ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 18.01.2024
Просмотров: 2287
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
-
«Сөйлесейік» айдары. Оқулықтың келесі тапсырмасын орындауда оқушылар жаңа сөздерді және қалау райын қолданып бір-бірімен сөйлеседі. Мұғалім бұл тапсырманы орындатпас бұрын оқулықта ұсынылған үш оқушының нені қалайтынын, нені армандайтынын оқушылармен бірге сөз етіп, алдағы айтылым тапсырмасына дайындайды. Мұғалімнің арнайы нұсқауымен немесе көрсеткен үлгісін басшылыққа ала отырып оқушылар оқулықта берілген кейіпкерлердің рөлін сомдап, бір-бірімен сөйлеседі. Осы орайда айтылым дағдысы негізінде 4.5.1.3оқумақсатықосымшажүзегеасады.Тапсырманы орындап аяқтағаннан кейін, оқушылардың қаншалықты диалогке қатыса алғандығы нақты мұғалім тарапынан ұсынылған критерийлер негізінде бағаланады. Бұл тұста оқушылардың бірін-бірі бағалауы оңтайлы болады. (Критерийлерге жаңа сөздерді қолдана білу, рөлге еніп сөйлеу, өз қалауын түсіндіре алу қабілеттерін таныту сынды шарттарды
көрсетуге болады).
3 мин
Оқушы-оқушы
«Ойланайық» айдарымен берілген сөздер мен сөз тіркесін жасау және сөйлем құрау жұмысына мұғалім оқушыларды жұмылдырады. Оқушылар сөздерді тірек сөзбен байланыстыра айту арқылы сөз тіркесін және сөйлем құрап үйренеді. Оқушылар алдымен құрылған сөйлемді
жеке оқиды, оны көршісімен салыстырып тексереді. Сынып болып үшінші мәрте тексереді.
5 мин
Жеке жұмыс Жұптық жұмы
Оқулық
«Жазайық» – оқулықта ұсынылған жазылым тапсырмасы оқушылардың жазылым дағдысын қалыптастыруға бағытталған. Аталмыш тапсырма оқушылар оқулықта берілген кейіпкерлердің атынан шағын мәтін құрастырып жазады. Тапсырманы күрделендіру мақсатында оқулықта берілген мәліметті үшінші жақта жаздыруға болады. Оқушылар жазылым жұмыстарын аяқтағаннан кейін бірін-бірі тексеріп, кейін өз
жұмыстарын жетілдіріп, өңдеу шаралары жүргізіледі.
7 мин
Жеке және топттық жұмыс
Оқулық
Қор. бөлім
Оқушыларға бұлттың суреті бар карточка үлестіріледі. Мұғалім бұлт суретін алып: «Бүгінгі жаңа сөздерді жазайық!» деген тапсырма береді. Оқушылардың білімі қаншалықты деңгейде қалыптасқаны бағаланады. Мұғалім бір минут уақытын қалдырып, оқушылардан өткен сабақ туралы кері байланысты «Раунд-робин» стратегиясы арқылы жазып не
айтып жауап бере алады.
3 мин
Сынып- мұғалім
Қосымша ақпарат
Бағалау критерийлері-
Анық айтылған сөзді тыңдап, қысқаша жазба (тірек сөздер) жасау және нақтылау мақсатында сұрақтар құру -
Өз бетінше шағын мәтіннен етістіктің шақ, рай формаларын ауызша\ жазбаша тілде қолдану
Дескриптор-
Тақырыпқа қатысты сұрақ құрастыра алады. -
Оқиғаның қашан болғанын түсіндіре алады.
Рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары қолжетімді болды ма?
Бүгін оқушылар нені үйренді?
Оқыту ортасы қандай болды?
Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба?
Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?
Қорытынды бағалау. Ең жақсы өткен екі жағдай не?
Қандай екі жағдай сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді?
Осы сабақтың барысында менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай мәліметтер немесе сыныптағы жекелеген оқушылар туралы ақпаратты алдым?
