ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 18.01.2024
Просмотров: 2313
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
-
Оқыту ортасы қандай болды?
Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба?
Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?
Қорытынды бағалау. Ең жақсы өткен екі жағдай не?
Қандай екі жағдай сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді?
Осы сабақтың барысында менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай мәліметтер немесе сыныптағы жекелеген оқушылар туралы ақпарат алдым?
-
Сабақтың тақырыбы
Нағыз өнер – қолөнер. (2-тоқсан, 3-тарау)
34-сабақ
Дағды
Оқылым
Оқыту мақсаттары
4.3.2.1 Бейтаныс сөздер кездесетін шағын мәтіндегі негізгі ойды түсіну
4.5.1.2 Көптік/тәуелдік/септік/жіктік жалғаулы сөздерді ауызша/жазбаша тілде қолдану
Лексикалық минимум
Құмыра, қоржын, былғары
Алдыңғы білім
Қаладан келеміз
Пәнаралық байланыс
Технология
Сабақтың барысы
С.кезеңі
Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері
уақыты
Қар.қат
Оқыту ресурстары
Кіріспе
Осы сабақты бастарда мұғалім оқушылардың барлығын ортаға шақырып, олардың қолдарына оқулықта көрсетілген бұйымдардың суретін ұстатады. Оқушыларды шеңберге тұрғызып, бір оқушымен бірге шеңбер ортасына тұрады. Оқушылардан 1–5-ке дейін көзін жұмып санаған кезде орын ауыстыруларын сұрайды. Көзін ашып, қандай суреттердің орны ауысқандығын сұрайды. Осылайша оқушылар осы сабақта үйренетін жаңа сөздерін оңай ойын арқылы үйреніп алады. Егер оқушылардың қабілеті өте төмен болып жатса, тақырыпқа сай оқушылардың білетін суреттерін ғана таңдап, ойынға қолдануға болады. Ал таныс емес сөздерге арнайы уақыт бөліп, таныстыру және
жаттықтыру жұмыстарын жүргізуіне болады.
5 мин
Мұғалім-сынып
Суреттер Оқулық
Сөйлемнің шаблон-
дары, қима қағаздар
-
«Сөйлесейік» айдары оқушыларды сабаққа қатысты жаңа сөздерді ойын арқылы аңғарусыз меңгерту мақсатында жүргізіледі. Оқушыларға бірнеше жаңа сөздерге қатысты суреттер көрсетіледі. «Суретті сөздік» арқылы оқушылар жаңа сөздерді меңгеріп сөз тіркестерін, сөйлемдер құрастырады. Алдыңғы тапсырмадан үйренген ойынын ойнатуға да болады. Әрине мүмкіндік болып жатса дорбаға салып, оларды сипап сезу арқылы ажыратып айту сынды тапсырмаларды қосымша орындатуға болады.
«Қарапайым анықтама беру, сөйлем құру» әдісімен жаңа сөз мағынасы түсіндіріледі. Мысалы, «Былғары» деген сөзді меңгерту керек болса,
«Былғары – малдың жұмсақ иленген терісі» деп түсіндіріп, әрі қарай мысалдар арқылы сөйлемде қолданылуын көрсеткен дұрыс.
Қоржын неден жасалған? Тымақ неден жасалған? Кітап неден жасалған?
Үй неден жасалған?
5 мин
Келесі кезекте «Есте сақтайық» айдарымен жұмыс түрін жалғастыруға болады. Балалар сөздерді, зат атауларын меңгеріп алғаннан кейін олардың неден жасалғанын айта алатындай болуы үшін грамматикалық білім игертіледі. Оқулықтағы кестеге сүйеніп ереже түсіндіріледі. Осы тұста оқулықтың алғашқы бетіне қайта оралып, әр заттың неден жасалғанын талқылауға болады. Немесе алдыңғы ойналған ойын карточкаларын пайдаланып, оқушылар бір-біріне сұрақ қойып, жауап
алуын ұйымдастыру оңды болады.
8 мин
«Жаңа сөз үйренейік» айдарымен мұғалім оқушыларға «былғары»,
«құмыра», «қоржын» сөздерін жаттығу жұмыстарын ұйымдастыру арқылы меңгертеді. Оқулықтың 2-тапсырмасында берілген сұрақтардың тізімін мұғалім сынып оқушыларының мүмкіндіктеріне
орай көбейте алады.
2 мин
«Оқиық» айдарында ұсынылып отырған тапсырма оқушылардың оқылым дағдысын жетілдіруге арналған. Оқушылар жұптасып диалогті оқиды, қандай таныс сөздердің есінде қалғандығын атап айтады. Мұғалім мәтінді түсініксіз болып табылған сөздерді дер кезінде түсіндіреді.жалпы мақсатқа орай осы оқылым тапсырмасында мәтінді оқушы бүге шүгесіне дейін түсіну талап етілмейді.
