ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 15.11.2019
Просмотров: 2457
Скачиваний: 1
Негізгі әдебиеттер /5-6/,
Қосымша әдебиеттер/20-21/.
Дәріс -12.
Дәріс тақырыбы: Паскаль бағдарламалау тілін оқыту әдістемесі.
Дәрістің мақсаты: Орта мектепте Паскаль бағдарламалау тілін оқытылуын қарастыру.
Тақырып бойынша қарастырылатын сұрақтар:
1. Информатикада бағдарламалау тілінің оқытылуы тарихы.
2. Паскаль бағдарламалау тілін оқыту.
Дәрістің тезисі: Жалпы білім беретін мектептерге бағдарламалау элементтерінің енгізуіне 40 жылдан астам уақыт болады. Информатика бағдарламалау элементінің орта мектепке енгізілуінің өзіндік тарихы бар, яғни оны бірнеше кезеңге бөлуге болады.
- Бірінші кезең, бұрынғы одақтағы 50 жылдардың бас кезіндегі алғашқы ЭЕМ - дың пайда болуына байланысты.
- Екінші кезең, математикаға бейімделген мектептер кезінде бағдарламалауға мамандандыруға байланысты, (информатика мектепте оқытуды 1959 жылдан басталды деуге болады). Математика және оның қолданушылары бойынша жүргізілген факультативтерде арнаулы үш курс әртүрілі деңгейде ЭЕМ - ның қолданылуын қажет етті. “Бағдарламалау”, “Есептеу математикасы”, “Векторлық кеңістіктер және сызықтық бағдарламалау”. Осы факультативтік курстардың енгізілуіне байланысты бағдарламалауды орта мектепке енгізу кезеңі басталды.
- Кейінірек сол кездегі математикалыық орта білімнің қайта құрылуына байланысты жаңа таңдаулы тақырыптар ұсынылады. “Санау жүйелері және ЭЕМ - нің арифметикалық құрылғылары”,
( 7 - класс), “Алгоритмдеу және бағдарламалау”,
( 8 - класс), “Кибернетика негіздері”,
Кибернетика қолданбалы информатика ретінде жеке объектілерді басқарудан бастап (станоктар, кәсіпорындық құрылымдар, автомобильдер, т.б.) өте күрделі бүтін өндіріс салаларын, банк жүйелерін, әуелі адамдар қоғамдастығын басқару жүйелеріне дейін автоматтық немесе күрделігі әртүрілі дәрежедегі автоматтандырылған басқару жүйесін жасау және қолдану саласында қарастырылуы мүмкін.
(9, 10 - класс), “Бағдарламалау тілдері”.
- Сонымен келесі кезең, оқу - өндірістік комбинаттары негізінде мамандандыруға байланысты.
- Одан кейінгі кезең, жалпы білімдік бағдардың дамуымен сипатталады.
Қазіргі заманда адам көпміндетті компьютерді пайдалану арқылы атқарады. Кез-келген міндетті орындау алгоритмнің болуын, яғни нәтиже алуға жеткізетін әрекеттердің алдын ала жазылып қоюын қажет етеді. Алгоритмнің негізінде бағдарлама түзіледі, яғни есеп шешуінің алгоритмі оны компьютерде орындауға жарамды түрде жазылады. Осыдан барып компьютердің көмегімен есепті шешу үрдісінің мәні алгоритмді құру екені көрінеді. Алгоритмдік алдын ала жазбаларды құрастыру үрдісі алгоритмдеу деп аталады. «Алгоритм» сөзі IX ғасырдағы Орта Азияның ұлы математигі Әл-Хорезми атының латынша жазылу –algoritmi қалпынан шыққан. Қазіргі кезде «алгоритм» ұғымы тек математикалық есеп шешу әдісімен шектелмейді. Оның мағынасы әлдеқайда кең. Әрбір компьютер алдын ала берілген алгоритмнен, яғни жоспарлы жұмыс істейді. Алгоритмді реттелген амалдар жиыны, кезекпен орындалатын операциялар тізімі деп ұғынған жөн. Оның көптеген анықтамасы бар. Соның бірі: алгоритм-берілген есептің шығару жолын реттелген амалдар тізбегі түріне келтіру. Кез-келген есепті қарапайым амалдарды тізбектей орындау арқылы шығаруға болады. Алгоритмді компьютерде орындау үшін оны бағдарлама түрінде жазып шығу керек.
Алгоритмдерді компьютерде орындау үшін оларды алдын ала жазып алу керек, яғни ол белгілі бір заңдылықпен өңделуі тиіс. Жалпы жағдайда, алгоритм жазудың келесі түрлері қабылданған:
-
табиғи тілдегі жазылуы;
-
белгілі бір түйінді сөздер-терминдер (псевдокодтар-жалған кодтар) арқылы қысқаша тізбекті түрде жазу, мұны қарапайым алгоритмдік тіл деп те айтады.
