ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.12.2023
Просмотров: 117
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Билет №14
-
Коммуникативтік ұстанымының ерекшелігін сипаттаңыз -
Тарих беттерінен бөлімін оқытудың әдістемесін талдаңыз -
Дүниетану пәні бойынша 2 сынып «Қоршаған орта» аралас тақырыбындағы «Адам өміріне ауа райының әсері» тақырыбына қысқа мерзімді жоспар құрастырыңыз және талдаңыз
1. Коммуникативтік ұстаным
Білім берудегі коммуникативтік ұстаным дегеніміз ақпаратты тарату мен жариялауда, білім, білік және дағдылармен алмасуда екіден асатын адамдардың сөйлеу арқылы атқарылатын әрекеттесу үдерісі. Коммуникативтік ұстанымның нәтижесі болып тіл арқылы қатынасу қабілеттілігі, яғни тілдік және сөйлеу нормаларын дұрыс пайдалана және қатынас жағдайына сай тиімді қатынас жүріс-тұрысын таңдай отырып, түрлі жағдайларда қатынас әрекетінің басқа қатысушыларымен ой бөлісу және алмасу қабілеттілігі болып табылады. Коммуникативті ұстанымға сәйкес ұйымдастырылған оқу үдерісі қатынасу икемділікті қалыптастыратын тапсырмаларды және шынайы қатынас жағдайларына сай жұмыс режимдерін (жұптық және топтық жұмыстарды) кіріктіру керек.
2. «Дүниетану», «Қоршаған айнала» пәндері «Адам», «Қоғам», «Табиғат» деп аталатын үш ірі бөліктен(блок)құралады.Бұл Айналадағы дүние туралы балада біртұтас көзқарас қалыптастыру және онда адамның орны мен ролін түсінуге көмектеседі. Таным арқылы заттар мен құбылыстардың басты белгілері, ұқсастықтары мен айырмашылықтары жайындағы бейнелі қабылдау нәтижесінде ұғым туады. Осылайша таным нақты дүниеге, қоршаған ортадағы бар заттарға негізделсе ғана белгілі мазмұнға ие болады, оны өз мәнінде танып білу үшін ғылым керек.
«Тарих беттерінен» бөлімі: ежелгі мәдениеттер мен өркениеттер: ежелгі адамдар, сақтар, Томирис патшайымы, ежелгі заманның танымал тарихи ескерткіштері және жәдігерлері туралы алғашқы мәліметтер; Қазақстан
аумағындағы көне жазулар туралы түсінік; Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздермен танысу, оларды сипаттау; Қазақстан елордасы –Астана қаласы.
3 Қысқа мерзімді жоспар
Пән: дүниетану Сынып: 2 «А» | Мектеп: № 98 жалпы орта мектебі | ||||||
| | ||||||
Күні: 13.04.2018ж. | Мұғалімнің аты-жөні : Курванкулова Г.Ш. | ||||||
| Қатысқандар: Қатыспағандар саны: | | |||||
| | | |||||
Сабақтың тақырыбы: | Қоршаған орта. 28-сабақ. Адам өміріне ауа райының әсері. | | |||||
Сабақ негізделген оқу мақсаттары | 2.2.2.1. Адамның өмірі және шаруашылық әрекеті үшін ауа райының қолайлы және қолайсыз сипатын талдау | ||||||
Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар: Мұғалімнің жетекшілігімен бүгінгі күнгі ауа райы болжамын жасайды Оқушылардың басым бөлігі: Адам өміріне ауа-райының әсері туралы дәлелдер келтіре алады. Кейбір оқушылар: Табиғи құбылыстар және адамның өмір сүру салтының өзара байланыстары туралы айтады. | ||||||
Бағалау критерилері Ойлау дағдыларының деңгейі (білу, түсіну, қолдану) |
| ||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар орындай алады:
Пәнге қатысты лексикамен мен терминология: Ауа-райы, метеорология, синоптик, ауа-райы болжамы Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:
| ||||||
Құндылықтарды дарыту | Мәңгілік Ел, бұл – Инновация негізіндегі тұрақты экономикалық өсім. Мемлекеттің индустриялық және инновациялық күш-қуатын дамытып, табиғи ресурстар мен қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарап, қоғамда білім мен ғалымдық культін елдің зияткерлік іргетасы ретінде бекітетін тұлға қалыптастыру. | ||||||
Денсаулық және техника қауіпсіздігінің сақталуы | Сабақта оқушыларға топқа бірігудегі, сабақ барысында ширату жаттығуын орындаудағы, түсті қарындашпен жұмыс жасаудағы қауіпсіздік ережелерін сақтауды ескерту | ||||||
Пәнаралық байланыстар | Әдебиеттік оқу пәні бойнша бес жолды өлең (синквейн) құрастырады. | ||||||
АКТ қолдану дағдысы (сабақта қолданылатын болса көрсетіңіз) | Интербелсенді тақта, ноутбук. | ||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Ауа-райының не екенін біледі. Ауа-райын белгілеу үшін шартты белгілерді біледі. | ||||||
Сабақ барысы: | |||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||
Сабақтың басы 8-мин | Мұғалім сабақта жағымды орта қалыптастырады. Қуан, шаттан, алақай! Қуан, шаттан, алақай! Қуанатын күн бүгін, Баршаңызға қайырлы күн! Күліп шықты күн бүгін! Топқа бөлу «Қолайсыз ауа райы» әдісімен топқа бөлу І-топ Жел ІІ-топ Жаңбыр ІІІ-топ Күн
Топ басшысын сайлау. Топ ережелерін еске түсіру.
