Файл: Ііі блім. Азастанны жаа заман тарихы таырып 13. Xviii . 1 жартысындаЫ Аза хандыыны ішкі жне сырты саяси жадайы тест 13.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.02.2024

Просмотров: 386

Скачиваний: 5

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


ІІІ БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА ЗАМАН ТАРИХЫ
ТАҚЫРЫП № 13. XVIII Ғ. 1- ЖАРТЫСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ ІШКІ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ САЯСИ ЖАҒДАЙЫ
Тест 13.


  1. Жоңғарлардың 1640 ж. шыққан әскери және азаматтық заңдар жинағы:

    1. «Жеті жарғы».

    2. «Жасақ».

    3. «Ата жол».

    4. «Адат».

    5. «Далалық жарғы».

  1. XVIII ғ. 20-жж. жоңғарлар қазақтарға қарсы бірлескен соғыс қимылдарын жүргізуге шақырған:

    1. Қытай императоры Кансиді.

    2. Қалмақ ханы Аюкені.

    3. Ресей императоры Петр І.

    4. Иран шахын.

    5. Бұхар ханын.

  1. «Ақтабан шұбырынды» нәтижесінде қазақтардың үштен екі бөлігі қырғынға ұшырады деп мәлімдеген:

    1. М.Ж.Көпейұлы.

    2. М.Тынышбаев.

    3. Ш.Уалиханов.

    4. Ш.Құдайбердіұлы.

    5. Ә.Х.Марғұлан.

  2. Кіші жүздің Ресей империясы құрамына қабылдау туралы ұсынысын қабылдаған патша:

    1. I Петр.

    2. Анна Иоанновна.

    3. Елизавета Петровна.

    4. I Павел.

    5. I Александр

  3. Жоңғар шапқыншылығынан қатты ойрандалған өңір:

    1. Сырдария маңы.

    2. Сарыарқа.

    3. Ташкент.

    4. Жетісу.

    5. Қаратау маңы.

  4. Қазақтардан ант алуға орыс елшілігін басқарып келген Ресейдің Сыртқы істер коллегиясының тілмашы:

    1. Т.Чебуков.

    2. В.Степанов.

    3. А.И.Тевкелев.

    4. В.Н.Татищев.

    5. М.Гагарин.

  5. Топономикалық мәліметтерге қарағанда қазақ жасақтары Ордабасы тауында:

    1. Жүздік негізде ұйымдастырылды.

    2. Әскердің түрі бойынша ұйымдастырылды.

    3. Жүйесіз ұйымдастырылды.

    4. Әскердің санына қарай ұйымдастырылды.

    5. Шашыраңқы ұрыс тактикасымен ұйымдастырылды.

  6. 1723 ж. Жоңғарияның барлық күш – қуатын қазақ еліне қарсы жұмсауға мүмкіндік алуының себебі:

    1. Қазақ феодалдарының өзара қырқысы.

    2. Цин императоры Кансидың өлімі.

    3. Қоқан, Хиуа хандықтарының қазақ жеріне шабуылы.

    4. Қазақтардың қарақалпақтар мен өзбектерге қарсы күресте әлсіреуі.

    5. Цин империясының қазақ жеріне шабуылы.

  7. Әбілқайырдың Ресей құрамына кірудегі ең басты мақсаты:

    1. Қарсыластарының сағын сындыру.

    2. Мал шаруашылығын дамыту.

    3. Сауда жолдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

    4. Ресеймен сенімді байланыс орнатып,бар күшті ойраттарға қарсы жұмылдыру.

    5. Отырықшылықты дамыту.

  8. Башқұрттардың азаттық көтерілісін басуға патша үкіметі Кіші жүз жасақтарын пайдаланған жылдар:

    1. 1732-1734 жылдары.

    2. 1731-1733 жылдары.

    3. 1735-1737 жылдары.

    4. 1738-1740 жылдары.

    5. 1739-1740 жылдары.

  9. 1740 жылы Кіші Жүздің шекарасына қауіп төндірген мемлекет:

    1. Хиуа хандығы.

    2. Қытай.

    3. Жоңғария.

    4. Ресей.

    5. Парсы.

  10. Кіші жүз ханы Әбілқайырдың жұмсауымен қазақтардың Ресейге қосылуы туралы келісім жүргізген елшілер:

    1. Төлеұлы, Ақбайұлы.

    2. Қойдағұлұлы, Қоштайұлы.

    3. Ғабитұлы, Жанжігітұлы.

    4. Бөгенбай батыр, Баян батыр.

    5. Қошқарұлы, Ералыұлы.

  11. «Аңырақай шайқасы» болған жылдар:

    1. 1718-1919 жылдары.

    2. 1723-1725 жылдары.

    3. 1729-1730 жылдары.

    4. 1726-1727 жылдары.

    5. 1741-1742 жылдары.

  12. 1742 жылғы.20-мамырда Ресей Сенатының қабылдаған Жарлығы:

    1. Қазақтарды және шекаралық өңірдегі бекіністерді қорғау туралы.

