Файл: азастанны ежелгі заман тарихы пнінен емтихан сратарыны жауаптары.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 07.11.2023

Просмотров: 146

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


1980 ж бастап осы аудандарда зерттеу жұмыстарын жүргізіп келе жатқан Қ. Таймағамбетов . Зерттеушінің қажырлы еңбегі барысында біршама қазақстан мен таяу және алыс шетелдіктерге әйгілі болған ескерткіштер ашылып , қазылып , зерттелді 1988 жылдары Қаратау жоталарындағы Қосқорған тұрағында зерттеу жұмыстарын А.Артюхова жүргізді.Қазақстан Рес . егемендік алғанннан кейін шет елдер мен комплексті археологиялық экспедицияға алматыдағы Х.Марғұлан атындағы археологиялық институты жіне новосібір қаласының , археология жіне этнография институты басшылық қылып келеді.

Оңтүстік Қазақстанның төменгі палеолиттік зерттеудегі маңызды ғылыми еңбек ретінде Алтпысбаевтың монографиясын алуға болады. Бұл кітап Оңтүстік Қазақстанды көптеген жыл зерттеу барысындағы палеолиттік экспедиция жұмыстарының негізінде жазылған. Осы кітаптағы «Тас ғасыры» бөлімі К. Таймағамбетовтың қаламынан туған . Соңғы археологиялық ашылулар ретінде Оң\к Қаз\нның палеолит дәуіріндегі мәдениет жан жақты қамтылған.

30.Шығыс Қазақстан археологиялық ескерткіштері – Қазақстанның шығыс өңірінде көне дәуірлерден сақталған археологиялық ескерткіштердің тобы. Негізінен қазіргі Шығыс Қазақстан облысының аумағындағы жәдігерлерді біріктіреді. Түрлі тарихи дәуірлерді қамтитын, көлемі бойынша Қазақстандағы аса үлкен топтардың бірін құрайтын, саны жағынан мыңдап саналатын ескерткіштерді зерттеу 19 ғ-да басталды. Оған белгілі ғалымдар: Г.И. Спасский, А.В. Адрианов, Н.Я. Коншин, В.В. Радлов, С.С. Черников, С.Аманжолов, А.Аманжолов, С.С. Сорокин, А.А. Крылова, Х.Алпысбаев, А.Г. Медоев, Ф.Х. Арсланова, С.Ақынжанов, З.Самашев, Ю.И. Трифонов, Ж.Таймағамбетов, А.А. Чариков, А.С. Ермолаева, Ә.Төлеубаев, Г.Г. Петенева, т.б. ат салысты. Тас дәуірі ескерткіштері арасында ең көне уақытқа жататын нысан ретінде Күршім ауд-ндағы ерте палеолиттік (ашель кезеңі) Қозыбай тұрағы белгілі. Бұдан кейінгі, яғни мустье кезеңіне қарасты ескерткіштерден Қанай (ерте қабаты), Нарым, Бөдене-1 тұрақтары ашылған. Свинчатка, Пещеры, Қанай (жоғ. қабаты), Новоникольское, Хайрюзовка, Шульбинка тұрақтары кейінгі палеолитке тән құралдардың маңызды тобын берді. Тас дәуірінің ең соңғы сатысы болып табылатын неолит кезеңіне жататын көрнекті ескерткіштерден тас құралдармен қатар, қыш ыдыс үлгілері көптеп табылған Усть-Нарым, Малокрасноярка тұрақтары жақсы белгілі (б.з.б. 3-мыңжылдық). Қола дәуірінде өлке тұрғындарының экономикасы мен қоғамы күрт дамыды, ескерткіштердің таралу аумағы анағұрлым кеңіп, адам тіршілігіне қолайлы, ұрымтал, нулы-сулы алқаптарда көлемді қоныс-мекендер мен қорым-зираттар пайда болды. Ғалымдардың пікірінше, көне экономиканың шұғыл көтерілуіне тікелей әсер еткен факторлардың арасында мал ш. мен егіншілікке қолайлы алқаптардың болуы ғана емес, әсіресе, бұл өлкелерде мыс., қалайы, алтын, қорғасын, темір сияқты металл кендерінің аса зор қорларының орналасуы маңызды орын алды. Мұны археол. барлау-зерттеу жұмыстарының нәтижесінде ашылған ондаған көне кен орындары нақты дәлелдеп отыр. Қола дәуірінің андронов тарихи-мәдени қа-уымдастығына жататын федоров мәдениеті ескерткіштерінің өте үлкен тобы анықталған. Қанай а. маңынан зерттелген қоныс, зират пен ғұрыптық орынның аса құнды деректері ғылымның алтын қорына енді. Зевакино зираты құрамында 500-ден астам нысан бар аса көрнекті ескерткіш. Трушниково, Малокрасноярка қоныстарынан алынған бірегей материалдар осы өлке ғана емес, жалпы Қазақстанның соңғы қола кезеңіне қатысты құндылықтарға айналды. Қола мен ерте темір дәуірлерінің арасын алып жатқан өтпелі кезең ескерткішіне жататын Измайловка зиратынан қызықты әрі бірегей мәліметтер алынды. Ерте темір дәуірінде өлкені мекендеген сақ тайпаларының жүздеген ескерткіштері анықталып отыр. Тас, топырақтан үйілген обалары бар сақ қорымдары Ертіс пен оның салаларының алқаптарында, Қалба-Нарымның теріскей және күнгей беткейлерінде, Шыңғыстау мен Тарбағатайдың жоталарында, Шілікті алқабында жиі кездеседі. Бұл дәуір тұрғындарының мәдениетін зерттеуші ғалымдар оны 3 кезеңге бөліп қарастырады: майемер (б.з.б. 7 – 6 ғ-лар), берел (б.з.б. 5 – 4 ғ-лар) және құлажорға (б.з.б. 3 – 1 ғ-лар) кезеңдері. Атап айтқанда, зерттеу деректері Шілікті және Берел сияқты сақ обаларынан алынып отырған соны материалдармен кеңінен толықтырылды. Шығыс қазақстанда орналасқан барлық қоныстарды үшке бөліп қарастыруға болады , олар өзен көлдер бойындағы , бұлақтар бойындағы және мал жайылымына ыңғайлы жердегі тұрақтар.



