Файл: Ііі блім. Азастанны жаа заман тарихы таырып 13. Xviii . 1 жартысындаЫ Аза хандыыны ішкі жне сырты саяси жадайы тест 13.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.02.2024
Просмотров: 390
Скачиваний: 5
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
ТАҚЫРЫП № 17. ХІХ Ғ. 1- ЖАРТЫСЫНДАҒЫ ҰЛТ-АЗАТТЫҚ КӨТЕРІЛІСТЕР
Тест №17.
-
«Барлық үш жүзге ортақ батыр әрі би, қазақтардың бостандығы жолындағы атақты күрескер... орыстарды да, хиуалықтарды да, қоқандықтарды мойындамады», - деп М.Тынышбаев қатты мадақтаған тұлға:-
Кенесары. -
Саржан. -
Қасым. -
Есет. -
Жанқожа.
-
-
1837 ж. бас кезінде Исатай мен Махамбет бастаған көтерілісшілерге келіп қосылған қолды басқарған байбақты руының беделді старшыны:
-
Балқы Құдайбергенұлы. -
Жүніс Жантеліұлы. -
Қайыпқали Есімұлы. -
Арыстан Жантөреұлы. -
Қарауылқожа Бабажанұлы.
-
«Бүлікшіл сұлтан», «Қырғыз (қазақ.- авт.) даласының Митридаты» деп ресейлік ғалымдар атаған қазақтың сұлтаны (ханы):-
Ғұбайдулла Уәлиұлы. -
Саржан Қасымұлы. -
Қасым Абылайұлы. -
Шерғазы Айшуақұлы. -
Кенесары Қасымұлы
-
-
Кенесары құрған хандықта сот ісі, шаруашылық мәселелері, дипломатиялық жұмыстар, алым-салық жинаумен, әскери істермен айналысу міндеттері жүктелген топтар:-
Ақсақалдар кеңесі. -
Төлеңгіттер. -
Билер кеңесі. -
Жасауылдар. -
Нояндар.
-
-
Саржан Қасымұлы патша үкіметінің әскерлерімен ашық шайқасқа шыққан жыл:-
1822 ж. -
1824 ж. -
1826 ж. -
1834 ж. -
1836 ж.
-
-
Орта жүзде хандық билікті орнату үшін Қытаймен дипломатиялық қарым-қатынас орнатуға әрекет жасап, сол үшін 1840 ж. дейін Тобыл губерниясының Березов қаласына жер аударылған қазақ сұлтаны:-
Сұлтанбет. -
Саржан. -
Есенгелді. -
Ғұбайдулла. -
Арынғазы.
-
-
1822-1825 жж. Ресейге қарсы соғыс жариялап, Елек өзені бойындағы жерлерді қайтарып алу жолындағы күреске басшылық жасаған табын руының батыры әрі старшын:-
Жоламан Тленшіұлы. -
Есет Көтібарұлы. -
Исатай Тайманұлы. -
Махамбет Өтемісұлы. -
Жанқожа Нұрмұхамедұлы.
-
-
1836-1838 жылдары көтеріліс бойынша сот жазалау ісін басқарған:-
полковник Данилевский. -
полковник Геке. -
князь Горчаков. -
граф Чернышев. -
Жәңгір хан.
-
-
Кенесары құрған хандық кеңестің Әбілқайыр хан кезіндегі ақсақалдар кеңесінен өзгешелігі:-
Билік ханның өз қолында болды. -
Билік билердің кеңесінде болды. -
Билік сұлтандардың қолында болды. -
Билік халықтың еңсесінде болды. -
Ақсақалдардың қолында заңшығарушы және сот билігі орналасып, атқарушы билік хан қолында болды.
-
-
Сырдарияның сол жағалауында бой көтерген Хиуа хандығының бекіністері:
-
Таушүбек пен Қастек. -
Қапал мен Ақтас. -
Қожанияз бен Жаңақала. -
Райым мен Іле бекеті. -
Жаңаелек пен Мерке.