    2. Қазақтарға Жайықтың оң жағалауына мал өткізуге тиым салу туралы.

    3. Орта жүзде әскери бекіністер салу туралы.

    4. Айшуақ сұлтанды Кіші Жүз ханы етіп бекіту.

    5. Орта Азия хандықтарымен керуен саудасын кеңейту жөнінде.

  13. «Қалмақ қырылған» шайқасының маңызы:

    1. Қазақ жері түбегейлі Ресейге қосылды.

    2. Жоңғарлар Іле өзенін бойлап, еліне қарай шегінді.

    3. Жетісу өңірі толық азат етілді.

    4. Орталық Азиядағы халықаралық қатынастардың түбегейлі өзгеруіне әсерін тигізді.

    5. Қазақстанның солтүстік-батыс өңірі азат етілді.

  14. Патша үкіметі қазақтардың Жайық өзеніне, Жайық қалашығына, сондай-ақ салынып жатқан бекіністерге жақын келуінің өзіне қатаң тыйым салған жыл:

    1. 1736 ж.

    2. 1738 ж.

    3. 1742 ж.

    4. 1746 ж.

    5. 1749 ж.

  15. 1710 жылы қазақ жүздерінің белгілі өкілдері бас қосып, жоңғарларға соққы берудің мүмкіндіктерін талқылаған жер:

    1. Ұлытау.

    2. Ордабасы.

    3. Күлтөбе.

    4. Түркістан.

    5. Қарақұм.

  16. 1747 жылы Нәдір шахтың өлімінен кейін Хиуа тағына отырған хан:

    1. Батыр сұлтан.

    2. Қайып сұлтан.

    3. Барақ сұлтан.

    4. Нұралы хан.

    5. Әбілқайыр.

  17. Қазақтардан ант алуға Ресейдің орыс елшілігімен бірге келген башқұрттың ықпалды старшыны әрі батыры:

    1. Шадияр Өзтемірұлы.

    2. Таймас Шайымов.

    3. Ғабдулла Амантай.

    4. Салауат Юлаев.

    5. Құл Ғалиев.

  1. 1743 жылы Орынбор қаласының негізін салушы:

    1. И.К.Кириллов.

    2. В.Н.Татищев.

    3. И.И.Неплюев.

    4. А.И.Тевкелев.

    5. В.Степанов

  2. XVII ғасырдың 40-жылдарынан бастап, Қазақ хандығына қауіп төндірген мемлекет:

    1. Қоқан.

    2. Қытай.

    3. Жоңғария.

    4. Ресей.

    5. Иран.

  3. Қалдан-Серенннің «Ақтабан шұбырындыдан» кем түспейтін шабуылы болған жылдар:

    1. 1741-1742 жж.

    2. 1729-1731 жж.

    3. 1737-1738 жж.

    4. 1746-1747 жж.

    5. 1756-1758 жж.




  1. Қазақстанға жойқын жорықтар ұйымдастырған Жоңғарияның мақсаты:

    1. Қазақ жасақтарын әлсіретіп, құрту.

    2. Қазақ елінің тәуелсіздігін жойып, ұлан-байтақ жерді өзіне қарату.

    3. Бір мезгілде қазақтармен және Ресеймен соғысу.

    4. Қазақтармен экономикалық, сауда байланыстарын орнату.

    5. Жоңғар әскерінің басымдығын көрсету.




  1. 1738 жылы Орынборда қазақ сұлтандарының съезін шақырған Орынбор комиссиясының басшысы :

    1. И.К.Кириллов.

    2. А.И.Тевкелев.

    3. И.И.Неплюев.

    4. В.Н.Татищев.

    5. В.Степанов.




  1. Жоңғарларға төтеп бере алмаған Ұлы жүздің көпшілік рулары мен Орта жүздің бірқатар рулары үдере көшті:

    1. Самарқанға.

    2. Тобыл маңына.

    3. Ходжентке.

    4. Жайық бойына.

    5. Ор бойына.




  1. Қазақстанның Ресейге қосыла бастаған уақыты:

    1. 1731 жылы.

    2. 1726 жылы.

    3. 1729 жылы.

    4. 1733 жылы.

    5. 1735 жылы.




  1. Торғайда Бұланты өзенінің жағасында біріккен қазақ жасағының қалмақтарға соққы беруі:

    1. 1718 жылы болды.

    2. 1698 жылы болды.

    3. 1713 жылы болды.

    4. 1729 жылы болды.

    5. 1726 жылы болды.

  2. 1731 жылы Әбілқайырды қолдап, Ресейдің қол астына кіруге ант берген Кіші жүз старшындарының саны:

    1. 27 старшын.

    2. 29 старшын.

    3. 24 старшын.

    4. 20 старшын.

    5. 21 старшын.




  1. 1740 ж. башқұрттардың патша үкіметіне қарсы кезекті көтерілісін басқарған:

    1. Қарасақал.

    2. Барақ.

    3. Қайып.

