ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 18.01.2024
Просмотров: 2281
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
-
Рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары қолжетімді болды ма?
Бүгін оқушылар нені үйренді?
Оқыту ортасы қандай болды?
Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба?
Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?
Қорытынды бағалау. Ең жақсы өткен екі жағдай не?
Қандай екі жағдай сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді?
Осы сабақтың барысында менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай мәліметтер немесе сыныптағы жекелеген оқушылар туралы ақпарат алдым?
1 ... 110 111 112 113 114 115 116 117 ... 139
-
Сабақтың тақырыбы
Талғат Мұсабаев. (4-тоқсан, 7-тарау). 110-сабақ
Дағды
Оқылым және айтылым
Оқыту мақсаттары
4.2.3.1 Белгілі бір тақырыпта сұхбаттасу барысында шағын мәліметті (4-5 сөйлем) баяндау, кері байланыс орнату, сөйлеу стилін сақтау, дауыс ырғағын келтіріп сөйлеу
4.2.1.1 Берілген сөздерге қарама-қарсы мағыналы, мағыналас сөздерді табу және сөйлеу барысында қолдану
4.3.1.1 *Мәтінді іштей түсініп және қажетті ақпаратты тауып/шолып/белгі қойып оқу
Грамматика
Әуе, құпия, жымыңдау жаңа сөздерімен танысып, сәйкесінше,
сұрақтарына жауап бере білуге үйрету. Сөз тіркесін қолдану.
Лексикалық минимум
Әуе, құпия, жымыңдау, батыл
Алдыңғы білім
Батыр ғарышкер
Пәнаралық байланыс
дүниетану
Сабақтың барысы
С.кезеңі
Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері
уақыты
Қар.қат
Оқыту ресурс- тары
Кіріспе
«Бұл кім?» ойыны арқылы Айсананы сырттай мұғалім сипаттай бастайды. Оның портреті көрсетілмейді. Сипаттама арқылы оның Айсана екенін таптырып, бүгінгі сабақты Айсанамен бірге бастайтындарын ескертеді. Оның бүгін алғаш сапарға шығу сәті. Оған қолдау көрсетіп, ұзақ жолына серік болып, жұмбақтарына жауап беріп, жолын қысқартайық. Жолда Айсанаға жолсерік болуға дайынбыз ба? Ендеше Айсананың жұмбақтарына кезек берейік. Жұмбақты кейіпкердің өзі айтқандай етіп диктофоннан тыңдатса да болады. Ал жұмбақты осы тақырыпқа орай өздеріңіз тауып, тиісінше бере аласыздар. Тыңдалымға кірісу алдындағы оқушылардың қызығушылығын оятып, жұмбақтың шешуі бүгінгі тыңдайтын мәтінге қатысын баса айтып кетеміз.
Мысалы: көк сандығым ашылды, ішінен жібек шашылды (аспан мен жұлдыз).
2 мин
Мұғалім-сынып
Аудио- тыңда- лым
Келесі «Оқиық» айдарында оқушылардың мәнерлеп оқуы мен қатар түсініп оқуына мән беріледі. Қарамен ерекшеленген сөздер мен тіркестерінің мағынасын түсінгендерін тексеріп, оқушы ойлары бағамдалады. Өлең мазмұнына сәйкес оқушылардың да өз армандарын сұрап не себепті таңдау жасағандарын және автор ойы туралы түсіндірулеріне мүмкіндік берген дұрыс. Ұшқыш болудың ерекшелігі
неде деп ойлантып, сұрақ-жауап өткізуге болады.
3 мин
Топтық жұмыс
Ойталқы
-
Негізгі бөлім
Келесі «Ізденейік» айдарында өлеңдегі қарамен жазылған сөздердің берілген сөздердің қайсысымен мәндес болуы мүмкін екенін ажырата білуге оқушыларды жұмылдырамыз. Сөздердің мағынасын ашып мәндесін сәйкестендіреді, айтып түсіндіреді. 4.2.1.1 мақсаттары жүзеге асырылады. Бұл тұста «Сөзді тап» ойыны арқылы жаңа сөздерді қайталатуға да болады. Мыс: Тікұшақ ... қалықтап барады. (Әуеде) Аспанда жұлдыздар ... . (Жымыңдайды) Жұлдыздар бізге ... әлемдей.
(Құпия)
5 мин
Жеке
Сөздік- термен жұмыс
Келесі «Ойланайық» айдарында берілген сөздер топтамасын қай үй маңдайшасына сәйкес орналасқаны дұрыс екенін табу арқылы тағы бір мәрте оқушылардың сөз мағыналарын ажырата білу дағдысын нақтылай, бекіте түседі.
