ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 18.01.2024
Просмотров: 2282
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
-
Қор.
Қорытындыда ауызша жауап берген шығу парағын жазбаша жазып беру арқылы сабақты қорытады.
3 мин
Сынып- мұғалім
Шығу парағы
Қосымша ақпарат
Бағалау критерийлері-
Мәтінді іштей, түсініп және қажетті ақпаратты тауып/шолып/белгі қойып оқу -
Көптік/ тәуелдік/септік/жіктік жалғаулы сөздерді
ауызша/жазбаша тілде қолдану
Дескриптор-
Мәтіннен нақты ақпаратты таба алады. -
Қосымшаларды сөздерге дұрыс жалғайды.
Рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары қолжетімді болды ма?
Бүгін оқушылар нені үйренді?
Оқыту ортасы қандай болды?
Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба?
Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?
Қорытынды бағалау. Ең жақсы өткен екі жағдай не?
Қандай екі жағдай сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді?
Осы сабақтың барысында менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай мәліметтер немесе сыныптағы жекелеген оқушылар туралы ақпарат алдым?
-
1 ... 111 112 113 114 115 116 117 118 ... 139
-
Сабақтың тақырыбы
Қайталау. 112-сабақ
Дағды
Айтылым мен тыңдалым және жазылым
Оқыту мақсаттары
4.1.3.1 Тыңдаған материалдың (ұзақтығы 2-2,5 мин) мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру\сөйлемді толықтыру және түйінді тұстарын
анықтау\кесте толтыру\кластер құрастыру\болжау
4.1.5.1 Тыңдаған оқиға\ әңгіме бөліктерінің жалғасын болжау
4.4.1.1 Шағын сюжетті презентацияны комикс\буклет\коллаж\жарнама\ сөйлеммен толықтыр
Грамматика
Сынақ,марапаттады,зымыранмен,ғарышқажаңа сөздерін меңгерту.
«Қайда?Не?Немен?Кіммен?»сұрақтарына сәйкесінше жауап бере білуге үйрету.
Алдыңғы білім
Алдыңғы 1–7 сабақтарды қайталау
Пәнаралық байланыс
Ғылымға кіріспе, математика
Сабақтың барысы
С.кезеңі
Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері
уақыты
Қар.қат
Оқыту ресурс тары
-
Кіріспе
«Ғарыш тақырыбына қатысты сөздерді жаза аламын» «Бүгінгі сабақ Бақыт атты көмекші баламен бірге өтпек. Оның тапсырмаларын орындауға дайынбыз ба?» – деп мұғалім оқушылардың қызығушылығын оятады. Бұл қайталау сабақ болғандықтан, өткен сабақтардағы ғарыш тақырыбына байланысты жаңа сөздерді оқушылардың айта алатынына, жаза алатынына, сөйлемде орынды пайдалана алатындарына көз жеткізіледі. «Сурет бойынша сөйле» – сурет бойынша әріпті жалғастырып жазу қарастырылады. Онда әріптерді (қиынды түрінде де пайдалануға болады) дұрыс орналастыру арқылы сөздерді дұрыс табу керек болады. Яғни, есіне сақтау арқылы жазылым дағдысын ұштайды.
2 мин
Мұғалім-сынып
Бақыт- пен
бірге
«Үйренген жаңа сөздерді қолдана аламын» тапсырмасын орындауда оқушылар сәйкес сөзді анықтап, сұрақтарға жауап береді.
Келесі тапсырмада Бақыттың сөзжұмбағы ұсынылады. «Сөзжұмбақ» айдарында сөзжұмбақты шешу арқылы жаңа сөздермен танысып, мағынасын таниды, сөйлемде қолданысына жете мән береді. «Қайда? Не?Немен?Кіммен?» сұрақтарына сәйкесінше жауап бере білуге үйрету мақсат
етіледі.
3 мин
Топтық жұмыс
Сөз- жұм- бақ
Негізгі бөлім
«Постер құрастыра аламын» айдарында оқушылар үлгіде берілген Бақыттың постеріне қарап, өз идеясын қосады. Өз постерін құрады және әңгімелеп береді. -Қалай ойлайсыңдар, балалар, көмектесеміз бе? Ендеше кірісейік! – деп мұғалім постер қорғауға оқушыларды қызықтыра отырып жұмылдыра алады. Бұнда Бақыттың портреті мен оның ұсынысы оқушы
назарына ұсынылып, олар өз идеяларын қосады. Оқушылар идеяларымен толық бөлісіп, қабырға газетін 5 мин аралығында аяқтап қорытады.
