Файл: Ііі блім. Азастанны жаа заман тарихы таырып 13. Xviii . 1 жартысындаЫ Аза хандыыны ішкі жне сырты саяси жадайы тест 13.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.02.2024

Просмотров: 389

Скачиваний: 5

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Тест №24/3.


  1. XIX ғ. орта шенінде Қазақстанның солтүстік-шығыс аймағындағы қазақтардың өмірінен көптеген егжей-тегжейлі тарихи-статистикалық, географиялық және этнографиялық мәліметтер жинап, «Сібір қырғыздарының аймағы» деген 3 томдық еңбегін жариялаған орыс зерттеушісі:

    1. М.М.Красовский.

    2. А. Бяловский.

    3. Г.Зелинский.

    4. Ф.А.Щербин.

    5. Б.С.Броневский

  2. Қазақстандағы тұңғыш өлкелік баспасөздің қалыптасуына қол ұшын берген:

    1. Орыс офицерлері.

    2. Саяси жер аударылғандар.

    3. Жергілікті казак әскерлері.

    4. Марксистік ұйымдар.

    5. Орыс көпестері.

  3. Қазақстанды зерттеу үшін құрылған экспедицияны басқарған статист әрі азаттық қозғалыстың өкілі:

    1. М.М.Красовский.

    2. А. Бяловский.

    3. Г.Зелинский.

    4. Ф.А.Щербин.

    5. Б.С.Броневский.

  4. Польша азаттық күресінің өкілі Адам Бяловский Семей облысында айналысқан жұмысы:

    1. Өскемен уезінің тұрғылықты халқын емдеумен.

    2. Өскемен уезі халқының заң, әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерін зерттеумен.

    3. Өскемен халқының шаруашылығы мен тұрмыс-тіршілігін зерттеумен.

    4. Қазақ халқының диалектілерін, тіл және халық ауыз әдебиетінің үлгілерін зерттеумен.

    5. Өскемен уезінің геологиялық картасын жасаумен.

  1. ХІХ ғ. 60 жж. қазақтарды Ресейге танытудағы кең тараған Г.Зелинскийдің поэмасы:

    1. «Менің ойларым».

    2. «Шопан бала».

    3. «Қырғыз» («Қазақ»).

    4. «Қоңыр».

    5. «Жайлауда жүргенде».

  1. Жергілікті ұста, шеберлер мен зергерлер дайындаған бұйымдардың көрмесі 1896 жылы өткен қала:

    1. Семей.

    2. Орал.

    3. Верный.

    4. Петропавл.

    5. Ақмола.

  2. 1870 жылы мұсылман мектептері туралы «Ереже» бойынша медресеге қабылданушының жасы:

    1. 10 жасқа дейін.

    2. 12 жасқа дейін.

    3. 14 жасқа дейін.

    4. 16 жасқа дейін.

    5. 18 жасқа дейін.

  3. 1868 жылы Париждегі дүниежүзілік көрмеге қойылған бұйымдар:

    1. Музыка аспаптары.

    2. Тері бұйымдар.

    3. Ұлттық киімдер.

    4. Темір құралдар.

    5. Сүйек бұйымдар.

  4. Түркістан статистикалық комитеті ашылған жыл:

    1. 1878 жыл.

    2. 1868 жыл.

    3. 1860 жыл.

    4. 1758 жыл.

    5. 1865 жыл.

  5. Ы.Алтынсаринның «Кел, балалар оқылық» өлеңіне ән шығарған сазгер:

    1. Біржан Қожағұлұлы.

    2. Жаяу Мұса.

    3. Ақан Сері.

    4. Ықылас Дүкенұлы.

    5. Үкілі Ыбырай.

  6. Құрманғазының Исатай Тайманұлына арналған күйі:

    1. «Кішкентай».

    2. «Ақбай».

    3. «Ақсақ киік».

    4. «Көбік шашқан».

    5. «Түрмеден қашқан».

