Файл: Httpsoky m rublogorta gasyrdagy qazaqstan tarikhy zhajly derekter2016122564.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.02.2024

Просмотров: 257

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Бұл ретте «Қазақтардың жер пайдалану материалдары...» дерегін аламыз. Мұндағы статистикалық мәліметтерді арнайы маман-статистиктер өзіндік әділ-тәсілдермен жинақтап, белгілі бір жүйеге келтіріп, өңдеуден өткізіп қойған. Алайда бұл мәліметтердің шынайылығын, ондағы басты концепцияны анықтау үшін – деректің пайда болуын анықтау қажет. Өйткені, деректің пайда болуын анықтау деректің ішкі мазмұына, мақсат-міндетіне әсер еткен факторларды айқындауға көмектеседі. Ал оны тек қана осы статистикалық зерттеуді ұйымдасртыру тарихынан және сол аймақтағы, сол кезеңдегі ғылымның жалпы жағдайын білгенде ғана іске асады.

Статистикалық деректерді зерттеу үшін, ең алдымен ол статистикалық мәліметтерді жинақтау үшін құрастырылған бағдарламамен танысу қажет. Зерттеу бағдарламасы деп бақылау жүргізу кезінде жиынтықтың әрбір бөліктерінен алынуға тиісті, ғылыми негізделген белгілердің тізімін айтамыз. Оның маңызы тіркеуге жататын құбылыстардың тек өзін ғана анықтамай, сонымен бірге тіркенген бірліктерден топтастьыруға қажетті белгілерді анықтауды білдіреді. Бағдарламада көрсетілетін сұрақтар зерттеу обьектісіің түріне және статистикалық мәліметтің қолденылу аясына қарай анықталады. Осы тұста бұл бағдарламаы кім және қандай мақсатта құрастырғанын анықтап алу маңызды. Ал бұл мәліметтер кез келген статистикалық деректердің алғысөзінде немесе бағдарламасында айтылады.

Мәселен, «Қазақтардың жер пайдалану материалдары...» дерегінің 1-томына осы зерттеу жұмысының мақсаты, бағдарламасы, әдіс-тәсілі, зерттеу жұмысы кезінде туындаған қиындықтары туралы мәліметтер сақталған.

4.Ф.А.Щербина, В.Скрыплев, В.Кузнецов, П. Хворостенский басшылығымен жүргізілген экспедициясының алғысөзінде олардың ортақ мақсаты переселендерге қазақ жерін бөліп беру екені айқын көрсетілген. Қазақтың кең байтақ жерін табиғи-географиялық, шаруашылық, ру-тайпалық құрылымын зерттеу арқылы қазақтардың дәстүрлі мал шаруашылығына, көшіп қонуына қажетті жер мөлшерін анықтап, қалған жерлерді қоныс аудару қолдарына аудару болды. Сондықтан бұл экспедициялардың мақсаттары ортақ болды, яғни, Патшалық Ресейдің қазақ жерін отарлау еді.

Экспедиция бағдарламасындағы сұрақтар статистикалық формуляр деп аталатын құжаттарға көшіріледі. Формулярлардың өзі карточка, анкета, есеп беру жіне т.б. әр түрлі болды. ОЛ бағдарламаның мазмұнын және бақылау нәтижесін білдіретін құжат болып табылады.  ХIХ ғ-дың соңындағы қазақ жерлерін зерттеу экспедициясы өз бағдарламасын көптеген пікірталастар мен арнайы екі облысқа байқау (пробный) жұмыстарын жүргізгеннен кейін ғана нақтыланады.


Бұл экспедициялардың бағдарламаларына тоқталар болсақ, 1896-1903 ж. Ф. Щербина экспедициясының бағдарламасы жалпы 17 тараудан, 93 кішігірім қарастырылатын мәселелерден тұрады. Негізгі 17 тарауында: Рулық бастама; Шаруашылық ауылдардың тарихы; Жер пайдалану формасы; Мал шаруашылығы; Пішен шабу; Жер өңдеу; Бақшашылық және бау егіп өсіре; Орман және тоғайлы жерлер; Жерді малға беру (аренда); Өнеркәсіп және жалақы; Алым-салық және борышы; Қырғыз отбасының ерекшелігі; Ортақ шаруашылық істер; Сауда; Несие (кредит); Халықтың қажеттілігі; Табиғи-жаратылыс жағдайы қарастырылуы қажет еді. Мұнда экспедиция ең алдымен  рулық бастамаға егжей-текжейлі тоқталған. Онда:

-Болыстар бойынша рулар кестесін жасау:

-Қыстаулырдың құрылуы мен оларды өзара бөліп алуға рулық бастаманың ықпалы және оған байланысты ауызша аңыз-әңгімелер сақталған ба соны анықтау;

