы дем алуы қиындайды, жөтеледі. 2-3 күн соң дем алысы жиілейді, бала жылаған кезде ауыз-мұрын үшбұрышы көгереді, баланың ұйқысы бұзылып, қатты мазасызданады. Тексеріп көргенде: өкпеге перкуссия жасағанда қорапты перкуторлы дыбыс анықталып, аускультация арқылы дымқыл сырыл естіледі. Дұрыс ем жүргізілсе, баланың жағдайы тез жақсарады, ал емі кеш басталса, балада басқа фондық аурулар болса, ауру ары қарай күшейе түседі. Дене қызуы 38-390С –ға дейін көтеріледі. Ентігу, ауыз-мұрын үшбұрышының көгеруі жыламаса дабайқалады, тері қабаты бозарады. Мұрын желбезектерінің желпілдеуі, дем алған кезде көкірек клеткасының бұлшық еттерінің ішке қатты тартылуы, ыңқылдап, қиналып дем алу сияқты белгілер қосылады.

өкпені тыңдап көргенде майда көпіршікті ылғалды сырылдар естіледі.

өкпенің асқынбаған қабынулары дер кезінде дұрыс емделсе, бала 2 аптаның ішінде тәуір болады.

Өкпенің асқынған қабынулары кішкентай балаларда өте ауыр түрде өтеді:

Кардиоваскулярлы синдроммен асқынған түрі жүрек тарапынан өзгерістермен сипатталады:

жалпы көгеру пайда болады, ентігу, қан қысымы төмендейді, жүректің шегарасы кеңейіп, бауыры ісінеді.

Нейтротоксикозбен асқынған түрінде бала есін тез жоғалтады, құрысып-тырысу байқалады.

Абдоминалды синдромда құсу, іштің өтуі, организмнен су жоғалту (эксикоз) белгілері анықталады.

өкпе қабынуының стафилокк қоздырған түрінде іріңді асқынулар: өкпеде іріңді қуыстар пайда болуы(өкпе абсцессі), плевра қуысына ірің, ірің мен ауа жиналу (пиоторакс, пневмоторакс) баланың жағдайын аурылата түседі.

Стафилококк шақырған өкпе қабынулары көбінесе жаңа туылған және шала туылған балаларда, 3 айға дейінгі балаларда кездеседі. Аты көрсетіп тұрғандай, стафилококктармен шақырылады, қоздырғыштардың қасиеттерімен байланысты іріңді асқынулармен сипатталады, ауыр өтеді.

Емдеу. Өкпе қабынуымен ауырған балалар негізінен ауруханаларда емделеді. Үй жағдайында аурудың асқынбаған түрлерімен, 2 жастан асқан балаларды емдеуге болады.

Емдеу тәртібі:

  • Дене қызуы түсекенше төсек режимі тағайындалады.

  • Аэротерапия, таза ауамен емдеу-бала жатқан бөлменің ауасы өте таза, жиі желдетіліп тұруы керек және жағдайына қарап, мүмкін болса баланы таза ауауға жиі серуендетіп тұру керек.

  • Баланы тамақтандыру-жасына сәйкес, рационалды жүргізіледі, емізулі баланы міндетті түрде ана сүтімен қамтамасыз ету керек.

  • өте жақсы гигиеналық күтім ұйымдастыру

  • дәрілермен емдеу: антибиотиктер-пенициллин және жартылай синтетикаылқ пенициллин тобындағы дәрілер тәулігіне 100-200 мг/кг және кең спектрлі антибиотиктер тағайындалады. Ауыр түрлерінде 2 немесе 3 антибиотик тағайындау (біреуі көк тамырға егіледі)қажет. Пенициллин әсер етпеген жағдайда ровамицин (спирамицин) 1жасқа дейінгі балаларға тәулігіне 150000-200000 ХБ, 1 жастан асқан балаларға әр 10кг салмағына 1,5млн есеьінен, 2 не 3 ретке бөліп, ауыз арқылы тағайындалады. Мүмкін болса қоздырғышты анықтап, оның антибиотикке сезімтелдығын тексеріп барып тағайындаған дұрыс. Бисептол (бактрим) 120-130 мг/кг күніне 2 рет беріледі.

