Файл: Лекция 12 Педагогикалы технология тлімтрбиені озаушы кші ретінде. Жоспар.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 08.11.2023

Просмотров: 800

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Топқа бөлуді әрекетке негіздеп, қызықты қылып өткізген жөн (топқа бөлу тәсілдері төменде беріледі).

Үшінші ереже. Мақсаттарды және күтілетін нәтижелерді айқындау.

Әр сабақтың басында бүгін қарастырылатын тақырып бойынша ұстаз өз тұрғысынан сабақтың мақсаттарын айқындап, үйренушілердің қандай білім, білік, дағды, әрекеттер күтетіндігін жеткізеді. Сонан соң үйренушілердің өздерінен сабақтан нендей нәтиже күтетіндерін құрастыруды талап еткен орынды. Бұл әрекет әр үйренушіде өзінің сабаққа тікелей қатысы бар екендігі туралы ойды нақтылап, оларды «Сабаққа мен қандай білім ала аламын? Ол үшін мен қандай жұмыс пен әрекеттер атқаруым керек? Бұл білім маған қандай пайда бермек?» деген сұрақтар төңірегінде ой толғаныс жасауға шақырады.

Төртінші ереже: Жұмыс регламенті, реті менн тәртібі.

Ережелер сан алуан болуы мүмкін, мәселен, жұмыс регламенты, реті мен тәртібін анықтайтын, алайда олардың дені бірлескен жұмыста силасымды қарым-қатынас құруға бағытталғаны жөн. Мәселен:

  • Біреу сөйлегенде, оның сөзін бөлмейік!

  • Тұлғаның жеке басын сынамай, көзқарас пен пікірді сынайық!

  • Сабаққа кешікпейік!

  • Қысқа да нұсқа сөйлейік!

  • Уақытты үнемді әрі тиімді пайдаланайық!

  • Берілген тақырыптан ауытқымайық!

  • Біз үшін әрбір пікір құнды!

  • Жекелей жұмыс жасағанда, бір-бірімізге бөгет жасамайық!

  • Тыңдай білейік!

  • Берілген тапсырманы мүлтіксіз орындайық!

Бесінші ереже. Сенім және жұмыс атмосферасын қалыптастыру.

Үйренушілерді психологиялық тұрғыдан интербелсенді оқуға дайындау қажет. Әдетте сабаққа келгендердің бәрі дерлік оқуға белсене араласып кетуге дайын емес, өйткені олардың өздерін ыңғайсыз әрі дискомфортты сезінуі мүмкін. Мұның себептері де баршылық:

  • өзіне көтеріңкі жауапкершілік жүктеуі және содан қаймығу, жүрексіну,

  • оң нәтиженің шығуына күмәндану,

  • жазалаудан немесе күлкі/мазаққа жығылудан қаймығу,

  • еріншектік пен шаршағандық (мәселен, бірінші сабақта ұйқысын аша алмау, немесе соңғы сабақта шаршау),

  • назарын жинақтай алмау (мәселен, үзіліс кезіндегі оқиғалардың немесе алдаңғы сабақтың әсерінде болу).


Үйренушілердің сабақ барысында барлық шарттылықтардан арылып, ойлау аппаратын белсенділендіріп, жұмысқа толық ниеттеліп, қызу кірісіп кетуін бірінші мезетте ойсергектер арқылы жүзеге асыруға болады. Ойсергектер арқылы аудиториядағы үйренушілер өздерін жеңіл сезінеді, ашылады, әрқайсысы біртұтас ұжымның өкілі ретінде алда күтіп тұрған бірлескен күрделі жұмысты атқаруға дайындалады (Ойсергеуктердің үлгілері төменде берілді).

Алтыншы ереже. Барлық үйренушілер жұмысқа қатынасады.

Интербелсендәі әдіс аумағында өтетін сабақ мақсаттарының бірі бірлесе жұмыс жасау болғандықтан әр қатысушының жұмысқа белсене қатысқандаға абзал. Үйренушілердің білім игеру жұмысының, оның ішінде әсіресе бірлескен жұмыс әрекеттерінің қызықты әрі тартымды екендігіне көздерін жеткізгені дұрыс. Сол себепті да сабақтың басты тәсілі ретінді топтық жұмыстарды тану керек.


Жетінші ереже. Тыңдай білу: барлық пікірлер тыңдалады.

Суырылып алға шығып сөйлегеннен гөрі, тыңдай білген қиын шығар. Топтық талқылау кезінде барлық үйренушілердің өз пікірін келтріп, басқалардың оны мұқият тыңдап, оның пікірін силап санасатын жағдай жасап отыру қажет. Мұндайда барлық қатысушылардың пікірі тыңдалуы керек.

