Файл: 3. Дріс кешені келесі блімдерді амтиды Таырыбы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 18.01.2024

Просмотров: 115

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Емі. Өте сақтықпен, 96% спиртке батырылған мақта домалақшасымен бөртпе ішіндегі ірңді шығарып, эрозия болған жерлерді бактериоцидті дәрілермен (2%-ды калий перманганаты, бриллиант жасылымен) тазалайды.



Жаңа туылған нәрестенің терісінің көпіршіктенуі (пузырчатка) –терінің іріңді ауруларының ерекше түрі, өте жұқпалы. Теріде көлемі Д-0,5-2см көпіршіктердің пайда болуымен сипатталады, олар дененің алақан мен табаннан басқа жерінде түгел орналасуы мүмкін, саны бірнешеден 50-70-100..., өте тез тарайды, бір-біріне қосылады. Алғашқыда шырышты сұйық 1-2 күн ішінде шырышты іріңге айналады, көпіршіктер полиморфты сипат алады: біреулері кебеді, келесі біреуі эпидермисті ысырып үлкейеді, үшіншісі-жарылып эрозияға айналады. Эрозия пайда болған жерлері эпителиймен тез жабылады, орнында ақшыл-қызыл түсті дақтар қалады. Баланың жалпы жағдайы өзгермейді, 2-3 аптадан кейін сауығады.

Емі. Баланы тез оңашалау қажет, көпіршіктерге везиклуопустулездегідей жергілікті ем жасауға болады, антибиотиктер тағайындалады, ауыр түрлерінде плазма, стафилококқа қарсы гамма-глобулин егіледі.



Жаңа туылған баланың терісінің эксфолиативті дерматиті (Риттер ауруы)-терінің көпіршіктенуінің өте ауыр түрі. Кіндік маңы, шат терісінің қатпарлары, ауыз айналасы терілерінің қызаруы мен тері тұтастығының бүлінуінен мацерация басталады. 1-2 күн ішінде бүкіл дене терісінде қызару эритема жайылып, эпидермис сыдырылады да көлемді эрозиялар пайда болады. Ауру өте қарқынды түрде өтеді, терілер беттен, денеден, аяқ-қолдан көлемді мөлшерде сыдырылып түседі, баланың жағдай өте ауыр болады.

Емі: Антибиотиктер, плазма, альбумин, гамма глобулин енгізіледі, көпіршіктерді спиртпен сүртіп, бриллиант жасылымен күйдіру, стерильді салфетканы синтомицин эмульсиясына немесе залалсыздандырылған өсімдік майына батырып, тері үстіне жауып қою керек. Буров сұйықтығымен компресс қойылады. Эксфолиативті дерматитте аз уақытқа гормонды майлар (синалар, локакортен) қолданылады.




Фигнер псевдофурункулезі - тер бөлу бездерінің тер шығаратын түтікшелерінің қабынуы. Олар терінің үйкелетін және тез ластанатын жерлерінде жиі кездеседі (желкеде, арқада, жамбаста, аяқ-қолдарының терісінде). Алғашқыда пустула пайда болады, ол тез кетіп орнына және жанында қызыл-көкшіл түсі түйірлер шығады, мөлшері бұршақтан грек жаңғағының көлеміне дейін, ортасы жұмсарады(Флюктуация). Оны тілген кезде қою жасыл-сарғыш түсті ірің шығады. Жазылғаннан кейін орнында тыртық қалады. Баланың жалпы жағдайы бұзылады, ауырлайды, дене қызуының көтерілуі байқалады, интоксикация белгілері, перифериялық лимфа түйіндерінің ұлғаюы анықталады.

Іріңді мастит-сүт бездерінің физиологиялық ісінуі негізінде пайда болады. Оның себептері пиодермия, механикалық тітіркендіру (сүт безін қысып, сұйықтықты шығару). Көбіне бір жақ безі үлкейеді; қабынған кезде қызарады, ісінеді, ортасы жұмсарады, қысқанда ірің шығады. Флегмонаға асқынуы мүмкін.

Жаңа туылған баланың флегмонасы-тері мен тері асты май қабатының ауыр түрде өтетін іріңді қабыну ауруы. Көкірек торы, бел мен сегіз көз, жамбас аумақтары жиі зақымданады. Аурудың басталуының бірінші сағаттарында теріде қызару пайда болады, ол бірте-бірте үлкейіп, ісініп, қатаяды. 2-3-ші күндері инфильтраттың ортасы жұмсарады, терісі көкшілденеді. Жұмсарған жер тесіліп жылан көз (свищ)пайда болады, одан ірің шығады. Май қабаты тез арада үлкен некрозға шалдығады. 5-6-шы күндері некрозға шалдыққан жерлер ажырап, шеті тегіс емес жараға айналады. Ауыр жағдайда бұлшық еттер де зақымданады.

