Файл: Саба крнекілігі ауіпсіздік ережесі жазылан плакаттар. Слайд шоу.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.02.2024

Просмотров: 438

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



Үйге тапсырма: Кестені толтыр:



НЕ?

КАЙДА?

ҚАШАН?

1

Қол саусақтары, тастар, белгілеулер, түйіншектер

 Барлық жерде

Көне заманда 

2

Абак

 Ежелгі Қытай немесе Египет

2000-5000 жыл бұрын. 

3

Логарифмдік сызғыш

Англия Д.Робертсон 

1761 ж.

4

 Паскаль машинасы

Франция Блез Паскаль

 1642 ж.

5

Арифмометр

 Германия Лейбниц

 1694 ж.

6

 Аналитикалық машина

Англия Чарлз Бэббидж

1833 ж. 

7

Бэббидж машинасына арналған бағдарлама

 Анлия Ада Лавлейс

 1833 ж.

8

 Есепші-перфорациялық машина

Герман Холерит Америка

 19 ғасырдың аяғы

9

"Марк-1" электро-механикалық санауыш машинасы

 Америка Говард Айкен

 1944 ж.

10

 ENIAC

АҚШ Моучли, Эккерт

 1946 ж.

11

EDSAC-Нейманның архитектурасымен жасалған ЭЕМ

 АҚШ

1949 ж. 

12

 МЭСМ

КСРО С.А.Лебедев

 1947-1948 жж.

13

 БЭСМ

 КСРО С.А.Лебедев

1952-1953 жж.




ЭЕМ

Буындары

Элементтік

базасы

ЭЕМ-нің

негізгі сипаттамалары

І буыны 1940-1955 жж.

Элементтік шамдар

Жылдамдығы төмен, абажадай, енгізу үшін перфокарталар қолданылған программалар машина командаларының тілінде құрылған, санау жылдамдығы секундына 20 000 операция.

ІІ буыны 1955 жылдан бастап

Жартылай өткізгіштер, транзисторлар

Өлшемі кішірек, электроэнергиясын азырақ жұмсайды. Жылдамдығы – секундына бірнеше мыңдаған операция, жоғары деңгейлі программалау тілдері дами бастады.

ІІІ буыны

Интегралдық схемалар

Үлкен жад, жылдамдығы секундына бірнеше миллиондаған операцияға дейін, магниті дискілер пайда болды. Мультипрограммалық режим.

ІҮ буыны

Микропроцессорлар

Үлкен жад, жоғары жылдамдық, шағын өлшем, жоғары деңгейлі программалау тілі.

Ү буын құру талаптары




Жасанды интеллект. Қарым-қатынас тілі табиғи тілге жақын.



Сабақ аяқталды

Сау болыңыздар


Топ :













Күні:













Тақырыбы: Дербес компьютер. Компьютермен танысу. Компьютердің құрылымы. Компьютердің арналуы. Мүкіндіктерін көрсету. Жүйелік блок. Компьютердің ішкі құрылымы.

Сабақ мақсаты: а) ДК-мен, оның негізгі блоктарымен және олардың міндеттерімен танысу.
Б) Компьютердің ішкі құрылымдарымен, және олардың міндеттерімен таныстыру.
В) Компьютермен ұқыпты жұмыс жасауға, қоғам мүлкіне жанашырлықпен қарауға тәрбиелеу.
Сабақ көрнекілігі: Кестелер, компьютер құрылымдары.

Сабақ түрі: Дәстүрлі

Сабақ әдісі: Көрсете түсіндіру

Сабақ типі: Жаңа білімді меңгерту сабағы

Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі

Үй тапсырмасын тексеру

Жаңа сабақ түсіндіру

Жаңа сабақты бекітуге тапсырмалар беру

Үйге тапсырма

Сабақты қорытындылау

Сәләматсыңдар ма?

Үй тапсырмасы Компьютердің даму тарихы.

Тапсырма келесі сабақта сұралады.

Бүгінгі тақырып, Дербес компьютер. Компьютермен танысу. Компьютердің құрылымы. Компьютердің арналуы. Мүкіндіктерін көрсету. Жүйелік блок. Компьютердің ішкі құрылымы.

Бүгінгі күні дербес компьютерлер (ДК) көпшілік арасында кең тарады. Дербес компьютер тек бір адамға жұмыс жасауға арналған. Бүгін біз ДК құрылымы мен олардың жұмыс істеу принциптерін қарастырамыз.

ДК-дің құрылғыларының ішіндегі маңыздылары мыналар: жүйелік блок, монитор, пернтақта. Себебі бұларсыз компьютер жұмыс жасамайды. Басқа құрылғылар да пайдалы, бірақ оларсыз компьютер жұмыс жасай алады.