    4. Таймас.

    5. Нәдір.

  2. Болат ханның өлмінен кейін, аға хандыққа таласқан қазақ хандары:

    1. Әбілқайыр мен Әбілмәмбет.

    2. Сәмеке мен Әбілмәмбет.

    3. Сәмеке мен Әбілқайыр.

    4. Жолбарыс пен Қайып.

    5. Әбілқайыр мен Батыр.


ТАҚЫРЫП № 14. XVIII Ғ. 2- ЖАРТЫСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН ІШКІ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ ЖАҒДАЙЫ
Тест №14.

  1. 1761 жылы бұрынғы Жоңғария жерінде құрылған Цин империялық әкімшілік бірлестігі:

    1. Бұқтырма.

    2. Ертіс.

    3. Шыңжан.

    4. Тибет.

    5. Кашмир.

  2. Жаңа Есіл шебіндегі ең ірі бекініс – Петропавлдың негізі қаланды:

    1. 1743 жылы.

    2. 1752жылы.

    3. 1735жылы.

    4. 1761 жылы.

    5. 1720 жылы

  3. Ресей сенаты қазақтарды және шекарлылық бекіністерді қорғау жөніндегі арнайы жарлық қабылдады:

    1. 1742 жылдың 20 мамырында

    2. 1743 жылдың 20 мамырында.

    3. 1734 жылдың 21маусымында.

    4. 1743 жылдың 21 маусымында.

    5. 1741 жылдың 21 маусымында.

  4. 1799 ж. қарашада Орта жүз қазақтарын (45000 отбасын) өз иеліктеріне – Ертістің оң жағасына қайта қоныс аударуға және мал жаюларына рұқсат еткен император:

    1. IІ Екатерина.

    2. II Петр.

    3. А.Г Давыдов.

    4. I Николай.

    5. I Павел.

  5. Абылай ханның өмір сүрген жылдары:

    1. 1711-1771ж.ж.

    2. 1711-1781ж.ж.

    3. 1680-1775ж.ж.

    4. 1691-1771ж.ж.

    5. 1681-1761ж.ж

  6. 1747 жылы Демидовтар әулетінің Алтайдағы тау-кен кәсіпорындарын орыс патшаларының меншігі деп жариялаған:

    1. Анна Иоановна.

    2. І Перт.

    3. І Александр.

    4. ІІ Екатерина.

    5. Елизавета Петровна.

  7. II Екатерина Абылайды Орта жүздің ханы етіп бекітті:

    1. 1777 жылы 24-ші мамырда.

    2. 1776 жылы 24-ші мамырда.

    3. 1775 жылы 24- ші мамырда.

    4. 1774 жылы 24-ші мамырда.

    5. 1778 жылы 24-ші мамырда.

  8. 1757-60 жылдары Абылай сұлтан қазақ елінің дербестігін сақтау үшін билігін мойындаған ел:

    1. Жоңғар.

    2. Бұхар.

    3. Иран.

    4. Қытай.

    5. Қоқан.

  9. 1735 жылы Башқұртстандағы көтерілістің салдарынан Қазақстанға қашқан башқұрттардың саны:

    1. 50000.

    2. 40000.

    3. 45000.

    4. 30000.

    5. 55000.

  10. Башқұртстандағы азаттық күрес кезінде башқұрттарды талан-таражға салуға рұқсат берген Орынбор губернаторы:

    1. А.И.Тевкелев.

    2. И.И.Неплюев.

    3. П.И.Рычков.

    4. А.Г.Давыдов.

    5. В.Н.Татищев

  11. 1766 жылы ІІ Екатерина қазақ жерінде еркін сауда жүргізуге рұқсат берді:

    1. Қытайға.

    2. Қоқанға.

    3. Хиуаға.

    4. Бұқарға.

    5. Жоңғарияға.

  12. ХVІІІ ғ. 50 жылдары Омбы бекінісіне дейін созылған ұзындығы 553 верст болатын әскери шеп:

    1. Колыван шебі.

    2. Есіл шебі.

    3. Горькая шебі.

    4. Жаңа Ертіс шебі.

    5. Орынбор шебі.

  13. 1781 жылы Ресей мемлекеті Орта жүз ханы ретінде таныған Абылайдың бас мирасқоры:

    1. Уәли.

    2. Шерғазы.

    3. Бөкей.

    4. Есім.

    5. Сәмеке

  14. Абылай хан тұсында хандық билікте болған өзгеріс:

    1. Хан билігін шектеулі етті.

    2. Хан би кеңесі шешімімен келісетін болды.

    3. Билер кеңесі енгізілді.

    4. Хан билігі шексіз болды.

    5. Құрылтай жиналысын шақырды.

  15. Абылайдан көмек сұраған Әмірсана жеңіліс тапқан ел:

    1. Ресейден.

    2. Жоңғардан.

    3. Хиуадан.

    4. Ташкенттен.

