Файл: Білім беру жйесін сапалы дамыту мселесі азастан Республикасыны Білім туралы заында 1, Елбасы Н..doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.02.2024
Просмотров: 235
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
1.2 Интерактивтік оқыту әдістері туралы жалпы түсінік
Педагогикалық тәжірибеде «оқытудың белсенді әдістері мен формалары» термині ертеден қолданылып келеді. Ол оқушылардың оқ іс-әрекеті белсенділігінің жоғары деңгейіне қол жеткізетін педагогикалық технологиялар тобын біріктіреді.
Соңғы уақытта «интерактивтік оқыту» деген тағы бір термин кеңінен қолданыла бастады. Білім беру туралы заманауи ғылым педагогикалық технологиялар құру қажеттілігі туындаған сәтке де келіп жетті. Ол білім беру үрдісінде ең бастысы әр оқушының тұлғасын, оның белсенділігін дамытуды қамтамасыз етеді. Оқыту шарттарын оқушылар өз жұмысының жаңа нәтижелерін алуға ұмтылатындай және оны әрі қарай практикалық іс-әрекетінде оңтайлы қолдана алатындай құру қажет. Бүгінгі күні біздің оқушыларымызды не күтіп тұрғанын ойламасқа болмайды. Болашақта олардан таңдаған мамандығы ғана емес, сондай-ақ қазіргі технологиялар саласына да қатысты ауқымды білім қоры талап етілетіні белгілі. Бүгінде жұмыс туралы көптеген ұсыныстар аз да болса компьютерлік білімді талап етеді. Сондықтан мектеп оқушыларын оқыту барысында қазіргі ақпараттық технологиялардың мәні артып келе жатқандығын ескеру өте маңызды.
Республикамызда білім беруді ақпараттандырудың жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Осы мақсатта оқытудың дәстүрлі әдісінен басқа бірнеше жаңа педагогикалық технологиялар енгізілуде. Алайда қай оқытудың түрін алайық барлығы бірдей шығармашылық тұрғыда белгілі бір деңгейде тұлғаны дамыту. Бүгінгі оқыту жүйесінде әртүрлі жаңа технологиялар пайдалану тәжірибелерге еніп, нәтижелер беруде. Олар дамыта оқыту, саралап оқыту, сын тұрғысынан оқыту, ақпараттық технология т.с.с. Бүгінгі сөз болғалы отырған оқытудың түрі ол ақпараттық технологияның бір түрі интерактивтік оқыту.
Бүгінгі таңда педагогикалық тәжірибеде бірнеше ондаған жаңа стратегиялар, оқыту әдіс-тәсілдері, оның ішінде интерактивтік оқыту әдісі құрылды және қолданылып келеді. Қазіргі заман педагогы оқытатын пәніне қарамастан интерактивтік оқыту әдістерінің қажетті «арсеналдарын» меңгеруі және оларды оқу үрдісінде қолдана білуі тиіс.
«Интерактивті» деген сөз энциклопедиялық сөздікте көрсетілгендей, интеракция деген ұғымнан келіп шығады. Ал «интеракция» термині (ағылш. тілінен. Interaction - өзараәрекет) алғаш рет әлеуметтану және әлеуметтік психология саласында пайда болды. Ол жеке индивидтердің, топтың, жұптың өзара біріккен әрекетте бір-біріне алма кезек өтуі дегенді білдіреді.
Мұғалім мен оқушы арасындағы интеракция әрекет жүйесін 5 сатыға бөлуге болады:
-
Мақсат қою. -
Жұмысты жоспарлау -
Тапсырманы бөлу. -
Оқушылар әрекетін бақылау. -
Бағалау.
Интерактивтік оқыту – бұл білім беру үрдісін ұйымдастырудың арнайы формасы, оның мәні әрбір проблеманың жалпы, бірақ маңызды шешімін табатын оқу материалын меңгерудегі, білім, идея, іс-әрекет тәсілдерімен алмасудағы оқушылардың ортақ іс-әрекеттен тұрады.
Интерактивтік оқыту стратегиясы – педагогтың білім беру үрдісін нақты жолдардың, әдіс-тәсілдер жүйесінің көмегімен ұйымдастыруы, ол негізделеді:
-
педагог пен оқушылардың субъект-субъектілік қатынасына (паритеттік, яғни екі жаққа да тең); -
көпқырлы коммуникацияларға; -
оқушылар білімін құруға; -
өзіндік бағалау және кері байланыс орнатуға; -
оқушылардың белсенділігіне.
