Файл: Білім беру жйесін сапалы дамыту мселесі азастан Республикасыны Білім туралы заында 1, Елбасы Н..doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.02.2024

Просмотров: 239

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
танымдық іс-әрекеттің сипатына қарай түрліше қолданылуын ойластырған жөн.

  1. Қолда бар оқыту құрал-жабдықтарын тиімді пайдалану тұрғысынан

іріктелген оқыту әдісін жан-жақты бағалау да артық болмайды.

  1. Таңдап алынған оқыту әдісінің бүкіл сынып оқушыларымен, олардың әр -

сымен не топ жұмыс ұйымдастыру мүмкіндігін ойластыру да керек болады.

  1. Таңдап алынған оқыту әдісінің сыныптың дайындығының нақты

деңгейіне, балалардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне мейлінше сәйкес болуы ескерілуі тиіс.

Оқыту жұмысының нәтижелі болуы оқыту әдістерін үйлесімді етіп таңдап ала білуге байланысты 17,275б. Оқыту әдістерін қолайлы етіп таңдап алу үшін төмендегі шарттарды басшылыққа алған жөн:

  1. Әдістердің оқыту заңдылықтары мен ұстанымдарына сәйкестігі;

  2. Әдістердің дидактикалық мақсаттар мен міндеттерге сәйкестігі;

  3. Оқыту әдістерінің тақырып мазмұнына сәйкестігі;

  4. Оқыту әдістерінің оқушылардың оқу мүмкіндіктеріне (жас және дербес

ерекшеліктеріне, дайындық деңгейіне, сынып ұжымының ерекшелігіне) сәйкестігі;

  1. Әдістердің мұғалімдердің мүмкіншіліктеріне (тәжірибесі, білімі, қабілеті, жалпы білімдарлығы) сәйкестігі;

  2. Оқыту әдістерінің мектептің материалдық және техникалық базасына

сәйкестігі;

  1. Әдістердің сыртқы жағдайлардың (географиялық, өндірістік орта)

ерекшеліктеріне сәйкестігі.

Енді осы аталған өлшемдердің кейбіреуіне нақты түсінік берейік. Мәселен, оқыту әдістерінің дидактикалық мақсаттары мен міндеттеріне сәйкестігін мына 1-кестеден көруге болады.


Оқу әдістерінің оқушылардың оқу мүмкіндіктеріне сәйкестігі. Бұл жерде олардың жас және дербес ерекшеліктері еске алынады. Мысалы, бастауыш сыныптарда түсіндіріп оқыту әдісі, сауаттылыққа оқытудың аналитикалық-синтездік әдісі қолданылады, ал жоғары сыныптарда лекция, өз бетінше жұмыс істеу әдісі, лабораториялық бақылау және басқа әдістер пайдаланылады.

Сыныптағы оқушылардың білім дәрежесі, дербес қабілеті әр түрлі болады. Сондықтан оқыту үрдісінде дайындығы күшті оқушылар тапсырманы мұғалімнің бақылауымен өз бетінше орындайды, ал дайындығы нашар оқушылар тікелей мұғалімнің басшылығымен орындайды.

Оқытудың сапасы мектептің оқу-материалдық және техникалық базасына байланысты. Оқыту әдістерін және құралдарын үйлесімді пай-далануда оқу пәндерінің ерекшелігі, мектеп лабораторияларының, оқу кабинет-терінің түрлі көрнекі және техникалық құралдармен қамтамасыз етілуі ескеріледі 17,27б.

Кесте 1 - Оқыту әдістерінің дидактикалық мақсат-міндеттеріне

сәйкестік шарты


Дидактикалық мақсат

Оқыту әдістері



1. Оқушылардың жаңа білімді қабылдауы

1. Мұғалімнің сөздік әдістерімен білімді баяндауы.

2. Оқушылардың өз бетінше істейтін жұмыстары:

а) кітаппен немесе басқа әдебиеттермен жұмыс істеу;

ә) бақылау және тәжірибе.

