Файл: Ііі блім. Азастанны жаа заман тарихы таырып 13. Xviii . 1 жартысындаЫ Аза хандыыны ішкі жне сырты саяси жадайы тест 13.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.02.2024

Просмотров: 387

Скачиваний: 5

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

  1. Қазақстанның орталық, солтүстік және солтүстік-шығыс аймақтарда егіншілікпен айналысуға жаппай бет бұра бастаған кезең:

    1. XVIII ғ. соңы.

    2. XIX ғ. басы .

    3. XIX ғ. ортасы.

    4. XIX ғ. аяғы..

    5. XX ғ. басы.

  1. Орта жүз туралы қалдырған мәліметтер бүгінгі күнге дейін мәнін жоғалтқан емес, Сібір тарихын зерттеген еңбегі үшін «Сібір тарихының атасы» атанған ғалым:

    1. Н.П.Рычков.

    2. И.Г.Андреев.

    3. Г.Ф.Миллер.

    4. И.К.Кириллов.

    5. В.В.Веселовский.

  1. Орыс қоныс аударушылардың Қазақстанға келуіне байланысты қазақтарда саны арта бастағана малдың түрі:

    1. Қой.

    2. Түйе.

    3. Жылқы.

    4. Сиыр.

    5. Шошқа.

  1. «Россия мемлекетінің әр түрлі аймақтарына саяхат» атты еңбегінде халықтың жағдайын, орналасуын, әскери бекіністердің салынуын, олардың өздеріне тән белгілерін дәл суреттеген неміс саяхатшысы, натуралист:

    1. А.Д.Скалон.

    2. П.И.Рычков.

    3. И.Г.Андреев.

    4. И.Г.Георги.

    5. П.С.Паллас.

  1. Цинь империясына қарсы соғысқа қатысқан, Абылай ханның жақын серіктерінің бірі, Абылай ханның төнірегіндегі батырларды мадақтаған жырау:

    1. Бұқар.

    2. Тәтіқара .

    3. Ақтамберді.

    4. Үмбетей.

    5. Доспамбет.

  1. Құдалардың бір-біріне бағалы сыйлық жасау дәстүрі:

    1. Кит.

    2. Жасау.

    3. Сүт ақы.

    4. Байғазы.

    5. Жұртшылық.

  1. «Орынбор тарихы» атты зерттеу еңбегінде қазақ тарихының даму кезеңдері мен көптеген қиыншылықтарын көрсеткен, «Орынбор өлкесінің колумбы» атанған орыс ғалымы:

    1. А.Д.Скалон.

    2. П.И.Рычков.

    3. И.Г.Андреев.

    4. И.Г.Георги.

    5. П.С.Паллас

  1. Өз замандастарының өмірінің моральдық және этикалық жақтарына арналған толғаулар шығарып, сондай-ақ көшпелілердің діни сенімі мәселелерін қозғаған суырып салма ақындар:

    1. Тәтіқара мен Жанақ.

    2. Ақтамберді мен Үмбетей.

    3. Бұқар мен Махамбет.

    4. Өткел мен Аслан.

    5. Көтеш пен Шал.

  1. Қыз балаға ата-аналар мен туыстарының жинап берген мүлкі:

    1. Байғазы.

    2. Жасау .

    3. Тарту.

    4. Базарлық.

    5. Жылу.



ТАҚЫРЫП № 24. ХІХ Ғ. ҚАЗАҚСТАН МӘДЕНИЕТІ
Тест №24/1.


  1. Батыс Сібір генерал-губернаторының тапсырмасына сай Зайсан көлінің өңірін, Ертіс бойын зертеп, карта дайындаған оқымысты:

    1. Г.Зелинский.

    2. С.С.Гросс.

    3. С.Семенов.

    4. В.Вольховский.

    5. Е.П.Михаэлис

  1. 1898 жылы алғашқы томы жарық көрген «Қырғыздардың жер иеленуі бойынша мәліметтер» атты еңбектің негізін құрастыруда қажетті деректерді жинап, мәтінін жазуға белсене қатысқан белгілі қазақ ғалымы:

    1. Ә.Бөкейханов.