Топтық бірлескен жұмыстан соң (талқылау, пікірлесу, ой қозғау, тапсырманы бірлесе орындау, т.б.) әр топқа өз пікірі мен көзқарасын жариялау мүмкіндігін беру керек. Ол үшін топ атынан бір үйренуші (оны «сөйлеуші», «шешен», «спикер», «капитан» деп атауға болады) берілген уақыт ішінде өз ойларымен ұйғарымдарын ортаға салады.

Сегінші ереже. Жазбаша жұмыстар.

Үйренудің басты мақсаты – тұлғаның дамуы, оның ішінде әсіресе ойлау қабілеті мен шығармашылық дағдылардың өркендеуі. Ал жазу (жазба жұмыстары) – ойлаудың шырқау биігі. Жазуда үйренуші сонымен қатар «Мен» тұрғысынан өзінің ішкі жан дүниесін ашып, оны асқақтата түседі. Сол себепті де әр сабақта жазу жұмыстарын жиі қолданып отырған орынды. Ал үйренушінің бүгінгі сабақта нендей және қандай дәрежеде білім алғанын, оның өсуі мен дамуын, яғни оның білімін бағалауды тек жазбаша жұмыстарды орындауынан ғана объективті түрде білуге болады. Жазу жұмыстары – студент білімін бағалаудың дәлелді нысаны.

Тоғызыншы ереже. Кері байланыс.

Кері байланыс дегеніміз сабақтың мазмұны немесе әдіс – тәсілдері, оның тиімділігі мен қандай дәрежеде өткендігі туралы үйренушілкрдің ой – пікірлкрі мен эмоциялары, олардың болашақтағы (келесі сабақтардағы) өз мұқтаждарын келтіруі. Бұл пікірлер оқытушыға өткізген сабағына баға беріп оның ұтымды жақтары мен кем-кетіктерін анықтап, өз жұмысына өзгерістер енгізу мүмкіндігін береді.

Үйренушілер «Сабақ қалай өтті: қызық балды ма?», «Сіз үшін сабақтың құнды жәйттері қандай болды?», «Бүгін не нәрсеге үйрендіңіз(білдіңіз)?», «Бүгінгі үйренгеніңіз Сіз үшін болашақта қажет болады деп ойлайсызба?», «Осы тақырып бойынша тағы да не білгіңіз келеді(қандай ақпарат көздерін оқисыз)?», «Қандай сұрақтарыңыз бар?», «Сабақтың оту барысы бойынша қандай пікірлеріңіз/ұсыныстарыңыз бар?», «Келесі сабақта қандай мәселелерге назар аудару керек деп ойлайсыз?» деген сұрақтарды ауызша талқылағаннан кейін, оларға жазбаша жауап берумен жалғастыруы мүмкін. Жауаптарды, мәселен, «Шығу парақтары» тәсілі бойынша беруге болады. Әдетте жауаптар анонимді түрде беріледі


Бұл жерде әр «Шығу парақ тарында» үш сұрақ/сауалдан аспағандығы орынды екендігін естен шығармау керек.

Үйренушілердің пікірлерімен қойған сұрақтары оқытушы тарапынан ескеріліп, келесі сабақты соларға жауап берумен бастау мүмкіншілігін береді.

Кері байланыс ұстаз бен оқушылардың арасында сенімге негізделген қарым – қатынас орнатуға бағытталады. Сонымен қатар ол өткен сабақты бағалау мен талдаудың келесі сабақты жоспарлаудың тиімді түрі болып табылады.

Лекция № 7-8 Кредиттік оқыту технологиясы

Жоспар:

  1. Кредиттік оқыту жүйесіне көшу - оқу жүйесін жетілдірудің жаңа бағыты

  2. Кредиттік оқытудың негізгі компоненттері

3. Педагогикалық қарым-қатынас стилдері

4. Кредиттік технология бойынша оқыту жұмыстарын жоспарлаудың құрылымы

5. Кредиттік технология бойынша оқу жүйесінің құрылымы
1. Кредиттік оқыту жүйесіне көшу - оқу жүйесін жетілдірудің жаңа бағыты
Кредиттік оқыту технологиясы бұл не? Ол не үшін бүгінгі тәлім-тәрбие жүйесінде қажеттілікке айналды? Не үшін, көп жылдар бойы жарамды болып келген оқыту жүйесін ескіше ұйымдастырудан қашып, оның орнына жаңа жүйені қалыптастыру қажет?