-
Бөкей Ордасындағы 1842 жылғы көтеріліс басшылары:-
И.Тіленбайұлы мен Д.Тәжіұлы. -
Қ.Өтемісұлы мен Б.Сарұлы. -
Жоламан Тіленшіұлы мен Е.Көтібарұлы. -
А.Қошайұлы мен Л.Мантайұлы. -
И.Тайманұлы мен М.Өтемісұлы.
-
-
Кенесары көтерілісі кезінде көмек сұрау мәселесі талқыланған ел:-
Қытай. -
Иран. -
Қоқан. -
Англия. -
Бұхара.
-
-
XIX ғасырдың ортасында Есет батыр бастаған көтерілістің нәтижесі:-
Салық мөлшеріне шек қойылды. -
Патша өкіметінің отарлауын кешеуілдетті. -
Жазалаушы топтар талқандалды. -
Есет батыр Орынборда патша билігін мойындады. -
Патша өкіметі көтерілісшілердің талабын. орындауға уәде берді.
-
-
Кенесары хандық билігінің оңды нәтижелері:-
Биліктің Ақсақалдар кеңесі мен хан арасында бөлінуі. -
Ресеймен бейбіт келісімге келуі. -
Алауыздық пен барымталардың жойылуы. -
Ресейдің Қазақ хандығының егеменділігін мойындады. -
Атқарушы биліктің билер институтына берілуі.
-
-
Қоқандықтар сәтсіздікке ұшыраған 1858 жылы қазақ-қырыз көтерілісшілерінің соққы берген жері:-
Шымкентке таяу жерде. -
Ташкент. -
Пішпек түбінде. -
Әулиеата маңы. -
Тоқмақта.
-
-
1855 жылы 8-ші шілдеде Есет батырдың тобы қырып салған жазалаушы отрядтың тобы:-
Сұлтан Жантөрин лагері. -
Майор Булатов тобын. -
Генерал-майор Фитингофтың отряды. -
Мырза Ахмет ханның әскері. -
Сұлтан Тайшық жасағы.
-
-
Кенесарының керуен саудасының дамуына қосқан үлесі:-
Саудагерлерге қарулы отрядтар ұстауға рұқсат берді. -
Сауда жолдарының бойында керуен-сарайларды салдырды. -
Керуендерді тонауға тыйым салды және керуендердің қорғалуын қамтамасыз етті. -
Баж салығын алып тастады және жәрмеңкелердің тұрақты өтуіне жағдай жасады. -
Ресеймен, Қоқанмен, Бұхарамен, Хиуамен емін-еркін керуен сауда жасау туралы келісімге қол жеткізді.
-
-
Қоқан билеушілері Оңтүстік Қазақстан мен Жетісуда 1858 жылғы болған көтерілісті басу жолы:-
Әскери күштің басымдығымен. -
Қазақ феодалдарымен ымыраға келу арқылы. -
Көтерілістің басшыларымен келіссөз жүргізді. -
Ресей жазалаушы топтармен ымыраға келу арқылы. -
Жалған уәделер беру арқылы.
-
-
Кіші жүздің батысында Хиуа ханымен байланыста болып, Махамбет пен Исатай әскерлерімен қосыла бастаған, Патша үкіметі үшін өте қауіпті жағдай тудырған сұлтан
-
Шерғазы Айшуақұлы. -
Ғұбайдулла Уәлиұлы. -
Саржан Қасымұлы. -
Жүніс Жантеліұлы. -
Қайыпқали Есімұлы.
-
Қоқан билігіне қарсы болған 1858 жылы көтерілістің нәтижесі:-
Көтерілісшілерге кешірім жасалынды. -
Көтеріліс Қоқандықтардың билігін құлатуға алғышарт жасады. -
Сауда өркендеді. -
Салық мөлшері азайды. -
Қазақтарға еркін көшіп-қонуға еркіндік берілді.
