Файл: Ас орыту мшелеріні рылысы мен ызметін крсетііз.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 07.11.2023

Просмотров: 434

Скачиваний: 5

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



2

2

7

Постэмбриогенез сатыларын атаңыз, уақыт аралықтарын және жас ерекшелігін ажыратып жазыңыз.



2

2

8

Физиологиялық иілім түсінігін талдаңыз.



2

2

9

«Жүйке жүйесі өте нәзік әрі күрделі аспап» түсінігін ашып көрсетіңіз.

Жүйке жүйесі өте нәзік те, күрделі аспап болып табылады. Ол төменгі даму сатысындағы тірі ағзаларда рецепторлар мен бұлшық еттер арасындағы жай ғана байланыстыру рөлін атқарады. Жоғары дамыған ағзаларда оның құрылымы күрделене келе, қоршаған орта мен ағза арасындағы өзара байланыстардың барған сайын күрделі қызметтерін өз міндетіне алады. Адамның қызметі әлеуметтік факторлармен айқындалады, сондықтан жүйке жүйесінің осы қызметтері адамда өз кемеліне жетеді. Бұл жүйке жүйесінің міндетті. Дамудың жоғарғы сатысындағы жануарлардың көбінде жүйке жүйесі басқа мүшелер мен ағза жүйелерімен тең дәрежелі жүйеге жатпайды. Ол басқа жүйелермен, мысалы қан айналым, ас қорыту, бөлу жүйелерімен, бір қатарға қойыла алмайды. Бұл көзқарасты ертеде ағза әртүрлі мүшелердің механикалық жинағы деп есептеген неміс ғалымы Р. Вирхов пен оның ізбасарлары ұстанған. Жүйке жүйесі ағзаның өзге мүшелерімен және жүйелерімен мүлдем басқа өзара байланыста болады. Жүйке жүйесі олардан үстем тұрып, жоғарғы қызмет атқарады. Ми денеде өтетін барлық процестерді өз қарамағында ұстайды

2

2

10

Бас миының бөлімдері, орналасу орны мен олардың әрқайсысының қызметтерін атаңыз.

Ми бас сүйегінің ішінде орналасады.Дамуына ,құрылыс ерекшеліктеріне және қызметтеріне байланысты ми бес бөлімге бөлінеді

1.үлкен ми

2.аралық ми

3.ортаңғы ми

4.артқы ми

5.сопақша ми

Сопақша ми тікелей жұлынның жалғасы болып есептеледі.Сондықтан құрылысы жағынан жұлынға ұқсас болады.Орталық түтік мидың 4-ші қарыншасын түзеді.Сопақша мида 8-12-ші ми жүйкелерінің орталықтары жатады. Сопақша мида мидың 4-ші қарыншасының түп жағында күшті дамыған мидың торлы түзілімі болады. Сопақша мидың қуысы ,сайлары, нәзік және сына тәрізді шоқтары, жіп тәрізді денешіктері болады. Сопақша мида тыныс алу ,ас қорыту,қан айналым және басқа жүйелердің орталықтары орналасады және де ол жұлын сияқты рефлекстік ,өткізгіштік қызметтер атқарады.


Артқы ми екі бөлімнен тұрады:алдыңғы бөлімін ми көпірі артқы бөлігін мишық деп атайды. Ми көпірі сопақша мидың үстінде орналасқан жалпақ ақ жал.Ол үстіңгі жағынан ортаңғы мимен шектеледі .Ми көпірі шекараларынан 6-7-8-ші ми жүйкелерінің түбірлері басталады.Ми көпірі өткізгіштік және рефлекторлық қызметтер атқарады.

Үлкен ми –милардың ішіндегі ең үлкені ,ол ми сауытының едәуір бөлігін толтырып тұрады.Үлкен миды тік бағытта дәл ортасынан терең ұзынша жүлге мидың екі сыңарына бөледі.Оларды оң және сол жақ ми сыарлары деп атайды.Бұл ми сыңарлары дәнекер ақ дене арқылы бірігеді.Әрбір ми сыңарының ішінде бір-бірден қуыс болады .Ол қуыстар мидың 1-ші және 2-ші қарыншалары немесе бүйір қарыншлары деп аталады. Мидың ұзын жүлгесі шүйде тұсында көлденең жүлгеге тіреледі.Әрбір ми сыңарында жүлгелер иірімдер болады.