Сабақтың тақырыбы
Байқоңыр. (4-тоқсан, 7-тарау). 106-сабақ
Дағды
Тыңдалым және оқылым
Оқыту мақсаттары
4.1.3.1 Тыңдаған материалдың (ұзақтығы 2-2,5 мин) мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру\ сөйлемді толықтыру және түйінді тұстарын анықтау\кесте толтыру\кластер құрастыру\болжау
4.3.1.1 Белгілі бір тақырыпта сұхбаттасу барысында шағын мәліметті (4-5 сөйлем) баяндау, кері байланыс орнату, сөйлеу стилін сақтау, дауыс ырғағын келтіріп сөйлеу
Лексикалық минимум
Зымыран, серік, сынақ, кеңістік
Алдыңғы білім
Ғарышкер болғым келеді
Пәнаралық байланыс
Дүниетану
Сабақтың барысы
С.кезеңі
Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері
уақыты
Қар.қат
Оқыту ресурс- тары
Кіріспе
Алғашқы тапсырма «Сөйлесейік» деп аталады. Бұл сабаққа кіріспе болып саналады. Осы тапсырманы орындауға Бақыт деген бала жетекшілік етеді. Байқоңырға Бақытпен бірге саяхаттап, тапсырма бойынша оқушылар жұп болып жұмыстанып, көкейлеріне келген сұрақтармен бөліседі және «Байқоңыр» туралы жауап ала алады. Бұл жерде оқушылар дәптерлеріне 2 сұрақтан жаза отырып жұптасады. Сабақта басты назар оқушылардың сөйлемдердегі сөздердің орын тәртібін келтіре алулары басшылыққа алынады. Мұғалім оқушылардың құрастырған сұрақтарын тақтаға тізіп жазып, алдағы уақытта осы сұрақтардың жауабын біле алатындықтарын айтады. Бұл жаңа сабақ
алдындағы ойды жинақтап, сабаққа біртіндеп кірісу болмақ.
5 мин
Мұғалім-сынып
Оқулық
Оқушылар келесі кезекте оқулықтың «Жаңа сөз үйренейік» айдарына оқушылардың көңілін аударып, берілген жаңа сөздерді меңгертеді. Ол үшін алдымен мұғалім әрбір жаңа сөздерді жеке-жеке қайталатып, әрқайсысының мағынасына тоқталады. Оқушылар қайталай айтып әр сөзді дыбыстап әрі көзбен көру, есту арқылы дағдыланған соң ғана, тақтаға жазу арқылы да қайталап айтып
жаттығады. Мұндай жұмыс барлық сыныптың сөздерді тез жаттап алуына мүмкіндік береді.
3 мин
Топтық жұмыс
Оқулық, қосымша суреттер
Негізгі бөлім
«Жаттығайық» айдарында мұғалім оқушылардың жеке жұмыстануына мүмкіндік беріп, айтылым дағдысы арқылы жаңа сөздерді санада бекітуге жұмылдырады. Бұнда жаңа сөздерді қай сөз екенін мағынасына қарай ажырата ала білу тапсырмалары жүзеге асырылады. Жасырылған жұмбақ жауаптары арқылы нақты білімдерін бекітеді. Оқушылар қойылған сұрақтарға толық жауап береді және сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтай отырып орынды, сауатты жауап беруге машықтанады. Толық сөйлем құрап үйренеді. Бұл тұста
4.5.1.5 сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап жай және құрмалас сөйлем құрастыру оқу мақсаты қосымша және жанама жүзеге асады. Тапсырманы сәл күрделендіру мақсатымен оқушыладың өздеріне жұмбақтап сөз жасыру ойынын ойнатуға болады.
5 мин
Жеке
Айтылым дағдысы.