31 Неолит дәуіріндегі тас өңдеу техникасы

Неолит дәуіріндегі табиғи орта осы заманғы бейнеде болды.

Өзгерістер:

• адамдар табиғи жануарларды қолға үйретті, жер өңдеумен айналыса бастады.

• қыш ыдыс – керамика жасаудыүйренді. Олардың сыртында геометриялық өрнектер салынған.

• тас өңдеу әдістері жоғарғы дәрежеге жетті. Тас қалдықтардан сына дайындады.

• тастың тұтқыр түрлерінен балта, кетпен, келі, келісап, ал граниттен – дән үккіштер жасады.

• жаппай отырықшылыққа көшу басталды.

• кен кәсібі мен тоқымашылық қолға алынды.

Неолит дәуірі – тас өңдеу техникасының гүлденген кезеңі. Еңбек құралдарын өңдіру барған сайын мамандандырылды. Қыспа ретуш техникасын жетілдірумен қатар тас өңдеудің тегістеу, бұрғылау, арамен кесу сияқты жаңа технологиялық әдістері шықты. Тас балталар, кетпендер, дәнүккіштер, келілер, келсаптар жасала басталады. Нефриттен, яшмадан, серпентениттен, басқа да тастардан әшекейлер – білезіктер, алқалар жасалды.

Ғұндардың сыртқы саясаты

Ғұндардың юэчжи тайпасымен күресі ғұндардың жеңісімен аяқталды. Юэчжилер тек б.з.д. 174—165 жылдары түпкілікті талқандалды. Нәтижесінде, юэчжилер орталық азияғашегініп, әмударияның жоғарғы ағысына жылжиды. Ғұндарға бағынғандардың арасында үйсіндер де бар еді. Қытай жазбаларында 36-ға жуык керші ұлыстардың бағындырылғандығы айтылған.

Мөде б. з. д. 174жылы қайтыс болды. Мөденің баласы Лаушан тұсында юэчжилер тасталкан болып жеңіліп, олардың бір бөлігі Жетісуды мекен етті. Жетісудағы сақтардың бір белігі юэчжилердің қысымынан ферғананы басып өтіп, парфия, бактрияға жылжып, келесі бір белігі Ауғанстан Солтүстік Үндістанға өтіп кетеді. Үлкен юэчжилер Жетісуды 30—40 жыл шамасындай ғана иемдене алды. Кейін Жетісуды үйсіндер юэчжилерден тартып алды.