Мишық ми көпірі мен сопақша мидың артқы жағында орналасады.Оның салмағы ересек адамдарда 120-150 грамм болады.Мишық бастың бүкіл артқы бөлігін тұрады ,оны үлкен ми сыыыыыыыыңарының шүйде бөлігі үстіңгі жағынан жауып тұрады.Екеуінің арасындағы саңылауды мидың көлденең саңылауы деп атайды.Мишық екі сыңардан және оларды біріктіретін құрт тәрізді мүшеден тұрады ,және де сұр зат пен ақ заттан түзіледі.Сұр зат мишықтың сыыртқы бетінде орналасып, оның қыртысын түзеді .Ақ зат8 сұр заттың ішінде орналасқан ,олардың іішіінде 4 жұп ядролар болады.Мишықтың негізгі қызметі- денені қозғалтып, қимылға келтіру,тепе теңдік алма кезектік қызметтерді ,яғни үйлесімділікті рефлекс жолымен басқару.

Ортаңғы ми мидың сабақшасынан төрт төмпешіктен,мидың қуысы ми суағарынан және ми бүркенішінен құралады.Төрт төмпешіктер мишықтың алдыңғы жағында жатады,оның алдыңғы екеуінде бағдарлап көру орталығы, артыңғы екеуінде бағдарлап есту орталығы жатады. Ортаңғы мидың ақ затының арасында күңгірт заттар жатады. Оларды орталық сұр зат, қызыл ядролар, қара субстанция деп бөледі. Ортаңғы мидың ішкі қабырғасында 3,4-ші ми жүйкелерінің орталықтары жатады . Қуысы- ми суағары- ұзындығы 1,5 см келетін жіңішке өзек .Ол мидың 4-ші қарыншасын 3-ші қарыншасымен байланыстырып тұрады. Аралық ми ортаңғы мидың және мидың ақ затының үстінде орналасады.Аралық миға таламус(көру төмпегі)пен гипоталамус және оның ішкі қуысы мидың 3-ші қарыншасы жатады.Таламус аймағы нағыз таламус,артқы таламус және эпиталамус аймақтарына бөлінеді .Таламуста 40 шақты ядро ,әртүрлі орталықтар болады.Гипоталамуста дене қызуын реттейтін ,зат алмасуды реттейтін ,ішкі бездерге әсер ететі н 32-ден астам ядро лар орналасқан.



2

2

11

Ұйқының түрлері мен олардың ерекшеліктерін талдап жазыңыз

Ұйқы-организмнің тыныштық қалпы, толық дамуы. Ұйқы адам организмінің қалыпты қызмет атқаруы мен тірлігін сақтауға қажетті жағдай. Сергек ояу адам сыртқы ортамен белсенді қарым-қатынаста болып, оның әсерлеріне лайықты жауап береді. Ол сыртқы ортаның тітіркендіргіштерінің түріне байланысты күшті әсерге күшті, әлсіз әсерге әлсіз жауап берсе, ұйқыдағы организмнің жауабы мүлде басқаша болады. Ұйқы кезінде сыртқы ортамен байланыс нашарлайды немесе мүлде тоқталады, денедегі зат алмасуы, бұлшық еттердің тонусы, ас қорыту, жүрек-қан тамырлар мен тыныс мүшелерінің қызметі төмендеп, дене тұлғасының бұлшық еттері босайды. Тыныс жиілігі, жүректің соғуы азаяды. Ұйқыдағы адамның миындағы нерв клеткаларының өзара байланыстары жөнге келтіріліп, талданып, талқыланады, қажетті мәліметтер есте сақталады. Ол мәліметтердің іздері нығайып, күшейеді, нейрондардың энергия қоры қалпына келтіріледі, сондықтан ұйқы қандай болмасын организмге өте қажет.

Ұйқының жас ерекшеліктері, ұзақтығы, гигенасы. Баланың өсіп дамуы барысында ұйқы мен сергек жүру мерзімдерінің мөлшері өзгереді. Жаңа туған сәби алғашқы күндері тәулігіне 21 сағаттай ұйықтайды. Біртіндеп оның ұйқысы азайып, сергек мерзімі ұзарады. 1 жасқа жақындаған баланың ұйқысының ұзақтығы 14 сағат, 4-жаста 12,10 жаста 10,11 сағат, ересек адамда 7-8 сағат.ұйқының барлық кезеңдері баланың алғашқы айлық өмірінде қалыптаса бастайды. Ересек адамның ұйқысының кезеңдері 10 жасқа дейін қалыптасып үлгереді.