«Интерактивтік оқыту әдістері» категориясының мазмұнын толық ашу үшін біз дәстүрлі оқыту мен белсенді оқытуды келесі параметрлерді таңдай отырып, салыстырамыз:
-
Мақсаттары -
Оқушылар мен педагог ұстанымы -
Оқу үрдісінде коммуникацияны ұйымастыру -
Оқыту әдістері. -
Интерактивтік ықпал принциптері -
Оқытуға деген дәстүрлі және интерактивтік ықпал мақсаттарын салыстыру.
Дәстүрлі оқытудың мақсаты: оқушыларға ауқымды білім көлемін беру және меңгерту. Педагог оқушылардың өздері түсінген және дифференциялаған ақпаратты жеткізеді, қажетті дағдыларын анықтайды.Білім алушылардың міндеті – өзгелер құрған білімді толық және дәл қайта жаңғырту.
Осындай оқыту үрдісінде алынған білім саналуан оқу пәндері бойынша нақты ақпарат көлемін ұсынатын энциклопедиялық сипатқа ие болады, ол оқушы санасында әрқашан мағыналық байланыста бола бермейтін, тақырыптық блок түрінде болады.
Көптеген педагогтар өз пәнінің мазмұнын оқушылардың басқа оқу пәндерінен алған білімдерімен байланыстыру мүмкіндігінің болмау мәселесімен бетпе бет келеді. Осындай жағдайда оқушылардың оқу материалын қаншалықты терең түсінгендігіне және оны мектеп шеңберінен тыс жағдайларда қолдану мүмкіндігіне күмән туады. Осы күмәнді сейілту өте қиын, өйткені оқушы мен педагог арасындағы кері байланыс ретінде тағы да оқу материалын қайта жаңғырту үрдісі шығады.
Интерактивтік оқыту тұрғысында білім басқаша формаға ие болады. Бір жағынан, олар қоршаған әлем туралы нақты ақпаратты ұсынады. Осы ақпараттардың ерекшелігі оқушы оны педагогтан дайын жүйе түрінде емес, өзіндік белсенділігі барысында алады. Педагог оқушыларды белсендендіретін, өздері сұрап, әрекет ететіндей жағдай құруы тиіс. Осындай жағдайларда «оқушы басқа оқушылармен бірлесе отырып, туындаған проблеманы немесе кедергіні жеңу үшін білімін толықтыруға мүмкіндік беретін қабілеттерге ие болады».
Екінші жағынан, оқушылар сабақ барысында басқа оқушылармен өзара әрекеттестік барысында педагогтың жетекшілігімен өзіне, әлеуметке, жалпы әлемге деген қарым-қатынасы турасында сыннан өткен іс-әрекет тәсілдерінің жүйесін игереді, білімді іздеудің саналуан механизмдерін меңгереді. Сондықтан оқушылардың алған білімі бір мезетте олардың өз бетінше тапқан құралы болып табылады.
Демек, белсенді оқытудың мақсаты – бұл оқушылардың білімді өзі ізденіп, меңгеріп, құрастыруына педагогтың жағдай құруы. Бұл белсенді оқыту мақсатының дәстүрлі білім беру жүйесі мақсатынан принциптік тұрғыдағы айырмашылығы болып табылады.
Белсенді оқыту стратегиясында қол жеткізген мақсаттар туралы әңгімемізді нақтылау үшін педагогикалық қоғамастықта белсенді талқыланып жүрген Б. Блумның когнитивтік (танымдық) мақсаттар таксономиясын қолданамыз [16;71-б]. Егер Б. Блум құрастырған таксономияларға сүйенсек, онда білім - бұл осы иерархияның ең бірінші, ең қарапайым деңгейі. Одан әрі мақсаттардың тағы бес деңгейі жүреді, оның алғашқы үшеуі (білім, түсіну, қолдану) төменгі реттегі, ал келесі үшеуі (анализ, синтез, салыстыру) – жоғарғы реттегі мақсаттар болып табылады
Когнитивтік бағдардың жүйеленуі, Б. Блум бойынша келесі үлгіде ұсынылуы мүмкін:
-
Білім: фактілерді, қабылданған терминологияны, критерийлерді, әдіснамалық принциптер мен теорияларды енгізе отырып, арнайы ақпаратты тану, қайта жаңғырту қабілеті. -
Түсіну: кез келген хабарламаның мағынасын дәлме-дәл түсіну қабілеті. Б. Блум түсіну реттілігінің үш түрін жіктеп көрсетті:
-
аударма – баяндалған материалды қабылдау және басқа формаға (басқа сөзге, сызбаға және т.т.) ауыстыру; -
интерпретация (талау, түсіндіру) – идеяны жаңа кескін үйлесіміне қайта құру; -
экстраполяция – бұрын алынған ақпараттарды ескере отырып, бағалау және болжау[16;с.75] .