Түрлі
жағдаят- тарда қарым- қатынасқа түсу. (Диалог)
-
1 ... 106 107 108 109 110 111 112 113 ... 139
| «Тыңдайық» айдарында оқушылар мәтінді тыңдайды және мәтін не туралы екенін баяндайды. Және сыныпты түгел қамту, қайталау мақсатында мәтінде кездесетін өздеріне бұрыннан таныс сөздерді теріп жазу, сол сөздерге сөйлем құрау немесе сан есімдермен жұмыс жасап, деңгейлік тапсырмалар жасап жіберуге де болады. 4.1.1.1 анық айтылған сөзді тыңдап, қысқаша жазба (тірек сөздер) жасау және нақтылау мақсатында сұрақтар құру оқу мақсаты орындалады. Бұл тыңдалым тапсырмасын орындату барысында мұғалім тақтадағы сұрақтар тізіміне де назар аударып, қандай сұрақтың жауабын таба алатындықтарын болжауына немесе нақты айтуына мүмкіндік туғызады. Тыңдалыммәтіні Тыңдажәнежауапбер. Балаларөскендекімболудыармандайды?Анықта. Бақыт:Қуаныш,Айсана,сендерөскендекімболғыларыңкеледі? Айсана:Менөскендеғарышкерболғымкеледі.Алыс-жақынелдердіөзімнің ұшағыммен аралағымкеледі. Қуаныш:Алменастрономболғымкеледі.Жұлдыздарәлемінтереңбілгімкеледі. Бақыт:Иә,армандарыңорындалсын.Менөскендеғарышкерболғым келеді. Үнемі түсімде ғарыш айлағынанкемемен ғарышқа ұшып баражатамын. | 7 мин | Мұғалім-сынып | Оқулық- тағы тыңдалым және жазылым үлгісі |
«Тыңдайық және жауап берейік» айдары бойынша оқушылар қайтадан мәтінді тыңдайды. Стикер арқылы мәтін бойынша жазылған ақпараттың дұрыс-бұрысын анықтайды. Мұнда оқушылар сөйлемді толық құрып алған білімдерін тағы бір мәрте нақтылайды. Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін шатастырмай қолдана алу деңгейіне жетеді. Және осы берілген тапсырмаға ұқсас мәтін бойынша өздеріңіз жеке- жеке қандай ақпараттың дұрыс-бұрыс екенін анықтайтын тапсырмалар құрар едіңдер деген қарсы тапсырмамен қосымша жұмыстануға да болады. Ал жеңіл тапсырма ретінде айтылуы мен жазылуы қиын сөздер Байқоңыр, сынақ сөздерін жаз немесе сөйлем құра деуге де болады. Тапсырмаларды түрлендіру (грамматикаға негіздеп) әр ұстаздың еркінде. Осы орайда тапсырма 4.1.3.1 тыңдаған материалдың (ұзақтығы 2-2,5 мин) мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру\ сөйлемді толықтыру және түйінді тұстарын анықтау\кесте толтыру\кластер құрастыру\болжау оқу мақсатын жүзеге асыруға оңтайлы болып келеді. | 3 мин | Мұғалім-сынып | Тақтада- ғы не стикерде- гі ақпарат- тың мәтін бойынша дұрыс- бұрысын табады, түсінігін дәлел- дейді. | |
«Оқиық» айдарымен берілген тапсырманы алдымен мұғалім өзі мәнерлеп оқиды, оқушыларды жетелей отырып өлең мазмұнына тоқталады. Оқушылар алдыңғы сабақтардан алған білімдерін пайдалана отырып өлең жанрының өзгелерден несімен ерекшеленетінін анықтайды. Осы ретте оқушылар өлеңнің жанрына көңіл аударады. Оның өзге жанрлардан қаншалықты өзгешелігі барын ұғынады. 4.3.1.1оқумақсаты орындалады. | 5 мин | Жеке ж. Жұпт. ж. Сынып | Рөлдік ойын |
-
«Талдайық» айдарымен берілген тапсырма бойынша мұғалім өлең құрылымына, өлең жолдары мен шумақтарына, авторына тоқталып кетеді. Оқушылар алдымен өлеңді жеке оқиды, оны көршісімен кезектесе оқиды. Өлеңнің мазмұнын толық түсінгеннен кейін мұғалім оқушылардың назарын оның құрылымына аударады. Өлеңнің қанша жолдан тұратынын сұрау арқылы оның көп жағдайда төрт жолдан болатыны туралы түсінік беріледі (кей жағдайда 6 немесе 5 жолды өлеңдер болатынын үстірт айтып өтеді). Одан әрі мұғалім өлең жолдарының ұйқасқа құрылатыны туралы ақпарат беріп, көз жеткізу үшін бірлескен талдау жұмысын жүргізеді. Бұл тапсырма міндетті түрде мұғалімнің қолдауымен орындалады. Сыныптың дені аса қабілетті оқушылар болса ғана әр жолдағы буын санының ырғақ пен ұйқасқа әсері болатынын да айтып өтуге болады. (Осы тұста оқушылар жоғарғы сыныпта оқитын кезек ұйқас, шалыс ұйқас ұғымдарының бастапқы іргетасы қаланады). Осы тапсырманы орындату барысында мұғалім 4.3.1.1 оқу мақсатын оқушыларға игертеді.