-Рулық бастаманың бірнеше шаруашылық ауылдардың бір топқа бірігіп, бір жайылымды бір-біріне хабарлап пайдалану, басқа да көшпелілерден өз мүдделерін қорғауға ықпалы бар ма екендігін анықтау;

-Рулық бастаманың некелік қатынастар арқылы дербес шаруашылық құрып немесе дербес үйдің пайда болуына себепші болуына әсерін тигізуі;

-Билеуші болыстарды, билерді, ауылдық старшындарды және т.б. сайлауда рулық қатынастардың ықпалы болды ма? Ру аралық еке алу бар ма?(5), - деген мәселелер қарастырылды.

Бұл сұраулар арнайы карточкалар, сауалнамалар, формулярларға толтырылып, барлық бағдарламадағы мәселелердің сандық көрсеткіштері жинақталды. Жинақталған мәліметтер жүйеленіп, арнайы статист мамандар анқылы есепке алынды. Осыдан кейін ғана маңызды деген мағлұматтар жинақтылып, ықшамдалып «Қазақтардың жер пайдалану материалдарында...» бірінен соң бірі томдықтар болып, баспадан шығып отырды.

Көріп отырғанымыздай, бұл экспедиция қазақ қоғамының бүкіл қырынан құнды да бай мәліметтер береді. Осы дайын бағдарлама қазақ жерін зерттеу экспедицияларына негіз болды. Оның негізінде Ақмола, Семей, Орал-Торғай, Сырдария, Жетісу облыстары зерттелді.

Мәселен, қазақ шаруашылығына қажетті жер фомасын ең алғашқы зерттну экспедицияларының басшысы Ф. А. Щербина былайша есептеп шығарды. ОЛ қазақтардың орташа отбасына біріншіден, қажетті мал басын, екіншіден, әрбір мал басына қажетті әр түрлі жайылымдардағы десятина жердің көлемін анықтап алуда, содан кейін екеуін көбейту арқылы әрбір орташа қазақ отбасына қажетті жер мөлшерін шығаруды ұйғарды.

1 орташа отбасына қажетті жер мөлшері = х*у =z;



Мұндағы х – орташа отбасына қажетті мал саны =24; у=бір бас малға 12 айда қажетті жер көлемі (десятина); Осы шыққан сандарды көбйту анқылы қажетті жер «нормасы» шығарылды.

Бұл мәліметтерді пайдалануға математикалық әдістерді жүзеге асыру қажет. Сонд ағана жүйелі, әрі нақты деректерді алуға болады және де мәліметтердің шынайылық деңгейі анықталады. Қазіргі таңда математикалық әдісті С.А. Жакишева, Г.Ә.Ерменбетова сынды зерттеушілер өз еңбектерінде сәтті қолдануда.

Зерттеуші Т.П.Волкова осы «Қазақтардың жер пайдалану материалдарының...» ақпараттық мүмкіндіктерін қарастыра отырып, бұл дерек мәліметтерінің шынайылығы мен оларды пайдалаеу әдісін жасады. Ол өзінің «Материалы по киргизкому (казакскому) землепользованию, собранные и разработаные по исследованию степных областей» атты диссертациялық жұмысында деректегі статистикалық мәліметтерге корреляциялық талдау жүргізді.  Онда екі деректегі коэффициенттерді корреляция арқылы салыстыру жүргізілді. Бұл әдісті ең алғаш рет Д.Н.Иванцов қолданып, деректену ғылымында жақсы жетістіктерге жетті.

Корреляциялық талдау корреляциялық коэффициенттердегі сандық көрсеткіштерді, олардың ішкі байланыстарын айқындауға мүмкіндік береді. Салаластырылып отынған екі деректегі корреляциялық коэффициенттердің көрсеткіштерінің шамасы бір біріне жақын болуы, бұл деректердің алған көрсеткіштерінің жақындығын көрсетеді. Осының негізінде зерттеліп отырған мәліметтердің шынайылық деңгейі анықталады.

Бұл статистикалық мәліметтрге корреляциялық талдау жасау үшін, ең алдымен мәлімет көрсеткіштерінің маңыздылығы айқындалуы қажет. Мәселен, Т.П. Волкова өз зерттнулерінде халықтың әлеуметтік-экономикалық өмірінде маңызды деген мынандай көрсеткіштерді таңдап алған: жер пайдалану және жалпы олардың саны), мал (жылқы, түйе, ірі қара, қой және ешкі саны), ауылдар саны, шаруашылықтар саны. Осы көрсеткіштерді «1893 жылдағы болыстар мен қоныстанған орындар» деп аталатын Ақмола, Семей, Тоағай облыстарына байланысты басылымдарды салыстыру үшін пайдаланған.