8 мин
Жұптық жұмыс
Оқулық
Сурет
«Оқиық және жауап берейік» тапсырмасын орындауда оқушылар мәтінді қайталап бір рет тыңдайды. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді. Бұл тапсырма ауызша орындалады. Тапсырма оқушылардың есте сақтауын, алған білімдерін бекітуге арналған. Осы тапсырма
көлемінде оқу мақсаттары орындалады.
5 мин
Жеке жұмыс Жұптық жұм
Оқулық
1 ... 39 40 41 42 43 44 45 46 ... 139
-
Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында «Венн диаграмасы әдісін» қолдануына болады. Мұғалім оқушыларды екі топқа бөліп, мәтінді Венн диаграммасымен талдатады. Мұғалім алдын ала А4 форматындағы қағазға Венн диаграммасы сызылған сызбаны дайындап, оқушыларға таратады. Оқушылар төмендегі сұрақтар негізінде Венн диаграммасын толтырады.-
Қандай көне бұйымдарды білдің? -
Заттар неден жасалған? -
Теріден не жасайды? -
Ағаштан не жасайды? -
Торсықты неден жасайды?
Осылайша оқушылар тірек сөздерді қатыстыра отырып, сөйлем құрауды үйренеді. Оқушылар бұйымдарды сипаттауда сабақ барысында үйренген жаңа сөздерді қолданулары тиіс. Әр топ өз талдауларын ортаға шығып қорғайды. Сабаққа қатысу деңгейін оқушы өзі қалай бағалауын байқау мақсатында мұғалім «Ғажайыпжапырақтар»әдісінқолданады. Оқушыларға жасыл және түссіз жапырақтар таратады.
Жасыл түсті жапырақ – мен бүгін бәрін жақсы орындадым. Түссіз жапырақ – тапсырмаларды толық орындай алмадым.
Мұғалім жаттығуды түсіндіреді. Оқушы жапырақты таңдайды, тақтаға жапсырады.
7 мин
Сынып-мұғалім
Түрлі түсті жапырақтар
Оқушылардың тақырыпты меңгеру деңгейін тексеру
Мұғалім оқушылардың тақырыпты қаншалықты меңгергендерін міндетті түрде тексеруі керек.
Сабақтың өн бойында қалыптастырушы бағалау элементтері көрініс табуы тиіс. Мұғалімнің оқушыларды бағалауы (мадақтар сөздерін қолдануы), оқушылардың өздерін және бір-бірін
бағалаулары болуы керек. Кері байланыс орнатудың маңызы зор.
Бағалау критерийлері
1. Бейтаныс сөздер кездесетін шағын мәтіндегі негізгі ойды түсіну
3. Көптік/тәуелдік/септік/жіктік жалғаулы сөздерді ауызша/жазбаша тілде қолдану
Дескриптор:-
Қолөнер тақырыбындағы диалогты түсінеді. -
Сөйлесу барысында /-нан/-нен/-дан/-
ден/-тан/-тен қосымшаларын қолдана біледі.
Рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары қолжетімді болды ма?
Бүгін оқушылар нені үйренді?
Оқыту ортасы қандай болды?
Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба?
Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?
Сабақтың тақырыбы
Базарлық. (2-тоқсан, 3-тарау)
35-сабақ
Дағды
Тыңдалым және айтылым, оқылым
-
-
Оқыту мақсаттары
4.3.4.1 Мұғалімнің қолдауымен мәтін мазмұнын және кейіпкерлердің іс- әрекетін бағалауға бағытталған сұрақтар (неліктен? Не үшін?) құрастыру және оған жауап беру
4.2.4.1 Жоспар/жазбаларын қолданып, мәтінді толық мазмұндау
Лексикалық минимум
«Кімнен?» сұрағына сәйкесінше жауап бере білуге үйрету. Ұлттық
тағамдар атаулары айтылады: ірімшік, қаймақ, құрт, тақия, қамзол, табу
Алдыңғы білім
Нағыз өнер – қолөнер
Пәнаралық байланыс
Әдебиеттік оқу
Сабақтың барысы
С.кезеңі
Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері
уақыты
Қар.қат
Оқыту ресурстары
Кіріспе
«Микрофон» әдісі арқылы алдыңғы білімге қатысты сұрақтар қойылады. Оқушылар шеңбер бойымен тұрады. Алдымен микрофонды мұғалім алып, өткен тақырыпқа қатысты бір сұрақ қояды. Жауап берген оқушы келесі оқушыға бір сұрақ қояды. Осылай ойын жалғасады. Бұл алдыңғы білімді жаңа біліммен ұштастыру мақсатында жүргізіледі.
