Файл: азастанны ежелгі заман тарихы пнінен емтихан сратарыны жауаптары.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 07.11.2023

Просмотров: 147

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Мөде ғұндарды күшті державаға айналдыру үшін әскери реформалар жүргізді. Мөденің басшылығымен ғұндар өздерінің оңтүстігіндегі дунхуларды талқандады. Олар Саян-Алтай тайпаларына және Үйсіндерге шабуыл жасап, өзіне қаратты. Мөде батыста Юечжи тайпаларына жорық жасап, оны бағындырды. Б.з.б. 200-ші жылдары ғұндар Ордосты қаратып алды, Қытай Хань әулетінің негізін қалаушы Лю Баньмен соғысып оны жеңді. ¥лы Қытай қорғаны салынуының бір себебі осы ғүндардың шабуылынан қор-ғану амалы еді. Қытайдың "Жылнама" атты байырғы кітабында айтылатын "тұрағы жоқ, үйі жоқ ғұндар бәле болды ғой" деп келетін жолдар ғүндардың Қытай еліне қатты қауіп төндіргенін көрсетеді. Б.з.б. 188 жылы Мөде мен Қытайдың Хань императоры Гаоцзу "тыныштық және туыстық" жайлы шартқа қол қойды. Мөде Қытай ханшасын өзіне әйелдікке алды, сонымен бірге Хань империясы ғүндарға жыл сайын салық төлеп түруға тиісті болды. Ғүндардың жүргізген жаулап алу соғыстарының нәтиже-сінде Забайкальеден Тибетке және Шығыс Түркістаннан Хуанхэ өзенінің орта бойына дейін созылып жатқан жердің бәрі олардың қол астына көшті. "Ғұн державасы" орасан зор үлкен болғанымен оның осал ұрымтал жері де бартын. Мүның өзі олардың арасындағы берік бірліктің болмауымен байланысты еді. Осыдан келіп б.з.б. 59 жылы ғұндардың өз арасында соғыс басталды. Ғүндардың өз іштерін-дегі болып жатқан мүндай талас-тартыстарды Қытай мем-лекеті пайдаланып қалуға тырысты. Қытайлар үйсіндермен одақтаса отырып, ғұндарға қарсы бірнеше шабуыл ұйымдастырды.
Б.з.б. 47 жылы ғүндар державасы оңтүстік және солтүстік ғұндар болып екіге бөлінді. Оңтүстіктегі ғүндар Қытайдың Хань империясына бағынды. Ал Чжи-Чжи шаньюй бастаған солтүстіктегі ғұндар өздерінің тәуелсіздігін сақтап, Солтүстік Моңғолия және Шығыс Түркістанның Солтүстік аймақтарында көшіп-қонып жүрді. Бүлардьщ бір бөлігі Тянь-Шаньнан өтіп, Қаңлы тайпаларымен шарттасып, олардың шығыс жағына қоныстанды. Мұның өзі ғұндардың Қазақстан мен Орта Азия жеріне түңғыш рет жаппай өтуі еді. Екінші бір толқыны біздің заманымыздың I ғасырында басталды. 93 жылы Хань империясының әскерлері ғұндардың күштерін ығыстырып, олардың солтүстіктегі тайпаларының бірін өздеріне бағындырып, енді біреулермен одақ жасасып, үшіншілерін батысқа қарай ығыстырды.
Олар Тарбағатайға дейін келіп, Оңтүстік-Шығыс Балқаш өңірін жайлаған Юебань тайпалары пайда болды. Ғұндардың осы жылжуымен байланысты болса керек, кейінірек бүлар Орталық Қазақстан және Сырдариядан солтүстікке қарай созылған жерлерді алып жатты. Арал теңізі мен Каспий маңына шығып, аландар мен ассаларға шабуыл жасап, оларды батысқа қарай ығыстырды. Сөйтіп, ғұндардың Қазақстаннан Шығыс және Орталық Еуропа жеріне жеткенше үш ғасырдан астам уақыт өтті.

Ғұндар Рим империясына үлкен қауіп туғызды. V ғасырдың 30-шы жылдары ғұндардың басшысы Аттила /410-453 ж.ж./ Румыния және Венгрия елдеріндегі көшпелі тайпаларды өзінің қол астына жинап, Рим империясының аудандары Паннония мен Мезияны басып алған соң, Франция жеріне өтеді. Жаулап алған жерлердегі халықтарды қырып-жойып, қалаларды бүлдіріп, селоларды өртеп, бүкіл Еуропа елдерінің үрейін ұшырады. Н. А. Машкин "Ертедегі Римнің тарихы" деген кітабында, 375-376 жылдары вестготтардың Қазақстан даласынан келген ғұндармен біріккен күрестері ежелгі Рим империясының құлауына әкеп соқты деген қорытынды жасайды.