3. Қолдану: сыртқы ықпалдың нұсқауынсыз-ақ бұрын танысқан принциптерді немесе үрдістерді жаңа жағдайда қолдана білу. Мысалы, әлеуметтік-ғылыми қортындыларды жекелеген әлеуметтік проблемаларға қолдану немесе практикалық жағдайларда жаратылыстану ғылымдарының немесе математикалық принциптерді қолдану.
4. Анализ: материалды олардың қатынасын белгілей отырып және оларды ұйымдастыру моделін түсіне отырып, жекелеген құрауыштарға бөлу. Мысалы, көркем жұмыстардағы тұжырымдалмаған кемшіліктерді табу, себеп-салдарлық байланысын айқындау және формалары мен тәсілдерін тану.
5. Синтез: бөліктерді немесе элементтерді жаңа бір бүтінге біріктірудің шығармашылық үрдісі. Бұл – кәсіби эссе жазу, әлеуметтік жағдайларда қолданылатын болжамдар мен теориялар тұжырымдамасын тексеру тәсілдерін ұсыну.
6. Бағалау: идеялар, шешімдер, әдістер т.б. туралы құнды пікірлерді өңдеу процесі. Бұл бағалар сандық және сапалық болуы мүмкін, бірақ олар критерийлерді не стандарттарды қолдануға негізделуі тиіс.[16, 81]
Сонда ғана дәстүрлі оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер білім беру үрдісінде мақсаттардың алғашқы үш деңгейіне қол жеткізуге мүмкіндік береді. Оқулықтың кез келген тарауларының соңында берілген тапсырмаларды үлгі ретінде қарастырайық. Көп жағдайда осы тапсырмаларды орындау үшін оның мазмұнын қарапайым қайта жаңғыртудың өзі жетіп жатыр. Оқушылардан білімді (мақсаттың екінші және үшінші деңгейін) түсіну мен қолдануды талап ететін тапсырмалар, әдетте қандай да бір таңбамен (белгімен) белгіленеді және оны педагог әрқашан қолдана бермейді.
Интерактивтік оқыту әдістері алғашқы үш деңгейдегі мақсаттарға жетуді қамтамасыз етеді, оның үстіне дәстүрлі оқыту жүйесіндегі әдістердің тиімділігін арттыра түседі. Нәтижесінде дәстүрлі парадигмамен жұмыс жасаған педагогтар оқушыларға ақпаратты жақсы меңгерту үшін интерактивтік оқыту әдістерін жиі қолданады. Бұл жағдайда дәстүрлі білім беру үрдісін оңтайландыру туралы мәселе қозғалады. Осы мәселе өте маңызды болып табылады, өйткені мұғалімге қандай стратегиямен жұмыс жасау қажеттігін айқындауға мүмкіндік береді
Интерактивтік оқыту әдістері білім беру үрдісінде көбінесе жоғары реттіліктегі (4-6 деңгей) мақсаттарға жетуге мүмкіндік береді. Сонымен бірге осы әдістер мақсаттардың тағы бір блогынан тұрады. Осы мақсаттарды жүзеге асыру оқушылардың әлеуметтік құзыреттілігін (пікірталас, дискуссия жүргізе білуі, топта жұмыс жасау, дау-дамайды шешу,өзгелерді тыңдай білу т.т.б.) дамытуға ықпал етеді.
Интерактивтік оқыту оқу үрдісін іс жүзінде барлық оқушылар таным үрдісіне қатысатындай ұйымдастыруды көздейді. Интерактивтік тәртіппен өткізілетін сабақ құрылымы 8 сатыдан тұрады. Олардың әрқайсысын ұйымдастыру ерекшелігіне тоқталайық.