Баланың өмірінде 5-6 жастың маңызы ерекше: бұл кезде күндізгі ұйқы тоқталып, 1 тәулік екі кезеңге бөлінеді. Ояу жүру немесе серегктік және ұйықтау кезеңдері. Сондықтан баланың түнгі ұйқысы бұзылғанда оның организмі әлсіреп, тез шаршау белгілері туады. Бала күн кестесіндегі еңбек уақыты мен ұйқы уақытын дұрыс сақтамаса, оның организмінде қалжырау пайда болады. Ондай баланың еңбегінің нәтижесі төмендеп кетеді.

Бала мезгілінде дұрыс ұйықтау үшін жатар алдында ауыр тамақ ішпеуі тиіс. Ауыр тамақты ұйықтардан бұрын кемінде 2-3 сағат бұрын қабылдап, жатарда жеңіл-желпі аз мөлшерде ішу керек (айталық, 1 кесе айран немес сүт, немесе жеміс шырыны). Баланың төсегі жайлы, бөлмесінің ауасы таза, температурасы 20-22С болғанда ұйқысы дұрыс болады. Сондықтан бала ұйықтағанда: жазда терезесінің сәл ашық болып, қыста жатар алдында жарты сағаттай желдендіріп алу маңызыды. Баланың ұйықтайтын бөлмесі сырттан айқайшу келмейтіндей пәтердің тыныш жағында орналасқаны дұрыс.баланы жатар алдында жылы сумен аяқ-қолдарын жуындырып, денесіне шақ, қыспайтын, жұмсақ , мақта-матадан тігілген жатын киімін киіндіру қажет. Ұйықтардан 1-2 сағат бұрын баланың жүйке жүйесін қоздыратын ойындарды, әңгімелерді айтуды немесе оқуды тоқтатып, оның орнына, тыныштандыратын әңгімені ақырын баяу біркелкі ырғақты дауыспен айтқан жөн.


Адамда тәуліктік 1/3 бөлігін ұйқыда өткізеді. Егер адам 70-80 жыл өмір сүрсе, олар 25-28 жылы ұйқыда өтеді. Ұйқысыз адамда жануарда ұзақ өмір сүре алмайды.

2

2

12

И.М. Сеченов пен И.П. Павлов жоғары жүйке қызметін зерттеудегі ғылыми еңбектерінің мәнін ашып көрсетіңіз.

Жоғары жүйке әрекетіне ми сыңарлары мен оның қыртысының қызметі жатады.Жоғары жүйке әрекеті адам организінің сыртқы ортамен қарым-қатынасының тиімді қалыптасуын зерттейді. Жоғары дәрежедегі қызметтер: ес, сана, ойлау, ұйқы, түс көру, гиппоз т.с.с. ми сыңарларының негізгі қызметі болып саналады.