Емі. Нәрестенің псевдофурункулез, іріңді мастит және флегмона ауруларын педиатр хирург дәрігермен бірігіп емдейді. Ауыр және орташа ауыр түрлерінде антибиотиктерді егіп, дезинтоксикациялық ем жасап, витаминотерапия, иммуностимуляцияны орындау мақсатта стафилококқа қарсы плазма мен иммуноглобулин егіледі. Баланы стерильденген ана сүтімен тамақтандырады.


КІНДІК ЖАРАСЫНЫҢ ІРІҢДІ АУРУЛАРЫ

Себептері: баланың санитарлық-гигиеналық күтімінің нашар болуы, кіндік қалдығы мен кіндік арасының күтіміндегі кемшіліктер, баланың иммунитетінің төмендігі. Қалыпты жағдайларда кіндіктің қалдығы 3-4 күндері түсіп, кіндік жарасы 7-10-шы күндері жазылуы ұзаққа созылады, қабыну белгілері пайда болады.



Кіндік жарасының қабынуы омфалит деп аталады. Омфалит -1) катаральды, 2)іріңді, 3) гангренозды болып бөлінеді.

Катаральды омфалит-кіндік жарасынан ірің кейде қан аралас ірің шығады, кіндік сақинасы, айнала тері қабаты қызарып ісінеді.

Флегмонозды немесе гангренозды омфалиттерде іріңді процесс кіндік айналасындағы тері асты май қабатына тарап, сол жердің гангренасына айналуы мүмкін. Ірңді омфалиттерде баланың жалпы жағдайы да бұзылады: емуі нашарлайды, салмағы төмендейді, организмнің улану белгілері пайда болады, қанда қабыну процесіне тән өзгерістер байқалады.

Емдеу. Кең спектрлі антибиотиктер тағайындалады, кіндік жарасын 3% сутегі асқын тотығымен жуып, 1% метилен көгі, 2% бриллиант жасылы, 5% перманганат калий, 960 спирт ерітінділерімен күйдіру, 2,5% металиц немесе пентоксил майын жағу, витаминдер комплексін тағайындау, қан стафилококқа қарсы плазма мен гаммаглобулин егу.

Алдын алу. Жүкті әйелдердің ауруларын емдеу, туылу кезінде және туылғаннан кейін балаға күтім жасауда санитарлық-гигиеналық тәртіпті қатаң сақтау болып табылады.

СЕПСИС

Сепсис-жалпы және жергілікті иммунитеттің төмендеуімен, бала организміндегі іріңді ошақтардан микроорганизмдердің қанға таралуымен сипатталатын созылмалы ауру. Микроорганизмдердің ішінде сепсистің ең жиі себепшісі стафилококктар (50-60%) және басқа топтағы (36%) грам теріс, грам оң микробтар болып табылады.

Жетіліп туылған нәрестелер арасында сепсиспен ауырғандар саны =0,1%, ал жетілмей туылғандар арасында 1% құрайды.

Сепсиске бейімдеуші факторлар:

  • Ұрық пен жаңа туылған баланың иммунитетін әлсірететін қолайсыз жағдайлар (анасының аурулары, жүктіліктің мерзіміне жетпеуіі, тұншығу, жедел вирусты инфекциялар);

  • Ұрықты ана жатырында инфекцияға шалдықтыратын факторлар (жүктілік немесе босану кезіндегі аурулар, судың ерту ағуы, сусыз кезеңнің ұзаққа созылуы, босанғаннан кейінгі кезеңде аурулар мен асқынулар);

  • Жаңа туылған балаға реанимациялық көмек көрсеткенде емдік –диагностикалық әрекеттер (орталық қан тамырлары мен кіндік, көк тамырына, қуыққа катетер енгізу, интубация жасау, ӨЖЖ);

  • Жаңа туылған баладағы әртүрлі инфекция ошақтары

  • Жүктілік кезінде және жаңа туылған баланың иммунитетінің төмендеуіне гормондар мен антибиотиктерді қолдану, жасанды қоспалармен тамақтандыру әсер етеді.


Патогенезі.Инфекцияның организмге түсу жолы: кіндік жарасы, баланың жарақаттанған терісі мен шырышты қабаттары.

Инфекцияның көзі болуы мүмкін: анасы, медицина қызметкерлері, ауру бала.

Жұғу жолдары: анасының босану жолдары, медицина қызметкерлерінің қолдары, құрал-саймандар, аппаратура, күтімге арналған құралдар.

Клиникалық белгілері.

Сепсистің алғашқы кезеңінде жергілікті іріңді ошақтардың (омфалит, конъюктивиі, терінің іріңді қабынулары, отит т.б.) пайда болуы анықталады. Уланудың алғашқы белгілері-тәбетінің төмендеуі немесе тамақ ішпеу, салмақ қоспау, әлсіздену немесе мазасыздану, дене қызуының көтерілуі, гипорефлекция, ішінің өтуі, кебуі, құсу, ентігу. Балада осы ауруға тән «септикалық хабитус» (қазақша-келбеті) деген сыртқы келбеті пайда болады: терісі сұрланып, қанталаған, әр жерде іріңдіктер пайда болады, тері асты май қабаты қатайған, ұлпалар тонусы төмендеген, іші кебіңкі, жиі құсады, нәжісі сұйық, тамақ ішпейді, келбетіұштарланған, еденсіне салмақ қоспайды, дене қызуы көтеріңкі, бауыры мен талағы ұлғайған.