-
-
1838 жылы Кенесары бастаған көтерілісшілердің жасаған әрекеті:-
Ақтау бекінісін өртеп жіберді. -
Созақ бекінісін қоршады. -
Кіші жүз сарбаздарымен бірікті. -
Қырғыз ауылдарын тонады. -
Ақмола бекінісін өртеп жіберді.
-
-
1810-1822 жж. құрылған әскери шеп:-
Жаңаесіл. -
Жаңаелек. -
Жаңашекара. -
Жаңаертіс. -
Сырдария.
-
-
1841 жылы Кенесарының Ташкентке жасаған жорығының жүзеге аспауының себебі:-
Көтерілісшілер қатарының сиреуінен. -
Жазалаушы топтардың қаруының күштілігі. -
Үстем тап өкілдерінің опасыздығы. -
Сарбаздар арасында жұқпалы ауру тарауынан. -
Мініс аттарының жаппай қырылуынан.
-
-
Қоқан хандығының нұсқауы бойынша Ташкент билеушісі Саржанды, оның бауырлары Ержан мен Есенгелдіні өлтірген жыл:-
1836 ж. -
1838 ж. -
1840 ж. -
1842 ж. -
1846 ж.
-
-
І Николай патша 1843 жылы маусым айында көтерілісті басу үшін жіберуге келісім берген жазалаушы отряд:-
Полковник Бизановтың қарулы отрядын. -
Жантөре сұлтанның отрядын. -
Генерал Обручевтің отрядын. -
Сотниковтың отрядын. -
Старшина Лебедевтің отрядын.
-
-
Жетісудағы белді рулардың Ресейден көмек сұрауға мәжбүр еткен оқиға:-
Қазақ феодалдарының озбырлығы. -
Қытайдың қысым көрсетуі. -
Қоқандықтардың қазақтарды жерінен қууы. -
Кенесары соңынан ермеген белді тұлғалардың ауылдарын ойрандауы. -
Кенесарының қазақтың белді феодалдарымен сыбайлас болуы .
-
-
Кенесарының отаршылдыққа қарсы ұранының сипаты өзгеріп, қырғыз жеріне басып кіру себебі:-
Қоқандықтармен бірігіп күресудегі ұсынысын қырғыз манаптарының жауапсыз қалдыруы. -
Патша жазалаушыларымен күресте Кенесарыны қолдамауы. -
Абылайдан қалған өшпенділік. -
Қырғыз жеріндегі орыс билігін әлсірету. -
Қырғыздарды Қоқандықтардан азат етуі.
-
-
Кенесарыны Орта жүздің аумағынан ығыстыру үшін патша үкіметі бекіністер тұрғызған аймақ:-
Ертіс, Есіл бойында. -
Ұлытау, Ырғыз және Торғай бойында. -
Елек өзені мен Сарысу өзені аралығында. -
Жем, Еділ және Жайық бойында. -
Көкшетау аймағы.
-
-
1844 жылғы күрес нәтижелері көтерілісшілердің рухын көтеріп, Кенесары туы астына жаңа қазақ ауылдарының тездеп шоғырлануы Орынбор әкімшілігін мәжбүр еткен жағдай:-
Қазақ даласына Карбышев бастаған қарулы әскер жіберуге. -
Сібір гарнизонындағы әскерді күшейтуге. -
Ертіс бойындағы бекіністердің гарнизондарын күшейтуге. -
Кенесарымен келіссөз жүргізуді бастауға. -
Кенесары әскерлерін жеңу үшін, Қытадан әскери көмек сұрауға.
-
-
Қоқан хандығына қарсы күресте Кенесары сүйенген батыр:-
Жоламан Тленшіұлы. -
Есет Көтібарұлы. -
Исатай Тайманұлы. -
Махамбет Өтемісұлы. -
Жанқожа Нұрмұхамедұлы.
-
ТАҚЫРЫП № 18. ҚАЗАҚСТАННЫҢ РЕСЕЙ ИМПЕРИЯСЫНА ҚОСЫЛУЫНЫҢ СОҢҒЫ КЕЗЕҢІ
Тест №18.