    5. Қытайдан

  16. Батырлардың ерлігін жырлаған кедей ортадан шыққан Абылайдың өте ұнатқан ақыны:

    1. Үмбетей.

    2. Бұқар.

    3. Сыпыра.

    4. Доспанбет.

    5. Тәтіқара.

  17. Кіші жүздің ханы Әбілқайырдың басты тірегі болған ру:

    1. Шекті.

    2. Әлім.

    3. Барлас.

    4. Тобықты.

    5. Адай.

  18. 1761 жылы негізі қаланған бекініс:

    1. Семей.

    2. Өскемен.

    3. Бұқтырма.

    4. Железинск.

    5. Жәміш.

  19. Ташкент, Бұхар, Қоқан және Қашқар көпестері жиі келетін сауда орталығы:

    1. Түмен.

    2. Тараз.

    3. Қазан.

    4. Қызылжар.

    5. Шәушек.

  20. 1747 жылы Нәдір шахтың өлтірілуінен соң Әбілқайырдың Хиуа өңіріндегі әсерін әлсіреткен жағдай:

    1. Бұл өңірдің толығымен Хиуа хандығының қарамағына өтуі.

    2. Бұл өңірде Ресей билігінің орнауы.

    3. Орта жүз ханы Әбілмәмбеттің бұл өңірге өз билігін орнатуы.

    4. Хиуа тағына Қайыптың сайлануы.

    5. Хиуа тағына Барақтың отыруы.




  1. 1766 жылы Бұхар саудагерлерінің өтінішімен Әбілмәмбет хан императрица ІІ Екатеринаға хат жолдап, Түркістан арқылы өтетін керуендерді шек қоймай қабылдауға рұқсат алған бекіністер:

    1. Семей, Жәміш.

    2. Коряков, Железинск.

    3. Өскемен, Бұқтырма.

    4. Петропавл, Көкшетау.

    5. Ақмола, Ақтау

  2. 1743 ж. Жайықтың сол жақ жағалауында Орынбордың түбінде қазақтармен және Орта Азия көпестерімен сауда жасау үшін салынған орын:

    1. Керуен Сарай (Алтын төбе).

    2. Жәрмеңке (Патша сарай).

    3. Айырбас сарайы (Ақ Базар).

    4. Сауда кент.

    5. Құтты мекен

  1. Патша үкіметі Қазақстанда құлдыққа адам алуға тыйым салған жыл:

    1. 1801.

    2. 1812.

    3. 1822.

    4. 1831.

    5. 1845

  1. XVIII ғ. қазақ-орыс арасындағы сауда бірлігі ретінде қолданылды:

    1. Тұсақ .

    2. Тоқты.

    3. Бағлан.

    4. Торпақ.

    5. Ісек қой.

  1. «Ол (Абылай хан. - авт.) қалыптасқан нақты жағдайларға қарай бірде Ресейге, бірде Қытайға, енді бірде Жоңғарияға шын берілген болып көріне білді, ал шын мәнінде ешкімге де бас иген жоқ», - деп Абылай хан туралы жазған орыс ғалымы:

    1. И.Крафт.

    2. П.Паллас.

    3. Г.Потанин.

    4. П.Рычков.

    5. И.Георги.

  1. Абылай ханның Қытаймен жүргізген ұзақмерзімді келіссөздер нәтижесінде Қытай жағы Тарбағатай мен Іле аймағындағы жайылымдарды қазақтарға пайдалануға рұқсат беруге мәжбүр болған жыл:

    1. 1756.

    2. 1758.

    3. 1762.

    4. 1767.

    5. 1771.

  1. Абылай сұлтанның жоңғарлармен шайқас кезінде жекпе-жекте жеңіп өлтірген жоңғарлардың атақты батыры:

    1. Шона.

    2. Даваци.

    3. Шарыш.

    4. Тогон.

    5. Әмірсана

  2. 1771 ж. атамекеніне көш бастаған қалмақтар Жайық өзеніне жақындағанда, олар қазақтарға шабуыл жасау үшін келе жатыр деп, Нұралы ханға жалған хабар жіберген Орынбор губернаторы:

    1. Кириллов.

    2. Татищев.

    3. Гасфорт.

    4. Бухгольц.

    5. Неплюев

  1. 1757-1758 жылдары Орынбор өлкесін басқарған П.И.Рычков пен А.И.Тевкелев қазақтарға Жайықтың оң жағасына өтуіне рұқсат берді:

    1. Ақы алу арқылы.

    2. Ешқандай шарт қоймастан.

    3. Құжат алу арқылы.

    4. Аманат алу арқылы.

    5. Ант беру арқылы.

  1. Сібір шекара шебінің командашысы генерал-поручик И.Шпрингер Ертістің далалық бетінде ені 10 шақырым келетін алқап белгілеп, ол аймаққа қазақтарды жолатпауға бұйрық берген жыл:

    1. 1744.

    2. 1756.

    3. 1765.

    4. 1767.

    5. 1782.



