Файл: Ас орыту мшелеріні рылысы мен ызметін крсетііз.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 07.11.2023

Просмотров: 439

Скачиваний: 5

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Өсіп келе жатқан ағзаға қан түзілу жүйесінің мәселелері жағымсыз әсер

етеді, оның ішіндегі ең қауіптісі анемия болып табылады. Өкінішке орай, мұндай

мәселе мектепке дейінгі балалардың 50% кездеседі екен. Ұзақ уақыт бойы

емделгеннен кейін балалардың жартысы аурудан айығып, 1 сыныпқа баратын,ұлдар мен қыз балаларда бұл диагноз шамамен 15% сақталады.

Терапевттер оларды жас ерекшелігіне қарай бөліп, бұл қауіпті аурудың пайда

болуының бірнеше себептерін көрсетеді. Оны кестеден қарау оңайырақ

болады.Анемия – бұл негізінде ұлпалар мен жасушаларды оттегімен қамтамасыз

ету кезеңінде болатын мәселе екенін ата-аналар түсіне бермейді. Көбінесе мұндай

ауытқу эритроциттер деңгейінің төмендеуінен болады. Оларды темірі бар ақуызды

ағза ұлпаларына тасымалдайтын көлікпен салыстыруға болады. Медицинада

ол гемоглобин деген атпен белгілі, ол оттегіні жасушаларға жіберетін маңызды

қызмет атқарады. Егер эритроциттер азайып кетсе, ағза оттегінің жетіспеушілігін

қатты сезетін болады. Емделуді кейінге қалдыра берсеңіз, бұл жасушалар мен

ұлпаларға қатты соққы болады Балаларда бұл аурудың неше түрі болатынын

білмейтіндіктен, әкелері мен аналары темір тапшылығынан болатын анемия

туралы ғана айтады. Педиатрлар оларды төмендегідей топтастырады:темір

тапшылықты (бала қанындағы темірдеңгейінің күрт төмендеуі);фолий тапшылықты

(талдау жасалғаннан кейін фолий қышқылының жетіспеушілігі

анықталады); пернициоздық анемия (цианокобаламин – зат алмасу әрекеттеріне

қатысатын зат тапшылығы арқылы білінеді); гемолиздік анемия (бұндай

мәселемен кездесетін балалардың эритроциттері сақталмайды, өзінің негізгі

қызметін орындамай, құрамдас бөліктерге бөлініп кетеді); гипоплазиялық (аурудың

бұл түрі ең ауыры болып саналады, себебі ол бас миының патологиясымен

байланысты).Көбінесе балаларда темір тапшылықты анемия байқалады

Анемияның кез келген түрін емдеу мен оның алдын алу үшін баланың тамақтануы

теңгерімді болуы тиіс. Оған жиі төменде көрсетілген өнімдерді қосу қажет.бұршақ

тұқымдастар;қызыл ет;субөнімдер;тауық пен үндік;сарыуыз;кептірілген

жемістер;алмалар;итмұрын;балық;еңіз өнімдері.Балаларына беретін тамақтары

әртүрлі болу үшін аналар біраз тер төгуі керек. Сондықтан ас мәзірін алдын ала,


бір немесе екі аптаға ойластырған жон.

224.Эмбриональдық кезеңнің негізгі 4 сатыларына анықтама беріңіз.

Эмбрион (грек, embryon — ұрық) аталық және аналық жыныс жасушаларынын қосылуы нәтижесінде пайда болады. Ұрықтану — жануарлар мен адам организмінде жатыр түтігінің жоғарғы бөлігінде, ал суда тіршілік ететін жануарларда — сулы ортада жүреді. К. Бэр – эмбриологияның негізін қалаушы. Эмбриондық даму кезеңін эмбриология ғылымы зерттейді.

Эмбриогинездің негізгі 4 даму сатылары бар.Бірінші саты бөлшектену, екінші саты гаструляция, үшінші саты нейруляция, төртінші саты органогенез деп аталады.