  • Дезинфекциялық ем-көк тамырға тамшылатып сұйықтықтар құю: гемодез, глюкозаның 5-10% ерітінділері, реополиглюкин баланың диурезін бақылай отырып құйылады. Егер олигоурия байқалса, қатарынан зәр қуатын препараттар (лазикс, гипотиазид т.б.) диуретиктер тағайындалады.

  • Антигистаминді дәрілер, витаминдер комплексі қосымша егіледі.

  • Симптомдық ем-жүрек жұмысын жақсартып, елірмені, құрысып-тырысуды басатын, дене қызуын түсіретін, қақырықты жібітетін және қақырықты түсіретін дәрілер тағайындалады.

  • Физиотерапиялық ем-қыша қағазын қою, қышаға орау, аяғына жылытатын ванна жасау.


  • Вибрациялық массаж бен позициялық дренаж (баланың бас, кеуде жағын төмен етіп жатқызу) да қақырықтың шығуын жеңілдетеді.

Алдын алу шаралары:

  1. Туылғаннан бастап баланы шынықтыру.

  2. Баланы жасына сәйкес, рациональды, тамақтандыру.

  3. Фондық аурулардың алдын алу.

  4. Қатты тоңудан сақтандыру

Д» бақылау. Өкпе қабынуының өткір түрінен кейін бала 1 жылға дейін бақылауға алынады. 3 айға толмаған кезінде ауырған балалар айына 1 рет тексеріліп тұрады. Өкпенің созылмалы қабынуларынан кейін бала 15 жасқа толғанша бақыланып, ары қарай жасөспірімдер дәрігеріне өткізіледі. Бұл балалардың бронхтарында өзгеріс болмаса, жылына 2 рет, өзгеріс пайда болса, жылына 4 рет тексеріліп, қаталап қалуына қарсы физиотерапиялық, ынталандыру және витаминдермен емдеу жүргізіледі. Инфекция ошақтары анықталып, сауықтырылады.

Кейінгі жылдары балалардың тыныс алу органдарының өткір ауруларын ерте анықтау, тиімді нәтижелі ем жүргізу үшін ЮНИСЕФ ұсынған бағдарлама қолданылады.

«Тыныс жолдарының жедел өтетін ауруларын бақылау»

ЮНИСЕФ бағдарламасы

Аталған бағдарламаға сәйкес балаларға көрсетілетін көмек 3 кезеңнен тұрады:

1. Баланың жалпы жағдайын бақылау

2. Аурудың түрін анықтау

3. Аурудың түріне сәйкес Д.Д.Ұ (Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымы) ұсынған емдеу үлгісін қолдану.

Пневмониялар

1. Баланың жалпы жағдайына баға беру үшін:

  • Жөтел бар ма, бар болса қашанна бері?

  • Су іше ала ма?

  • Тәбеті қандай?

  • Елірмелеу, құрысып-тырысу болды ма, деген сұрақтар анықталады.

2. Аурудың ауырлығын анықтау үшін келесі белгілердің бар – жоғы тексеріледі:

  • Дем алысының жиілігі (дені сау балалар үшін 2 айлығына дейін минутына 60 рет, 1 жас аралығында 50 рет, 1-5 жас аралығында минутына 40 реттен аспауы керек).

  • Демді ішке алған кезде көкірек клеткасының өзгеруі – (қалыпты жағдайда көкірек клеткасының төменгі жағы кеңейеді).

  • Дем алысында өзгерістер (ауру балада демді ішке алу немесе сыртқа шығару қиындайды).

  • Балада әлсіздік, ұйқысыздық, ұйқысыздық, енжарлықтың бар – жоғы.

  • Баланың өсіп-дамуында өзгерістің бар – жоғы.