  7. Тұңғыш қазақ мұғалімдік мектебі ашылған қала:

    1. Омбы.

    2. Орынбор.

    3. Ақмола.

    4. Орал.

    5. Орск.

  8. 1870 жылғы мұсылман мектептері туралы «Ереже» бойынша оқу жылы осы айлар аралығында болды:

    1. қыркүйек-мамыр.

    2. қаңтар-сәуір.

    3. наурыз-маусым.

    4. мамыр-тамыз.

    5. қазан-наурыз.

  9. Күйші Дәулеткерейдің көзқарасының қалыптасуына әсер еткен азаттық күрес:

    1. 1836-38 жж. Бөкей Ордасындағы көтеріліс.

    2. 1837-47 жж. Кенесары көтерілісі.

    3. 1850 жылы Сыр бойындағы көтерілістер.

    4. 1842 жылы Ордадағы көтерілістер.

    5. 1855-58 жылы Есет бастаған көтеріліс.

  10. Орынбор губернаторы Крыжановскийдің «Ресейдің шығыс бөлігіндегі мұсылмандықпен күресу» жөніндегі шаралары жарияланған жыл:

    1. 1865 жыл.

    2. 1867 жыл.

    3. 1869 жыл.

    4. 1872 жыл.

    5. 1875 жыл.

  11. ХІХ ғасырда өмір сүрген шертпе күйдің негізін салған күйші:

    1. Құрманғазы.

    2. Тәттімбет.

    3. Дина.

    4. Дәулеткерей.

    5. Ықылас.

  12. Медресені бітіргендер өз білімдерін жалғастырған діни оқу орындары орналасқан қалалар:

    1. Хиуа мен Самарқан.

    2. Бұхара мен Ташкент.

    3. Түркістан мен Шымкент.

    4. Семей мен Өскемен.

    5. Омбы мен Қазан.

  13. 1865 жылы Біржан Қожағұлұлының ақындық өнеріне әсер еткен тұлға:

    1. Абай.

    2. Шоқан.

    3. Сүйінбай.

    4. Жаяу Мұса.

    5. Құрманғазы.

  14. ХІХ ғасырдың ІІ жартысында Қазақстанда ашылған тұңғыш қоғамдық кітапхана:

    1. Ақмолада.

    2. Ақтөбеде.

    3. Петропавлда.

    4. Семейде.

    5. Өскеменде.

  15. Түркістан генерал-губернаторының мәліметі бойынша 1888 жылы өлкедегі медресе саны:

    1. 150.

    2. 174.

    3. 198.

    4. 2001.

    5. 206.

  16. Қазақ музыка аспаптары қойылған көрме өткен қала:

    1. Париж.

    2. Көкшетау.

    3. Мәскеу.

    4. Петропавл.

    5. Петербург.

  17. Семей облыстық статистикалық комитетіне мүше болған ұлы ақын:

    1. Жамбыл.

    2. Сүйінбай.

    3. Абай.

    4. Шөже.

    5. Шернияз.

  18. 1855 жылы Петербургте күміс медальға ие болған күйші:

    1. Құрманғазы.

    2. Дәулеткерей.

    3. Тәттімбет.

    4. Сүгір.

    5. Дина

  19. ХІХ ғасырдың ІІ жартысында Сырдария мен Жетісу облыстарындағы оқу орындарының қызметін қадағалау тапсырылған генерал-губернаторлық:

    1. Батыс-Сібір.

    2. Орынбор.

    3. Түркістан.

    4. Дала.

    5. Ақмола.

  20. Қазақстанда халық ағарту ісінің дамуына кедергі болған негізгі себеп:

    1. қаржының жетіспеуі.

    2. білімді ұстаздардың жетіспеуі.

    3. материалдық базаның жоқтығы.

    4. патша өкіметінің отаршылдық саясаты.

    5. оқу ісін ұйымдастырудағы олқылықтар.

  21. Домбыра өнеріндегі лирикалық бағыттың негізін салушы:

    1. Тәттімбет.

    2. Дәулеткерей.