ТАҚЫРЫП № 15. XVIII ҒАСЫРДАҒЫ ҰЛТ-АЗАТТЫҚ КӨТЕРІЛІСТЕР
Тест №15.
№15

1Сырым батырдың ерекше тұлға екендігі мен оның халық сүйіспеншілігіне бөлінгені туралы жазған ағылшын журналисті:

    1. Д.Аддисон.

    2. Д.Бульжер.

    1. Т.Гоббс.

    2. К.Раймонд.

    3. Ф.Эмин.

  1. Көтеріліс барысында Е.Пугачев пен Орта жүз старшындары армияларының бір-бірімен қосылуына тежеу болған оқиға:

    1. Сібір гарнизонында зеңбіректердің пайда болуы.

    2. Қазақстанға Суворов бастаған орыс армиясының басып кіруі.

    3. Пугачев әскерлерінің арасында жұқпалы аурулардың таралуы.

    4. Пугачевтың Орта жүз старшындарымен келісімге келе алмауы.

    5. Пугачев әскерлерінің Троицк қамалы түбінде қатты жеңіліске ұшырауы.

  1. Е.Пугачев соғысы кезінде жазалаушы топтармен ашық қақтығыспай, қыр көрсетумен шектелген Торғай өзенінің төменгі бойында шоғырланған шаруаларға басшылық еткен старшындар:

    1. Сейдалы мен Атақ.

    2. Ханғали мен Мантай.

    3. Құдайменді мен Тайыр.

    4. Сыздық пен Жоламан.

    5. Исатай мен Махамбет.

  1. 1774 жылы жазында Орта жүз қазақтарының жасақтары толық талқандаған дала бекінісі:

    1. Ойыл.

    2. Жайық.

    3. Гурьев.

    4. Алабұға.

    5. Царицын.

  1. Е.Пугачев бастаған шаруалар соғысы болған жылдар:

    1. 1777-1779 жж.

    2. 1773-1775 жж.

    3. 1775-1777 жж.

    4. 1771-1775 жж.

    5. 1783-1797 жж.

  2. Қазақ шаруалары мен жеке феодалдардың Е.Пугачев бастаған шаруалар соғысына қатысуына түрткі болған себеб:

    1. Патшаның озбырлығы.

    2. Бекіністердің салынуы.

    3. Жер мәселесі.

    4. Хандық биліктің жойылуы.

    5. Діни мәселелер.

  3. Кіші жүз ханы Нұралы патша үкіметінің Жайық өзені бойында мал жаюға тыйым салған үкімін жоюды талап еткен жыл:

    1. 1744 жылы қарашада.

    2. 1732 жылы маусымда.

    3. 1742 жылы қазанда.

    4. 1743 жылы қазанда.

    5. 1745 жылы қаңтарда

  4. Е.Пугачев көтерілісінің басты ошақтарын талқандаған орыс қолбасшысы:

    1. М.И.Кутузов.

    2. А.В.Суворов.

    3. Н.А.Рейнсдорп.

    4. П.И.Багратион.

    5. Д.И.Чичерин.

  5. 1756 жылы башқұрт көтерілісін жаншуға көмектескені үшін қазақтарға Жайықтың сол жағасында мал жаюға уақытша рұқсат еткен:

    1. Елизаветта Петровна.

    2. ІІ Павел.

    3. Анна Иоановна.

    4. ІІ Екатерина.

    5. І Петр.

  6. 1773 ж. қараша айының 17-сінен 18-іне қараған түнінде Усиха өзені маңында Е.Пугачевқа жолыққан Нұралы ханның сенімді өкілі:

    1. Ералы сұлтан.

    2. Айшуақ сұлтан.

    3. Зәбір молда.

    4. Досалы сұлтан.

    5. Дәуітбай би.

  7. Е.Пугачев әскерімен бірге Орынборды қоршауда белсене ат салысқан қазақтар саны :

    1. 100-ге жуық.

    2. 150.

    3. 200-ге жуық.

    4. 250.

    5. 300-ге жуық.

  8. Нұралы ханның Е.Пугачевқа көмек беруге асықпауына себеп болған:

    1. Жайық бекінісін қоршаудағы Е. Пугачевтың сәттсіздігі.

    2. Патша үкіметінің Жем, Ойыл бойында бекіністер тұрғыза бастауы.

    3. Сенаттың Нұралыны тақтан тайдыру туралы шешім қабылдауы.

    4. Хан әскерінің аздығы.

    5. Абылай ханның Е.Пугачев соғысын қолдамауы.

  9. 1773 жылы қазанда Е.Пугачев соғысында Орта жүз қазақтарының бекіністерге шабуыл жасау үшін топталған бекінісі:

    1. Кулагин.

    2. Троицк.

    3. Пресногорьковск.

    4. Звериноголовск.

    5. Жайық.

  10. Е.Пугачев соғысына ат салысқан қазақ жүздері:

    1. Ұлы және Орта жүз.

    2. Кіші және Орта жүз.

    3. Орта және Ұлы жүз.

    4. Барлық үш жүз.