-
Ұлы Жүз қазақтарын басқару туралы нұсқауларға сәйкес бұл өңірге ресейлік пристав тағайындалған жыл:-
1845 жылы. -
1846 жылы. -
1847 жылы. -
1848 жылы. -
1849 жылы.
-
-
1853 жылы В.Перовскийдің басып алған қоқандықтардың бекінісі:-
Мерке. -
Сергиополь. -
Таушүбек. -
Ақмешіт. -
Пішпек.
-
-
Сібір және Сырдария әскери шептерін ұштастыру туралы ұсыныс жасаған Батыс Сібір генерал-губернаторы:-
Геке. -
Перовский. -
Гасфорт. -
Колпаковский. -
Сперанский.
-
-
Орта Азияның ірі саяси экономикалық орталығы Ташкентті орыс әскерлерінің үш күнге созылған көше ұрыстарынан кейін басып алған жыл:-
1864 жылы. -
1865 жылы. -
1866 жылы. -
1867 жылы. -
1868 жылы.
-
-
1854 жылы салынған Верный бекінісінің ертедегі атауы:-
Ұзынағаш. -
Таушүбек. -
Есік. -
Үргеніш. -
Алматы.
-
-
1817 жылы Сүйік сұлтан Абылайханұлы патша үкіметіне жасаған мәлімдемесі:-
Сауда байланысын дамыту. -
Хиуа шапқыншылығынан құтқару. -
Қоқан, Хиуа хандығына қарсы күресте одақ болу. -
Қарамағындағы рулардың Ресей құрамына өтуді қалауы. -
Бұқар хандығының шапқыншылығынан құтқару
-
-
1873 жылы орыс әскерлерінің Хиуа хандығын жеңуінің нәтижесі:-
Хиуа хандығының езгісінің бәсеңдеуі. -
Бұқар Әмірлігіне қазақ руларының өтуі. -
Аралға қазақтардың көшіп келуі. -
Қазақтардың тәуелділіктен құтылуына әсер етті. -
Қазақ руларының Қоқан жағына шығуы.
-
-
Ресейдің экономикалық және саяси мүдделеріне орай алдымен көз тіккен аймақтары Қытай мен Қоқанға іргелес жатқан:-
Орта Азия. -
Қытай мен Қоқан. -
Жетісу мен Іле өңірі. -
Шығыс Түркістан. -
Солтүстік Қазақстан
-
-
ХІХ ғасырдың ортасында Ұлы Жүздің оңтүстік аймақтарын билігінде ұстаған хандық:-
Ресей. -
Бұқар хандығы. -
Иран. -
Қоқан хандығы. -
Хиуа хандығы.
-
-
1858 жылы Верныйда іске қосылған алғашқы жергілікті өңдеу өнеркәсібінің басы:-
су диірмені. -
тұз зауыты. -
сыра зауыты. -
май зауыты. -
нан зауыты.
-
-
1868 жылы қаңтардағы келісім бойынша Қоқан хандығына қарасты жерлер аталмыш генерал-губернаторлыққа бағындырылды:-
Батыс-Сібір. -
Орынбор. -
Дала. -
Түркістан. -
Жетісу.
-
-
ХІХ ғасырдың 50-60 жылдары Орта Азия үшін Ресейдің басты бәсекелесі:-
Қытай. -
Швеция. -
Англия. -
Иран. -
Франция.
-
-
Ұлы Жүз приставы резиденциясының Қапалдан Верныйға орын ауыстырған жылы:-
1848 жыл. -
1855 жыл. -
1854 жыл. -
1857 жыл. -
1853 жыл.
-
-
Верныйдағы тұңғыш су диірмені салынды:-
1851 ж. -
1853 ж. -
1857 ж. -
1859 ж. -
1858 ж.