    2. М.Дулатов .

    3. М.Тынышбайұлы.

    4. М.Жабаев.

    5. А.Байтұрсынов

  1. Томск университетінің медицина факультетін бітіріп, Семей облысында жұқпалы ауруларға қарсы жүргізілген шараларды басқарған қазақ дәрігері, оның медицина саласындағы жазған мақалалары әлі күнге дейін ғылыми-практикалық маңызын жоғалтқан жоқ:

    1. Х.Досмұхамедов.

    2. М.Бірімжанов.

    3. А.Сейітов.

    4. М.Шорманов.

    5. М.Тынышбайұлы.

  1. 1833 жылы А.С.Пушкиннің Орынбор қаласында жинаған тарихи материалдары:

    1. «И.Грозныйдың тарихы».

    2. «І Лжедмитрий туралы».

    3. «Наполеон соғысына қатысқандар туралы».

    4. «Өз отбасының тарихы».

    5. «Е.Пугачев бүлігінің тарихы».

  2. 1836 ж. қазақтар үшін интернаты бар училище ашылған қала:

    1. Петропавл.

    2. Семей.

    3. Өскемен.

    4. Бұқтырма.

    5. Ақмола.

  3. Орынборда қазақтарға орысша білім беретін мектептер ашылған мерзім:

    1. 1831 ж.

    2. 1840 ж.

    3. 1836 ж.

    4. 1850 ж.

    5. 1833 ж

  4. Орынбор өлкесі қазақтардың өмірін сипаттайтын В.И.Дальдың шығармасы:

    1. «Қалқаман – Мамыр».

    2. «Фархад пен Шырын».

    3. «Сұраншы батыр».

    4. «Бикей мен Мәулен».

    5. «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу»

  5. ХIХ ғ. 30 ж. Қазақстанда А.С. Пушкин болған жерлер:

    1. Орынбор, Оралда.

    2. Омбы, Ақмолада.

    3. Кіші ордада.

    4. Семей, Өскеменде.

    5. Жетісуда

  6. Шаруалар толқуына қатысқаны үшін Махамбет қамауда отырған жыл:

    1. 1824 жылы.

    2. 1827 жылы.

    3. 1829 жылы.

    4. 1831 жылы.

    5. 1833 жылы.

  7. ХІХ ғасырдың І жартысында шығармашылығында суырып салма өнерді одан әрі дамытқан ақын:

    1. Махамбет.

    2. Мұрат.

    3. Сүйінбай.

    4. Шөже.

    5. Шернияз.

  8. ХІХ ғасырдың І жартысындағы айтыс өнерінің жүйрігі, Қаракәстек жерінде дүниеге келген ақын:

    1. Сүйінбай Аронұлы.

    2. Шөже Қаржаубайұлы.

    3. Шернияз Жарылғасұлы.

    4. Махамбет Өтемісұлы.

    5. Шортанбай ақын.

  9. Қай жылы қазақ даласында жергілікті халықтардан тілмаштар мен писарлар даярлайтын Азиялық училище ашылды:

    1. 1789 ж.

    2. 1841 ж.

    3. 1867 ж.

    4. 1858 ж.

    5. 1847 ж.

  10. 1848-1849 жылы арал теңізін зерттеген ғалым:

    1. В. Бутков.

    2. М.Лаппа.

    3. А. Бутаков.

    4. Г.Карелин.

    5. С.Семенов.

  11. 1822-1895 жылдары өмір сүрген халық ақыны:

    1. Шернияз.

    2. Шөже.

    3. Сүйінбай.

    4. Жамбыл.

    5. Махамбет

  12. А.С.Пушкин Оралда қағазға түсірген поэма:

    1. «Қобыланды»

    2. «Алпамыс».

    3. «Күлше қыз».

    4. «Қыз Жібек».

    5. «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу».

  13. 1844 жылы Неплюевтің кадет корпусы орналасқан қала:

    1. Омбы.