Бұл сияқты сұрақтарға жауап беру үшін, ең бірінші «Білім туралы заң»ды тәлім-тәрбие саласындағы жүргізіліп отырған өзгерістерді, негізгі бағыттарды реттеу қажет. Ол бағыттар мыналар:

  1. тәлім мазмұнын, тізімін өзгерту;

  2. тәлім-тәрбие басқаруын өзгерту;

  3. Тәлімнің базар экономикасына негізделген механизмдерін жарату;

  4. Ата-ана, мұғалім-оқушының тәлім үрдісіне болған жаңаша көзқарастарын қалыптастыру;

  5. Өзгерістердің негізгі қаракеттке келтіруші күші-жаңа педагогикалық технологияларды өмірде қолдану болып табылады.


2. Кредиттік оқытудың негізгі компоненттері
Кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқыту жүйесі мынадай негізгі үш компоненттен құралады:

оқу жүйесі = мотивация+басқару іс-әрекеттері+танымдық іс-әрекеттер

Бірінші компонент бұл мұғалім мен оқушының тәлім-тәрбиеге деген қызығушылығын күшейту, іштей ынталандыру (мотивация) болып табылады.Қазір педагогикалық инноватика пәні қалыптасты. Бұл пәннің бағыттары анықталған, олар:

  1. Педагогикалық неология (грекше нео-жаңа, логос-тәлім, ғылым) деп аталып, мұнда педагогика саласындағы кез келген жаңалықтар үйреніледі, жалпыланады, қорытылады, педагогикалық технология мониторингі анықталады.

  2. Педагогикалық аксиология (грекше аксиома-құрметтеу, дәлелдеусіз қабылданатын тәлім) деп аталып, педтехнологиялардың ішінен ең сапалылары таңдалады.;

  3. Педагогикалық праксология (грекше пракс -әрекет, логис-тәлім, өмірде қолдану туралы тәлім) деп аталып мұнда таңдап алынған педагогикалық жаңалықтар практикада қолданылады.


Қазіргі кезде Қазақстан Республикасындағы жоғары оқу орындарында ең сапалы оқыту жүйесі ретінде кредиттік оқыту технологиясы таңдап алынды. Не үшін бұл кредиттік технология таңдалды? Оқыту жүйесінің сапалылығы қалай анықталады? Бұл сұрауларға жауап алу үшін мынадай оқыту пирамидасын мысалға келтіруге болады:

Оқу/оқытудың кейбір тәсілдерін қолданғанда мәліметтің 24 сағат ішінде есте сақталуы.

(А.Маслоудың идеялары бойынша Н.Сандерстің кестесі)

Тәсілдер

Есте сақталу мөлшері

Лекция

5%

Оқу (мәтін, кітапты оқу)

10%

Аудио-және видео құралдарды қолдану

15%

Көрсету (жобалар, кестелер басқа да көрнекілектер)

30%

Пікірталас

50%

Практикалық іс-әрекеттер

75%

Үйренген білімді дереу қолдану, басқаларды үйрету

90%

лекция тыңдағанда 5%; студент(оқушы) өзбетінше оқығанда 10%; аудио-видео арқылы оқуда 30%; көрнекі құрал(көргезбелік) көрсетілгенде 30%; пікірталас, талдау, кішкене топтарда оқыту арқылы 50%; оқытуды өмірмен тығыз байланыстылықта жүргізгенде 75%; бір-бірін, бала-баланы жеке тәртіппен оқытуда 90%; оқу материалының мазмұны есте сақталады.

Олай болса, оқыту жүйесін өмір мен байланыстыру, нарықтық экономикаға сәйкес жүргізу керек екен. Кредит беру өмір сүру үшін өте қажет болып тұрғаны сияқты оқушыларға білімдердің қайсысы өмір үшін қажет екенін анықтау керек болып отыр. Сондықтан, кредиттік оқыту технологиясы ең сапалы оқыту жүйесі деп алынды.

Бұл кредиттік технологияны республикамызда қолдану үшін арнайы және жеке талаптар қойылып отыр. Олар:

  1. Кредиттік технологияның ғылыми концепциялары, яғни философиялық, психологиялық, дидактикалық,және қоғамдық педагогикалық негіздері анықталуы қажет;

  2. Кредиттік технологияның сапалылылығын бағалаудың өлшемдері анықталуы тиіс;

  3. Кредиттік технолонияда басқаруды, сатылауды, диагностикалауды, әдіс-тәсілдер және құралдар арқылы таңдаудың нәтижелерін коррекциялау механизмдерін жасау жолдарын табу қажеттілігі бар.

  4. Жоғарыдағы, кредиттік технологияның үш компоненттерін дұрыс ұғыну, бұл арнайы және жекелік талаптарға сай болар еді. Олай болса, әрбір компоненттаның мазмұнын талқылап көрелік.