5 мин
Жеке
«Ғарыш туралы мәтінді тыңдап түсіне аламын» айдарында оқушы мәтінді тыңдап түсінгенін қысқаша баяндап береді.
Келесі Бақыттың тапсырмасы – тыңдалым мәтінін тыңдап, көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қою. Бұл тапсырманы орындау арқылы оқушылар Бақыттың арманымен хабардар болады. Мәтін мазмұны төмендегідей
болып келеді.
Мәтіндітыңда.Сұрақтарғажауапбер.
Ғарышкердеұшқышсияқтыбатыладам.Біреуіәуедеұшақпенұшады. Енді біреуі ғарыш әлемінің құпияларын ашқысы келеді. Әрине, оларарнайы дайындалады, жаттығады. Мен де өскенде ғарышкер боламын.Жарқыраған жұлдыздар маған дажымыңдап,сәтті сапар тілейді. Менмарапаталудыойламаймын.Менүшінарманымныңорындалғанымаңыздыболмақ. Міне,Бақыттың арманыосы.
Қабыр- ға газеті
8 мин
Мұғалім-сынып
Кімді?Нені?сұрақ- тары
Келесі кезеңде оқушылар мәтінді қайталап іштей бір оқып, сұрақтарға жауап қатады. Орынды жауап беру қадағаланады. Бұнда «Көршінің
сұрағына жауап бер» ойыны ойналады. Бұл дәптерде жазылып талқылануы керек.
5 мин
Жеке ж. Жұпт. ж.
Сынып
«Көрші нің сұрағы на
жауап бер» ойыны
Келесі тапсырма алдыңғы сабақтарда үйренген жаңа сөздер легімен әзірленіп, олармен сөз тіркестерін, сәйкесінше, мәтіннен өзгеше сөйлем құрай алуларына кезек беріледі.
7 мин
Жеке ж. Жұпт.ж. Сынып
-
«Үш бу хат» жазу 3–5 мин ішінде Бақытқа бүгінгі сабақтың өтуі туралы, не қабырға газетіне көмектескендері туралы сәлемхат не хабарлама жазу ұсынылады.
5 мин
Топттық жұмыс
(4 оқушы)
«Үш бу хат»
Жазған жұмыстарын оқып, оқушылар пікірлерін ортаға салады. Жаңа сөздерді қаншалықты пайдаланғандары да ескеріледі. Ол үшін мұғалім жазба жұмысының алдында дескриптор жасап ұсынуы тиіс. Сол дескриптор талаптарына сәйкес жазылым тапсырмасы орындалады.
2 мин
Жеке ж. Жұптық жұмыс
Жазы- лым үлгісі
Қор.
«Бірауыз сөз » әдісі арқылы мұғалім оқушы пікірін тыңдап, талқылап, сабақты қорытады.
3 мин
Сынып- мұғалім
Бір- ауыз сөз әдісі
Қосымша ақпарат
Бағалау критерийлері-
Тыңдаған материалдың (ұзақтығы 2-2,5 мин) мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру\сөйлемді толықтыру және түйінді тұстарын анықтау\кесте толтыру\кластер құрастыру\болжау -
Тыңдаған оқиға\ әңгіме бөліктерінің жалғасын болжау -
Шағын сюжетті презентацияны комикс \буклет
\коллаж\жарнама\ сөйлеммен толықтыр
Дескриптор-
Кесте не сызбаны сөйлеммен толықтыра алады. -
Тыңдаған немесе оқыған мәтін жалғасын болжай алады. -
Суретті немесе сызба ақпаратын жеткізе біледі.
Рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары қолжетімді болды ма?
Бүгін оқушылар нені үйренді?
Оқыту ортасы қандай болды?
Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба?
Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?
Қорытынды бағалау. Ең жақсы өткен екі жағдай не?
Қандай екі жағдай сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді?
Осы сабақтың барысында менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай мәліметтер немесе сыныптағы жекелеген оқушылар туралы ақпарат алдым?