    3. Құрманғазы.

    4. Ықылас.

    5. Дина.

  22. Қазақтарға 1867-1868 жылғы уақытша Ережеге сай ағарту ісін дамытуға берілген құқық:

    1. Мұсылмандық мектептер ашу.

    2. Қыздар оқитын мектеп ашу.

    3. Ірі қалаларда қазақтарға білім алуға.

    4. Өз еріктерімен қаржы жинауға.

    5. Арнайы оқу орнын ашуға.

  23. ХІХ ғасырдың І жартысында Қазақстанда теңізде жүзу ісін меңгертетін мектеп ашылған қала:

    1. Орынбор.

    2. Ақмола.

    3. Атырау.

    4. Ақтау.

    5. Омбы.

  24. Мұсылман мектептерінің алдағы дамуы туралы «Ереже» бекітілді:

    1. 1864 жылы.

    2. 1868 жылы.

    3. 1870 жылы.

    4. 1872 жылы.

    5. 1873 жылы.

  25. Өз заманының азулы өкілдерін сынауға арналған ыза-кекке толы Біржанның өлеңі:

    1. «Айтбай».

    2. «Шорманұлына».

    3. «Смағұлға».

    4. «Жанбота».

    5. «Тартыс».


ТАҚЫРЫП № 25. ХХ ҒАСЫР БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН МӘДЕНИЕТІ
Тест №25.


  1. «Бірлік» мәдени-ағарту ұйымының баспа органы болған «Балапан» журналының бас редакторы:

    1. М. Сералин.

    2. С. Көбеев.

    3. Қ. Кемеңгеров.

    4. С. Торайғыров.

    5. Н. Байғанин.

  2. 1911 ж. Орынбор губерниясының Троицк қаласында шыға бастаған алғашқы қазақ журналы:

    1. «Серке».

    2. «Айқап».

    3. «Бірлік».

    4. «Алаш».

    5. «Балапан»

  3. 1913-1918 жж. шыққан қазақ халқының ұлттық-саяси және ғылыми-әдеби басылымы:

    1. «Алаш».

    2. «Дала үні».

    3. «Қазақ».

    4. «Серке».

    5. «Түркістан уәлаятының газеті».

  4. 1888 ж. Омбыда Дала генерал-губернаторлығы шығара бастаған басылым:

    1. «Түркістан уәлаятының газеті».

    2. «Дала үні газеті».

    3. «Ұшқын».

    4. «Дала уәлаятының газеті».

    5. «Дала өлкесінің газеті».

  5. XIX ғ. 60-жж. Қазақстандағы әкімшілік реформалардың мәнін қазақтар арасында тарату және түсіндіру үшін 1870 ж. Ташкент қаласында қазақ және өзбек тілінде шыға бастаған газет:

    1. «Түркістан уәлаятының газеті».

    2. «Дала үні газеті».

    3. «Ұшқын».

    4. «Дала уәлаятының газеті».

    5. «Дала өлкесінің газеті».

  1. ХХ ғ. басында «қазақтың бұлбұлы» атанған әнші:

    1. К.Байсеитова.

    2. Р.Бағланова.

    3. М. Шамсутдинова.

    4. Д.Нұрпеисова.

    5. Б.Төлегенова.

  2. Халық дастандарын ел арасында уағыздауға, жыршылық өнерді жаңа тарихи жағдайда дамытуға үлкен үлес қосқан қазақ халқының ұлы ақыны:

    1. Ы.Дүкенұлы.

    2. С.Көбейұлы.

    3. А.Қорамсаұлы.

    4. Н. Байғанин.

    5. М. Сералин.

  3. 1900 ж. Верный гимназиясын алтын медальмен, 1906 ж. Санкт-Петербург транспорт инженерлері институтын бітірген, «Алаш» қозғалысы жетекшілерінің бірі, белгілі қоғам қайраткері, педагог, тарихшы:

    1. М.Тынышбаев.

    2. Ә.Бөкейханов.