2. Білімді, іскерлікті, дағдыны бекіту

- Материалды қайталап оқу

- Қайталау жаттығулары

- Қайталау, қорытындылау әңгімесі

3. Білімді, іскерлікті, дағдыны тексеру

- Ауызша сұрақ

- Жазбаша бақылау жұмысы

- Лабораториялық, практикалық, графикалық жұмыстар


Оқыту әдістерін таңдау ертеден-ақ дидакт-ғалымдарды толғандырып келеді. Осы мәселеге қатысты танымал ғалымдардың көзқарасын қарастырып көрелік. Ю.К.Бабанский «Оптимизация педагогического процесса» атты еңбегінде оқыту әдістерін оңтайлы таңдау мәселесіне тоқтала отырып, бірақатар сұрақтарға жауап іздеген 35.

Оқыту әдістерін оңтайлы таңдау үшін нені басшылыққа алған жөн?



Әдістерді оңтайландыру оқытуды оңтайландырудың маңызды да, ең қиын элементі болып табылады. Ол оқыту әдістерін саналы таңдауды және олардың бөлінген (не қажетті) уақыт аралығында оқу-тәрбие нәтижесін алуға мүмкіндік беретін үйлесімділігі мен ара-қатынасын қарастырады.

Қолданыстағы оқыту әдістерін («барлығынан аз-аздан» немесе «барлығынан тең», болмаса «талап етілгенін») таңдауға деген көзқарастан айырмашылығы оңтайландыру барысында оқыту әдістерінің әрқайсысы нақты дидактикалық міндеттер шеңберін шешуге бағытталады. Осы орайда басқа да міндеттерді шешуге жанама әсер етеді, бірақ бұл қандай да өзге әдістердің көмегімен шешілуі мүмкін міндеттерді көздемейді.

Оқыту әдістерін оңтайлы таңдауды жүзеге асыру және оларды тиімді үйлестіре білу үшін мұғалім педагогикадағы барлық әдістерді, олардың (таңдауға қажетті) тұтас классификациясын білуі тиіс.

Мұғалімнің әдістердің алуантүрлілігі жөнінде түсінігі қаншалықты мол болса, оның оқушылармен қарым-қатынасы соншалықты көпқырлы, ғылым негіздерінің мазмұны туралы білімі соншалықты терең де, ауқымды, оның үстіне таңдалатын әдістер кешені жанды, әрекетті, саналы, сондықтан да тиімді болады.

Осылайша, оқыту әдістерін оңтайландыру мұғалімді келесі жағдайларды ескере отырып, саналы және негізделген таңдау жасауға бағыттайды:

а) сабақ міндеті (білім беру, тәрбие, даму);

б) сабақ мазмұны;

в) материалдың күрделілік деңгейі;

г) сыныптың дайындық деңгейі;

д) оқытудағы түрлі әдістердің мүмкіндіктері, мықты және әлсіз тұстарының

салыстырмалы сипаттамасы;

е) мұғалімнің өзіндік ерекшелігі, тұлғалық мықты тұстары;

ж) оқу кабинетінің мүмкіндігі;

з) оқу уақытының болуы;

и) мектепте орнаған моральдық-психологиялық жағдайлар т.б. 35,100-101б.

Оқыту әдістерін таңдауға деген осы тектес ықпал мұғалімді жекелеген әдістерді даралаудан, нақты сабақта жетекші, басым түскен әдістерден негізсіз бас тартудан сақтандырады.

Ю.К.Бабанский нақты оқу міндетін шешуде оқыту әдісінің салыстырмалы тиімділігін есепке алу қажеттігін атап өтті. Мәселен, оқушылардың теориялық білімін қалыптастыру міндетін шешу үшін сөздік әдістер орынды болмақ. Егер танымдық сипатын ескерсек, онда теориялық білімді қалыптастыру үшін Ю.К.Бабанский мәселелі-ізденіс әдістерін ұсынады 36.

Ю.К.Бабанский оқыту әдістерін таңдауды мұғалімнің жауабын қажет ететін сұрақтардың жиынтығы ретінде ұсынады (кесте 2).