-
-
Сабақтың тақырыбы
Шарға ұқсас денелер. (4-тоқсан, 7-тарау). 113-сабақ
Дағды
Оқылым мен жазылым
Оқыту мақсаттары
4.3.5.1 Қажетті ақпаратты табу үшін түрлі дереккөздерді (сөздік, инфографика, энциклопедия, ғаламтор) қолдана білу
4.4.3.1 Сөйлемнің бірыңғай мүшелерінің тыныс белгісін (үтір, қос нүкте), қаратпа сөзден кейінгі сөйлемнің тиісті тыныс белгілерін қолдану
Тілдік міндеттер
Нүкте
Жаңа сөздер
ғаламшар, дөңгелек, ұқсас
Алдыңғы білім
Қайталау
Сабақтың барысы
С.кезеңі
Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері
уақыты
Қар.қат
Оқыту ресурстары
-
Кіріспе
Сабаққа кіріспес бұрын мұғалім оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында, дорбаға не қобдишаға дөңгелек пішіндес заттарды салып әкеледі. Мысалы: алма, теннис добын, апельсин, тиын, кетіргіш, домалақ жіп т.б. болуы мүмкін. Ойын шарты сол заттардың бірін оқушы таңдап, иіскемей, дәм татпай, тек қолмен сипалап, көзі байлаулы тұрған күйінде не екенін және пішінін анықтап, «дөңгелек» деген сөзді айтқызады. Сөйтіп «дөңгелек» пішінін таныта отырып мағынасын ашып, тағы қандай дөңгелек пішіндес нәрселер болатынын (3-4) оқушыларға айтқызып, таптыруға болады немесе дөңгелек пішіндес суреттерді көрсетіп, не болмаса бөлме ішінен осы пішіндес заттарды ататып, неліктен дөңгек пішінді болу керек екендігін де айттырып, оқушы санасында дөңгелексөзін жаттанды ету көзделеді.
Енді, балалар, осы дөңгелек пішіндес жерде нәрселер көп екенін білдік, ал аспан әлемінде, ғарышта не бар деп ойлайсыңдар?
2 мин
Мұғалім-сынып
«Ендеше бүгінгі сабақты Қуанышпен бірге осы пішін тәріздес шарға ұқсас денелерге арнаймыз» – деп мұғалім оқушыларды жаңа сабаққа жетелейді.
Қуаныш бізге жолда хабарлама жіберіпті. Сол хабарламамен танысып көрейікші.
-Кәне, кім оқып береді?
-Қуаныш: Балалар, мен ғаламшар туралы кітап таптым. Бұл кітапта ғаламшарлар туралы көп мәлімет берілген. Келіңдер, бірге оқиық!
Бұл оқылым алдындағы тапсырма болып табылады.
3 мин
Топтық жұмыс
Хабарлама
Негізгі бөлім
«Оқиық» айдарында оқушылар Қуаныштың ұсынысы бойынша мәтінмен 2 минут ішінде танысып шығады. Мұғалім олардан жалпы мәтін бойынша түсінгенін сұрайды және мәтінде оқушылардың өздерін қызықтырған немесе түсініксіз сөздері болса оны мұғалім түсіндіріп, талқыға салады. Бұл тапсырма 4.3.5.1 мақсатын жүзеге асыруға
мүмкіндік береді.
7 мин
Жеке
Оқулық
«Анықтайық» айдарында 4.3.5.1 қажетті ақпараттарды табу үшін түрлі дереккөздерді (сөздік, инфографика, энциклопедия, ғаламтор) қолдана білу оқу мақсатын жүзеге асыру тапсырмасы беріледі. Оқушылар мәтінді оқып болған соң, мәтіннен жаңа сөздерді теріп, таныстырып, ғаламшарлар (Жер, Шолпан, Сатурн) туралы мәлімет беріліп, сөздіктермен жұмыстанады. Мұғалім қолына глобусты ұстап тұрып:
«Бұл ғаламшар, ол екі түрлі сөзден тұрады, әлем сөзінің синонимі ғалам, олар шар пішіндес болып аспанда ұшып жүргендіктен ғаламшар деп аталады. Мәселен, жер де шар тәріздес дөңгелеп айналып тұратынына бүгін мәтін арқылы көз жеткізіп отырмыз», – дейді. Балалардың бұл ретте «ұқсас, дөңгелек» деген сөздердің мәнін жете түсінулері маңызды. Ол үшін дәл осы тұста сөздік жұмысын ұйымдастырып өткізген орынды саналады.