Бірінші саты:

Бөлшектену кезеңі.Бөлшектену (лат. flssio — бөлшектену) — ұрықтанған біржасушалы организмнің (зиготаның) митоз арқылы бөлініп, көпжасушалы ұрыққа (бластулага) айналуының эмбриондық кезеңі. Бөлшектену кезінде пайда болған жасушаларды бластомерлер деп атайды. Бөлшектенудің белгілі кезеңіне дейін бластомерлер саны көбейгенмен, зиготаның мөлшері өзгермейді. Бластомерлер бөлінген сайын, олардың саны көбейіп, мөлшері кішірейе береді. Бөлшектену кезеңі — бластуланың (қуысы сұйыққа толған көпжасушалы ұрықтың) түзілуімен аяқталады.Бластула әр түрлі жануарларда түрліше болады.

Екінші саты:

Гаструляция кезеңі Гаструляция-бұл эмбриональді жасушалардың қозғалу процесі, нәтижесінде ұрықтың 2 немесе 3 қабаты пайда болады.Екі қабатты гаструла сыртқы жапырақ- эктодермадан және ішкі қабат – энтодермадан тұрады. Гаструляцияның соңғы кезеңінде эктодерма мен энтодерманың аралығында мезодерма дамып жетіледі.
Үшінші саты:

Жүйке түтігінің түзілуін нейруляция дейді. Ұрық жапырақшаларынан жануарлар ағзасы тіндерінің қалыптасуы — гистогенез.

Төртінші саты:

Ал тіндерден органдардың түзілуін — органогенез, органдардан жүйелердің қалыптасуын — системогенез деп атайды.

Адамның ұрықтық дамуы немесе жүктілік, яғни әйелдің ағзасында өтетін физиологиялық процесс, ол баланың тууымен аяқталады, қалыпты ағымында орташа 280 тәулік (10 ай) жалғасады. Жүктіліктің 9-аптасынан бастап туғанға дейінгі даму кезеңі медициналық терминологияда фетальды деп аталады,ал құрсақта дамып келе жатқан организм ұрықты (fetus) деп атайды.

Зиянды әдеттердің болуы жүктілікке теріс әсер етуі мүмкін. Ананың темекі шегу мерзімі мен салмағы бойынша шала туған балалардың туу қаупін арттырады. Алкоголь ішу балалардың физикалық және психикалық дамуының тежелуіне, олардың бет пен аяқ-қолдың ақаулары, жүрек ақаулары болуына байланысты.



Түсік тастаудың себептері:

o жұқпалы аурулар, жіті (мысалы, тифтер, безгек, қызамық, крупозды пневмония, тұмау), сондай-ақ созылмалы (мысалы, мерез, туберкулез, токсоплазмоз);

o жүрек-қан тамырлары аурулары (гипертониялық ауру, жүректің ауыр ақаулары), бүйрек аурулары, эндокриндік бұзылулар, психикалық жарақаттар;

o сынаппен, бензинмен, никотинмен, алкогольмен, марганецпен туындаған созылмалы улану;

o ана мен ұрық қанының үйлесімсіздігі (ең алдымен, резус-фактор бойынша айырмашылық));

o әйелдердің жыныс мүшелерінің аурулары (жыныс мүшелерінің ісіктері және қабыну процестері, инфантилизм және т. б.));

o жүкті тағамда витаминдер тапшылығы (негізінен, А және Е);

o хромосомдық бұзылулар.


225Онтогенездің қысқаша даму тарихы. К.Бэр, Э.Геккель және И.Павловтың еңбектерін түсіндіріңіз

