ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 18.01.2024
Просмотров: 2278
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
-
Сабақтың тақырыбы
Мен астроном боламын. 115-сабақ
Дағды
Оқылым мен айтылым
Оқыту мақсаттары
4.3.1.1 *Мәтінді іштей түсініп және қажетті ақпаратты тауып/шолып/белгі қойып оқу
4.2.3.1 * Белгілі бір тақырыпта сұхбаттасу барысында шағын мәліметті (4-5 сөйлем) баяндау, кері байланыс орнату, сөйлеу стилін сақтау, дауыс
ырғағын келтіріп сөйлеу
Лексикалық минимум
Астроном, тартылыс күші, кеңістік, ғылым, тозаң
Алдыңғы білім
Ғаламшарлар
Пәнаралық байланыс
Дүниетану
Сабақтың барысы
С.кезеңі
Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері
уақыты
Қар.қат
Оқыту ресурстары
Кіріспе
-Балалар, бүгінгі сабақты бастамас бұрын өз армандарымызбен бөлісіп көрейікші. Кім қандай маман иесі болғысы келеді екен?
Сыныпта бір оқушы ұшқыш болғысы келеді екен. Сол сияқты бүгінгі сабақта Қуаныш бізбен бірге болмақ. Өйткені оның арманы Айбардың ұшқыш болғысы келгеніндей, ол да аспан әлемін зерттей алатын астроном болғысы келеді екен. Қуаныш бұл мамандық туралы айтпас бұрын біздің ой ұшқырлығымызды байқағысы келеді. Қуаныштың бізге қояр шарты бар екен. Ендеше соған кезек берелік. Бірнеше кедергілерден тұратын шарттарға ойысып, оқушы назарын тапсырмаларға аудартады.
2 мин
Мұғалім-сынып
Тақтада адасқан әріптер топтамасы ұсынылып, осыдан Қуаныш бірнеше сөздер ойлап жасап шығулары керектігін айтады.-
Рорфпаатп -
Аотнрмс
Адасқан әріптерден сөздер құрау.
Мысалы: ара, апа, фотоаппарат, астроном
Бұл жаңа сабаққа ойысуалды тапсырмасы болмақ.
3 мин
Топтық жұмыс
Әріптері шатасқан сөз карточкала ры
-
-
Негізгі бөлім
Келесі Қуаныш шартындағы кедергі «Көрсетейік және айтайық» айдарында берілген суреттерден оқушылар не көргендерін және олардың не екендерін білгендерінше әңгімелейді. Бұл тапсырма өткен сабақпен тығыз байланысты болып келеді. Оқушылар аспан денелерінің суретінен-ақ қазақша ғаламшар атауларын айтып бере
алатын деңгейге жетуі тиіс.
5 мин
Жеке
Оқулық
«Жаңа сөз үйренейік» айдары. Мұғалім Қуаныштың оқушы жауаптарын толықтыруын, түсінік беруін өтініп, аудио не бейнежазбалар арқылы, сурет арқылы Қуанышты сөйлете, жаңа сөздер туралы түсінік береді. Оқушылар қандай сөздерді айтуға қиналуы мүмкін, сол сөздерді үйрету барысында қайталату, жаттықтыру жұмыстарын мұғалім мұқият кезең-кезеңімен жүзеге асырады. Мұғалім сыныппен бірге Қуаныш таныстырған жаңа сөздерді қайталатып, әр оқушыдан жеке-жеке ол сөздердің мағынасын, қолданысын сұрап,
санада бекіттіреді.
5 мин
Мұғалім-сынып
Аудио не бейнежазба
Қуаныштың келесі тапсырмасы мәтінмен жұмыс. «Сен білесің бе?» айдарында жаңа сөздер туралы түсініктерін мәтін арқылы кеңейтіп, тың ақпараттармен толықтыра түседі.
5 мин
Жеке ж. Жұпт. ж.
Сен
білесің бе?
Оқушылар мәтінді іштей тағы бір мәрте оқып, ішіндегі ерекшеленген жаңа сөздердің айтылуы мен жазылуына жете мән береді. Хормен қайталата айттырып, Қуаныш оқушы тілдерін жаңа сөздерге жаттықтырады (диктофон арқылы Қуаныш дауысы беріледі).