    2. Семей.

    3. Орск.

    4. Ташкент.

    5. Орынбор.

  14. 1841 жылы татарша-орысша білім беретін мектеп ашылған хандық:

    1. Ұлы Жүз.

    2. Түркістан.

    3. Орта Жүз.

    4. Кіші Орда.

    5. Ташкент

  15. 1831 жылы қыркүйекте орысша білім беретін училище ашылған қала:

    1. Орал.

    2. Ақмола.

    3. Семей.

    4. Верный.

    5. Орынбор

  16. XIX ғ. I жартысында Қазақстанға жер аударылған революционерлердің саяси көзқарасы:

    1. Монархистік.

    2. Ұлтшылдық.

    3. Демократиялық.

    4. Социалистік.

    5. Анархистік

  17. Әйгілі «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» жырының ең көркем нұсқасын таратқан эпик ақын:

    1. Сүйінбай.

    2. Шортанбай.

    3. Шернияз.

    4. Шөже.

    5. Дулат.

  18. XІX ғ. І жартысында Каспий теңізінің солтүстік-шығыс жағалауларын зерттеуге арналған экспедицияға қатысқан:

    1. В.Вольховский.

    2. М.Д.Лаппа.

    3. Г.С.Карелин.

    4. П.В.Величко.

    5. С.М.Семенов.

  19. Жастай екі көзінен айрылып, ақындық өнері күнкөріс көзі болған ақын:

    1. Шөже.

    2. Шернияз.

    3. Шортанбай.

    4. Жанақ.

    5. Мұрат.

  20. Бұқтырмада дәрігерлікпен айналысқан желтоқсаншы:

    1. Г.Батеньков.

    2. Ф.Достоевский.

    3. М.Муравьев- Апостол.

    4. М. Сперанский.

    5. С.Семенов.

  21. Санкт-Петербургтегі әскери-медицина академиясын бітіріп, денсаулық сақтау саласында ұзақ жылдар еңбек етіп, Орал облысының Темір уезінде дәрігер болып жұмыс істеген, «Ауру сырқаулар жөнінде», «Жұқпалы ауру түрлері», т.б. бірқатар мақалалар жариялаған қазақ дәрігері:


    1. Х.Досмұхамедов.

    2. М.Бірімжанов.

    3. А.Сейітов.

    4. М.Шорманов.

    5. М.Тынышбайұлы

  1. ХІХ ғасырдың І жартысында Қазақстанда ірі медреселерде оқылған тіл:

    1. Орыс тілі.

    2. Қытай тілі.

    3. Латын тілі.

    4. Парсы тілі.

    5. Араб тілі.

  2. Қазақстандағы «Азиялық училище» ашылған жыл

    1. 1844 жыл

    2. 1789 жыл

    3. 1813 жыл

    4. 1790 жыл

    5. 1841 жыл

  3. ХІХ ғасырдың І жартысында Шернияз ақынның әдебиет саласына қосқан жаңалығы:

    1. Шешендік өнерді дамытты.

    2. Суырып салма өнерді жетілдірді.

    3. Тарихи оқиғаларды жырына қосты.

    4. Айтыс өнеріне үлес қосты.

    5. Жазба әдебиеттің негізін салды

  4. «Нарым құмы туралы географиялық және этнографиялық деректер», «Ішкі Қырғыз ордасындағы саятшылық», т.б. мақалалар жариялап, 1862 ж. Орыс географиялық қоғамының мүшесі болып сайланып, Үлкен күміс медалімен марапатталған қазақтың тұңғыш этнографтардың бірі:

    1. М.Шорманов.

    2. Ы. Дүкенұлы.

    3. Ш. Уалиханов.

    4. М.-С.Бабажанов.

    5. М.Ж.Көпейұлы.

  1. ХІХ ғасырдың І жартысында Қазақстанда ашылған әскери училищелерде даярланған мамандар:

    1. Аудармашылар.

    2. Офицерлер.

    3. Мұғалімдер.