Клиникалық ағымы бойынша сепсис 2 түрге бөлінеді: сентикопиемия және септицемия.

Септицемия-көбінесе шала туылған балаларда кездеседі, организмінде іріңді ошақтар анықталмайды, ауыр интоксикацияның белгілері анықталады. Тері қабаты сұрғылт, жер үсті, ісіңкі, кейде құрғақ, рефлекстері, бұлшық ет тонусы төмендеген, іші кебіңкі, жүрек тондары әлсіз, ентігу байқалады.

Септикопиемия-организмнің жалпы улану белгілері, анемия және гипотрофиямен қатар іріңді ошақтар пайда болуымен сипатталатын түрі. Бала әлсіреп тәбеті төмендейді, құсады,іші өтеді, салмақ қоспайды, дене температурасы субфебрильді, тері қабаты сұрғылт тартады. Жүрек тондары әлсіреген, бауыры, талағы үлкейген. Септикопиемияда клиникалық белгілері бірде әлсіреп, бірде күшейіп 1,5-2 айға созылады. Қанының анализінде лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарылайды, анемия байқалады.

Емдеу. Баланы балалар ауруханасының арнайы бөлімшесіне жатқызу керек. Анасы баланы көкірегімен емізеді немесе сауылған ана сүтімен тамақтандырады. Тамақтандыру жиілігін 1-2 ретке көбейту керек. Ауыр жағдайда бөтелкемен немесе зонд арқылы тамақтандырады.

Күтімі: анасы күтімге белсенді араласуы керек, баланы тоңдырып алмауы үшін оны кювезге жатқызады, балаға күнделікті өңдеу жүргізіледі, бөлмені желдетіп, кварцты жиі қолданып отыру қажет.

Дәрілік емі:


  • Кең спектрлі антибиотиктерден 2 немесе 3 түрі бір мезгілде қолданылады. (совместимые)

  • Дезинтоксикациялық емі-көк тамырға тамшылатып реополюглюкин, 10-20% альбумин, гранулоцитарлық масса, плазма тағайындалады

  • Дисбактериоз белгілерінде-бифидумбактерин 5 дозадан т.б. дәрілер беру керек.

  • Витаминдер комплекстері тағайындалады

  • Антигистаминді дәрілер(димедрол, пипольфен, супрастин т.б.) енгізіледі

  • Ауыр жағдайларда тәулігіне 2 мг/кг преднизолон тағайындалады

  • Барокамерада оттегімен емдеу қолданылады.

  • Жазылу кезеңінде массаж, физиотерапиялық ем жасау керек.

Жазылып шыққан соң бала Д есепке тіркеліп, емханада 3 жылға бақылауға алындаы. Екпелер (вакциналарды) жарты жылға дейін жасалмайды.

Алдын алу –босану мекемелерінде, жаңа туылған балаалр бөлімшесінде санэпидемиялық тәртіпті қатаң сақтау керек, аналарды уақтылы емдеу қажет.

Нәрестелердің гемолитикалық ауруы

  Анасы мен баласының қанының резус факторы бойынша және қан тобы бойынша сәйкес келмеуінің әсерінен эритроциттердің жарылуымен сипатталады. Бұл жағдай анасының каны резус-теріс, баласынікі резус-оң болғанда намесе анасының қаны 0(І) топты, ал баласыныкі А (ІІ) немесе В(ІІІ) топты болғанда байқалады.

Клиникалық айқындалуына байланысты 3 түрі бар:

1. Анемиялық түрі

2.Сарғайған түрі

3. Ісіктік формасы.

Анемиялық түрі 10% жағдайда кездеседі: туылған сәттен немесе алғашқы 7 күнде айқындалады. Баланың шырышты қабаты мен тері түсі боз. Бауыры мен көкбауыры үлкейген. Бала әлсіз, нашар емеді. Қанында Нв көрсеткіші төмен, пісіп жетілмеген эритроциттер /ретикулоциттер/ болады.

Сарғайған түрі 88 %  жағдайда кездеседі: бала ерте сарғаяды /1-ші тәулікте/ , бауыры және көкбауыры үлкейген, кейде геморрагиялық синдром дамиды, ОЖЖ зақымданады, биллирубин өседі, бала ұйқышыл, әлсіз, бұлшықет тонусы төмен. Биллирубиннің жоғарғы көрсеткішінде ядролық сарғаю дамиды. Ол желке бұлшықеттерінің тартылуымен, тырысулармен, үлкен еңбектің көтерілуімен сипатталады. Баланың дауысы ащы, ыстығы көтеріледі, жүрек соғысы, тыныс алуы бұзылады. Зәрінің түсі қоюланады, нәжістің түсі өзгермейді.

Ісіктік формасы