Ғұндардың әскери көмегінің арқасында үйсіндер осылайша Жетісуға орналасқан болатын. Батысқа қарай ығыскан юэчжилер Бактрияны өзіне бағындырады. Олардың енді бір бөлігі үйсіндермен араласты. Ғұндар мен Қытай арасында айырбас сауда жүріп тұрды. Бүл, әсіресе ғұндарға тиімді еді. Б.з.д. 158 жылы шекарадағы сауда кездерін кеңейту мақсатында тәңірқұты Қытайға карсы соғыс ашты.

Б.з.д. 152 жылы ғұндармен тағы сауда жөніндегі шартқа қол жеткізеді. Шекаралық аймақтарда сауда орындары ашылады. Сонымен қатар Гобиден оңтүстікке қарай жайылымдарды қайтарып алады.

Б.з.д. 133 оқылы ғұн- қытай соғыстарының жаңа кезеңі басталды. Бұл жолы соғысты қытайлықтар бастады. Әскери қимылдар бұрынғы ғұн аумағына ауысты. Соңғы ұрыста 90 мың ғұн әскері талқандалды.


Б.з.д. 90-жылдардағы кақтығыстарда 70 мың қытай әскері ғұн әскерін жеңе алмады. Өз күшімен ғұндарды жеңе алмайтындығына көзі жеткен Қытай билеушілері енді 20 жыл үзілістен кейін басқа көшпелі тайпаларды ғұндарға қарсы айдап салуға кірісті.

Б.з.д. 71 жылы ғұндар бағындырған елдерді өз жағына тарта бастады. Солардың қатарында үйсін билеушісіне елші жіберіп, некелік байланыстар орнатады. Ғұндар да қарап қалмай, өз кезегінде үйсін гунмосына бір қызын береді. Ал ғұндар мен қытайлыктар арасындағы текетірес одан әрі жалғаса берді. Ғұндар енді қытайлықтардың одақтасы — үйсіндерден кек алуға кіріседі. Үйсіндердегі қытай ханшасы император сарайына хат жолдап, үйсіндерге көмек беруін талап етеді.

Қытайдың 100 мың атты әскері ғұндарға қарсы аттанады. Үйсіндердің өзі 50 мың әскер шығарады. Біріккен үйсін-қытай күштеріне қарсы тұра алмаған ғұндардың 39 мың беделді адамдары қолға түсіп, 700 мың малы жаудың қолында қалды. Бұл ғұндар үшін орны толмас ауыр соққы болды.

Б.з.д. 71 жылы үйсіндерге қарымта шабуылға шыққан ғұндарға шығыстан дунхулар, батыстан үйсіндер шабуыл жасады. Ғұндар әскері ауыр жеңіліске ұшырайды. Бүкіл малдарының тең жартысынан айырылады. Үштен бір бөлігі ұрыс алаңында қаза табады. Адамдарының 3/10 бөлігі аштан өледі.

Қытай әскерлері де үш бағытта шабуылдап, мыңдаған әскерді тұтқынға түсіреді. Қытайлыктар ғұндарға қарсы көршілерін айдап салуын жалғастыра берді. Ғұндардан тартып алған жерге әскери еңбек армияларын орналастырады.

Б.з.д. 59 жылы Қытай Батыс өңірді басқаратын орган құрды. Енді ғұндардың өз ішінде де іріткі басталып, билікке талас туған еді. Билікке таласудан, ішкі-сыртқы дағдарыстардан Ғұн мемлекеті ыдырап, б.з.д. 55 жылы оңтустік және солтүстік болып екіге бөлінеді. Хуханье шаньюй бастаған оңтүстік топ — Қытаймен бейбіт қарым-қатынас орнатты. Ал чжи-чжи бастаған ғұндардың солтүстік бөлігі Қытайдың қысымымен батысқа ауады.

Б.з. Ылл ғасырдың бірінші жартысында Шығыс қазақстан мен Жетісуға келген ғұн тайпалары 6 ғасырға дейін өмір сүрген юэбан мемлекетін кұрды. Бұрынғы солтүстік ғұндардың ұрпақтары болып саналған аталмыш мемлекет дөстүрлі тәңірқұты атағын алды.