    4. Ресейлік билеу әкімшілігі үшін шенеуніктер.

    5. діни қызметкерлер.

  2. «Кіші қырғыз Ордасындағы орын алған, қазір де ішінара орын алып келе жатқан халықтық әдет-ғұрыптар» деген атпен қазақтардың әдет-ғұрып құқықтарының жинағын құрастырып, басып шығарған Торғай облысының әскери губернаторы:

    1. М.М.Красовский.

    2. Л.Ф.Баллюзек.

    3. Б.С.Броневский.

    4. Ш.Е.Ужвальди.

    5. Г.Н.Потанин.


Тест 24/2.

  1. «Батыс Сібір қырғыздарының мал өсіру кәсібі туралы», «Қырғыздардың ұлттық дәстүрлері», «Павлодар уезінің қырғыздары туралы жазбалар» деген мақалалар жариялаған белгілі қазақ этнографы:

    1. М.Шорманов.

    2. Ы. Дүкенұлы.

    3. Ш. Уалиханов.

    4. М.-С.Бабажанов.

    5. М.Ж.Көпейұлы.

  1. ХІХ ғасырдың соңында Ресейден саяси жер аударылғандардың біршама шоғырланған өңірі:

    1. Жетісу.

    2. Оңтүстік Қазақстан.

    3. Батыс және Солтүстік Қазақстан.

    4. Маңғыстау мен Оңтүстік-шығыс Қазақстан.

    5. Шығыс және Орталық Қазақстан.

  1. Ы.Алтынсариннің орыс-қазақ мектептеріне арналған негізгі оқу құралы:

    1. «Байлық неде».

    2. «Талаптың пайдасы».

    3. «Кел, балалар оқылық».

    4. «Қырғыздарды орыс тілге үйретуге негізгі басшылық».

    5. «Қыпшақ Сейітқұл».

  2. ХІХ ғ. жарық көрген «Орынбор ведомствасының қырғыз даласы» атты еңбегінде Кіші Жүз тарихын жан-жақты сипаттаған көрнекті зерттеуші:

    1. К.Мейер.

    2. В.Радлов.

    3. А.Добромыслов.

    4. М.Красовский.

    5. А.Левшин.

  3. ХХ ғасырдың басындағы қазақтың музыкалық мәдениетінің дамуына әсер еткен туынды - «Майдақоңыр» әнінің авторы:

    1. Естай.

    2. Ыбырай.

    3. Майра.

    4. Дина.

    5. Әміре.

  4. Ы.Алтынсарыұлының қазақ қыздарына арнап мектеп-интернат ұйымдастырған қаласы:

    1. Омбы.

    2. Орынбор.

    3. Торғай.

    4. Орал.

    5. Ырғыз.

  5. Қазақтардың тұрмыс-тіршілігін, көршілес халықтармен өзара қарым-қатынасын жан-жақты сипаттап, «Орталық Азия. Жер бедері мен халқы» атты еңбегін жазған неміс географы, этнограф әрі тарихшысы:

    1. Т.Аткинсон.

    2. Ф.фон Хелльвальд.

    3. Ш.Е.Ужвальди.

    4. Л.Ф.Баллюзек.

    5. Г.Н.Потанин.

  6. ХІХ ғасырдың ІІ жартысында Алтай, Жетісу мен Орта Азияға саяхаттар жасап, өлкені жан-жақты зерттеген дүние жүзіне белгілі ғалым:

    1. Ш.Уәлиханов.

    2. М.Красовский.

    3. П.Маковецкий.

    4. В.Радлов.

    5. Семенов-Тянь-Шаньский.

  7. XIX ғ. 80-жж. соңында отставкаға шығып, өз өмірін қазақ халқының тарихы мен этнографиясына қызығушылық танытқан, әуесқой археологтардың Түркістан үйірмесінің, сондай-ақ Орыс географиялық қоғамының мүшесі болған, орыс ғалымдарымен қосылып, қазақтың 4000-ға жуық мақал-мәтелін жинақтаған ғалым:

    1. Г.Н.Потанин.