Осылайша есептеуіш машинаны пайдалана отырып, корреляцияның матрицасын жасады. Осы анализдің негізінде дерек мәтіметтерін екі топқа бөлуне болады: «толық шынайы емес, яғни күмән келтіретін» және «толық шынайы». Мұндағы күмән мәліметтерге жер пайдалану,әйел саны, жалпы тұрғындар саны, жылқы саны жатқызылады. Ал деректегі шынайы мәліметтерге ерлер саны, түйе саны, ірі қара саны, қой мен ешкі саны, ауыл саны, шаруашылық саны жатқызылады.   


Осы тұста сандық жағынан шынайы мәліметтер күмән келтіретін мәліметтерден көп болып тұр. Бұл деректің жалпы тұтастай шынайылығы жоғары деп қорытынды жасауға мүмкіндік береді.

ХIХ ғ. соңы ХХ ғ. басындағы қазақтың кең байтақ жерін зерттеу экспедицияларының нәтижесінде осындай көп көлемдегі статистикалық деректерді математикалық әдіс арқылы дұрыс есептеу, оның шынайылығын айқындау сол кезеңдегі қазақ қоғамының сан қырынан сапалы да құнды сандық мәліметтер беретіні хақ.

 


5. Мерзімді басылым және мерзімді басылымды зерттеудің ерекшеліктері

 

Мерзімді басылымдар – жазба дерек көздерінің маңызды түрі Қазақстан тарихының жазба деректерінің үлкен бір тобын мерзімді басылымдар құрайды. Патша жарлығы мен оның жергілікті әкімшілік органдарының шешімдерін халыққа жеткізіп отыру мақсатында 1870 жылдың 28 сәуірінен бастап, қазақ тілінде шыға бастаған алғашқы «Түркістан уәлаятының газетінен» (1870-1883) бастау алатын қазақ баспасөзі, ХХ ғасырда негізгі ақпарат құралына айналды. 5 жыл өткен соң 1888 жылдан 1 қаңтардан бастап жаңадан құрылған «Дала уәлаятының газеті» (1888-1902) жарыққа шықты.

Нақты мерзімді басылымның ерекшеліктерін жан-жақты көрсету арқылы деректанушы, нақты проблемаларды зерттеуші-тарихгыларға өз уақыттарын дұрыс пайдаланып, басылымынан қажетті мағлұмат ала білуге көмектеседі. Бұл жерде деректанушы тарихшы-зерттеушілерге жол көрсетугі міндетін атқарады, сол арқылы ғана баспасөзден объективті мағлұмат алуға болады.

Мерзімді басылымдарды – газет пен журналдар құрайды.

Газет – жиі шығып тұратын (әдетте күнделікті) мерзімді басылым түрі, оның басты міндеті – болып жатқан оқиғалар ағымы туралы мәліметтер жеткізу және түрлі ақпараттық мазмұнды материалдар жариялау.

Журнал – жиілігі аптасына бір реттен аспайтын (әдетте ай сайын шығатын) мерзімді басылым, ол кітап түрінде әр алуан саяси ғылыми, әдеби материалдармен жарық көрді. Тұңғыш журнал Францияда 1665 ж. шықты. Қазақтың тұңғыш қоғамдық-саяси және әдеби журналы «Айқап», шығарушысы – жазушы М.Сералин болды.

Газеттер мен журналдар әр түрлі белгілеріне қарай бірнеше ұсақ топтарға бөлінеді:

1) мерзіділігіне қарай (күнделікті және апталық газеттер; апталық, айлық немесе тоқсандық журналдар);

2) территориялық белгілеріне қарай (астаналық, орталық, жергілікті);

3) тіліне қарай (қазақ, орыс. Ағылшын т.б.);

4) баспасына қарай (ресми-үкіметтік, ведомстволық, жекеменшік, қоғамдық, ұйымдық т.б.)

5) цензураға қатысына қарай (жария, жасырын);

6) әлеуметтік бағытына қарай (жастар, әйелдер, балалар, студенттер т.б.);

7) мазмұнына қарай (әдеби, қоғамдық, ғылыми, стирадық т.б.).

Мерзімді басылымның ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы дамуы турады айтанда, ондағы жіктелудің жетекші екі тенденциясын байқауға болады:

а) саласына қарай: экономикалық, әкімшіл-саяси және заң, ағарту және мәдениет мәселелері бойынша, тарихи, әдеби-көркем және театралдық-музыкалық, әскери-патриоттық, сықақ және мысқыл, дәни-шіркеулік т.б. басылымдар.