Онтогонез[1](грек. on – табыс септігінің жалғауы, ontos – нағыз, нақты және генез) – организмніңжеке дара дамуы. Онтогенез ұрық болып түзілуінен бастап, тіршілігінің соңына дейінгі барлық өзгерістердің жиынтығы. Онтогенез терминін неміс биологы Э.Геккель үсынған (1866). Онтогенез барысында дамып келе жатқан организмнің жеке мүшелері өсіп, жіктеледі және бірігеді. Осы күнгі көзқарастар бойынша Онтогенезге бастау болатын жасушаның ішінде организмнің одан әрі дамуын анықтайтын белгілі бір тұқым қуалаушылық бағдарламасы – код түріндегі мағлұмат сақталады. Бұл бағдарлама бойынша Онтогенез барысында ұрықтың әрбір жасушасындағы ядро мен цитоплазманыңәсерлесуі; сондай-ақ, ұрықтың әр түрлі жасушалары мен жасуша кешендерінің өзара әрекеттесулері жүзеге асады. Тұқым қуалауаппараты өзіндік белок молекулаларының синтезделуін кодтау (белгілеу) арқылы морфогенетикалық процестердің жалпы бағытын ғана анықтайды, ал олардың нақтылы жүзеге асырылуы белгілі дәрежеде (тұқым қуалаушылық нормасы шеңберінде) сыртқы факторлардың әсеріне тәуелді болады. Организмдердің әр түрлі топтарында Онтогенездің тұқым қуалаушылықбағдарламасының мүлтіксіз орындалу деңгейі мен оның реттелу шегінің мүмкіншілігі мол.

226.Эктодерма, эндодерма және мезодерма қабаттарынан дененің қай мүшелері дамитынын бөліп талдаңыз.

Энтодерма (грек. entós — «ішкі» және dérma — «тері») немесе энтобласт
, —Көпжасушалы жануарлардағы ішкі ұрықтық қабат. Энтодермаға барлық асқорыту мүшелері: қарын, ішек, өңеш, т.б. Барлық бездер тері безінен өзгесі, сонымен қатар асқорыту бездері де: бауыр, ұйқыбез, қалқанша без, гипофиз бөлігі бүйрекүсті безі және т.б.жатады. Тынысылу жүйесі: өкпе, кеңірдек, ауатамыр және т.б. жатады. Энтодерманың орналасуы: Сонымен ұрық жасушалары былай орналасады: сыртқы қабаты—эктодерма, орта қабаты —мезодерма, ал ең кіші қабаты —энтодерма. Ең алдымен сыртқы қабаты эктодерма содан соң ішкі қабаты энтодерма оңашаланады, ал бұдан соң олардың аралығынан мезодерма орнығады. Энтодерманы ішек қуысы астарлайды.

Эктодерма (грек. ektos – тыс, сыртқы және тері) – гаструлалану кезінде түзілетін сыртқы ұрықтық қабат. Эктодерма бластомерлері екі қабат болып жарылған ұрықтың сыртқы жасушалық қабатынан қалыптасады. Ұрық денесінің ұзына бойына Эктодерма клеткалары бөлініп көбейіп, жүйке тақташасына, кейін жүйке түтігіне айналады. Жүйке түтігінде Эктодерма клеткалары қыр тәрізді болып орналасады. Жүйке түтігі мен жүйке қырын құрайтын Эктодерманы нейроэктодерма деп атайды. Нейроэктодермадан: эпидермис (терінің сыртқы қабаты), ми мен жұлын, олардың жүйкелері, сезім мүшелерінің құрылымдары; жүйке қырынан: жұлын мидың жүйке түйіндері (ганглийлері), вегетативті жүйке жүйесінің (симпатик. және парасимпатик.) ганглийлері мен жүйкелері, бүйрек үсті безі бозғылт затының хромаффинді клеткалары дамиды. Эктодермалық астар – мүйізденген көп қабатты жалпақ эпителий.

Эктодерма - тері және оның туындылары -жүйке жүйесі -сезім мүшелері

Эндодерма - ас қорыту және тыныс алу жүйесі

Мезодерма - қан айналым жүйесі - жыныс жүйесі - шығару жүйесі - тірек-қимыл жүйесі
227.Постэмбриогенез сатыларын атаңыз, уақыт аралықтарын және жас ерекшелігін ажыратып жазыңыз.
Постэмбриондық (ұрықтан кейінгі)даму ағзаның жұмыртқа қабықшасын жарып шыққаннан кейін , ал ұрығы құрсақта дамитын сүтқоректілерде туа салысымен басталады. Постэмбриондық даму екіге бөлінеді:

1)дұрыс даму, мұнда ағза ересек түріне ұқсап туады

2)түрленіп даму-эмбриондық дамудан кейін дернәсіл пайда болады , ішкі және сыртқы белгілері, қоректенуі мен қозғалуы, т.б. жөнінен сол түрдің ересек ағзасымен салыстырғанда ерекше болады.