41.Ежелгі Қазақстан тарихы бойынша қытай деректерін анықтаңыз.

Қытайдың Батыс аймақтарды бағындыруға ұмтылуы сол өңірдегі халықтар жөнінде материалдар жинаудан басталды. Қытай жазба деректері өзінің көлемі жағынан және жүйелі жазылғандығымен ерекшеленеді.

Қазақстан тұрғындары туралы алғашқы анық мәліметтер император У-ди (біздің заманымызға дейін 140—87жылдары) Батыс өңірге жіберген тұңғыш Қытай елшісі Чжан Цяннан алынды. Қытай жазбаларындағы «Батыс өңір» деген жерлер қазіргі Шыңжаң (Шығыс Түркістан) және Қазақстан мен Орталық Азияның біраз бөлігіне қатысты қолданылды.

Чжан Цянь екі рет Батыс өңірде болып қайтты.Чжан Цянь бастаған елшілікке ғұндарға қарсы Жетісудағы үйсіндермен одақ жасау міндеті жүктелді. Ол елшілік барысында жергілікті халықтың шаруашылығына, әскери күштеріне, қару түрлеріне, әдет-ғұрып, салт-дәстүріне дейін пазар аударып, жазып алып отырды.

Әулеттердің тарихын жазушылардың ішінде У-ди императордың басты жылнамашысы «Қытай тарихының атасы» Сыма Цянды (біздің заманымызға дейін 145—86 жылдары) бөліп көрсетуге болады. Оның «Тарихи жазбалар» («Шицзи»)деген еңбегінің «Сюнну туралы хикая» және «Давань туралы хикая» деген екі тарауында ғұндар туралы мәліметтер бар. Мазмұны жағынан Геродоттың Қара теңіздің жағалауындағы скифтер туралы баяндауларына ұқсас. 

Қытай тарихнамасында ресми түрде бекітілмеген «Цин әулеті тарихының алғашқы нұсқасын» («Цин ши гао») қосқанда 26 әулет тарихы саналатын еңбектердің бәрінде де Орта Азия мен Қазақстан жерін мекендеген халықтар жайлы құнды мәліметтер беріп, жүйеге келтіретін, өз заманы үшін толық деп саналатын деректер бар. Бұл жазбалар тек құнды деректер жиынтығы ғана емес, бұлар – іріктеліп, жүйеге келтірілген, нақтылы мақсат, міндеттерді көздейтін, ертедегі Қазақстан жерін мекендеген халықтар жайлы мағлұмат беретін бірегей жазбалар.



Қытай деректемелері Орта Азия мен Қазақстан жеріндегі үйсін, қаңлы иеліктері, олардың жер көлемі мен тұрғындар саны (үйсін-630 мың, қаңлы-600 мың), қалалары мен бекіністері, өзге иеліктермен байланысы жөнінде бағалы мәліметтер береді. Қазақстан этнографиясы мен географиясына қатысты мағлұматтары ерекше құнды. Жазбаларда үйсіндердің Іле өз. алқабында орналасқаны, батыс шекаралары Талас өз-нде болғаны айтылады.

945 ж. тарихшылар тобы жазған «Тан әулетінің ескі жылнамасы» («Цзю Таншу») мен 9 ғ-да өмір сүрген Оуян Сю жазған «Тан әулетінің жаңа жылнамасының» («Синь Тан Юань ши») «Лечжуань» тарауында және Цин әулеті кезіндегі (1644 – 1911) тарихи құжаттарында Қазақстанды, Орта Азияны мекендеген халықтардың тарихынан құнды дерек береді. Бұларды зерттеуге үлес қосқандар – орыс синологтары Н.Я. Бичурин, В.Т. Васильев, кеңестік синологтары Н.В. Конер, Л.И. Думан. Қазақстан жерін мекендеген ежелгі түркі тайпалары туралы деректерді зерттеуде Қытайда тұратын қазақ тарихшылары (Н.Мыңжани, Н.Мұқаметқанұлы, т.б.) да үлкен үлес қосты

42.Қазақстан аумағындағы неолит ескерткіштерін атап шығыңыз.

Қазақстан аумағында сегізжүзге жуық неолиттік ескерткіштер табылған. Әдетте өзендік тұрақтарда, сондай-ақ көлдік үлгідегі тұрақтарда едәуір көп заттар табылады. Мұның өзі бұл жерде адамның тұрақты немесе ұзақ уақыт тұрғанын көрсетеді. Мұндай тұрақтардан негізгі құрал-саймандар – пышақ тәрізді қалақтар және қырғыштар.