-
Графиктік жолмен (блок-схема арқылы) жазу;
-
Бағдарламалау тілдеріндегі жазылуы.
Бірақ табиғи тілде жазылған алгоритм компьютерде орындалмайды, өйткені бұл жағдайда дәлдік, нақтылық сақталмайды. Ал алгоритмді екінші көрсетілген жолмен жазу, қарапайым алгоритмдік тіл деп аталып, қолданылып жүр. Мұны олардың ағылшын тіліне негізделіп жасалған бағдарламалау тілдеріне жақындығымен түсіндіруге болады. Алгоритмдерді графиктік жолмен жазу, кейіннен оны бағдарламалау тіліндегі бағдарламаға айналдыру жұмысы мемлекеттік стандартпен бекітіліп, ақпарат өңдеу жұмысында қолданылады.
Кесте 2. Алгоритм блок-схемаларының арнайы белгілері.
Іс-әрекеттің аталуы |
Блок пішімі |
Атқаратын жұмысы |
Үрдіс
Таңдау
Модификация
Құжат
Енгізу, шығару
Бастау, аяқтау |
|
Математикалық өрнектерді есептеу Есеп шығару жолын таңдау
Цикл (қайталау) басы
Нәтижені шығару, қағазға басу
Мәліметтерді енгізу, (шығару) Алгоритмдердің басталуы, аяқталуы |
Паскаль тілі өзінің қарапайымдылығының және тиімділігінің арқасында дүние жүзіне тез таралды. Қазіргі кезде барлық дербес компьютерлер осы тілде жұмыс істей алады. Паскаль тілінде жазылған бағдарламаның дұрыстығын компьютерде тексеру және жіберілген қатені түзету оңай.
Паскаль тілін 1970 жылы Швейцария ғалымы Н. Вирт бағдарламалау әдістерін оқыту мақсатында арнайы жасаған .
Қазіргі кезде Паскаль тілі кез-келген күрделі есептерді шығара алатын, кең таралған стандартты оқу тіліне айналды. Сондықтан жалпы білім беретін мектептерде бағдарламалауды оқытуда осы Паскаль тілі таңдалып алынған .
Мектеп курсында жаңа бағдарлама бойынша 2005-2006 оқу жылынан бастап 9-сыныптың информатика пәніне Паскаль тілі бағдарламасын оқыту енгізілді.
Күнтізбелік жоспар бойынша 9-сыныпта Паскаль тілін оқытуға (алгоритмдерді қоса есептегенде) бар-жоғы 24-26 сағат ғана бөлінген. Сондықтан оқушылардың материалды толық меңгеруге сағаттардың аздығы, игеретін материалдардың тығыздығы өте үлкен әсер етіп отыр.
Мұғалімдерге арналған қосымша әдістемелік оқулық, ал оқушыларға арналған есептер мен жаттығулар жинағы бар, бірақ есептер деңгейлерге бөлінбеген, шығару жолдары көрсетілмеген.. Сол себепті қазіргі жаңа педагогикалық технологиялардың бірі–профессор Ж. Қараевтың «Саралап-деңгейлеп оқыту технологиясын» тиімді пайдалану керек.
Арифметикалық операцияларды және санның типтерін ажырата білу бағдарламаны құруда маңызы зор. Төмендегіде келтірілген мысал оған дәлел болады:
Дұрыс дұрыс емес
1) Var 1) Var
a, b: integer; a, b: integer;
r: integer; r: integer;
s: integer; r:= a/b; {бөлуге болмайды}
r:=adivb; s:=a*b;
2) Var 2) Var
a: integer; b, c: real a: integer; b, c: real
c:=a+b a:=b+c {сол жағында едәуір кең тип тұруы керек}.
Паскаль тілі бағдарламасын оқыту әдістемесі үшін келесі шешу жолдар ұсынылады:
1) Алгоритмдерді бағдарламалаумен қатар өткізу (паралель жүргізу);
2) Паскаль тіліндегі операторларды жатқа білуі және оларды есте сақтау үшін электронды түрдегі тест тапсырмасын беру керек;
3) Уақытты ұту үшін дайын бағдарламаны өңдесе жеткілікті;
4) Сабақ жоспарында жаңа педагогикалық технологиялардың элементтерін тиімді қолдану;
5) Паскаль тілі бағдарламасын оқытуға арналған электрондық оқулық жасау;
6) Ақпараттық технологияларды пайдалану (Интерактивті тақтаның мүмкіндіктерін ұтымды пайдалану).
Өзін - өзі бақылауға арналған тапсырмалар:
Қорғауға берілген реферат тақырыптары:
-
Сызықтық алгоритмдерді бағдарламалау.
-
Тармақталу алгоритмдерді бағдарламалау.