5 мин
Мұғалім
- сынып
Оқулық
«Жаттығайық» айдарында мағынасына сай тіркесті дәл қоя білуге машықтандыру көзделеді. Өйткені қазақ тілінде мәндес, мағыналас сөздер қоры көп болғанымен сөз қолданыста әрқайсысының өзіндік қолданыс орны болатынын баса ескерткен дұрыс.
3 мин
Мұғалім
-сынып
Оқулық
«Есте сақтайық!» айдарында алдыңғы айдардағы тіркес құрау әрекеттерін санада бекіту және тұрақтандыруға бағытталған тапсырма болып белгіленген. Бұл тұста дұрыс-бұрысын анықтатады.
5 мин
Жеке ж. Жұпт. ж.
Сынып
Оқулық
«Сөйлесейік» айдарында кешегі өткен тақырыптағы сан есімді қайталау қоса орындалып, сан есім арқылы мәтінге алып келу бағытталып, мәтіналды болжау көзделген. Бұл жерде тақтаға Мұсабаев портретін
іліп, ол туралы осы сандарға қатысты қандай деректерді оқушылардың біліп, байланыстыра алатындықтарына көз жеткізіледі.
7 мин
жұптық Жұпт.ж. Сынып
Портрет, санды кесте
«Оқиық» айдарында 4.3.1.1 мақсаты жүзеге асырылады. Сан есімдердің сырын түсініп, Т.Мұсабаев туралы бүгінге дейін білмеген тың деректерін түртіп қояды. Мәтінді іштей шолып, екі мәрте оқып, оқушылар өз ойларымен бөліседі.
Бүгін мен білдім
Маған қызық болды
Маған қиын болды
Мен... құрай алдым т.б. сұрақ-жауап ұйымдастыру арқылы мәтін мазмұны мен жаңа сөздердің меңгерілуін анықтай алады.
5 мин
Жеке,топтық, жұптық жұмыс
(4оқушы)
«Сұрақ құрайық» айдарында мәтінді қайталап дауыстап оқып, сұрақтарға жауап беру көзделеді. Бұнда әр оқушы мәтін бойынша толық сөйлем құрап жауап беретіндей 2 сұрақтан әзірлеп, көршісімен сұрақ- жауап ұйымдастырады. Кейін жұп болып тақтада диалог құрады.
2 мин
Жеке ж. Жұптық жұмыс
Диалог
Қор. бөлім
«Шеңбердегі доп» ойыны арқылы сағат тілімен оқушылар 1 сөйлеммен бүгінгі сабақ туралы өз ойларын ортаға салып талқылайды. Мұғалім қорытады.
3 мин
Сынып- мұғалім
«Шеңбе рдегі
доп» ойыны
Қосымша ақпарат
Бағалау критерийлері
1. Белгілі бір тақырыпта сұхбаттасу барысында
шағын мәліметті (4-5 сөйлем) баяндау, кері байланыс
Дескриптор-
Тақырыппен байланысты сұқбатқа
-
-
орнату, сөйлеу стилін сақтау, дауыс ырғағын келтіріп сөйлеу-
Берілген сөздерге қарама-қарсы мағыналы, мағыналас сөздерді табу және сөйлеу барысында қолдану -
Мәтінді іштей түсініп және қажетті ақпаратты
тауып/шолып/белгі қойып оқу
қатыса алады.-
Бір қалыпты сөйлеу мәнерін ұстанады. -
Оқыған ақпаратынан нақты ақпаратты таба біледі.
Рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары қолжетімді болды ма?
Бүгін оқушылар нені үйренді?
Оқыту ортасы қандай болды?
Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба?
Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?
Қорытынды бағалау. Ең жақсы өткен екі жағдай не?
Қандай екі жағдай сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді?
Осы сабақтың барысында менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай мәліметтер немесе сыныптағы жекелеген оқушылар туралы ақпарат алдым?
-
-
Сабақтың тақырыбы
Айдын Айымбетов. (4-тоқсан, 7-тарау)
111-сабақ
Дағды
Оқылым және айтылым
Оқыту мақсаттары
4.3.1.1 *Мәтінді іштей, түсініп және қажетті ақпаратты тауып/шолып/белгі қойып оқу
4.5.1.2 *Көптік/ тәуелдік/септік/жіктік жалғаулы сөздерді ауызша/жазбаша тілде қолдану
Лексикалық минимум
Шөп шабу, жарқырау
Алдыңғы білім
Т.Мұсабаев
Пәнаралық байланыс
Дүниетану
Сабақтың барысы
С.кезеңі
Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері
уақыты
Қар.қат
Оқыту ресурс- тары
Кіріспе
Алдымен сабаққа кіріспес бұрын тақтаға екі парақшаға «кіммен?»,
«немен?»сұрақтарын үлкейтіп жазып, бүгін осы сұрақтармен жұмыстанатынын мұғалім оқушыларға хабарлайды. Осы сұрақтар арқылы тағы бір ел мақтанышы ғарышкер ағамызбен таныспақпышымыз. Ендеше кіммен танысатын болдық, балалар?