Оқыту әдістерін таңдау мәселесін В.И.Загвязинский нақтырақ қарастырған 37. Ол тәжірибеде оқыту әдістері бей-берекет таңдалатынын атап өтті. Таңдау мұғалімнің өзіндік тәжірибесінің шекарасында, «барлығынан аз-аздан» деген қағидамен анықталады. Педагогикалық негізделген әдістерді таңдауды жүзеге асыру үшін барлық оқыту әдістерінің мүмкіндіктері мен шектеулерін және нақты оқыту әдістерімен шешілетін міндеттерді білу қажет.

Кесте 2 - Оқыту әдістерін таңдау жолдары


1-сұрақ. Тақырыпты үйретуді оқушылардың өзіндік жұмысы әдісімен ұйымдастыруға бола ма?

Егер мазмұны өз бетінше оқуға қолайлы, түсінікті жеңіл; оқушылар тақырып бойынша өзіндік жұмысқа дайындалған; сабақта оқушылардың өздігінен оқуына уақыт берілсе ұйымдастыруға болады.

Егер материал күрделі болса; оқушылар оқулықпен өздігінен жұмыс жасауға дайын болмаса; сабақта оқушылардың өздігінен тақырыпты оқуына уақыт жетпесе, онда ұйымдастыруға болмайды.

Мұғалімнің таңдауы:мұғалім оқушылардың оқулықпен өзіндік жұмыс әдістерін немесе оның басшылығымен оқу жұмысы әдістерін (әңгіме, әңгімелеу, лекция) таңдайды

2-сұрақ. Осы тақырыпты оқытуды проблемалық-ізденіс әдістерімен ұйымдастыруға бола ма?

Егер материалдың күрделілігі орташа деңгейде болса; оқушылар білімді проблемалық меңгеруге дайындалған болса; сабақта проблемалық әңгіме ұйымдастыруға уақыт болса, әрине болады.

Егер материал өте күрделі; оқушылар осы тақырып бойынша проблемалық жағдай-ларды өздігінен шешу үшін білімдері жеткілікті болмаса; проблемалық әңгімеге қажетті уақыт болмаса ұйымдастырмайды.

Мұғалім таңдауы: егер, мүмкін болса, проблемалық-ізденіс әдісін ұйымдастырады, болмаса, репродуктивтік әдісті қолданады

3-сұрақ. Тақырыпты оқытуды дедуктивті әдістермен ұйымдастыруға

бола ма?

Егер оқулықтағы материал мазмұны дедуктивті баяндалса; егер баяндау логикасының дедуктивтіктілікке өзгеруі оқулықпен салыстырғанда оқушылар үшін үлкен қиындық туғызбаса, осы әдісті қолдануға болады.

Егер оқулықтағы материал мазмұны индуктивті ұсынылған болса, баяндау логикасын қайта құру тақырыпты меңгертуді қиындатса, онда бұл әдісті қолданудың қажеті жоқ.

Мұғалім таңдауы: егер мүмкін болса, дедуктивті әдісті таңдайды, болмаса – индуктивті оқытады.

4-сұрақ. Сөздік, көрнекілік, практикалық әдістерді үйлестіруге бола ма?

Негізгі міндеттер мен тақырып мазмұнының ерекшелігі мүмкіндік берсе; мұғалімнің оқу-материалдық мүмкіндігі болса, онда үйлестіруге болады.

Шешілетін міндеттер мен тақырып мазмұнының ерекшелігі әдістерді үйлестіре жүзеге асыруға мүмкіндік бермесе; қажетті құрал-жабдықтар болмаса, онда үйлесім таппайды.

Мұғалім таңдауы: мұғалім сөздік, көрнекілік және практикалық әдістердің ең дұрыс үйлесімін таңдайды.

5-сұрақ. Мектеп оқушыларының оқуын ынталандыратын және түрткі болатын қандай әдістерді қолдануға болады (ойындар, эмоционалды ынталандыру)?