«Оқиық және жауап берейік» тапсырмасы арқылы оқушылар бұған
дейін оқыған өлеңдерін басшылыққа алады. Өлеңнің өзге мәтін түрлерінен қалайша ажыратылатыны туралы сөйлеседі.
6 мин
жұптық Жұпт.ж. Сынып
Оқулық
«Ыстық орындықты» пайдалануға болады. Бұл оқушылардың өзіндік сенімділігін арттыра түсіп, тақырыпты, мәтінді, өлеңді, қайсысын болмасын жақсы меңгере алғандығына сенімділігін қалыптастырады. Ыстық орындық өтілген мәтіннің кейіпкерін сомдайтын оқушыны таңдаңыз. Сыныптың қалған бөлігі бұл «кейіпкерге» кезек бойынша
сұрақ қояды, ал ол сол кейіпкер сияқты жауап беруі керек.
4 мин
Жеке жұмыс
(4 оқушы)
Қор. бөлім
Оқушыларға карточка үлестіріледі. Мұғалім:
– Бүгінгі жаңа сабаққа қатысты сұрақтарды жазыңдар? – дейді.
Мұғалім бір минут уақытын қалдырып, оқушылардан өткен сабақ туралы кері байланыс орнатады. Оқушылардың білімі қаншалықты деңгейде қалыптасқаны бағаланады.
4 мин
Сынып- мұғалім
Қосымша ақпарат
Бағалау критерийлері-
Тыңдаған материалдың (ұзақтығы 2-2,5 мин) мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру\ сөйлемді толықтыру және түйінді тұстарын анықтау\кесте толтыру\кластер құрастыру\болжау -
Белгілі бір тақырыпта сұхбаттасу барысында шағын мәліметті (4-5 сөйлем) баяндау, кері байланыс орнату, сөйлеу стилін сақтау, дауыс ырғағын келтіріп сөйлеу
Дескриптор-
Тыңдаған материалы бойынша мәтінді толықтыра алады. -
Тақырыпқа қатысты сұқбатқа түсе алады.
Рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары қолжетімді болды ма?
Бүгін оқушылар нені үйренді?
Оқыту ортасы қандай болды?
Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба?
Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?
Қорытынды бағалау. Ең жақсы өткен екі жағдай не?
Қандай екі жағдай сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді?
Осы сабақтың барысында менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай мәліметтер немесе сыныптағы жекелеген оқушылар туралы ақпарат алдым?
-
-
Сабақтың тақырыбы
Ғарышкеме. (4-тоқсан, 7-тарау). 107-сабақ.