Қазақстанда шөл далаларындағы неолиттік ескерткіштердің бір ерекшілігі, олардың көпшілігі-ашық үлгідегі тұрақтар. Олар: Шығыс Қазақстандағы Усть-Нарын, Орталық Қазақстандағы Қарағанды, Зеленая Балка, Солтүстік Қазақстандағы Пеньки т.б. тұрақтар. Бұлар Сарыарқаның солтүстігінде, Ертістен Есілге дейінгі аралықта орналысқан. Олар жаңа тас ғасырының ерте кезіне, яғни б.з.б. 5 мыңжылдыққа жатады.

Неолиттіктұрақтарорналасусипатынақарай

  • бұлақтық,

  • өзендік,

  • көлдік,

  • үнгірліктұрақдептөрттүргебөлінеді.

Неолит кезеңініңеңкөнеб.з.б. 5 мыңжылдыққажататынтұрақтарыныңбірі - Қараүнгір. Ол Түркістаноблысы Түлкібасауданында орналасқан. Қараүнгіртұрағынаншақпақтастанжасалғанжәнесүйекбұйымдар – көзі бар инелер, біз, тескіштер, тегістегіш-жонғыштаржәнет.б. табылған.

Сексеуіл неолит тұрағы Қызылордаоблысында орналасқан. Оныңмаңында су қоймасыболғанжәнеондакөп мал қалдықтарытабылған. ДемекСексеуілтұрағыныңтұрғындары мал өсіруменжәнеаңшылықпеншұғылданған.


СолтүстікҚазақстанда Пеньки селосымаңындғытұрақтатасшапқылар, жалпақпышақтар, қырғыштаркездеседіондағыадамдардыңнегізгішаруашылығыорман, көлденқұс, балықаулау, терімшілікболған.

ОрталықҚазақстан Қарағанды, Зеленая Балка тұрақтарынаүймалыныңсүйектерітабылған.

Жезқазған өңіріненжұзелугежуықтұрақ, көнекенжәнежерлеуорындарытабылған.

ШығысҚазақстан аймағынантабылғанқоныстар неолит дәуіріндебұлаймақтымекендеушілерегіншілікпен, балықаулаужәнетерімшілікпенайналысқанекеніндәлелдейді.

43.Энолит дәуірі қоныстарын атаңыз

Жалпы Энеолит сөзі латын тілінен аударғанда мыс,тас деген мағынаны береді.Неолит пен қола дәуірі аралығындағы археологиялық кезең . Энеолитте тұңғыш рет таза мыс белгілі болды және одан әр түрлі әшекей бұйымдар мен еңбек құралдары жасалды. Қонысына келер болсақ Қазақстанда энеолит дәуірінің ашылған ескерткіштері әзірге көп емес. Олардың бір тобы қазіргі Қостанай, Ақмола облыстарындағы Торғай, Тобыл өзендерінің бойында. Осылардың ішіндегі ең жақсы зерттелгені және тарихи құнды материал бергені — Ботай қонысы. Сондықтан Қазақстанның осы аталған аймағындағы энеолиттік мәдениетті "Ботай мәдениеті" деп атайды.Ботай қонысына тоқталар болсақ Ботай энеолиттік конысы қазіргі Солтүстік Қазақстан облысындағы Ботай елді мекені жанында, Иманбұрлык өзенінің оң жағалауында орналасқан. Қоныс шамамен б. з. д. XXIV—XXII ғасырлар арасында, 200 жылдай уақыт өмір сүрген. Қоныстан 160-ка жуық жекелеген үй орындары ашылды. Үйлер кәдімгідей көше-көше болып салынған. Үйлердің көпшілігі жертөле ретінде қабырғасының жартысына жуығы жер астына үңгіп салынған. Үйдің кабырғасының бір метрге жуығы жер.Осылайша салынған қабырғаларға төбесіне қарай тарыла беретін бөрене-сырғауылдар қаланған. Үйдің төбесінің дәл ортасында түтін шығатын тесік қалдырған. Сыртқы есік қабырғадан ойылып шығарылған, оның сыртында кішкене дәліз болған. Ошақ үйдің ортасында орналасқан. Одан төр жақта адамдардың жататын жері болған. Қоныстан тас, сүйек, сазбалшыктан жасалған заттар мен құралдар көп табылды. Мысалы, тас пышақтар, қанжарлар, жебенің, найзаның ұштары. Әр түрлі ағаш өңдейтін құралдар: шот, балта, қашау, тері өңдейтін қырғыштар тастан жасалса, біздер, инелер сүйектен жасалған.

Шкбірге келсек -Энеолиттік

Шебір мекені орналасқан өңір: Маңғыстау.