Сыныптың бәрі: ғарышкермен
Ол ғарышқа немен ұшады? Сынып: ғарышкемесімен
2 мин
Мұғалім-сынып
Тақтада
«кім-
мен?»
«не-
мен?» сұрақта- ры
жазыл- ған
-
Мұғалім оқулықта ұсынылған «Тыңдайық» айдары арқылы Айдын Айымбетов туралы мәліметтерді пайдаланып сөйлесуге оқушыларды жетелейді. Оқушылар үшін қиын болған тұстарда өзі қолдау көрсетіп, көмектеседі.
Сызба бойынша балалар сөйлем құрайды. Айдын Айымбетов туралы мәліметтермен танысады. Бұл өткен сабақ пен жаңа сабақты ұштастыру болмақ. Осы тұста оқушылардың айтылым дағдысын дамыта түсу үшін және өткен сабақтармен байланыс орнату мақсатымен бұған дейін таныс болған ғарышкерлер туралы сұрауға болады. Не болмаса осыған дейінгі сабақтарда жете танысқан Қазақстандық ұшқыштар туралы мәлімет жазылған кестелерді салыстырып сөйлеу тапсырмасын беруге болады. Мәселен:
Ғарышкерлердің ішінде кімнің жасы үлкен?
Ғарышкерлердің қайсысы ғарышқа тұңғыш Қазақстандық болып ұшты? Әр ғарышкердің жасаған ерліктері туралы не айта аласыңдар?
Олардың туған жерлері қай аймақ (не қала)? т.б.
7 мин
Топтық жұмыс
Тірек сөздер жасау
Негізгі бөлім
«Ойланайық» айдары суретке қарап болжау арқылы жүзеге асырады. Мәтінмен таныспас бұрын сурет арқылы мәтінді сипаттап, баяндап, пікір білдіріп болжайды, сөйлем құрады. Әке мен бала арасында әңгіме не туралы өрбуі мүмкін деген сұрақ төңірегінде болжам жасайды. Әр оқушы өз ойларын, болжамдарын білдірген соң, Сол мәтін нақты сіздерді қызықтыра ма? Не туралы екенін білгілерің келе ме? деген сұрақтар
қою арқылы мұғалім оқушыларды мәтінді оқуға алып келеді.
5 мин
Жеке
Сурет- ке қарап болжау
«Оқиық» айдары 4.3.1.1 мәтінді іштей түсініп және қажетті ақпаратты тауып\шолып \белгі қойып оқу мақсаттарын жүзеге асырады. Мәтін ішінде кездескен жаңа сөздерге мән беріп, олардың мағынасы мұғалім тарапынан түсіндіріледі, сөз тіркестерін мысалға келтіру арқылы жаңа сөздің қолдану
орнын танытады.
5 мин
Мұғалім- сынып
Жаңа сөздер- мен
жұмыс
«Оқиық және жауап берейік» айдарында мәтін бойынша жұптасып сұрақтарды бірі оқып, бірі жауап береді. Сынып түгел жұмыстанып айтылым дағдысын басшылыққа алады. Сөз тіркесі мен сөйлемнің дұрыс құрылып, қолданылуына баса назар аударады. Осы тұста оқшылардың айтылым дағдысымен қатар грамматикалық білім деңгейі тереңдей түседі.
4.5.1.2сындыоқумақсаттарыменоқылыммақсаттарыұштасып,астасажүзегеасады.
3 мин
Мұғалім-сынып
«Көрсетейік және айтайық» айдарында бүгінгі кіммен?немен?сұрақтарымен жұмыс жүргізу үшін сызба пайдаланылады. Бұнда берілген үлгіден бөлек Айдын Айымбетов туралы мәлімет беретіндей фотосуреттерді де қосалқы пайдалануға болады.
5 мин
Жеке ж. Жұпт.
ж.
Айдын Айымбе товтің суреті
«Сөйлесейік» айдарында сөздерге қоса суреттерді сөйлету арқылы сөйлем құрап, сұрақтарды қайталап, екінші жағынан мәтін мазмұнын оқушы жадында тұрақтандыру көзделеді. Сонымен қатар мәтінде кездескен сан есімдерді де қайталап өте алады. «Қатесін тап» ойыны арқылы қате жауап берген оқушылар болса, соны оқушылардың өздерінің түзетуіне
мүмкіндіктер беру қарастырылады.
7 мин
жұптық Жұпт.ж.
Сынып
«Оқиық және жауап берейік» айдарында оұушылар тапсырманы оқып сұрақтарға жауап береді.