ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 18.01.2024
Просмотров: 2275
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
-
Сабақтың тақырыбы
Оның қалауын білемін. (4-тоқсан, 7-тарау). 119-сабақ
Дағды
Жазылым
1 ... 118 119 120 121 122 123 124 125 ... 139
-
Оқыту мақсаттары
4.4.2.1 *Оқыған/аудио/бейнематериалдың мазмұнын дайын жоспар негізінде жазу
4.4.3.1 *Сөйлемнің бірыңғай мүшелерінің тыныс белгісін (үтір, қос нүкте)/қаратпа сөзден кейінгі сөйлемнің тиісті тыныс белгілерін қолдану
4.4.4.1 Каллиграфиялық нормаларға сәйкес әріптердің өзара байланысын сақтап, бір сызықта көркем жазу
Тілдік міндеттер
Тыныс белгілерді дұрыс қою, көркем жазу
Алдыңғы білім
Жетіқарақшы
Сабақтың барысы
С.кезең.і
Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері
уақыты
Қар.қат
Оқыту ресурс- тары
Кіріспе
Мұғалім оқушыларға бүгін де ерекше сабақ болатынын хабарлап, оларды оқулықтың 119-сабағын ашуларын сұрайды.
–Балалар, бүгінгі сабақ біздің күндегі достарымыз нені қалайтынын, олардың қандай жақсы қасиеттері бар екенін әңгімелейік. Сондай-ақ, бұл оқушылармен өздеріміздің де не қалайтынымыз туралы
бөлісейік, – деп мұғалім оқушыларды оқулықта берілген алғашқы тапсырманы орындауға шақырады.
2 мин
Мұғалім-сынып
Оқулық
«Анықтайық» айдарымен берілген тапсырма. Тапсырма тақтада кесте арқылы көрсетіледі және кезекпен оқушылар Айсана, Бақыт, Қуаныштар туралы осыған дейін білген-түйген мәліметтерін сәйкестендіре, кестеге стикер жапсыру арқылы көрсетеді. Оқушылар тапсырманы орындауға берілген уақыт біткен кезде өз жауаптарын көршілерімен салыстырады. Тапсырманың дұрыс жауабын білу үшін сынып болып және мұғалімнің қатысуымен тексереді. Бұл тапсырма шеңберінде осы бөлім бойынша балалардың алған білімдері қорытылады. Сол себепті осы тұста қалыптастырушы бағалауды қолданған өте орынды болады. Оқушыларға өздерін бағалау үшін ғарыш кемесі, ұшақ және мәшине суреттерінің бірін таңдап, есімдерін жазып берулері сұралады. Тапсырманы еш қиындықсыз
орындаған болса ғарыш кемесін, орташа болса ұшақты, ал өте нашар болса мәшинені таңдайды.
3 мин
Жеке, топтық жұмыс
Оқулық
Негізгі бөлім
«Сөйлесейік» айдарында оқушылар алдыңғы кестедегі мәліметтерді пайдалана отырып, үлгідегі пікір білдіру бойынша Айсана мен Бақыт, Қуаныштар туралы өз ойларымен бөлісіп, айтылым дағдыларын шыңдайды. Бұл тапсырманы күрделендіре түсу үшін сыныптағы әр оқушының қалауы не екенін де болжап айтады. Ал сол болжаудың дұрыс немесе дұрыс емес екендігін
сыныптастарын тыңдаған бала нақтылайды.
5 мин
Жеке
Оқулық
Келесі «Жазайық» айдарында оқушылар ұсынылған парақшалардағы сұрақтарға жауапты дәптерге жазып, сөйлем құрау, ойын жеткізу, сауатты, көркем жазу дағдыларын ұштайды. Алайда оқушылар жазылымға кіріспес бұрын сұрақтарды жұпта талқылап алу жұмысын ұйымдастырған жөн болады. Оқушылар бір-бірімен кеңесіп, жазылымға дайындалады. Мұндай дайындықтан кейін
оқушыларға нақты уақыт белгіленіп беріледі. Мәселен 5 минут арнауға болады.
8 мин
Жеке, жұптық ж.
Дәптер
-
Келесі кезекте «Ойлан» айдары берілген. Бұл кезеңде оқушылар өз жазба жұмысын көршісімен алмастырады да, оның жұмысын тексереді. Тексеру барысында: «Сұраққа жауап берілген бе?,
«Әріптік қателер жоқ па?» – деген критерийлер бойынша бірін-бірі тексереді. Кейін әркім өз жұмысын қайтарып алады.
3 мин
жеке
Дәптер
«Сөйлесейік» айдарында оқушылар тексерген жазба жұмыстар туралы сөйлеседі. Ондағы қателерді бір-біріне түсіндіреді. Талас туған жағдайда өзге сыныптастары мен мұғалімнің көмегіне
жүгінеді.
4 мин
сынып - мұғалім
«Ізденейік» айдарында оқушылар өздерінің жазылым жұмыстарын өңдейді, жетілдіреді, таза бетке қатесіз көшіріп жазды. Бұл жазылым тапсырмасын мұғалім өзі тексеруіне болады немесе арнайы құралмен тақтаға шығарып, сынып болып тексеруіне болады. Сыныптың ахуалына байланысты тексеру әдісі таңдалады. Егер балалардың ынтасын жоймауды ойласа, мұғалімнің өзі ғана
тексеруіне болады.