    5. Тек қана Ұлы жүз.

  11. Сырым Датұлы бастаған Кіші жүз қазақтарының көтерілісінің болған уақыты:

    1. 1784-1796 ж.ж.

    2. 1737-1747 ж.ж.

    3. 1783-1797 ж.ж.

    4. 1736-1738 ж.ж.

    5. 1780-1795 ж.ж.

  12. Сырым Датұлы бастаған көтерілістің басты қозғаушы күші:

    1. Рубасылары.

    2. Феодалдар.

    3. Қазақ шаруалары.

    4. Жалданбалы жұмысшылар.

    5. Ақсүйектер

  13. О.Игельстром әскерлері шабуыл жасаған ауылдар:

    1. Хан билігін мойындамаған.

    2. Салық төлемеген.

    3. Хан билігін мойындаған.

    4. Ханға қарсы шыққан.

    5. Қарапайым ауылдарға.

  14. Сырым көтерілісін басу үшін генерал-майор Смирновтың жазалаушы тобы аттандырылған мерзім:

    1. 1785 жылы 17-ақпанда.

    2. 1785 жылы 17-тамызда.

    3. 1785 жылы 17-маусымда.

    4. 1785 жылы 17-мамырда

    5. 1785 жылы 17-қазанда.

  15. Сырым Датұлы старшын болған Кіші жүз руы:

    1. Адай.

    2. Әлімұлы.

    3. Байбақты.

    4. Табын.

    5. Шекті.

  16. Орал казактарымен болған қақтығыстардың бірінде С.Датұлының балалары қайтыс болған жыл:

    1. 1778 жылы.

    2. 1777 жылы.

    3. 1783 жылы.

    4. 1797 жылы.

    5. 1781 жылы

  17. 1789 жылы патша үкіметіне Айшуақ сұлтанды Кіші жүздің ханы етіп тағайындауды ұсынған орыс шенеунігі:

    1. И.Н.Неплюев.

    2. М.М. Сперанскийдің.

    3. П.К.Эссеннің.

    4. О.Игельстром.

    5. В.Н.Татишев.

  18. Сырым Датұлы басшылығымен болған көтерілісітің басты нәтижесі:

    1. Патша өкіметінің отарлау саясаты әлсіреді.

    2. Жайық өзені бойындағы барлық бекіністер жойылды.

    3. Патша үкіметі қазақ руларына Жайықтың оң жағасына өтуіне, малын жаюына рұқсат берді.

    4. Кіші жүздегі хандық билік жойылды.

    5. Қазақ тайпаларының басы бірікті.

  19. 1795 жылы сайланған Кіші жүздің ханы:

    1. Қаратай.

    2. Ералы.

    3. Есім.

    4. Айшуақ.

    5. Атақ

  20. О.Игельстромның жоспары бойынша Кіші жүздегі билік берілген отаршыл аппарат:

    1. Шекаралық сотқа.

    2. Хандық кеңеске.

    3. Старшындар тобына.

    4. Орынбор әкімшілігіне.

    5. Аға сұлтанға.

  21. С.Датұлы 1797 жылы 17 наурызда тұтқиылдан шабуыл жасаған:

    1. Қарабай сұлтанның жасағына.

    2. Есім сұлтанның жасағына.

    3. Жазалаушы тобына.

    4. Хан сарайына.

    5. Әскери бекіністерге.

  22. 1785 жылдың жазында Кіші жүз старшындарының съезінде қабылданған шешім:

    1. Нұралыны тақтан тайдыру туралы шешім.

    2. Хандық кеңесті жою туралы шешім.

    3. Салықты көбейту туралы шешім.

    4. Көтерілісті қолдау туралы шешім.

    5. Қазақтарға қарсы күшті топтастыру туралы шешім.

  23. 1774-1775 жылдары үкімет қолдаған шаралардың арқасында Сібір шебінде орналасқан әскер саны:

    1. 4 500 адам.

    2. 4 000 адам.

    3. 3 500 адам.

    4. 3 000 адам.

    5. 2 500 адам

  24. Е.Пугачевтің үндеуімен танысып, оны қолдауға шешім қабылдаған Орта жүздің биі:

    1. Зәбір.

    2. Мұратбек.

    3. Базарбай.

    4. Дәуітбай.

    5. Айшуақ

  25. Е.Пугачевті ашық қолдап, оған көмек ретінде қарулы топ жіберген Кіші жүз сұлтаны:

    1. Ералы.

    2. Айшуақ.

    3. Досалы.

    4. Қаратай.

    5. Сегізбай.

  26. Кіші жүздегі көтеріліс басшыларының бірі, Пугачев көтерілісіне қатысқан байбақты руынан шыққан батыр:

    1. Кенесары Қасымұлы.

    2. Тентектөре.

    3. Сырым Датұлы.

    4. Исатай Тайманұлы.

    5. Жанқожа батыр.



ТАҚЫРЫП № 16. XІХ Ғ. 1-ЖАРТЫСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ САЯСИ ЖАҒДАЙЫ
Тест №16.