    2. Л.Ф.Баллюзек.

    3. Ш.Е.Ужвальди.

    4. Ә.Диваев.

    5. В.В.Радлов.

  8. 1856 жылы Ш.Уәлихановтың сапарға шыққан жері:

    1. Құлжаға.

    2. Ыстықкөлге.

    3. Қашғарға.

    4. Үрімшіге.

    5. Жетісуға.

  9. ХІХ ғасырда Тарбағатай таулары мен Қалба жотасын зерттеген ұлт азаттық қозғалыс өкілдерінің бірі:

    1. Н.Коншин.

    2. А.Бяловский.

    3. С.Гросс.

    4. А.Леонтьев.

    5. Е.Михаэлис.

  10. Қазақ халқының ауыз әдебиеті үлгілерін жинаумен қатар, поэтикалық шығармалар жазған, 1893 ж. патша үкіметінің отаршылдық саясатына қарсы бағытталған өлеңдер мен мақалалар жариялаған, Қазан қаласында «Хал-ахуал», «Сарыарқаның кімдікі екендігі», «Тірлікте көп жасағаннан көрген бір тамашамыз» атты 3 кітабын басып шығарған, қазақтың хандары, сұлтандары, батырлары, би мен қожаларының шығу тегі туралы деректер жинаған көрнекті ақын, публицист, этнограф:

    1. Ш.Құдайбергенұлы.

    2. Ш. Уалиханов.

    3. М.-С.Бабажанов.

    4. М.Ж.Көпейұлы.

    5. Ә.Диваев.

  11. Абайдың 1900 жылы жарық көрген «Орта жүз қазақ ордасының руларының шығу тарихы туралы жазбалар» деген еңбегінде:

    1. Семей облысы қазақтарының рулық құрамын анықтауды көтерген.

    2. Семей облысының қазақтарының тұрмыс тіршілігін сипаттады.

    3. Орта жүз руларының саяси, экономикалық өмірі туралы.

    4. Ақмола облысындағы рулардың шығу тарихы туралы.

    5. Орта жүз руларының материалдық мәдениеті туралы.

  12. «Қырғыз (Қазақ. - авт.) жәрмеңкесінде», «Қырғыздардың (Қазақтардың. - авт.) сауда-саттығы», «Шоң би», «Қазақ-қырғыз ұрпақтары туралы», «Ең соңғы қырғыз ханзадаларының отауында», т.б. деген қазақ халқының тарихы мен этнографиясы бойынша мақалалар жариялаған, көптеген қазақ зиялыларымен дос болған зерттеуші:


    1. Т.Аткинсон.

    2. Ф.фонХелльвальд.

    3. Ш.Е.Ужвальди.

    4. Л.Ф.Баллюзек.

    5. Г.Н.Потанин.

  1. Қазақстанның бай өлкесін зерттеуді жолға коюда ерекше орын алған облыстық статистикалық комитеттер құрылды:

    1. ХІХ ғасырдың 50 жылдары.

    2. ХІХ ғасырдың 80 жылдары.

    3. ХІХ ғасырдың 40 жылдары.

    4. ХІХ ғасырдың 30 жылдары.

    5. ХІХ ғасырдың 90 жылдары.

  2. XIX ғ. ІІ жартысында саяси жер аударылғандардың біршама шоғырланған облыс орталықтары:

    1. Орынбор, Омбы.

    2. Верный, Ташкент.

    3. Семей, Ақмола.

    4. Тобыл, Омск.

    5. Ферғана, Самарқан.

  3. Ы.Алтынсариннің көпшілікке белгілі «Қыпшақ Сейітқұл» атты әңгімесінде уағыздалатын негізгі кәсіп:

    1. Малшылық.

    2. Мұғалімдік.

    3. Ұсталық.

    4. Егіншілік.

    5. Қолөнер.

  4. Батыс Сібір генерал-губернаторының тапсырмасына сай Зайсан көлінің өңірін, Ертіс бойын зерттеген, арнайы карта дайындаған ғалым:

    1. Е.Михаэлис.