| Күннің суреті Себет Топ атаулары жазылған А4 парақшалары 1-слайд | |||||
Сабақ ортасы 20-мин Сергіті сәті 2-минут Жаңа сабақ | Өткен сабаққа шолу Жергілікті жерді бағдарлау «Ашық күн жасаймыз» І-топ Бағдарлау дегеніміз не? ІІ-топ Тұсбағдарды қолдану тәртібі туралы айтады. ІІІ-топ Жергілікті белгілерге қарап бағдарлау туралы сөйлемдерді толықтырып қорғайды. Топтық бағалау «Бас бармақ» әдісі арқылы Өткен сабақты қорытындылау. + , - әдісі «+» белгісімен дұрыс тұжырымдарды белгіле: 1. Көкжиек – біз көретін өзіміздің айналамыздағы жергілікті орын. (+) 2. Бағдарлау үшін дүние бөлігінің 5 тұсын пайдаланады. (–) 3. Тұсбағдар – көкжиек тұстарын анықтайтын құрал. (+) 4. Тұсбағдардың көк тілшесі оңтүстікті көрсетеді.(-) 5. Тұсбағдар адаспау үшін қажет. (+) 6. Күн әрқашан шығыстан шығады. (+) 7. Түс кезінде күн солтүстікте болады. (–) Жұптық бағалау «Смайлик» пен 1.Жол ортасында қаратас жатыр, Ол тасқа қараса, Оңтүстік жағында қына тұр, жабыса! 2.Алаңқайда тас қасында, емендер сыбдырлайды. Оңтүстікте көп бұтақты сәндіміз, Солай қарай жүріңдер, Адаспаңдар, күліңдер!» 3.Қайыңның оңтүстіктегі сақиналары кеңірек, Әлемде бұл сырды бәрі білмек. Айтқан шындығымды кім тексермек. «Капельки приг-приг» Адам өміріне ауа райының әсері
Қораптың ішінен қолшатыр, көзілдірік, қолғапты алу. Бұл заттар бізге қай кезде қажет болады? Жаңбыр, жел, аяз, қар,бұлт бұл атауларды бір сөзбен қалай атауға болады? Ауа райы. (3 тілде айтқызу) Ауа райы сөзіне топтастыру: күн ашық, бұлтты,жел,суық, жауын-шашын,аяз – Ауа райы туралы не білесіңдер? Ауа райы ауаның белгілі бір мезеттегі, белгілі бір жердегі жай-күйі.Ауа –райын белгілеу үшін шартты белгілер қабылданған. – Үйден шықпастан бұрын адамдар міндетті түрде терезеге қарайды. Неге? Жер бетінде, ауа райы сияқты, адам өміріне әсер ететін құбылыстан басқа ештеңе жоқ шығар. Бұл – бүгінгі әңгімеміздің тақырыбы. -Бүгін сабаққа қалай киініп келдің? -Бүгінгі ауа райына сай киіндің бе? -Неліктен бұлай киіндің? -Бүгін ауа райы қандай болатынын қайдан білдің? 2.Түсіндірме. Ауа райын болжау ауаның температурасын, желдің күшін, аспанда бұлттың бар-жоғын және жауын-шашын ықтымалын анықтайды. Ежелгі уақыттан ауа райын бақылау шаруашылық үшін адамдарға өте қажет болған. Алдын ала ауа райын болжап отырған. Ауа райын бақылау адамдардың шаруашылықты жүргізу үшін аса қажет болды. Алдын ала ауа райын болжау арқылы астық егіп, теңіздерге, мұхиттарға шығу жолдарын жоспарлай алды. 3. Оқулықпен жұмыс «Джиггсо» әдісі Мәтінді 3 топқа бөліп оқыту Өте ерте замандарда адамдардың өмірі ауа райына аса тәуелді болды. Тарихқа үңілсек, ол заманда Қазақстан жерінде құрғақ ауа райы қалыптасыпты. Жауын өте сирек жауып, өсімдіктер қатты ыстықтан қурап, егіншілікпен айналысу мүмкін болмапты. Содан біздің ата-бабаларымыз жылқы, қой, түйе өсіруді меңгеріпті. Олар ет пен сүтті тамақ етті. Тіпті баспанасы – киіз үйді де жүннен басқан киізбен жапты. Түрлі киімдерді де жүннен өңдеп, теріден тігіп киді . Қазіргі кезде ауа райының қолайсыздығы алдын ала болжанады. Өйткені жетілген жаңа техникалар пайда болды. Ауа райын болжау үлкен іздену жұмыстарын қажет етеді.