Компьютердің барлық құрылғылары бір-біріммен шнурлар арқылы жалғастырылады.

ДК-дің процессоры мен жедел жады ішкі құрылғысы болып табылады.

Басқалары: монитор, пернетақта, маус, модем, т.б. сыртқы құрылғылар болып табылады.

Әрбір сыртқы құрылғы процессормен арнайы блоктар – адаптер немесе контроллер арқылы жалғасады.

Адаптер немесе контроллердің міндеті – процессордан келіп түскен ақпаратты құрылғылардың жұмысын басқаратын сәйкес сигналдарға айналдыру.



ПРоцессор басқа құрылғылармен көптеген сымдардан тұратын кабель арқылы жалғастырылады, оны кеңарна немесе шина деп атайды.

Ал енді компьютердің ішкі құрылғыларымен жақын танысайық.

Жүйелік блок.

Жүйелік блок ішінде ең маңызды құраушылар орналасқан негізгі торап болып табылады. Жүйелік блоктардың корпусы әр түрлі пішінде болады. Олар қоректендіру блоктарымен (блок питания) бірге қоыйлады.

Жүйелік блоктың ішінде орналасқан құрылғыларды ішкі деп атайды.

Жүйелік блоктың сыртында орналасқан құрылғыларды сыртқы (перифериялық) деп атайды.

Компьютердің ішкі құрылғылары:

Аналық тақша (материнская плата) – ДК-нің негізгі тақшасы.

Оған мыналар енгізілген:

  • Жедел жад (ЖЖҚ-жедел жадтайтын құрылғы) – компьютер қосылған кезде деректерді уақытша сақтауға арналған микросхемалар жиыны.

  • ПРоцессор – көптеген математикалық және логикалық операцияларды орындайтын негізгі микросхема.

  • ТЖҚ (тұрақты жадтайтын құрылғы) – деректерді ұзақ уақыт сақтауға арналған микросхема.

  • Микропроцессорлық комплект (чипсет) – компьютердің ішкі құрылғыларының жұмысын басқаратын микросхемалар жиыны.

  • Қосымша құрылғыларды қосуға арналған ажыратпалар (слоттар)

  • Шиналар – олар арқылы компьютердің ішкі құрылғыларының арасында сигнал алмасу жүргізілетін өткізгіштер жиыны.

Тапсырма Кестені толтыру.

Құрылғылар

Орналасуы

Жүйелік блоктың алдыңғы панелінде

Жүйелік блоктың ішінде

Жүйелік блоктың артқы панелінде

Монитор порты










Қатқыл диск










Компьютердің қосу/өшіру батырмасы










Аналық тақша










Микрофон мен колонкаларға арналған кірістер










Бейнетақша










Дискіжетек










Процессор










Электрмен қоректендіргіш бауы










CD-ROM










Модем мен сканерге арналған порттар










Қоректендіру блогы










Дыбыс тақшасы










Компьютерді қайта жүктеу батырмасы










ПРинтер порты










Маус пен пернетақта порттары










Жедел жады










Желілік тақша порттары.












Процессор.

Процессор – компьютердің негізгі микросхемасы. Ол ЭЕМ миы. Онда ақпаратты өңдеу мен барлық құрылғылардың бірлесіп істейтін жұмысын басқару жүргізіледі. Құрылысы бойынша процессор жедел жадтың ұяшықтарына ұқсас ұяшықтардан тұрады, бірақ бұл ұяшықтарда деректер тек сақталып қана қоймай, өзгертіледі де. Процессордың ішкі ұяшықтары регистр деп аталады.

Ең көп тараған процессрдың түрі: Пентиум. Мұндай процессорлар орнатылған компьютерлерді Пентиум деп атайды.
Жедел жад.

Жедел жад бұл деректерді уақытша сақтауға қабілетті кристалды ұяшық сілемі. Жадтың әрбір ұяшығының өзінің адресі болады. Бір ұяшықта 1 байт ақпарат сақталады.

Жедел жад компьютерде модульдер деп аталатын стандартты тақталарда орналасады. Жедел жадтың модульдерін аналық тақшадағы сәйкес ажыратпаларда қондырады.

Жедел жадтың сипаттамасы – оның сыйымдылығы. Қазіргі уақытта жедел жадтың көлемі 128 МБ, 256 МБ, 512 МБ, 1ГБ болып келеді.
ТЖҚ микросхемасы мен BIOS жүйесі.