    3. А.Байтұрсынов.

    4. М.Дулатов.

    5. М.Жұмабаев.

  4. 1911 ж. Орынборда жарық шыққан «Оян, қазақ!» (замандастары бұл еңбекті «Ұлттық манифест» деп атаған) шығармасының авторы:

    1. М.Тынышбаев.

    2. Ә.Бөкейханов.

    3. А.Байтұрсынов.

    4. М.Дулатов.

    5. М.Жұмабаев.

  5. 1903 ж. Петербургте «Ресей. Өлкеміздің толық географиялық сипаттамасы» деген ортақ атпен шыққан 18-томның авторларының бірі болған қазақ ғалымы:

    1. М.Тынышбаев.

    2. Ә.Бөкейханов.

    3. А.Байтұрсынов.

    4. М.Дулатов.

    5. М.Жұмабаев.

  1. XX ғ. бас кезінде қазақ зиялылары өздерінің мақалалары мен шығармалары жарық шыққан Қырым татарларының мен Еділ бойы татарларының басылымдары:




    1. «Улема», «Рабиға», «Серке», «Ақ шоқы», «Шолпан», «Таң».

    2. «Аңыз», «Халық үні», «Иттифок», «Заман», «Үркер».

    3. «Үлфат», «Азат», «Сөз», «Дін уә мағишат», «Еділ», «Ел-ыслах».

    4. «Джумхурият», «Отан», «Әуез», «Миллет», «Үлфет».

    5. «Тәржіман», «Ихтифад», «Шора», «Уақыт», «Жұлдыз»

  1. XX ғ. бас кезінде Қазақстанда құрылған «Орыс халқы одағы», «Михаил Архангель одағы», қаражүздік ұйымдарының айналысқан қызметтері:

    1. Қазақ даласында сауатсыздықты жою.

    2. Қазақстанда ақша айналымы, қатынас жолдары, өнеркәсіп орындарын, капиталистік қарым-қатынастардың негіздерін дамыту.

    3. Марксизмнің негіздерін халық арасында жаю.

    4. Ұлт араздығын тұтандырып, «бұратана халықтарды» қудалап, елде ойран салу.

    5. Қазақстанның табиғи байлықтарын, халықтың шаруашылығы мен тұрмыс-тіршілігін зерттеп, мәлімет жинау.

  1. М.Дулатұлының 1915 жылы жарық көрген әдеби-публицистикалық туындысы:

    1. «Бақытсыз Жамал».

    2. «Терме».

    3. «Азамат».

    4. «Оян қазақ».

    5. «Қамар сұлу».

  2. ХХ ғасырдың басында жарыққа шыққан Ш.Құдайбердіұлының шығармасы:

    1. «Мұсылмандық шарты».

    2. «Адасқандар».

    3. «Қамар сұлу».

    4. «Қалың мал».

    5. «Ботагөз».

  3. Халық сазгері, ХХ ғасырдың басындағы «Гәкку» әнінің авторы:

    1. Үкілі Ыбырай.

    2. Біржан сал.

    3. Ақан Сері.

    4. Балуан Шолақ.

    5. Естай.

  4. 1905 жылы Қарқаралыда өткен еңбекшілердің бірлігін қуаттайтын саяси жиынға белсене қатысқан қазақ зиялысы:

    1. М.Дулатов.

    2. А.Байтұрсынов.

    3. М.Тынышбаев.

    4. Ә.Бөкейханов.

    5. М.Шоқаев.

  5. Петропавлдағы мұсылмандар кітапханасы осы жылға дейін жұмыс істеді:

    1. 1903 ж.

    2. 1905 ж.

    3. 1907 ж.

    4. 1910 ж.

    5. 1912 ж.

  1. Патша үкіметінің 1906 жылы қабылданған оқу-ағарту ісіндегі ережелерінің Қазақстанға әсері:

    1. Кітапханалар көптеп ашыла бастады.

    2. Медреселер көптеп салына бастады.