  1. Қараөткелде (қазіргі Астана) қазақтардың астанасы пайда болып, дербес жоғары оқу орны ашылатын күнді армандаған орыстың көрнекті ғалымы:

    1. И.Крафт.

    2. П.Паллас.

    3. Г.Потанин.

    4. П.Рычков.

    5. И.Георги.

  1. Ресей императоры І Николайдың рұқсаты бойынша Ақмола сыртқы округінің ресми ашылуы болып өткен уақыт:

    1. 1812 ж. 10 қазанда.

    2. 1822 ж. 23 қарашада.

    3. 1826 ж. 11 маусым.

    4. 1832 ж. 22 тамызда.

    5. 1844 ж. 15 наурыз

  2. 1822-1824 жж. Реформалар оң ықпалын тигізген салалар:

    1. Көшпелі мал шаруашылығы.

    2. Түсті және қара металлургия.

    3. Темір жолдарды салу, көлік, банк, ақша және қаражат айналымы.

    4. Почта, телеграф және басқа да коммуникациялық желілер.

    5. Сауда-саттық, денсаулық сақтау мен халыққа білім беру.

  3. 1844 ж. шыққан «Орынбор қырғыздары (қазақтар.- авт.) туралы Ережесі» бойынша шекара шебіне жақын тұратын қазақтарды орыстардың озбырлығынан қорғау үшін қабылданған тәртіп:

    1. Қазақтарға қару қолдануға ресми түрде рұқсат берілді.

    2. Қазақтар үшін «қамқоршы» деген қызмет тағайындалды.

    3. Қазақтарды қоғау үшін арнайы әскери-қорғау топтары жасақтылынды.

    4. Қазақтардан жасақталынған әскери топтар пайда болды.

    5. Қазақтарды белгілі бір бекініске тізімге тіркеп, қорғауға алынды.

  4. 1788 жылы Патша үкіметінің жарлығы бойынша Ертіс өзенінің оң жағында «мәңгілік көшіп-қонып жүру» құқығына ие болған Ертіс бойындағы қазақтардың бір бөлігін басқарған сұлтанның есімі:

    1. Ғұбайдолла.

    2. Арынғазы.

    3. Сұлтанбек.

    4. Қасым.

    5. Уәли.

  5. Жаппай ашаршылықтың басталуына байланысты Орынбордың әскери губернаторы кінәз Г.С.Волконский «Орынбор шекара шебіне таяу көшіп-қонып жүрген қырғыздарды (қазақтарды. - авт.) ішкі жаққа жіберу» туралы жарлықты шығарған жыл:

    1. 1801 ж.

    2. 1805 ж.

    3. 1808 ж..

    4. 1812 ж.

    5. 1822 ж.

  6. Денсаулық сақтау саласында хан жұқпалы ауруларға қарсы егу тәжірибесін енгізген хан:

    1. Сұлтанбек.

    2. Уәли.

    3. Бөкей.

    4. Жәңгір.

    5. Абылай.

  7. Орынбор қазақтарын басқару жөніндегі Жарғының авторы:

    1. П.И.Рычков.

    2. П.К.Эссен.

    3. Г.С.Батеньков.

    4. И.И.Неплюев.

    5. М.М.Сперанский.

  8. 1824 жылғы «Орынбор қазақтарының Жарғысы» негізінде хандық билік жойылды:

    1. Орта жүзде.

    2. Ұлы жүзде.

    3. Орта және Кіші жүзде.

    4. Кіші жүзде.

    5. Ұлы және Орта жүзде.

  9. 1812 жылғы Отан соғысы қарсаңында Орынбор губерниясында құрылған кавалериялық полктің саны:

    1. 10.

    2. 60.

    3. 80.

    4. 40.

    5. 20.

  10. Бородино шайқасында көрсеткен ерлігі үшін Майлыбайұлына берілген марапат:

    1. Алтын медальмен.

    2. Қола медальмен.

    3. Күміс медалмен.

    4. Көгілдір ленталы медальмен .

    5. Қызыл ленталы медальмен.





  1. Вязьма тубіндегі ұрыста көрсеткені ерлігі үшін 3-ші дәрежелі «Қасиетті Анна» орденіне ие болған қазақ:

    1. Мұрат Құлшоранұлы.

    2. Сағит Хамитұлы.

    3. Қарынбай Зындағұлұлы.

    4. Ықсан Әубәкірұлы.

Е) Нарынбай Жанжігітұлы.

  1. Ресей мемлекетіне қауіп төніп келе жатқаны туралы І Александр патшаның арнайы манифест-үндеуі қабылданған мерзім:

    1. 1812 жылы шілденің 6-сы күні.

    2. 1812 жылы тамыздың 26-сы күні.

    3. 1812 жылы қыркүйектің 7-сі күні.

    4. 1812 жылы маусымның 24-ті күні.

    5. 1812 жылы қарашаның 25-сі күні.