  • Дене қызуының өзгеруі – (қалыпты жағдайда дене қызуы 37°С ден аспауы керек).

Аталған өзгерістердің даму дәрежесіне қарай анықталған патологиялық жағдай 4 санатқа бөлінеді:

  1. Өкпе қабынуының өте ауыр түрі

  2. Ауыр түрі

  3. Жәй түрі

  4. Өкпе қабынуы жоқ, бірақ басқа тыныс алу ағзаларының ауруы бар.


Аурудың санаты, дәрежесіне қарай тиісті емдеу тактикасы таңдалады.

І - санаттағы ауру балалар жедел түрде ауруханаға жатқызылып емделеді.

ІІ – санаттағы балаға ауруханаға жіберер алдында антибиотиктер егуді және симптоматикалық емді бастауға болады.

ІІІ – санатта науқас үй жағдайында немесе емхана жанындағы күндізгі ауруханада емделеді.

4.4. Иллюстрациялық материал.

Түрлі жастағы балалардың тыныс алу жиілігі:

Жас шамасы

1 минутта тыныс алу жиілігі

Жаңа туылғанынан – 2 аптаға дейін

40 – 60

3 айға дейін

40 – 45

4 – 6 айда

35 – 40

7 – 12 айда

30 – 35

2 -3 жаста

25 – 30

5 – 6 жаста

25

14 – 15 жаста

18 – 20

Ересектерде

16 – 18

Нағыз круп пен жалғанкруптың (стеноздыларингиттің) ажыратудиагностикасы

Белгісі

Нағыз круп

Жалған круп

дауысы

Қарлығып, толық жоғалады

Қарлығуы тұрақсыз

Жөтелі

Құрғақ, «ит ургенге ұқсас», дыбыссыз

Құрғақ, «ит ургенге ұқсас», дыбысы сақтаулы

Бадамша безінде

Сұрғылт, қиын алынатын, алғанда орны қанталайтын қабыршық

Беткей, оңай алынатын іріңді шырыш

Мойын лимфа түйіндері

Екі жақта үлкейген, ауырсынуы әлсіз, теріасты қабатының ісінуі

Үлкейген, қатты ауырсынады, ісіну жоқ, жеке лимфа түйіндері пальпацияланады.

Стеноздың дамуы

Баяу дамиды, тыныс алуышулы, ентігуге ауысады, өзбетімен басылмайды

Кенет түнде дамиды, өзбетімен басылады.


Өкпе қабынуларының жіктелуі:

Ю.Ф.Домбровская, С.В.Рачинский, С.Ю.Каганов

түрлері

асқынулары

ағымы

Тыныс тапшылығы (ТТ)

1.Ошақты

2.Сегментті

3.крупозды

4.интерстициальды

А.Асқынулары жоқ

Б.Асқынулары бар:

1.Обструкциялық синдром

2.Токсикалық синдром-нейротоксикалық, кардиоваскулярлық, диспенсиялық

3.Іріңді асқынулар:өкпе-плевра синдромы, өкпе деструкциясы, абсцессі, плеврит, пневмоторакс

4. Басқа органдар тарапынан отит, остеомиелит, менингит т.б.

1.жедел, 2 айға дейін

2.ұзаққа созылған 2-8 айға дейін

3.созылмалы 8 айдан ұзақ

1. Т.Т.О.

2. Т.Т.1

3. Т.Т.2


4.5. Бақылау сұрақтары (кері байланыс):

1. Тыныс алу ағзаларының АФЕ – рі.

2. Жоғарғы тыныс алу ағзаларының аурулары: жіті ринит, ларингит, жіті тарылған ларинготрахеит, бронхит.

3. Себептері, негізгі клиникалық белгілері,

4. Диагностикасы, емі, алдын – алуы.

5.Пневмония себебі,клиникалық белгілері.

4.6. Әдебиет:

К.А. Святкина, Е.В.Белогородская, Н.П.Кудрявцева алматы – «Ана тілі» 1993 ж «Балалар аурулары», 276 - 292 беттер.