Егер оқушылар қызметін белсендендіру, оқылатын материалға қызығушылығын арттыру қажет болса; тақырып мазмұны осындай әдістерді қолдануға мүмкіндік берсе; рациональды әдістерді қолдануға болады

Егер оқушыларда ерекше ынталандыру тәсілдерінсіз-ақ қызығушылық пайда болмаса; тақырып мазмұны ойындарды ұйымдастыруға мүмкіндік бермесе; бұл әдістер қолданылмайды.

Мұғалім таңдауы: мұғалім оқушылардың іс-әрекетін ынталандыратын және түрткі болатын мақсатты түрдегі әдістерді таңдайды.

6-сұрақ. Қандай бақылау және өзін-өзі бақылау әдістерін қолдану қажет?

Мұғалім таңдауы: мұғалім бақылаудың негізгі мақсатына, материал мазмұнының өзіндік ерекшелігіне қарай және лабораториялық жұмыс өткізуге арналған материалдық базаның жеткіліктілігіне қарай ауызша, жазбаша, лабораториялық бақылауды таңдайды.

7-сұрақ. Сабақ барысын түзету үшін қандай «қосымша» оқыту әдістері қолданылады?

Мұғалім таңдауы: егер сабақ жоспарлағандай өтпесе, онда мұғалім қолданып жүрген әдістерін таңдайды.



Оқыту әдістерін таңдауды жеңілдетудің екі жолы бар 16,128б:

  1. Таңдау бірліктерін ірілендіру және олардың санын оқыту әдістерін біріктіру

арқылы шектеп, алдын ала таңдалған критерийлер бойынша үлкен топтарға біріктіру. Бұл жолды Ю.К.Бабанский құрастырды.

  1. Ең ірі, тұтас дидактикалық құрылымдарға - қазіргі оқыту (әдістемелік)

жүйесіне көңіл бөлу: хабарлау, бағдарламалау, мәселелі, релаксопедттік және т.б. Бұл жолды В.И.Загвязинский ұсынды.

В.И.Загвязинскийдің пікіріне сүйеніп, оқыту типтерін таңдау факторларын ұсынайық:

1) оқыту мен тәрбиелеудің жетекші мақсаты, сондай-ақ тақырыпты, бөлімді оқытудың нақты міндеттері;

2) оқылатын материалдың сипаты, оның білім берушілік, дамытушылық мүмкіндіктері;

3) оқушылардың дайындық деңгейі, оқытылатын тақырыпқа қызығушылық дәрежесі 37,74-75б.

В.И.Загвязинский оқу материалының оқыту типіне және мүмкін болатын оқыту әдістеріне сәйкестігін (кесте 3) келтірген.
Кесте 3 - Оқу материалының оқыту типіне және мүмкін болатын оқыту әдістеріне сәйкестігі


Материал сипаты

Мүмкін болатын оқыту типтері

Мүмкін болатын оқыту әдістер

Тұтас, сипаттау-фактологиялы

Хабарлау, бағдарламалау

Ақпараттық әңгіме, мәтінмен жұмыс, оқыту бағдарламасымен жұмыс

Тұтас, логикалы-дәлелді

Хабарлау, проблемалы

Талқылап баяндау, эвристикалық әңгіме, лекция

Тұтас, образды-эмоциялы

Хабарлау, проблемалы, релаксопедтік

Сипаттау-әңгіме, проблемалы баяндау, көркем мәтінді оқу

Дискретті, сипаттау-фактологиялы

Хабарлау, бағдарламалау, догматикалық

Ақпараттық әңгіме, оқыту бағдарламасымен жұмыс, әңгімелесу.

Дискретті, логикалы-дәлелді

Хабарлау, проблемалы, бағдарламалау

Талқылап баяндау, эвристикалық әңгіме, оқыту бағдарламасымен жұмыс


Оқыту әдістерін таңдау мәселесін И.Я.Лернер білім беру мазмұнын іріктеудің теориялық тұжырымдамасының негізгі идеяларымен бірлікте шешеді.