-
Циклдік алгоритмдерді бағдарламалау.
Негізгі әдебиеттер /1,4/,
Қосымша әдебиеттер/2,3,5-6,20/.
Дәріс -13.
Дәріс тақырыбы: Компьютерлік сауаттылық, білімділік және мәдениет.
Дәрістің мақсаты: Оқушының сапалы білімнің 3 сипаттамасын қарастыру.
Тақырып бойынша қарастырылатын сұрақтар:
1. Компьютерлік сауаттылықпен білімділік.
2. Ақпараттық мәдениет.
Дәрістің тезисі Әдеттегі сауаттылық пен компьютерлік сауаттылықты салыстырып, компьютерлік сауаттылықты - ЭЕМ көмегімен санау, жазу, оқу, сурет салу, ақпаратты іздеу қабілеттері деп айта аламыз. Жоғары, қалыптасқан сауаттылықтың белгісі бұл - өз бетімен және ЭЕМ-ді қолдана отырып тиімді жұмыс істеу. Бұл оқушыларды оқытудағы ең бірінші сипаттамасы болып табылады.
Компьютерлік сауаттылықтың артықшылығы молайып, қолдану аясы кеңейіп, ол жүйелік сауаттылыққа дейін жетті. Басқа да, біршама нақтылы категория - компьютерлік білімділік сияқты оқудың екінші сипаттамасы керек. Информатиканың контекстінен алынған негізгі белгілері білімді адамның қарапайым ойларынан шығады. Оған жататындар:
- негізгі, мүмкін компьютерлік емес мамандықпен байланысты компьютерлік әдебиетті жиі оқу;
- кең білімділік, көптеген бағдарламалар және компьютерлер арасында бағдарлау, олардың мүмкіндіктерін білу;
- нақты жұмысқа қолайлы бағдарламалық жүйені (БЖ) таңдай білу;
- нақты бағдарламалық жүйенің сапасына баға беру қабілеті;
- өзінің бағдарламалық жүйе кітапханасының бар болуы және оның уақытылы кеңейтілуі;
- жақсы көретін және жақсы көрмейтін бағдарламалық жүйесі болуы;
- ЭЕМ-ді қолданғандағы артықшылықтар мен шектеулерді түсіну.
Мектеп мұндай білімді қамтамасыз ете алмайтыны анық, бірақ оның негізін салып, қажеттігін қалыптастыруы керек:
Оқушының сапалы білімнің үшінші сипаттамасы - ақпараттық мәдениет. Ол мүмкін жалпы даму деңгейінің жеке ойлау сипаттамасындағы байланысты қарасытырады. Біз осыдан өте белсенді мәдениет түрін бар болу мүмкіндігін көреміз. Бұл ең әуелі контекстік жалпы адамдық құндылықта компьютерді қолдану әдебі. Адамның қалыпты іс-әрекетін ғасырлар бойы, бақылайтын өсиеттер стилінде де нақты айтуға болады:
- Біреудің ақпаратын кездейсоқ немесе әдейі «құртып алма» ( осыдан вирустық шығармашылық пен жағымсыздық туындайды);
- Біреудің бағдарламасын немесе деректерін «ұрлама», мұндағы мәселе- көшірілген ақпарат иесінен зат ретінде бөлінбейді, ал ақпарат жалпы жағдайда мүлдем тауар болып саналмайды. Мұндағы мәдениеттің минималды талабы - біреудің еңбегінен өзіңе пайда түсірмеу және тегін алынғанда автордың келісімімен тегін тарату керек. Автордың келісімінсіз көшіру және тіпті көшіруден қорғауды бұзу өзінің меншігіне иемдену болып табылады. Қорғауды бұзудың абстрактілігі істің мәнін өзгертпейді.
- Компьютерлік фонатизмнен «хакерліктен», бағдарламалар мен тілдерден шектен тыс «тоқтап қалудан» нақты өмірді компьютерлік ортада тарылтуға тырысудан бас тартуды білдіретін «өзіңе табынушыны жаратпа». Дүниетанымның шеңберінде – бұл барлығын біреуден мәңгілікке түсіндіруге тырысудың алдын алу, бұл жағдайда компьютердің метофорасы арқылы түсіндіру болып табылады;
- «Жалған куәгер болма» яғни нашар білетін бағдарламалар мен мәліметтерді талқылама;
- «Жақыныңды өзіңдей жақсы көр»: достарыңа кеңеспен мысалдармен көмектес, жалпы жадта артық орын алма, көшірмелер мен ескірген файлдарды өшір, жұмыс істеп біткен соң, жадты қалпына келтір.
Ақпараттық мәдениетте эстетикалық мазмұн да бар – информатикадағы қысқа, түсінікті, қызықты, тез, әмбебап алгоритмді көре білу, бағалай білу және құра білу, қорытындыны (қағаз және экран бетінде) әдемі безендіріп, графикалар және түстерді тиімді қолдана білу.