– Жер шарының әрбір аймағы үшін жылдан-жылға ауа райының қайталанатын сипатты режімі қалыптасады. Оны климат деп атайды. – Кәне, біздің жергілікті жер үшін жылдың әр мезгіліндегі ауа райы сипатын білейік. Топ бойынша жұмыс орындадыңдар ма? Кәне, әр топтың жұмысын тыңдап көрейік. 1.Қысы суық, 5 айға – қарашадан наурызға дейін созылады. Аязды күндері температура – 40°, –50°С-қа дейін жетеді, 0°-қа дейін жылылықтар болып тұрады, орташа температура –15°С шамасында, суық желмен ұласады. Қар жауады. 2. Көктем қысқа, сәуірде басталады. Әдетте, сәуірдің соңына қарай қар ериды. Орташа температура +10°С шамасында, жылы жел, бұлтсыз ашық ауа райы орнайды. Кейде бұлтты болып, күн күркіреп, найзағай ойнайды. Көктемнің бас кезіндегі жауын-шашын қар түрінде, бірақ көбіне жаңбыр түрінде түседі. 3. Жаз 3 айға созылады. Ыстық ауа райы жаздың шілде, тамыз айларына сәйкес келеді. Кейде ауа температурасы +40°С-қа дейін көтеріледі, орташа температура +25°С шамасында. Желдер әдетте жылы, ауа райы негізінен ашық, бұлтсыз, бірақ кейде бұлтты болып найзағай ойнайды. Жауын-шашын жаңбыр түрінде түседі. 4. Қыркүйекте басталатын күзгі ауа райы әлі де құрғақ және ашық. Қазан айында жаңбыр және ұлпа қар түрінде жауын-шашын түседі, орташа температура +10°С. – Ауа райының климаттан айырмашылығы неде? – Бүгінгі күннің ерекшеліктері туралы айтатын болсақ, біз ауа райымен істес боламыз. Климат – бұл жыл бойғы ауа райы жағдайының (әрдайым қайталанатын) сипатты ауысымы. Әр жергілікті жер үшін өзіне тән нақты климаты болады, ал жеке күннің ауа райы тосын жағдайлар тудыруы мүмкін.