Дағды
Оқылым, тілдік дағды
Оқыту мақсаттары
4.3.5.1 *Қажетті ақпараттарды табу үшін түрлі дереккөздерді (сөздік, инфографика, энциклопедия, ғаламтор) қолдана білу
4.5.1.2 Көптік, тәуелдік\септік\жіктік жалғаулы сөздерді ауызш\жазбаша тілде қолдану
Лексикалық минимум
Арнайы, тар, шақырым, оралу, салмақ, жоғалту
Алдыңғы білім
Байқоңыр
Пәнаралық байланыс
Дүниетану, ғылымға кіріспе
Сабақтың барысы
С.кезеңі
Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері
уақыты
Қар.қат
Оқыту ресурс- тары
Кіріспе
Алдымен ғарыш кемесінің суретінен мозаика ретінде бірнеше
бөліктерін ұсыну, көрсету арқылы оқушылардың қызығушылығын оята сабақты ұйымдастырып, сабақ тақырыбына ойысуды мұғалім жүзеге асырады. Бұл тақырыпты тапқанға дейінгі сабаққа кіріспе болып саналады.
3 мин
Мұғалім- сынып
Тақта
Оқушылар келесі кезекте «Ойланайық» айдарында бүгінгі тақырып «Ғарыш кемесі» деп бастап, оқушылардың осыған дейінгі ғарышқа байланысты алған білімдерін естеріне түсіріп, бағамдайды, пысықтайды, дамытады және оқушылардың айтылым дағдысын қалыптастырады, алдағы оқылымға жетелейді. Тапсырманы қосымша дамыту мұғалім құзырында. Онда әртүрлі кесте, қима, сурет т.б. түрлендіре алады. Кейін оқушылар Бақыттың сұрағына жауап беріп талқылайды және осы ойларының «дұрыс» не «бұрыс» екеніне көз
жеткізу үшін мәтінмен танысады.
4 мин
Топтық жұмыс
Оқулық
Негізгі бөлім
«Оқиық және жауап берейік» айдары оқылымның оқу мақсатын жүзеге асыруға бағытталады. Алдымен оқушыларға 2 минут шолып оқуға мүмкіндік беріледі. Кейін мұғалім оқушылардың мәтіннен не түсінгендерін сұрайды. Ендігісі Бақыттың ұсынған сұрақтарын табуға бағыттап, мұғалім оқушылардың екінші мәрте сүзіп оқып шығуларын өтінеді. Немесе Бақыттың сұрақтарының бірін оқып, соған бірден мәтіннен жауап табу түрін пайдалануға болады.
Оқылым тапсырмасын орындау барысында мұғалім қосымша түсіндірме жұмысын да қатар алуына болады. Оқитын мәтіннің ішінде кездесетін салмақ, қап, түйісу сынды т.б. сөздерді көпшілік оқушылар түсінбей жатса, мұғалім кіртас немесе екі ойыншық мәшине, қаптарды сабаққа әкеліп отырып түсіндіру жұмысын жүргізе алады.
8 мин
Топтық жұмыс
Оқулық
«Анықтайық» айдарында мәтіндегі жаңа сөздерге ерекше мән беріп, оқушылардың зейінін тұрақтандыру көзделеді. Адасқан әріптерді орнына орналастыру арқылы жаңа сөздерді тап немесе сөйлем құра, сөз тіркесін жаса және сыныпты түгел қамту, қайталау мақсатында мәтінде кездесетін жаңа сөздерді мәтінен теріп жаз, сол сөздерге сөйлем құра
немесе сұрақтар қой деген негізде жұмыс жасап, деңгейлік тапсырмалар жасап жіберуге де болады.
5 мин
Мұғалім-сынып
Оқулық
-
«Жаттығайық» айдары бойынша оқушылардың үйренген жаңа сөздерін санада тұрақтандыру көзделеді. Суреттерге қарама-қарсы мәндес сөздерді әртүрлі тапсырмалармен беріп сәйкестендіреді. Тапсырманың дұрыс жауабы мынадай:
Ауыр-жеңіл, алыс-жақын, тар-кең, биік-аласа, ұзын-қысқа.