«Жаңа сөз үйренейік» айдары оқушыларды сабаққа қатысты жаңа сөздерді меңгерту мақсатында жүргізіледі.
Сөздік жұмыс: құрт, ірімшік, қаймақ, тақия, табу-
Осы сөздердің мағыналарын түсіндіру. -
Дұрыс айтуға дағдыландыру: -
Жаңа сөздерден сөз тіркестерін құрастыру: Балқаймақ, дәмді бауырсақ, әдемі қамзол -
Сөйлемдер құрастыру.
Әжем бауырсақ пісірді. Менің әдемі қамзолым бар.-
Жана сөздерді сөздік дәптерге жазу.
(Ұ) «Ассоциация» әдісі арқылы сабақтың тақырыбын болжау.
1. Базарлық дегеніміз не?
Мұғалім ауызша комментарий береді. «Жақсы! Тамаша! Керемет!»
3 мин
Мұғалім-сынып
Суреттер Оқулық
Сөйлемнің шаблонда- ры, қима қағаздар
-
1 ... 40 41 42 43 44 45 46 47 ... 139
-
Негізгі бөлім
Оқулықта ұсынылған «Көрсетейік және айтайық» айдарымен берілген
10 мин
жұптық жұмыс
Суреттер
тапсырмада оқушылар қазақтың ұлттық бұйымдарымен, ұлттық
тағамдарымен танысады. Тапсырманы орындамас бұрын мұғалім
Оқулық
оқушылардан олардың атасы мен әжесінен қандай сыйлық алғандарын
сұрайды, білетінін сұрайды. Тапсырма оқушылардың айтылым дағдысын
дамытуға бағытталған. Оқушылар ұсынылған суреттерді қарайды, сурет
мазмұнына сай сұрақтарға жауап береді. Суреттегі іс-әрекеттер туралы
не білетіндерін сұрау. Оқушылар сұрақтарға жауап беру барысында бір-
бірімен өзара тәжірибесін бөліседі, пікір айтады. Сурет және тірек сөздер
негізінде оқиға желісін сақтай отырып мазмұндайды. Күнделікті өмірмен
байланыстыра айтуларын сұрау. Оқушылар сурет арқылы өз білгендерін
айтады.
Мысалы, мұғалім оқушыларға-
Суреттен кімдерді көріп тұрсыңдар?
-
Балалар кімнен сыйлық алып жатыр?
-
Атасы мен әжесі балаларға не сыйлады?
Осылайша оқушылар тірек сөздерді қатыстыра отырып, сөйлем құрауды үйренеді. Оқушылар бұйымдарды сипаттауда сабақ барысында үйренген жаңа сөздерді қолданулары тиіс. Әр топ өз талдауларын ортаға шығып қорғайды.
«Басбармақ» әдісі арқылы бағалау (мұғалімнің бағалауы)
«Есте сақтайық!» айдарында оқушылар кестеде берілген тірек сөздерге
6 мин
Мұғалім- сынып
Кесте
шығыс септік жалғауларының дұрыс нұсқасын жалғап айтады.
Оқушыларды мәтін бойынша қосымша сұрақтар қою арқылы септік жалғауларын дұрыс жалғап айтуға жаттықтыруға болады.
Интербел- сенді тақта
«Оқиық» айдарымен берілген мәтінді оқып, оқушылар бос орынға
7 мин
Мұғалім-сынып
қажетті қосымшаны тыңдау арқылы қойып шығады. Мәтінді тыңдау
барысында оқушылар стикерге жалғауларды жазып, тиісті оқулық
Оқулық
тұстарына жапсырып отырады. Талқылау барысында оңай түзетеді. Бұл
тапсырма 4.3.4.1*мұғалімніңқолдауыменмәтінмазмұнынжәне
кейіпкерлердіңіс-әрекетінбағалауғабағытталғансұрақтар(неліктен?
неүшін?)құрастыру жәнеоған жауапберуоқу мақсатын орындайды.
«Оқиық және жауап берейік» айдарында ұсынылып отырған тапсырма ауызша орындалады. Тақтадағы ұяшықтарда мәтін бойынша сұрақтар жазылып тұрады. Оқушылар осы сұрақтарға жауап беруі керек.-
топ.
Кемел мен Нұрәлі қайдан келді?
Балалар сыйлық пен базарлықты кімнен алды?-
топ.
Атасынан Кемел не алды? Әжесінен Нұрәлі не алды? 3-топ.
Қоржыннан қандай тамақтар шығарылды? Әкесі қымызды неден құйып ішті?
6 мин
Топтық жұмыс
Оқулық
Тақырыпқа
қатысты
суреттер,
А3 парағы,
түрлі түсті
маркерлер
-