7 мин
Жеке ж. Жұпт.ж. Сынып
Аудио
«Оқиық» айдары. Қуаныштың келесі тапсырмасы берілген өлеңді мәнерлеп оқып, түсінгендігін айттыру арқылы астроном мамандығы мен арманы туралы оқушы түсінігін тереңдету болмақ. Яғнх астроном
білімін ұштап, ғылыммен шұғылданатын, жауапкершілігі мол мамандық екеніне оқушылардың көздерін жеткізу болып табылады.
5 мин
Топттық жұмыс
(4 оқушы)
Оқулық
Қуаныштың келесі шарты «Оқиық және жауап берейік» арқылы сұрақтармен танысып, өлеңді талдау жасатып, бұрынғы алған білімдерін еске түсіртіп, тапсырманы күрделендіре қайталау,
білімдерін бекітуді көздейді. Осы тұста сан есімдерді де қоса қайталап кетеді.
3 мин
Жеке ж. Жұптық жұмыс
Қайталау – білім анасы
Қорытынды бөлім
Қуаныш соңғы тапсырмада өлеңді қайталап оқытып, жедел сұрақтар арқылы бүгінгі сабақты бекітеді, нақтылайды. «Ойланайық»
айдарының тапсырмасы орындалады.
«Бағдаршам» әдісі арқылы сабақты Қуанышпен бірге бағалап қорытады.
ҚБ. Әр оқушыда бағдаршамның үш түсіне сәйкес топшамалар болады. Мұғалім оқушылардан материалды түсінгендігі немесе түсінбегендігі туралы белгіні көрсетуін сұрайды, содан кейін оқушылардың сұрақтарға жауап беруін өтінеді.
Жасыл түсті топшаманы (бәрі түсінікті) көтерген оқушыларға:-
Сендер нені түсіндіңдер?
Сары немесе қызыл түсті топшаманы көтерген оқушыларға:-
Саған не түсініксіз? – деп сұрайды.
Алынған жауаптардың қорытындысы бойынша мұғалім тақырыпты қайталап оқыту, бекіту немесе бағдарлама бойынша материалды қайта оқытуды жалғастыру туралы шешім қабылдайды.
5 мин
Сынып-мұғалім
Бағдаршам әдісі
Қосымша ақпарат
Бағалау критерийлері
1. 4.3.1.1 *Мәтінді іштей түсініп және қажетті ақпаратты
Дескриптор
-
-
тауып/шолып/белгі қойып оқу
2. 4.2.3.1 * Белгілі бір тақырыпта сұхбаттасу барысында шағын мәліметті (4-5 сөйлем) баяндау, кері байланыс орнату,
сөйлеу стилін сақтау, дауыс ырғағын келтіріп сөйлеу
-
Оқыған мәтіннің жалпы мазмұнын түсінеді. -
Тақырыпқа қатысты сұхбатқа қатыса алады.
Рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары қолжетімді болды ма?
Бүгін оқушылар нені үйренді?
Оқыту ортасы қандай болды?
Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба?
Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?
Қорытынды бағалау. Ең жақсы өткен екі жағдай не?
Қандай екі жағдай сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізуші еді?
Осы сабақтың барысында менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай мәліметтер немесе сыныптағы жекелеген оқушылар туралы ақпарат алдым?
-
-
Сабақтың тақырыбы
Ғаламшар сипаты. (4-тоқсан, 7-тарау). 116-сабақ
Дағды
оқылым мен айтылым
Оқыту мақсаттары
4.3.5.1 Қажетті ақпараттарды табу үшін түрлі дереккөздерді (сөздіктер, инфографикалар, энциклопедиялар, ғаламтор) қолдана білу
4.2.3.1 Белгілі бір тақырыпта сұхбаттасу барысында шағын мәліметті (4-5 сөйлем) баяндау, кері байланыс орнату, сөйлеу стилін сақтау, дауыс ырғағын келтіріп сөйлеу
Лексикалық минимум
Күн жүйесі, түзу
Алдыңғы білім
Мен астроном боламын
Пәнаралық айланыс
Дүниетану, математика
Сабақтың барысы
С.кезеңі
Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері
уақыты
Қар.қат
Оқыту ресурстары
Кіріспе
«Балалар, бүгін бізде сабақта Қуаныш қонақта. Ол бізге жай келмей, өзінің қызықты тапсырмаларын да бірге ала келген екен. Ол тапсырмалар сіздерді қызықтыра ма?» деген сауалмен мұғалім сабақты бастайды.