Деректерде юэбандықтардың тілі ежелгі түрік тіліне жақын болғандығы туралы мәлімет бар.

Сақтардың үш тобын салыстырыңыз:

Сақ қоғамы үш топтан тұрды: жауынгерлер, абыздар, малшылар мен егіншілер. Әр топтың киімдерінің символдық түстері болған. Жауынгерлер қызыл және сары-қызыл түсті киім киген. Ежелгі үнді-ирандық тілінде оларды “ратайштар” (арбада тұрғандар) деп атаған.Олардың айырмашылығ кәсібінде. Сақ қоғамында халықтың үш тобы болды деген болжам бар. Ол рим тарихшысы Куинт Күрсий Руф айтқан аңызға сүйеніп айтылады. Бұлар:


  • жауынгерлер —сүңгіменоқ («ратайштар-арбадатұрғандар»),

  • абыздар —құрбандықтабағыжәнеайрықшабаскиімібар,

  • қауымшылсақтар, яғни«сегізаяқтар» (соқағажегетінекіөгізібарлар).

Осы үш жіктің өзіне тән дәстүрлі түсі болған. Жауынгерлерге — қызыл, сары-қызыл; абыздарға-ақ; қауымшылдарға-сары мен көк түстер. Сондай-ақ көсемдер мен патшалар да болды. Олар әскери жіктердің өкілдері болды. Гректер оларды басилепс — патша деп атаған. Патшаның белгісі - жебелі садақ.

ҚЫШ ЫДЫСТАРДЫ ЖАСАУ ТӘСІЛДЕРІ

Қыш ыдыстарды зерттей отырып, ертедегі тұрғындардың түрлі топтарының өзара қатынасын, ауысуын, шаруашылық әрекеттерінің ерекшеліктерін, дүние танымдарының кейбір қырларын, археологиялық мәдениеттерінің туыстастығы мен олардың шығу тегін баяндайды.

Қоныстарды мекендеушілерде қыш ыдыстарын жасау ісі едәуір орын алды. Оның бәрі шаруашылық пен тұрмыста пайдалануға арналды. Қола дәуірінде құмырашылар көбінесе әйелдер болды. Құмыраларға салынған өрнектер негізінен алғанда штрихталған үшбұрыштар, зигзагтар, шырша, дөңгелек батырып салған оюлар, сызықшалардан тұрды.

Ыдыс-аяққа қарап, олардың жасалу техникасы туралы сөз етуге болады. Балшық өте мұқият таңдап алынды, кейде ол бірнеше шақырым жерден әкелінетін болған. Кейін барып ұқсатылатын, атап айтқанда: мұздатылатын (қыстатылатын) немесе жаз бойы әр түрлі арнайы қоспалар қосылып иі қандырылып, одан кейін иленетін болды.  

Ыдыстардың пішінін, жасалу техникасын және өрнегін салыстыра зерттеу қола дәуіріндегі мәдениеттің әрбір кезеңіне ыдыстардың белгілі бір пішіні тән екенін анықтауға мүмкіндік береді.

Ерте қола дәуірінде бүйірі тікше немесе біраз шығыңқы, мойыны ішке қайрылған, түбі жайпақ ыдыстар басым болды. Тісті немесе тегіс қалыппен түсірілген шырша өрнектері, шаршы, үш бұрышты, сопақша ойықтар, қисайта бытырылған түтікшемен түсірілген «орақ тәрізді» ойықтар, тырнақпен түсірілген өрнектер көп таралды. Ыдыстардың бүйірі мен түбі түгел өрнектеледі. Кейде өрнек тіке, көлденең, ир

Орта қола дәуіріне тән құмыралардың түбі жайпақ келеді, иіні дөңгелетіліп немесе мойыны мен бүйірінің арасы ойықталып жасалады. Өрнек тегіс немесе ұсақ тісті қалыппен түсіріледі. Бұл дәуірдегі ең көп кездесетіні геометртиялық өрнек – үш бұрыш, меандр, сынық, ирек сызық және осылардың әртүрлі қиюласуы. Тұрқы дөңгелетіле жасалған құмыралардың көбінесе ернеуі, мойны, үстіңгі жағы өрнектеледі, ал иіні ойық көзелерде сурет үш жерге – мойнына, ортасынан жоғарырақ бөлігіне, түбіне жақындау жерге салынады. Кейде ыдыстың түбі өрнектеледі.