Бұл тапсырманы сынып оқушыларының қабілетінің жоғары болуына байланысты былайша тереңдетуге болады. Мысалы, мұғалім қолданған сөздерін қолданысқа еркін әрі оңай енгізу мақсатымен сөз тіркестерін құрату немесе сол сөздерді қатыстырып сөйлемдер құрату тапсырмаларын жоспарлайды. Немесе қолданысқа ұсынылған сөздер қатысқан сөйлемдер беріліп, сөйлем ішіндегі сөздерді ғана алмастырып жазу тапсырмасын ұсынуға болады.
5 мин
Мұғалім-сынып
Оқулық
«Жаттығайық» айдарымен берілген ә тапсырма бөлігі грамматикаға негізделеді және жаңа сөздерге сәйкес қосымшаларды жалғай білу дағдыларын қалыптастырады. Бұл әр жаңа сөздердің мағынасын жете танып білулерін нақтылауға үлкен септігін тигізеді. Лексикалық қормен астастырыла грамматикалық қор да қолданылып, оқушы білімдері беки түседі. Тапсырманың жауабы мынадай:
1. Ғарышқа кемемен ұштым. 2. Ғарышкерлер арнайы қапта ұйықтайды.
3. Ғарышкерлер ауада қалқып жүреді. 4. Ғарыш кемесі 4000 шақырымға тез жетеді. 5. Кеме ұшты. 6. Ғарышкер кемемен ұшты. 7. Ғарышкер ғарышқа ұшты. 8. Ғарышкерлер кемеде болды. 9. Ғарышкерлер айды көрді. 10. Ғарышкерлер ғарыштан оралды.11. Ғарышкердің кемесінде арнайы компьютер болады.
7 мин
Жеке ж. Жұптық жұмыс Сынып
Оқулық
«Есте сақтайық». Оқулықта соңғы ұсынылған тапсырма бойынша мұғалім оқушыларға «кер» қосымшасының жаңа сөз жасау қабілеті туралы түсінік береді. (Осы сабақ көлемінде ұшырасқан «ғарышкер» сөзін мысалға ала отырып, мұғалім қосымшаның мамандық ұғымын жеткізу қызметін атқаратынын айтады және мысал ретінде «қаржыгер»,
«саясаткер», «саудагер» сынды азын-аулақ сөздердің ұшырасатынынан хабар береді).
3 мин
Жұптық жұмыс Сынып
Оқулық
Қорытынды бөлім
«БББ» әдісі арқылы қорытындыланады. Бұл «Білемін. Білдім. Білгім келеді» деген үш сөз бағанына оқушылар бүгінгі сабақта нені бұдан бұрын білгенін және нені бүгін ғана игеріп танысқанын, бұдан әрі тағы осы тақырып төңірегінде нені білгісі келетінін кестеге түсіре өз ойларын білдіре алады. Мұғалім алдын ала кесте сызылған парақшаны үлестіреді, 3 минуттан кейін жинап алады. Келесі сабақта осы парақшадағы білгім келеді бөлігіне мұғалім баса назар аударып, соған
сәйкесті әзірленіп, оқушы сұранысын қанағаттандырып барып, келесі жаңа сабаққа кірісуі керек.
5 мин
Сынып-мұғалім
Қосымша ақпарат
Бағалау критерийлері бойынша
4.3.5.1 Қажетті ақпараттарды табу үшін түрлі
дереккөздерді (сөздік, инфографика, энциклопедия, ғаламтор) қолдана білу
4.5.1.2 Көптік, тәуелдік\септік\жіктік жалғаулы сөздерді ауызш\жазбаша тілде қолдану
Дескриптор-
Мағынасы қарама-қарсы сөздің мағынасын сөздіктен тауып біледі. -
Қосымшаларды дұрыс жалғайды.
Рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары қолжетімді болды ма?
Бүгін оқушылар нені үйренді?
Оқыту ортасы қандай болды?
Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба?
-
-
Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?
Қорытынды бағалау. Ең жақсы өткен екі жағдай не?
Қандай екі жағдай сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді?
Осы сабақтың барысында менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай мәліметтер немесе сыныптағы жекелеген оқушылар туралы ақпарат алдым?
1 ... 108 109 110 111 112 113 114 115 ... 139