–Ендеше алғашқы тапсырмаға кіріспес бұрын бүгін сабақта алдыңғы сабақта аспанда ғаламшарлар көп болатындығын білген едік. Сол ғаламшарлардың түрлерімен танысып, олардың бір-бірінен айырмашылығын ажырата алуды және қосымшаларды дұрыс пайдалана білуге ден қоятын боламыз, – деп мұғалім сөз кезегін Қуанышқа беріп, ол тапсырмаларымен бөліседі.
5 мин
Мұғалім-сынып
Айтылым
Қуаныштың алғашқы тапсырмасы «Ойланайық» деп аталатынын және мұнда Қуаныш сөзжұмбақты плакат түрінде ұсынып, сұрақтарын көрсетеді. Оқушылар сөзжұмбақ шешу арқылы жаңа тақырыпқа енеді. Яғни ғаламшарлардың жаңа атаулары мен табу жетекші мәліметтері арқылы олардың қасиеттері мен орналасу реттерін де танып біледі. Жаңа атаулар топтамасын, ғаламшар
атауларын мұғалім оқушыларға қайталап айтқыза отырып тақтаға түсіреді.
5-7 мин
Топтық жұмыс
Оқулық
1 ... 115 116 117 118 119 120 121 122 ... 139
-
Негізгі бөлім
Қуаныш келесі тапсырмада «Көрсетейік және айтайық» айдарымен оқушыларға ғаламшар суреті берілген. Балалар оқулықты басшылыққа алып оларды атайды. Тапсырманың шарты бойынша ғаламшарларды неге ұқсататындары туралы сөз етеді. Оқушылардың өздеріне деген сенімсіздіктерінің алдын алу үшін мұғалім алдымен өзі үлгі көрсетеді. «Менің ойымша, ғаламшарлар түрлі түсті доптарға ұқсайды» немесе «сиқырлы шарларға ұқсайды» деген мысалдарды айтып, айтылым барысында оқушылардың қолдана алуы үшін тақтаға немесе көпшілік көре алатындай қабырғаға іліп қояды. Жалпы орыс сыныптарындағы оқушылар тіл үйрену бағытында түрлі тапсырмаларды орындайтындықтан, әр күнгі сабақтың жаңа сөздері бірнеше сабақ көлемінде көрнекі жерде көз алдарында болғаны жөн. Оқушылар өздеріне қажет мәліметті өздері тауып, қажеттілігіне орай
таңдап қолдануының өзі үлкен жетістік болады.
5 мин
Жеке
Оқулық
Келесі оқулықтың «Оқиық» тапсырмасы орындалады. Оқушылар алдымен мәтіннің жалпы мазмұнынан хабардар болу мақсатымен мәтінді оқиды. Демек, өздеріне танымал сөздерге сүйеніп, таныс емес сөздердің мазмұнын болжап түсіну арқылы не түсінгендері туралы ойларымен бөліседі. Мәтінді келесі кезекте оқығанда оқушыларға мұғалім қолдау көрсетіп, таныс емес сөздердің мағынасын түсіндіре оқытады. Бұл алдағы оқылымнан кейінгі тапсырманы оқушылардың еш қиындықсыз орындауына алдын ала жасалған қам болып табылады. Осы тапсырманы орындау барысында4.3.1.1оқумақсаты
игертіледі.
7 мин
Мұғалім-сынып
Оқулық
Келесі тапсырма «Оқиық және жауап берейік» айдарымен берілген. Бұл тапсырманы мұғалім ауызша да, жазбаша да орындатуына болады.
Бұл тапсырманы орындау барысында сыныптың білімін мұғалім бағамдай отырып, қосымша тапсырманың қажеттілігіне орай ұсынады.
3 мин
Жеке, жұптық жұмыс түрлері
Оқулық
Келесі «Жаттығайық» тапсырмасында оқушылар бұрыннан бар білімдерін жаңғыртып еске түсіреді. Тақырыпқа сай ұсынылған сөздерге, сәйкесінше, қосымшаларды дұрыс жалғап, өз білімдерін дәлелдеп, түсіндіреді. Тапсырманы сынып оқушыларының аса қабілетті болуына орай күрделендіре түсуге де болады. Мәселен, оқушы кез келген ғаламшар атауын атаса, қалған балалар оның нешінші тұрғанын немесе қандай ғаламшарларға жақын тұрғанын айта білу тапсырмасы ұсынылады. Айтылым барысында оқушылар
септік жалғауларды дұрыс жалғай білуге аса мән береді.