    2. Семенов-Тянь-Шаньский.

    3. Н.Пантусов.

    4. Н.Коншин.

    5. В.Радлов.

  5. Т.Шевченконың қазақ және украин халықтарының өмірін салыстыра сипаттап жырлаған өлеңі:

    1. «Атқа мінген қазақ».

    2. «Тауқымет».

    3. «Менің ойларым».

    4. «Қазақ шаңырағы».

    5. «Байғұстар».

  6. 1887 ж. құрылып, Батыс Қазақстан тарихын зерттеуде көп жұмыс атқарып, жинастырған материалдарды «Орынбор ғылыми мұрағат комиссиясының еңбектері» деген атпен шығарған ұйым:

    1. Орыс географиялық қоғамы.

    2. Орынбор облыстық статистикалық комитеті.

    3. Орынбордың өлкелік мұражайы.

    4. Орынбор өлкелік этнографиялық үйірмесі.

    5. Орынбор ғылыми мұрағат комиссиясы.

  1. 1847 ж. Ш.Уәлихановтың түскен оқу орны:

    1. Азиялық училище.

    2. Семей әскери училище.

    3. Сібір кадет корпусы.

    4. Неплюев кадет корпусы.

    5. Өскемен әскери училище.

  2. Өлке тарихын зерттеуді ғылыми жолға қойған орыс географиялық қоғамының Орынбордағы, Омбыдағы, Семейдегі бөлімдер ашылды:

    1. 1840 жылы

    2. 1868 жылы

    3. 1878 жылы

    4. 1845 жылы

    5. 1880 жылы

  3. Ы.Алтынсариннің мектеп инспекторлығына тағайындалған жыл:

    1. 1878 ж.

    2. 1861 ж.

    3. 1879 ж.

    4. 1883 ж.

    5. 1880 ж

  4. ХІХ ғасырдың ІІ жартысында Қазақстан халқының тарихы, мәдениеті және шаруашылығы жөнінде құнды деректер мен мәліметтер жинап шығарған, әрбір облыс аумағында құрылған ұйымдар:

    1. Қоныс аудару қорлары.

    2. Ғылым академиясының бөлімшелері.

    3. Орыс географиялық қоғамының филиалдары.

    4. Өлкелік зерттеу институттары.

    5. Статистикалық комитеттер.

  5. Ш.Уәлиханов Черняевқа наразы офицерлермен бірге Верныйға қайтқан жыл:


    1. 1864 ж.

    2. 1860 ж.

    3. 1862 ж.

    4. 1863 ж.

    5. 1865 ж

  1. ХІХ ғасырдың ІІ жартысында Іле алқабын, Жетісуды зерттеп, ол жердегі халық ауыз әдебиетінің үлгілерін жинастырып, жариялаған шығыс зерттеушісі, академик:

    1. В.Радлов.

    2. М.Добромыслов.

    3. Л.Мейер.

    4. М.Красовский.

    5. Семенов-Тянь-Шаньский.

  2. 1896 жылы Ресейдің әр түрлі оқу орындарында оқыған Торғай облысы қазақ студенттерінің саны:

    1. 20-ға жуық.

    2. 30-ға жуық.

    3. 40-тан астам.

    4. 50-ге жуық.

    5. 60-қа жуық.

  1. Петербург университетінің стипендиаты, Семейлік алғашқы қазақ заңгері:

    1. Ә.Жангелдин.

    2. Б.Алманов.

    3. Ж.Ақбаев.

    4. Ж.Досмұхамедов.

    5. М.Тынышбаев.

  1. 1897 жылғы халық санағы бойынша сауатты қазақтардың үлесі:

    1. 2 %.

    2. 5 %.

    3. 7 %.

    4. 10 %.

    5. 11 %.

  1. «Лепсі өлкесін қоршаған таулар» атты картинаның авторы:

    1. Н.Хлудов.

    2. О.Федченко.

    3. В.Верещагин.

    4. П.Кошаров.

    5. Б.Смирнов.