Ақпараттық мәдениеттің бөлігі болып өзіндік пән табылады. Ол мәтіндік алгоритмнің құрылымданған жазбасы, бағдарламалық өнімге түсініктеме беру, өзі және басқалар үшін, барлық құрылған жүйені көрсетіп, өзінің мәліметін ішкі жадқа сақтауды ұйымдастыру, ЭЕМ мен жұмыс істеу кезіндегі жақсы әдет қалыптастыру болып табылады.
Енді көріп тұрғанымыздай, практикалық білімнің мақсаты компьютерлік сауаттылықты қалыптастыру, жалпы білім және ақылдың дамуының мақсаты комьпютерлік біліммен байланысты, ал тәрбиелеу мақсаты ақпараттық мәдениетті қалыптастыру. ЭЕМ мен жұмыс істеу меңгеру деңгейі, сауаттылық, білімділік және мәдениет арасында бірмәнді байланыс жоқ. Мүмкін бағдарлама құра алмайтын қолданушының бәрі білімді, ал қиялшыл бағдарламалаушы - өзінің сүйікті Си тілінен басқа ештеңе білмейді деп айтайық. Бұл көзқарастан вирус таратушы бәрінен де сауатты, мүмкін тіпті білімді, бірақ әрине онда мәдениет жоқ.
Сонымен, егер информатиканың біліктілік деңгейі өссе, мәдениет деңгейінің өсуіне қосылмайды, ақырында мүмкін компьютерлік желінің өсу беталысы ескіріп барлығы негатипті болуы мүмкін. Сондықтан қосымша білім де зиянды болуы мүмкін.
Сол себептен, компьютерді оқытудағы аталған үш мақсат педагогтің бағытталған талпыныстарын талап етеді және ол жай ғана автоматты түрде материалды игеруге қол жеткізілмейді. Түсініктісі мұғалім мысалынан басқа, тәрбиелеудің әсершіл тәсілі жоқ.
Өзін - өзі бақылауға арналған тапсырмалар:
Қорғауға берілген реферат тақырыптары:
-
Компьютерлік сауаттылыққа арналған оқу-әдістемелік құралдар.
-
Ақпараттық мәдениет негіздері.
-
Компьютердің пайдасы мен зияны.
Негізгі әдебиеттер /5-6/,
Қосымша әдебиеттер/4,20,21/.
Дәріс - 14.
Дәріс тақырыбы: Мектептің жоғарғы буынында информатиканы саралап оқыту.
Дәрістің мақсаты: Мектептің жоғарғы буынында информатиканы оқытудың екі бағытын қарастыру.
Тақырып бойынша қарастырылатын сұрақтар:
1. Жаратылыстану-математикалық бағытындағы информатиканың оқытылуы.
2. Қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы информатиканың оқытылуы.
3. Оқу бағдарламасын келтіру.
Дәрістің тезисі:
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 18.10.2005 ж. № 672 бұйрығымен бекітілген
-
Орта жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математикалық бағытындағы 10-11-сыныптарына арналған бағдарлама
Авторлар:
Ермеков Нұрмұхамбет Тұрлынұлы,
Мұхамбетжанова Сәуле Талапеденқызы,
Стифутина Нина Федоровна.
-
Орта жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10-11-сыныптарына арналған бағдарлама
Авторлар:
Ермеков Нұрмұхамбет Тұрлынұлы,
Мұхамбетжанова Сәуле Талапеденқызы,
Стифутина Нина Федоровна.
10-11 сыныптарда информатиканы оқытудың оқу бағдарламасы Орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың мемлекеттік бағдарламасының негізгі бағыттарын жүзеге асыру бағытында және мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартына сәйкес жасақталды.
Негізгі мақсаты – оқушыларға ақпаратты өндеу, беру және қолдану процестері туралы білімді меңгерту және оқу процесінде компьютерлік технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде пайдалану дағдыларын қалыптастыру.
Оқытудың мазмұны шығармашылық жеке тұлғасын қалыптастыруға, логикалық-құрылымдық ойлау қабілетін дамытуға, яғни оны қызмет субъектісі ретінде қалыптастыруға және компьютерлік технологияның мүмкіндіктерін өздерінің кәсіби дайындық деңгейлеріне еркін пайдалана білуге бағытталған.
Информатиканың мамандыққа баулу курсы ретінде оқытуда оқушылардың жаңа ақпараттық технологияның көмегімен қолданбалы программалық құралдарды жасақтау, ақпараттық-логикалық модельдерді құру, деректер қорын өңдеуді, Web-беттерінің дизайнын құру мен ақпараттық технологиямен жұмыс жасауды меңгерту сияқты мәселелер қамтылады.