  2. 1812 жылғы Отан соғысында жауға қарсы күш жұмылдыруға шақырған, екі ел достығы рухын көтеруге ат салысқан старшын:

    1. Байсақал Тілекұлы.

    2. Еріш Азаматұлы.

    3. Қарынбай Зындағұлұлы.

    4. Мұрат Құлшоранұлы.

    5. Сағит Хамитұлы.

  3. Патша үкіметінің Бөкейді Орта жүздің екінші ханы етіп сайлаған уақыты:

    1. 1801 ж.

    2. 1815 ж.

    3. 1817 ж.

    4. 1819 ж.

    5. 1820 ж.




  1. Бородино шайқасындағы ерлігі үшін көгілдір ленталы медальмен марапатталған 1-тептяр полкінің старшыны:

    1. Қарынбай Зындағұлұлы.

    2. Сағит Хамитұлы.

    3. Майлыбайұлы.

    4. Еріш Азаматұлы.

    5. Нарынбай Жанжігітұлы.

  2. 1812 жылғы Отан соғысында қазақтар енген полк:

    1. Казак полкі.

    2. Башқұрт полкі.

    3. Орыс полкі.

    4. Қазақ полкі.

    5. Мұсылман полкі.

  3. ХІХ ғасырдың І жартысында Ертіс, Жайық өзендері Каспий теңізі, Зайсан көлі маңайында бұрынғы көшпелі мал шаруашылығымен шұғылданатын қазақтар тұрақты кәсібіне айналған сала:

    1. Егіншілікті.

    2. Мал бағуды.

    3. Балық аулауды.

    4. Аң аулауды.

    5. Сауданы.

  4. Қазақ даласын басып өтетін керуендердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Ресей үкіметі көпестерге өздерін қорғайтын қарулы топ ұстауына рұқсат берген жыл:

    1. 1804 жылы.

    2. 1802 жылы.

    3. 1801 жылы.

    4. 1805 жылы.

    5. 1803 жылы.

  5. Тау-кен өндіріс ошақтарында жұмыс істейтін кедей қазақ-орыс еңбекшілерінің атауы:

    1. Батырақтар.

    2. Қызметшілер.

    3. Пролетариат.

    4. Жатақтар.

    5. Кедейлер.

  6. Орта жүздің билеу жүйесін өзгерткен «Сібір қазақтары туралы Жарғы» қабылданған жыл:

    1. 1820 жылы.

    2. 1822 жылы.

    3. 1824 жылы.

    4. 1821 жылы.

    5. 1823 жылы.

  7. 1812 жылғы Отан соғысы мен 1853 жылы В.А.Перовскийдің Ақмешітті алу жорығына қатысқан ақын жауынгер:

    1. Боранбай Шуашбайұлы.

    2. Нарынбай Жанжігітұлы.

    3. Майлыбайұлы.

    4. Яков Беляков.


Е) Әмен Байбатырұлы

  1. 1822 жылғы Жарғы бойынша ауыл старшындарының сайланған мерзімі:

    1. Бес жылға.

    2. Екі жылға.

    3. Үш жылға.

    4. Өмір бойына.

    5. Төрт жылға.

  2. Орынбор губернаторы Кіші жүздің соңғы ханы Шерғазыны шекаралық комиссияға лауазымды шенеуніктік қызметке тағайындаған жыл:

    1. 1845 жылы.

    2. 1824 жылы.

    3. 1801 жылы.

    4. 1803 жылы.

    5. 1825 жылы.

  3. Бөкей хандығында хандық билік жойылған жыл:

    1. 1824 жылы.

    2. 1822 жылы.

    3. 1831 жылы.

    4. 1826 жылы.

    5. 1845 жылы.

  4. 1839 жылдан бастап Батыс Сібір генерал-губернаторлығының орталығы болған қала:

    1. Тобыл.

    2. Көкшетау.

    3. Ақмола.

    4. Омбы.

    5. Аягөз.

  5. 1822 жылғы «Сібір қазақтарының Жарғысы» бойынша округке кіретін болыстардың саны:

    1. 15-20.

    2. 14-16.

    3. 10-12.

    4. 20-25.

    5. 7-10

  6. 1822 жылғы «Сібір қазақтарының Ережесі» бойынша аға сұлтанға дворян атағы берілуі үшін қажетті уақыт:

    1. 5 жылда кейін .

    2. 7 жылдан кейін.

    3. 9 жылдан кейін.

    4. 10 жылдан кейін.

    5. 3 жылдан кейін.

  7. Халықтың сауатын ашу, өлкеде ислам дінін дамыту, Еуропа мәдениеті мен білімін енгізу салаларында қыруар жұмыс атқарған хан:

    1. Абылай.

    2. Бөкей.

    3. Арынғазы.

    4. Уәли.

    5. Жәңгір.

  8. 1822 жылғы Ереже бойынша аға сұлтандар басқарған әкімшілік бірлік:

    1. Ауылды.

    2. Болысты.

    3. Уезді.

    4. Округті.

    5. Облысты.