-
-
1859 жылы Ұлы жүз жерінде салынған бекініс:-
Қапал бекінісі. -
Верный бекінісі. -
Қызылағаш бекінісі. -
Кәстек бекінісі. -
Іле бекінісі.
-
-
Қазақ жерінің Ресейге қосылу процесі созылды:-
120 жылдай уақытқа. -
130 жылдай уақытқа. -
150 жылдай уақытқа. -
200 жылдай уақытқа. -
100 жылдай уақытқа.
-
-
1860 жылы 19-21 қазанда қоқандықтар мен орыс әскерлері үш күн шайқасқан жер:-
Әулиеата. -
Тоқмақ. -
Пішпек. -
Ұзынағаш. -
Таушүбек.
-
-
ХІХ ғасырдың 40 жылдарында Оңтүстік Қазақстанда Орта жүз бен Ұлы жүз аумағы жапсарында салынған Ресей әскери бекіністері:-
Лепсі, Қапал, Көкпект.і -
Сергиополь, Лепсі, Ақтау. -
Мерке, Қастек, Верный. -
Ақтау, Алатау, Таушүбек. -
Көксу, Іле, Райым.
-
-
Хиуа ханы он мыңдық әскерімен қаңыратып кеткен қазақ ауылдарының саны:-
1500 ауыл. -
2000-ға жуық ауыл. -
2500-дей ауыл. -
3000-нан астам ауыл. -
1000-нан астам ауыл.
-
-
Бұқар хандығы Ресейдің қандай әкімшілік аумағының құрамына енді:-
Түркістан генерал-губернаторлығы құрамына. -
Астрахан облысына. -
Жетісу облысына. -
Батыс–Сібір генерал-губернаторлығына. -
Дала генерал-губернаторлығына.
-
-
1854 жылдың көктемінде М.Перемышельскийдің отряды көтерген бекініс:-
Ақмешіт. -
Верный. -
Лепсі. -
Қапал. -
Ақтау.
-
-
1825 жылы Жетісуда өз жерлерінде сыртқы округ ашуға келісім берген ру:-
Үйсін. -
Дулат. -
Қаңлы. -
Жалайыр. -
Қыпшақ.
-
-
1851 ж Қоқандықтардың Таушүбек бекінісін алды:-
К. Гутковский. -
В. Перовский. -
В. Карбышев. -
М. Перемышельский. -
М. Черняев
-
-
Лепсі мен Іле өзендері аралығында көшіп жүрген қазақтардың Ресейге қосылуын жеделдеткен Қапал бекінісі салынды:-
1825 жылы. -
1846 жылы. -
1847 жылы. -
1848 жылы. -
1854 жылы.
-
-
М. Черняев әскері қай жылы Шымкентті алды:-
1865 ж. -
1864 ж. -
1868 ж. -
1867 ж . -
1872 ж.
-
-
1821 жылдары болған Тентектөре бастаған қозғалыстағы көтерілісшілердің саны:-
3 мың. -
5 мың. -
9 мың. -
2 мың. -
10 мың.
-
-
Қоқан әскерінің Таушүбек бекінісі төмендегі қай өзеннің жағалауында салынған?-
Көксу. -
Қаратал. -
Ақсу. -
Іле. -
Қаскелең.
-
-
1817 жылы Ресей құрамына бірінші болып алынған Ұлы жүздің руы:-
Үйсін. -
Дулат. -
Албан. -
Жалайыр. -
Қаңлы
-
-
Хиуа ханы Мұхамед-Рахымның қазақтарға жасаған жойқын шабуылдары:-
1813, 1820, 1825 жылдары. -
1815, 1812, 1821 жылдары. -
1818, 1816, 1823 жылдары. -
1812, 1816, 1820 жылдары. -
1822, 1824, 1826 жылдары.
-
-
1866 жылы орыс әскері жеріне кірген хандық:-
Ұлы жүз хандығы. -
Хиуа хандығы. -
Қоқан хандығы. -
Бұқар хандығы. -
Кіші жүз хандығы.
-