Компьютерді қосқан кезде оның жедел жадында ештеңе – деректер де, бағдарламалар да болмайды. Бірақ процессорға әуелі алғашқы қосу кезеңінен кейін командалар керек. Ал жедел жады әзірге бос болғандықтан одан басқару жүрмейді, процессор ТЖҚ-ға қатынасады. ТЖҚ компьютер өшіп тұрғанда да ақпаратты ұзақ уақыт сақтай алады. ТЖҚ-дағы бағдарламалар компьютерді дайындау кезінде жазылады.

ТЖҚ-ға кіретін бағдарламалар комплекті енгізу шығару базалық жүйесін (BIOS – Basic input output system) құрады.

Бұл пакеттік бағдарламалардың міндеті – компьютерлік жүйенің жұмысқа қабілетілігін тексеру және пернетақтамен, монитормен, дискілермен өзара байланысын қамтамасыз ету.
Тақырып бір компьютердің жүйелік блогын ашып, құрылғыларды көрсету арқылы түсіндірледі.

Тақырыпты бекіту сұрақтары:

  1. Компьютердің негізгі құрылғыларын ата?

  2. Сыртқы және ішкі құрылғылардың айырмашылығы қандай?

  3. Шина дегеніміз не?

  4. Контроллер немесе адаптердің атқаратын қызмеі не?

  5. Компьютердің ең негізгі тақшасы?

  6. Процессордың атқаратын қызметі қандай?

  7. Жедел жад пен тұрақты жадтың айырмашылығы қандай?


Үйге тапсырма тақырыпты оқып келу.

Сабақ аяқталды

Сау болыңыздар



Топ :













Күні:














Тақырыбы: Компьютердің сыртқы құрылғылары. Енгізу-шығару құрылғылары. Монитор. Пернетақта. Пернетақталық тренажер.

Сабақ мақсаты: а) Оқушыларды компьютердің сыртқы құрылғыларымен: монитормен, пернетақтамен таныстыру. Олардың арналуын түсіндіру.
Б) Монитор мен пернетақта сипаттамаларын үйретіп, пернетақтада жұмыс жасауды пернетақталық тренажер арқылы меңгерту.
В) Оқушыларды компьютерде жұмыс жасатып, ұқыпты жұмыстануға үйретіп, пәнге қызығушылығын арттыру.

Сабақ көрнекілігі: «Аленка», «Babytape» пернетақталық тренажерлары, Информатика 3,4 электронды оқулығы.

Сабақ түрі: Дәстүрлі

Сабақ әдісі: Баяндау, көрсету, практикум

Сабақ типі: Жаңа білімді меңгерту

Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі

Үй тапсырмасын тексеру

Жаңа сабақ түсіндіру

Жаңа сабақты бекітуге практикалық тапсырма

(компьютерде пернетақталық тренажермен жұмыс жасау)

Үйге тапсырма

Сабақты қорытындылау

Сәләматсыңдар ма?

Үй тапсырмасын тексереміз. Үйге берілген тапсырма ЭЕМ-нің даму тарихы және компьютердің ішкі құрылғалары бойынша берілген кестені толтырып келу. Оқушылардың жұмысын қарап, бағалаймын.

Жаңа сабақ Компьютердің сыртқы құрылғылары.

Өткен сабақта біз компьютердің ішкі құрылғыларымен таныстық. Олар негізінен компьютердің жұмысын басқарып отырады. Бірақ компьюттер сыртқы ортамен қатысуы үшін, басқа қосымша құрылғылар керек.

Бұлар:

Деректерді енгізу құрылғылары;

Деректерді шығару құрылғылары;

Деректерді сақтау құрылғылары;

Деректерді алмасу құрылғылары:

Бүгінгі сабақта біз енгізу және шығару құрылғыларын қарастырамыз.

Енгізу құрылғылары көмегімен компьютерге өңделетін ақпарат енгізіледі, ал шығару құрылғылары арқылы машинадан оның жұмысының аралық және ақырғы нәтижелері адам түсінетін түрде шығарылады.

Енгізу құрылғыларына: пернетақта, маус, джойстик, сканер, т.б. жатады.

Шығару құрылғыларына: принтер, монитор (дисплей), графиксалғыштар, т.б. жатады.

Монитор.

Монитор ақпаратты экранға шығаратын құрылғы. Ол компьютер жұмысы туралы барлық ақпаратты адамға беріп отырады.

Монитор бейнелеу түсі бойынша: Монохромды және түрлі-түсті болып бөлінеді.

Монохромды тек ақ-қара түстерді көрсете алады.

Монитор шығаратын ақпараты бойынша