5 мин
Мұғалім-сынып
Оқулық, ғаламтор, сөздіктер
1 ... 112 113 114 115 116 117 118 119 ... 139
-
«Ойланайық» тапсырмасы бойынша мұғалім оқушыларға сөйлемдерді оқып, қандай мақсатта жұмсалып отырғанын анықтайды, кестеде жауапты мәтін бойынша дәлелдейді. Алдымен мұғалім қандай тапсырма орындалатынын хабарлайды, орындалу тәртібін түсіндіреді, түсінбегендеріне қайта түсіндіріп, тексереді, нақтылайды. Алғашқы сөйлемді мұғалім өзі оқып жауабын көрсетеді. Бұл сөйлемде адам белгілі бір нәрсені хабарлап тұр, сондықтан бұл сөйлем хабарлы сөйлем болып табылады, сөйлем тиянақты ойды аяқтап тұрғандықтан, сөйлем соңына нүкте белгісі қойылады деп жауапты белгілетеді де, сөйлемнің бірыңғай мүшелерінің тыныс белгісін (үтір, қос нүкте), қаратпа сөзден кейінгі сөйлемнің тиісті тыныс белгілерін қолдану мақсатын (4.4.3.1) орындайды. Мұғалім оқушылдардың нақты түсінгендеріне көз жеткізгеннен кейін оқушылардың өз беттерінше жекелей тапсырманы орындаулары сұралады. Тапсырманы орындауға нақы уақыт белгілеп, уақыт аяқталысымен бір-бірінің жауабын топта тексеруді, талқылауды ұсынады. Кейін тақтадан дұрыс жауапты көрсетіп, тапсырманың жауабын нақтылауға болады. Осы тапсырмадан
қорытынды шығара отырып, хабарлы сөйлем және оның тыныс белгісі туралы ережені пысықтайды.
3 мин
Мұғалім-сынып
Оқулық
Бұл (нүкте) тыныс белгісінің маңызын келесі «Есте сақтайық» айдарында жерлес ақынымыз Қадыр Мырза Әлидің өлеңімен түсіндіреді. Оқушы санасында ережені тұрақтандыруға күш салады.
5 мин
Жеке ж. Жұпт. ж.
Сынып
Оқулық
«Оқиық» айдарында берілген сөйлемдерді мұғалім оқушыларға кезекпен парта бойынша оқытып, нүктенің қойылу себебін, түсінігін сұрау арқылы анықтап, ережені қайталатады. Және ережені нақтылату мақсатында хабарлы сөйлем түрлеріне оқушылардың өздері өз жанынан сипаттау, пікір білдіру, хабарлау, баяндау мақсатында 3 сөйлемнен құрап түсіндірулерін де тапсырма ретінде мұғалім қосымша ұсына алады. Сонымен қатар әртүрлі карточкамен тыныс белгісіне
байланысты тапсырмалар орнындатуға да болады.
7 мин
жұптық Жұпт.ж. Сынып
Оқулық
Келесі «Көрсетейік және айтайық» айдарында суреттермен жұмысқа оқушылар жұмылдырылады. Онда оқушы көру арқылы хабарлы сөйлем құрады, көргенін сипаттайды, ойын хабарлап баяндайды, пікірін білдіреді. Бұл оқушының бүгінгі сабақты дұрыс меңгерген- меңгермегенінің айғағы болмақ. Яғни сөйлемді дұрыс құрастырып, хабарлы сөйлем жасай білуіне, дикциясын дұрыс қолдана білуіне әкеледі. Оқушы суретте көз алдында нені қалай көрсе, солай сипаттап ойын жеткізіп беруі керек.
Мұғалім уақыт қалып жатса, оқушыларға сондай-ақ өз жандарынан, өз қиялдарынан да осы суреттерге шағын 3 сөйлемнен тұратын мәтін, әңгіме, фантастикалық ой құрауларына мүмкіндік беруіне болады. Мұнда хабарлы сөйлемнің маңыздылығы мен қолданысы басты назарда болмақ.
5 мин
Жеке, топтық, жұптық жұмыс
(4 оқушы)
Айтылым