Халық ырымдары 2 .Ауа райы туралы халықтық ырымдардың бірін жаз. .................................................................................................................. «Өзін –өзі бағалау» Керемет, жақсы, талпын | Күн, бұлттар Тұсбағдар Көкжиек тұстарының суреті 2-слайд 3-слайд 1+ 2- 3+ 4- 5+ 6+ 7- 4-слайд 1.Дұрыс емес қызыл түс 2.Дұрыс жасыл түс 3.Дұрыс жасыл түс Жаңбырлы күнде, күннен, желден қорғану үшін, аязды күнде. 5-слайд Ауа райы шартты белгілері 6-слайд Суреттер Оқулық Бейнебаян 7-слайд Метеорология стаңциясы Бейнебаян 8-слайд 9-слайд Жыл мезгілдерінің суреті 10-слайд Венн диаграммасы | |||||
Сабақтың соңы 5-мин | «Ашық микрофон» әдісі – Қалай ойлайсыңдар, ауа райы мен тірі табиғат арасында байланыс бар ма? – Адам өміріндегі өзгерістер ауа райының өзгерістерімен байланысты ма? – Ауа температурасының өзгерісі өсімдіктердің және жануарлардың тіршілігіне әсер ете ме? (Ұ)«Күн мен Жел» ертегісін сілтемесі арқылы көру. Ауа –райы қандай болса да біз өзіміз үшін ашық күн жасай аламыз. Ол үшін жүрегіміз мейірімге жылулыққа толы болсын.Сондай-ақ біз терең білу алу арқылы өзімізге жарқын болашақ жасай аламыз.Бұл туралы Елбасымыздың «Болашаққа бағдар –Рухани Жаңғыру бағдарламасын»да не делінген есімізге түсірейік. Бағдарламаның негізгі басымдықтарының бірі «Білімнің салтанат құруы» - Қазіргі заманда білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді. (Ө)Оқушылардан өз күшін көрсеткен сәтте желдің түрін, желге түсінік берген күннің түрін қандай болғанын сұрау. Жел мен күннің сол сәттегі суретін салуды ұсыну. | Интербелсенді тақта | |||||
Саралау (қолдау қажет ететін оқушыға) (Қабілеті жоғары оқушыға берілетін тапсырма) | (Ө)Оқушылардан өз күшін көрсеткен сәтте желдің түрін, желге түсінік берген күннің түрін қандай болғанын сұрау. Жел мен күннің сол сәттегі суретін салуды ұсыну. Халық ырымдары. 2 .Ауа райы туралы халықтық ырымдардың бірін жаз. | ||||||
Кері байланыс Бағалау 5 мин | Рефлексия. Стикерлерді тақтадағы бұлт пен күннің біреуінің тұсына ілуі арқылы сабаққа кері байланыс жасайды. Бұлт- егер сабақтан түсінбегені көп болса. Күн – сабаққа өте қызық болып өтсе. Бұлт артынан шыққан күн – сабаққа қызығушылығым оянып келеді. | ||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. | ||||||
| |||||||
Қорытынды бағамдау Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім? |
Билет №15
-
«Дүниетану» пәнінде интербелсенді әдістерді қолдану ерекшелігін атаңыз -
Елімнің табиғаты бөлімін оқытудың әдістемесін атаңыз -
Дүниетану пәні бойынша 3 сынып «Cәулет өнері» аралас тақырыбындағы «Қала мен ауыл арасында қандай байланыс бар?» тақырыбына қысқа мерзімді жоспар құрастырыңыз және талдаңыз
1. Интербелсенді – ағылшынның «өзара әрекет» деген сөзінен шыққан. Ол оқыту процесінде оқушыларды бірігіп белгілі бір мәселені шешуге, белгілі бір әрекетке өз жауапкершілігін сезініп, белсенді болуға және осы кезде өз қиялын, ой-өрісін, шығармашылығын көрсетуге мүмкіндік береді. Сонымен бірге бұл әдіс оқушыларды топ болып, бірігіп жұмыс жасауға, жұмыс жасай отырып, өзгелерге көмек көрсетуге үйретеді. Сонымен қатар бұл ұғым тәсіл ретінде төмендегідей талаптарға сай келеді.
- Ақпаратты терең игереді, өйткені оны ой елегінен өткізеді.
- Оқушы өзін-өзі еркін және ыңғайлы сезінетін өрісті қалыптастырады.
- Оқушының жеке тұлғасына тікелей әсер етіп, танымдық, шығармашылық қабілетін оятады.
- Топ оқушыларымен жасалатын жұмысты түрлі формада (жұптық, топтық, ұжымдық) өткізуді қамтамасыз етеді.
- Ойлауды белсендіреді.
- Ынтымақтастықпен әрекет етуге үйретеді.
- Тыңдау дағдысын қалыптастырып, өзгені тыңдай алады.
Интербелсенді әдістерге жататындар:
- проблемалық шығарма әдістері;
- пікірталастар;
- топпен жұмыс;
- миға шабуыл әдісі;
- инсерт әдісі;
- викториналар;
- шағын зерттеулер;
- іскерлік ойындар;
- сауалнамалар жүргізу әдісі;
- кейс-стадий әдісі;
- презентациялар; т.б
«Дүниетану» пәнін интербелсенді оқыту арқылы оқушылардың төмендегідей дағдыларын дамытуға болады:
сұрақ қою, оған жауап таба білу; зерттеу жүргізе отырып тарихи, географиялық және әлеуметтік сұрақтарға жауап бере білуді;
-
тарихи, географиялық және әлеуметтік ғылымдардың әдістеріне және басқа қолжетімді ресурстарға сүйене отырып, зерттеулерге қатысу, сұрақтарға жауап беру, эксперименттер жүргізуді; -
жекелеген үдерістерді талдау және оқиғалардың хронологиялық реттілігін түсіну, тарихи, географиялық және әлеуметтік ғылымдардың деректерін қолдана алу; -
пікірсайысқа қатысу, дауласу, мәлімдеу, әңгіме құру, таныстырулар жүргізу арқылы сөйлеу дағдыларын дамыту; -
интернет, сандық ақпараттық құралдарды және коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалана отырып ақпараттарды іздеу, оны таңдау, қолдану, салыстыру, талдау, жүйелеу, түсіндіру және өңдеуді; -
алынған ақпаратты ұсыну және талқылауды; -
алған білімдерін ой-пікірлер, болжаулар, теорияларды тексеруде қолдана отырып, қорытындылар мен алынған мәліметтерді дәлелдеу;
«Дүниетану» пәнін меңгеру барысында оқушылардың дүниетанымын арттыру мақсатында, ой-пікірлерімен алмасу, оларды дамыту, сонымен қатар тиімді жұмыс атқару үшін оқушылар өзара бірлесе отырып жұмыс істейді[3].