Мотивация. Мотивация құру үшін проблемалық мәселелер және тапсырмалармен қатар сахналауды, сөздіктерді, газет материалдарынан үзінді оқуды, статистикалық мәліметтерді (мысалы, бастауыш сынып оқушыларының оқу дағдысын дамытудың олардың одан әрі оқуына ықпалы туралы) тыңдауды, бір ұғымның саналуан анықтамаларын қолдануға болады.
Осы сатыны ұйымдастыруда бір себептер оқушының белсенді әрекетін оятып, қызу реакциясын туғызуы мүмкін де, ал екінші бір оқушыға онша әсер етпеуі әбден мүмкін. Сондықтан әр сабақта мотивация тәсілдерін алмастырып, оларды түрлендіру қажет.
Мақсаттарды хабарлау. Интерактивтік оқыту сабақтарының мақсаты дәстүрлі оқыту сабақтарынан ерекшеленеді. Ең алғашқы орынға оқушылардың біліміне қатысты мақсаттар қойылады: функционалдық стилдердің белгілерін атау, қазақ графикасында орын алған өзгерістерді атау, орфография, орфограмма үғымдарына түсінік беру. Содан соң біліктілікті қалыптастыруға қатысты мақсаттар қойылады: қазақ орфографиясының әрбір принципіне бағынатын жазу үлгілерін айқындау, мәтіннің стилистикалық құрамын анықтау, топтық жұмыс нәтижесін көпшілік алдына ұсыну. Үшінші орында құндылықтарды атайтын мақсаттар тұрады: орфоэпия нормаларының бірлігін сақтау қажеттілігіне деген өзіндік көзқарасын білдіру, сауатты жазудың мәні туралы өз пікірін айу, алынған білімнің практикалық мәні туралы шешім қабылдау.
Жаңа ақпараттарды ұсыну. Біздің оқытып отырған түсініктеріміз қандай да бір мөлшерде оқушыларға таныс, сондықтан осы сатыны миға шабуылдан бастау ұсынылады: «Сауаттылық сөзі қандай ассоциация туғызады?», «Қандай үғымдар орфография сөзімен байланысты?». Негізгі ойды білдіретін сөздерді тақтаға бір бағанға жазылып, номірленеді. Жұмыстың осы түрі оқушыларға таныс, бірақ шындығында әлі де түсініксіз ұғымдарды іріктеуге көмектеседі. Осы жұмысты басқаша өткізуге болады: тақтаны арғы бетіне алдын-ала негізгі, яғни кілт сөздерді жазып қояды, мысалы, орфоэпия, оның жан-жағына сөздер орналастырылады: орфоэпиялық сөздіктер, сөздерді дұрыс айту, дұрыс жазу нормалары, сөз, сөздік қателіктер. Содан соң оқушыларға кілт сөзбен байланысты ұғымдарды таңдау ұсынылады. Оқушылардың оқытылып отырған ұғымдар туралы түсініктері жеткіліксіз болса, онда бұл нұсқа тиімді.
Жаңа ақпарат Жұмыс парағымен ұсынылады, оның жоғарғы бөлігіне сұрақтар мен тапсымалар жазылады, ал төменгі бөлігіне ақпарат орналастырылады. Ақпаратты жеткізу көзі ретінде оқулықтар, сөздіктер, монографиялық мақалалар, мұғалімнің сөзі де қолданылады.
Интерактивтік жаттығулар. Интерактивтік жаттығулар ретінде шағын топтардың жұмысын тәжірибелеуге болады. Осы сатыны өткізу көптеген қиындықтар туғызады. Ауысымдық құрамдағы топтарда осы мәселелер ротация көмегімен шешіледі: белсенді топтан пассивті топқа, пассивті топта белсенді топқа ауыстырамын. Топ құрамы 5-6 адамнан артық болмауы тиіс, өйткені құрамы көп топтарда кейде барлығының сөз сөйлеуіне уақыт жетпей қалады, өзгелердің артында «жасырынып қалуға» оңай болады, оқушылардың белсенділігі төмендейді, сабаққа деген қызығушылығы жойылады. Ең дұрысы, әр топқа осы пән бойынша ақпараттану дәрежесі түрлі деңгейдегі оқушылар біріктіріледі, бұл олардың өзара бірін-бірі толықтыруына мүмкіндік береді.