Дұрыс дамуға жорғалаушыларды, құстар мен сүтқоректілердің дамуын мысалға келтіруге болады, омыртқасыз жануарларда сүліктер, қырықаяқтар және өрмекшілер осы жолмен дамиды.


Түрленіп даму- негізінен омыртқасыз жануарларға тән қасиет. Мысалы, ішекқуыстылар, жалпақ және буылтыққұрттар, шаянтәрізділер, бунақденелілер, т.б. ал омыртқалылардан амфибиялар түрленіп дамиды.

Дернәсілдік дамудың (түрленіп даму) биологиялық маңызы өте зор. Ересек түрімен дернәсілдің арасында тіршілік үшін күрес (мекені, қорек,т.б.), болмайды. Мысалы, ересек бақа құрлықта тіршілік етіп, бунақденелілермен қоректенсе,ал оның дернәсілі итшабақ суда тіршілік етеді, сондағы омыртқасыздармен қоректенеді. Кейбір ағзалардың дернәсілдері сол түрдің таралуына жәрдемдеседі. Мысалы, көптеген отырықшы немесе аз қимылдайтын құрттар мен былқылдақ денелілердің дернәсілдері планктон құрамына кіріп, еркін жүзеді және сол түрді таратады, ал есейгенде тасқа немесе су балдырларына бекініп тіршілік етед

Постэмбриогенез - туу соңынан даму, яғни дернәсілдік немесе ұрықтық сатылардан соң даму.

Организм дүниеге келгеннен бастап оның постэмбриональды дамуы басталады, ол организмдердердің түрлеріне қарай бірнеше күннен жүз жылға дейін жалғасады.

Ол үшке бөлінеді: ювениальды,путертатты және кәрілік.

Ювениальды кезең(балалық шақ). (лат. juvenilis — жас) организмнің туылғанынан жыныстық жетілуіне дейінгі кезең. Балаларда 0-15 жас аралығында болады. Бастың өсуі 10 жаста ал сыртқы жыныс мүшелері 12-14 жаста өте тез өседі.

Пубертатты кезең. Бұл кезеңді басқаша пісіп жетілген кезең деп атайды.Бұл кезеңде организмнің дамуы максимумға жетеді.Постэмбриональды кезеңдегі даму мен өсуге ортаның факторлары үлкен әсер етеді. 15-50,60 жасқа дейінгі кезең

Кәрілік кезең — онтогенез сатысы.

Адамның кәрілігі туралы әртүрлі анықтамалар белгілі. Әсіресе, аса кең таралған анықтамалардың бірі организм жасының ұлғаюымен жүретін және оның сырқаттары немесе өлімінің ұлғаюына мүмкін болатын жүйелі өзгерістердің жинақталуына негізделеді. Адамның кәрілігін зерттейтін ғылымды геронтология (грекше geron-қария, logos-ғылым) деп атайды. Оның мақсаты ересектік пен өлім арасындағы жастық ауысудың заңдылықтарын зерттеу болып табылады. Зерттеулерге сәйкес адамның кексе жасы деп 60 — 75 жасты, ал кәрілікті 75 жас және одан жоғарысын санауға болады. Адамның кәрілігі бірқатар ішкі және сыртқы белгілермен сипатталады.Кәріліктің сыртқы белгілерінің ішінде, әсіресе, көзге түсетіндері, қозғалыс жаттықтылығының төмендеуі, сыртқы келбетінің өзгерісі, тері серпімділігінің, дене салмағының төмендеуі, бұлшық еттердің серпімділігі мен шымырлығының өзгерісі, бетте және дененің басқа бөліктерінде әжімдердің пайда болуы, тістердің түсуі жатады.