Шебір — Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданындағы ауыл, ауылдық округ орталығы. Аудан орталығы Шетпе ауданынан солтүстікке қарай 98 км жерде, Қызылқұм құмды алқабының шығысында, сайлы-жыралы келген шөлді белдемде орналасқан. Тұрғыны 1,2 мың адам (2006). Ауыл 1973 — 1996 жылы қаракөл қойын өсіретін “Тұщықұдық” кеңшары бөлімшесінің орталығы болған. Оның негізінде 1997 жылы шаруа қожалықтары құрылды.


44.Темір дәуіріндегі тайпалардың мал шаруашылығы

Ежелгі авторлардың еңбектерінде Еуразия далаларындағы мал өсіретін тайпалардың шаруашылығы мен тұрмыс салты сипатталады. Оларда «Суы мол, шөбі шүйгін өpic қарап, бір жерден екінші жерге көшіп-қонып жүреді» деген бір ғана тұжырым жиі қайталанады. Мұндай жадағай суреттеу көне заманның мал шаруашылығының сан алуан типтері мен формаларын ашып көрсетпейді. Археология және этнография деректері сол уақытта мал шаруашылығының негізгі үш түрі: көшпелі, жартылай көшпелі және отырықшы түрлері болған деуге мүмкіндік береді. Мал шаруашылығының сипатына сәйкес шаруашылықтың басқа салаларының үлес салмағы да өзгеріп отырған.

Шаруашылықтың бірінші түрі Батыс және Орталық Қазақстанның құрғакшылық далаларында, шөлдері мен шөлейттерінде жыл бойы көшіп-қонып жүруге негізделді. Бұл жерлерде егіншілік дами қоймады, ал шөп шабу аздаған жерлерге ғана тарады. Негізінен қой, түйе мен жылқы өсірілді, ірі қара аз болды. Тайпалар өздерінің малымен бойлық бағыт бойынша да, ендік бағыт бойынша да шалғай қашықтықтарга киізбен жабылған күркелі арбаларда топ-топ болып көшіп-қонып жүрді. Жылдың суық мезгілін көшпелілер жел мен күшті борасыннан ықтасын құм жоталарының ығына орналасқан қыстау-тұрақтарда не үлкенді-кішілі дала өзендерінің жағаларында өткізді. Бүл тұрақтарда олар ұзақ тұрақтамады, көшпелілер тағы да көшіп, келесі қыстауға қолайлы жайылымдар тандап, жаңа жайылымдық жерлерді игере берді. Шаруашылықтың қосалқы салаларынан аң аулау ерекше дамыды.

Екінші, жартылай көшпелі шаруашылық түрінде қыстап шығатын тұрақты үйлер болды, мұнда мал өсірушілер жыл сайын қыстауға оралып отырды. Шаруашылық кәсібінің бұл түрі Тянь-Шань және Алтай таулары сілемдерімен қоса Жетісу және Шығыс Қазақстан аудандары сияқты дала, орман және биіктау араласып отыратын шөбі шүйгін өңірлерде кең таралды. Маусымдық жайылымдар бір-бірінен онша қашық болған жоқ, сондықтан шаруашылықтың бірінші түріне қарағанда көшіп-қонатын жерлердің арасы біршама жақын болды. Бәрінен де көшіп-қонудың тік әдіс деп аталатын түрі кең тарады: өзен бойларындағы қыстаулардан тау баурайларындағы көктемгі жайылымдарға, одан әрі биік таулардағы шөбі шүйгін жайлауларға көшетін болды. Осыған байланысты Жетісуда, Шығыс Казақстанда және табиғи-климаттық жағдайлары осыларға ұқсас басқа аудандарда жерді қауымдық-рулық және тайпа аралық шекаралар көлемінде пайдаланудың жайылымдық жерлер мен су көздерін әр маусым үшін бөліп отырумен сипатталатын көшпелі-жайылымдық жүйесі өте ертеде, б. З. Б. I мыңжылдықтың басында қалыптасты. Қыстау маңындағы жерлерде тәлімі егіншіліктің маңызы сақталды, оларда әдетте тары, арпа, бидай өсірілді. Қой және жылқы шаруашылығы ірі қара өсірумен толықтырылды. Пішен дайындалып, малдың неғұрлым бағалы тұқымдарын қыста қолда ұстау мүмкіндігі туды. Қыстауларда ұзақ уақыт болу ағаштан, тастан, қамыстан жылы тұрақты тұрғын үй салуды керек етті. Іле өзеніндегі Бесшатыр қорымын қазған кезде бөренеден қаланған үлкен қималардың және киіз үй тәріздес құрылыстардың шығуы тұрғын жайлар салу дәстүрі болғанын көрсетеді.