7 мин
жұптық Жұптық жұмыс
Қорыт. бөлім
«Екіжақты күнделік» стратегиясы бойынша мұғалім оқушылардың төмендегідей кестені толтырып берулерін сұрайды. Ондағы мақсат – баланың сабақтан алған әсерін білу, психологиялық ахуалын, білім
дәрежесін бағамдау.
6 мин
Сынып-мұғалім
Рефлексиялық эссе
Жаңа сабаққа дейін білгенім
Жаңа сабақтан кейін
білгенім
Қосымша ақпарат
Бағалау критерийлері
- 4.3.5.1 Қажетті ақпараттарды табу үшін түрлі дереккөздерді (сөздіктер, инфографикалар, энциклопедиялар,
Дескриптор-
Қажетті ақпаратты қосымша ресурс көздерінен іздей біледі. -
Тақырыпқа қатысты сұқбатқа қатыса алады.
-
-
ғаламтор) қолдана білу
- 4.2.3.1 Белгілі бір тақырыпта сұхбаттасу барысында шағын
мәліметті (4-5 сөйлем) баяндау, кері байланыс орнату, сөйлеу стилін сақтау, дауыс ырғағын келтіріп сөйлеу
Рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары қолжетімді болды ма?
Бүгін оқушылар нені үйренді?
Оқыту ортасы қандай болды?
Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба?
Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?
Қорытынды бағалау. Ең жақсы өткен екі жағдай не?
Қандай екі жағдай сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді?
Осы сабақтың барысында менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай мәліметтер немесе сыныптағы жекелеген оқушылар туралы ақпарат алдым?
-
Сабақтың тақырыбы
Қызылжұлдызға (Марсқа) саяхат. (4-тоқсан, 7-тарау)
117-сабақ
Дағды
тыңдалым және айтылым, грамматика
Оқыту мақсаттары
4.1.4.1 *Тыңдаған мәтін бойынша оқиғаның себеп-салдарлық байланысын (кейіпкерлер, оқиға) және негізгі ойды мұғалімнің қолдауымен анықтау
4.2.4.1 *Жоспар/жазбаларын қолданып, мәтінді толық мазмұндау
Лексикалық минимум
Шұңқыр, қатпар
Алдыңғы білім
Ғаламшарлардың сипаты
Пәнаралық байланыс
Дүниетану
Сабақтың барысы
С.кезеңі
Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері
уақыты
Қар.қат
Оқыту ресурс- тары
Кіріспе
Бүгінгі сабағымызда Бақыт пен Қуаныш көмекші болады. Олар біздерге аспан әлеміндегі ғаламшарда орналасқан ерекше жұлдыз туралы деректермен бөліспекші. Оның аты – «Қызылжұлдыз» деп аталады екен.-
Ал, балалар, кәне, ол жұлдыз неліктен Қызылжұлдыз деп аталады? -
Кім ойша елестете сипаттай алады? -
Олай болса, «Көрсетейік және айтайық» айдары бойынша мына суреттер ішінде Қызылжұлдыз қайсысы екенін тауып
көрейік.
2 мин
Мұғалім-сынып
Негізгі бөлім
Келесі «Ізденейік» айдары бойынша оқушылар берілген сұрақтар төңірегінде ғаламтордан мағлұмтаттар іздеп табуға тырысады.
Егер оқушылар белгіленген уақыт арасында татымды дерек таба алмаған жағдайда мұғалім сұрақтардың жауабын болжап айтуды ұсына алады. Әлбетте, бұл тапсырманы орындау мұғалімнің басшылығымен жүзеге асады. Тапсырманың негізгі мақсаты –
оқушыларды ғаламшар тақырыбына бойлату, алда орындалатын тыңдалым тапсырмасына оқушыларды дайындау.
3 мин
Жеке
Сұрақ- жауап.
Сөздіктер
\қосымша ақпарат- тармен
жұмыс, ғаламтор
-
1 ... 116 117 118 119 120 121 122 123 ... 139