    3. Орыс-қазақ мектептерінің кеңеюіне жағдай жасады.

    4. Қазақ ұлттық мектептері көптеп салына бастады.

    5. Орыс-қазақ мектептерінің кеңеюіне кедергі жасады.

  1. «Айқап» журналының (1911-1915 жж.) баспагері әрі редакторы болған белгілі ақын, прозашы және журналист:

    1. М. Сералин.

    2. С. Көбеев.

    3. Қ. Кемеңгеров.

    4. С. Торайғыров.

    5. Н. Байғанин.

  1. ХХ ғасырдың басындағы қазақ мәдениетінің жан-жақты дамыған саласы:

    1. Музыкалық мәдениет.

    2. Жазба әдебиеті.

    3. Қолөнер мәдениеті.

    4. Сурет өнері.

    5. Баспа өнері.

  1. ХХ ғасырдың басында ағарту ісін дамытуда, оны уағыздауда маңызды орын алған газет:

    1. «Ұшқын».

    2. «Түркістан уалаяты».

    3. «Искра».

    4. «Айқап».

    5. «Степной край».

  1. С.Торайғыровтың өмір шындығын, халық тағдырын сипаттаудағы маңызын жоғалтпаған тамаша романы:

    1. «Қамар сұлу».

    2. «Бір адамға».

    3. «Шәкірт ойы».

    4. «Адасқан өмір».

    5. «Қалың мал».

  1. XX ғасырдың басында демократияшыл, ағартушылық, гуманистік бағыттағы ақын, тарихшы, философ ретінде танылған қайраткер:

    1. А.Байтұрсынұлы.

    2. Ш.Құдайбердіұлы.

    3. С.Дөнентаев.

    4. С.Көбеев.

    5. Т.Ізтілеуов

  1. Қазақ тілі мен әдебиетін дамытуда шығармашылық мұрасы ерекше орын алатын тұлға:

    1. Ш.Құдайбердіұлы.

    2. М.Дулатов.

    3. С.Көбеев.

    4. Ә.Бөкейханов.

    5. А.Байтұрсынұлы.

  1. ХХ ғасырдың басындағы қазақтың музыкалық мәдениетінің дамуына әсер еткен туынды - «Гәкку» әнінің авторы:

    1. Үкілі Ыбырай.

    2. Майра.

    3. Дина.

    4. Балуан Шолақ.

    5. Естай.

  1. ХХ ғасырдың басында жарыққа шыққан Ш.Құдайбердіұлының өлеңдер жинағы:

    1. «Қамар сұлу» .

    2. «Қазақ айнасы».

    3. «Мұсылмандық шарты».

    4. «Қалың мал».

    5. «Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі».

  1. 1900-1917 жж. аралығында қазақ тілінде басылып шыққан кітаптардың саны:

    1. 100-ге жуық.

    2. 200-ге жуық.

    3. 400-ге жуық.

    4. 800-ге жуық.

    5. 2000-ға жуық.

  1. Татарлардың «Ульфат» газетінің қосымшасы ретінде 1907 ж. Санкт-Петербург қаласында жарық көрген қазақтардың тұңғыш қоғамдық-саяси газеті:

    1. «Алаш».

    2. «Дала үні».

    3. «Қазақ».

    4. «Серке».

    5. «Түркістан уәлаятының газеті».

  1. Ауыз әдебиетінің алыбы, суырып салма ақын:

    1. Шәкәрім Құдайбергенұлы.

    2. Үкілі Ыбырай.

    3. Жамбыл Жабаев.

    4. Мұстафа Шоқай.

    5. Естай Беркімбайұлы.

  1. 1905-1907 жж. кадеттердің «Степной пионер», «Степной край», «Иртыш», «Омич», «Голос» атты газеттеріне белсенді түрде мақалалар жіберіп тұрған қазақ зиялысы:

    1. М.Тынышбаев.

    2. Ә.Бөкейханов.

    3. А.Байтұрсынов.

    4. М.Дулатов.

    5. М.Жұмабаев.