8 мин
Жеке жұмыс Жұпт. ж.
Сынып
Дәптер немесе тақта
Қор. бөлім
Бүгінгі сабақ ыстық орындықта оқушылардың өз ойын қорытумен аяқталады. Оқушылар жазылым тапсырмасының оларға қаншалықты оңай немесе қиын болғаны туралы өз ойларын айтып береді.
3 мин
Сынып- мұғалім
Қосымша ақпарат
Бағалау критерийлері-
Оқыған/аудио/бейнематериалдың мазмұнын дайын жоспар негізінде жазу -
Сөйлемнің бірыңғай мүшелерінің тыныс белгісін (үтір, қос нүкте)/қаратпа сөзден кейінгі сөйлемнің тиісті тыныс
белгілерін қолдану-
Каллиграфиялық нормаларға сәйкес әріптердің өзара байланысын сақтап, бір сызықта көркем жазу
Дескриптор-
Тыңдаған мәтінді дайын сызбаның көмегімен айтып береді. -
Сөйлемнің тыныс
белгілерін дұрыс қояды.-
Сөйлемдерді көркем жазады.
Рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары қолжетімді болды ма?
Бүгін оқушылар нені үйренді?
Оқыту ортасы қандай болды?
Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба?
Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?
Қорытынды бағалау. Ең жақсы өткен екі жағдай не?
Қандай екі жағдай сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді?
Осы сабақтың барысында менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай мәліметтер немесе сыныптағы жекелеген оқушылар туралы ақпарат алдым?
-
-
Сабақтың тақырыбы
Қайталау. (4-тоқсан, 7-тарау). 120-сабақ
Дағды
Оқылым, тыңдалым, айтылым және жазылым
Оқыту мақсаттары
4.2.1.1 Берілген сөздерге қарама-қарсы мағыналы, мағыналас сөздерді табу және сөйлеу барысында қолдану
4.2.3.1 Белгілі бір тақырыпта сұхбаттасу барысында шағын мәліметті (4-5 сөйлем) баяндау, кері байланыс орнату, сөйлеу стилін сақтау, дауыс ырғағын келтіріп сөйлеу
4.5.1.2 Көптік\тәуелдік\жіктік\ септік жалғаулы сөздерді ауызша\жазбаша қолдану
1 ... 119 120 121 122 123 124 125 126 ... 139
-
Тілдік міндеттер
Өткенді еске түсіріп, сұрақтарына жауап бере білуге үйрету.
Алдыңғы білім
105–119-сабақтар
Сабақтың барысы
С.кезеңі
Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері
уақыты
Қар.қат
Оқыту ресурстары
Кіріспе
-Балалар, біз ғарыш тақырыбында жаңа сөздерді көп меңгерген болатынбыз. Сондықтан бүгінгі сабақта сол алған білімімізді анықтау үшін сиқырлы сандықшаға кезек берейік. Байқасаңыз, бұл сандықшаның түсі қандай?
- Көк.
-Дұрыс айтасыңдар.
-Осы сандықша туралы қандай жұмбақ естеріңде қалды?
-Көк сандығым ашылды, ішінен жібек шашылды.
-Өте керемет. Жауабы не еді?
-Жұлдыз.
-Жарайсыңдар, олай болса, сиқырлы сандықша тапсырмаларына кезек берелік.
2 мин
Мұғалім-сынып
Жұмбақтар шешу
«Ғарыш тақырыбы бойынша жаңа сөздерді меңгердім» айдарындағы тапсырма.
1-тапсырма. Сандықтан бірнеше суреттер шығады, астына сурет атауын көрсетіп жазады немесе тақтада орындатып, дәптерге жаздыртуға болады.
а) Суреттің атауын жазады.
ә) Сөз бен оның түсіндірмесін сәйкестендіреді.
5 мин
Топтық жұмыс
Оқулық
Негізгі бөлім
«Қарсы мәндес сөздерді білемін» айдарында оқушылар сандықшадағы суреттерді көре отырып, оларды бір-бірінен әртүрлі белгілері мен қасиеттері арқылы ажырата алатындарын көрсетеді.
Бұл тапсырма бойынша балалар күн жүйесіндегі ғаламшарларды ажырата алатындығын дәлелдейді.
5 мин
Жеке
Оқулық
Сиқырлы сандықшаның келесі тапсырмасы «Ғаламшарлар туралыаңыз, ертегілерді білемін. Аңыз бен ертегіні ажырата аламын» депберіледі. Осы тапсырманың шартына сай оқушы өз ойын, түсінігін ортаға салуы тиіс. Мұнда мәтінді оқып, тыңдайды. Ертегі ме, аңыз
ба, соны ажырата алғанын түсіндіреді.
5 мин
Мұғалім - сынып
Оқулық
«Ай мен Күн» ертегісі арқылы диалогті және бұған дейін оларға таныс болған аңыз, ертегілер мен жанрлық ерекшеліктерді еске түсіріп қайталау және пысықтау көзделеді.
6 мин
Мұғалім
-сынып