Психикалық әрекетті мидың жоғарғы бөлімінің физиологиялық жұмысы ретінде қарап, оған талдау беруге бірінші қадам жасаған И.М. Сеченов болды. Ол 1863 ж. шыққан «Ми рефлекстері» деген еңбегі мен одан кейінгі жұмыстарында психикалық әрекеттің барлық көріністерінің негізінде рефлекс жататындығын дәлелдеді. Сеченов орталық нерв жүйесіндегі тежелу құбылысын ашу арқылы мидың рефлекторлық реакцияларының күшейіп және әлсіреп отыратын кезеңдерінің болатынын көрсетті. Психикалық әрекеттің рефлекторлық механизмді екенін мойындаудың нәтижесінде кез келген әрекеттің бірінші себебі сыртта жатады және бірдей ішкі, сыртқы жағдайлар кезінде адам әрекеті де әр уақытта бір түрлі болу керек деген қорытынды шығарды. Басқаша сөзбен айтқанда, ол саналы тіршілік етудің барлық актыларының детерминдігін мойындайды. Мидың физиологиясын жасау міндетін орындап шыққан И.П. Павлов болды. Чернышевскийдің, Добралюбовтың, Писаревтің, т.б. ағартушы-демократтардың алдыңғы қатарлы идеяларымен тәрбиеленген Сеченовтың «Ми рефлекстері» деп аталатын еңбегінің сөзсіз ықпалында болған Павлов өзінің алғашқы экспериментальдық жұмыстарында-ақ организмдегі жүріп жатқан процестердің реттеуші механизмін зерттеуге тырысты. Ол тұтас, дені сау зақымданбаған организмнің сілекей бездерінің қызметін ұзақ уақыт зерттеуге мүмкіндік беретін фистула әдісін ұсынды. Бұл әдісті қолданғанда организмдегі түрлі органдардың бір-біріне әсерін және сыртқы ортаның әсерін ескеруге толық мүмкіндік бар. Павлов жоғары нерв әрекетінің негізгі заңдылықтарын сілекей бездерінің шартты рефлекторлық реакцияларын бақылап-зерттеп, талдаудан шығарды. Себебі, оның айтуынша, сілекей бездері шартты рефлексті зерттеудің өте ыңғайлы объектісі (нысаны).Бездің өзегін сыртқа шығару арқылы оның қызметінің сипатын және дәрежесін көзбен көріп, тіркеп отыруға болады. Сондай-ақ мұнымен қатар организмнің қалыпты тіршілік әрекеті бұзылмайды. Сілекей ауызға басқа бездер арқылы құйыла береді.


2

2

13

Адам психикасы. Сана және санасыздық терминдеріне түсініктеме беріңіз, мысал келтіріңіз.

Сана — бейнеге сүйене қоғаммен қарым-қатынасқа түсе алатын адам қабілеттілігі, адамның заттармен байланыс іс-әрекеті, табиғи және мәдени қатынасы, қашықтағы, жақындағы адамдар өзара қатынасы мен қызметі, яғни осы образдарды өзінің мінез-құлық бағытында әдіс-тәсілі ретінде пайдалану. Сана түсінігі бұл психика түсінігі; психика тірі жанның қоршаған ортаментікелей байланыс тәсілі (сондай-ақ жеке адам) деп түсіндіріледі, демек олардың өмірлік үрдістерінде әсерлендірушісі және көрінісі ретіндегі, психикалық қабілеттілік жыйынтық, табиғи және ғарыштық ырғақтар байланыстарында адамның қоғамдық және мәдени іс-әрекеттерінде өз-өзіне бағыт-бағдар жасай алуы мен басқара алатын қабілеттілікпен қамтамасыз етуі.

Санасыз — санасыз акт, адамның жан дүниесінде санадан тыс атқарынатын әрекет. Санасыз әрекетке адам мән бере қоймайды. Санасыздық, субъект өзіне әсері бар екенін есеп бере алмайтын шынайы құбылыстың ықпалымен болатын психикалық үрдістер, актілер мен күйлер жиынтығы немесе психикалық бейнелеудің формасы. Санасыздың санадан айырмашылығы: санасыздықты ырықты бақылау және ондай әрекеттерді бағалау мүмкін емес. Санасыздықта өткен, қазіргі және болашақ жай бірігіп бір психикалық актіде іске асады (мысалы, түс көруде). Санасыздық балада ертеректе болатын (таным әрекетінде): ойлауында, интуициясында аффектісінде, үрейленгенде, түстерінде, гипноздық жағдайда көрініс береді. Санасыздық құбылыстарды психоанализ бағытымен түсіндіруге әрекеттеніп 3. Фрейд "санасыздықты динамикалық ығыстыру" терминін ғылымға енгізді. анасыз әрекеттің қарапайым мысалына адамның ой жүгіртпей істелетін дағдылы әрекеттері, түс көру, кейбір мәселенің шешімін кенеттен аян бергендей табуы, т.б. жатады. 

2

2

14

Сигналдық жүйелерді түсіндіріңіз, олардың түрлеріне мысалдар келтіріңіз.

Кейбір адамдар, мысалы, «лимон» деген сөзді естігенде, олардың миында қандай үрдістер орын алып жатқаны туралы ойланбайды және екіншіден, олардың бір бөлігі үшін өзінің дәмдік қасиеттерін, сыртқы көрінісін бейнелейді. Шындығында жоғары жүйке жүйесін адам мен жануарларды қоршаған әлеммен байланыстыратын сигнал жүйесі жауап береді.