Оқушылар үйренеді
-
қоғамдағы негізгі тәртіп ережелерін сақтауды; -
сыныпта, мектепте және қоғамдық орындарда сыпайылықты, көңіл бөлуді, сыйлай білуді, әдеп сақтауды; -
жұпта және топта бірлесіп жұмыс істеуді, ұжымда тиімді қарым-қатынас орнатуды; -
сезімі және эмоциясының басқа адамдарға әсерін түсіне отырып өзін өзі дамытуды; -
әлеуметтік ортада өз көзқарасын білдіру, тыңдау, талқылау, диалогтар мен дебаттарға қатысу дағдыларын дамытуды (сөйлеу дағдыларын).
Заман талабына сай мектептер оқу үдерісінде білім алуды қалай үйрену керектігін білетін, дербес, ынталы, қызығушылығы жоғары, сенімді, жауапты, талдау жасай алатын оқушы тәрбиелейтін қағиданы ұстануы керек.
Мұғалімдер оқушылардың бойында бұл қасиеттерді әртүрлі педагогикалық ұстанымдар арқылы қалыптастыра алады және дамытады. Олардың ішіне мыналар кіреді:
-
оқушылар және оқушы мен мұғалім арасында сенім қалыптастыру; -
оқушының жеке пікірін тыңдау, олардың бұрын меңгерген білімдері мен түсініктерін қолданудың маңыздылығын түсіну; -
оқушыларды мұқият іріктелген тапсырмалар мен іс-әрекет түрлерінің көмегімен ынталандыру және дамыта оқыту; -
модельдеу және таныстыру стратегияларының проблемаларын оқушыларға түсінікті жолмен шешу; -
оқытуды оқушылардың білімдерін бағалау арқылы қолдау; -
оқушылардың зерттеу әдіс-тәсілдеріне негізделген белсенді оқуын марапаттау; -
оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын дамыту; -
бүкіл сынып қызметін, жеке және бірлескен жұмыс істеуді үйлестіріп қолдану; -
жеке және топтық іс-әрекет арқылы барлық сынып оқушыларының жұмысын ұйымдастыру.
«Дүниетану» пәнін интербелсенді оқыту үдерісінде төмендегідей стратегияларды қолдану ұсынылады:
-
оқушылардың қызығушылығын тудыратын, өзара қарым-қатынас дағдыларының қалыптасуына негізделетін, дәлелдеу, өзіндік пікір, оқу және зерттеу нәтижесінде шешілетін проблемалық сұрақтар арқылы мотивациясын дамыту; -
оқушының жеке қабілеті және қызығушылығын есепке ала отырып сараланған тапсырмаларды пайдалану; -
нақты тақырып бойынша миға шабуыл ұйымдастыру (проблеманы анықтайды, жеке пікірін ұсынады, пікірді сыныпта талдап, талқылап, шешімнің дұрыс нұсқасын қабылдайды); сахналық қойылымдар, рөлдік ойындар арқылы белсенді оқыту; -
оқушылардың білімін, түсінігін дамыту және пайдалану үшін ақпараттық құралдарды (бейне және т.б. көру) қолдану; сабақ үстінде барлық оқушылардың белсенді қатысуы талап етілетін проблемалық сұрақтар мен мәселелерді талқылау және пікірталастыру; -
берілген критерийлерге сәйкес оқушылардың оқу процесіне қатысуын, өзара және өзін өзі бағалауын қолдану; -
пәндік-тақырыптық сұрақтарды, тарихи оқиғаларды немесе тұлғаларды зерттеу үшін жеке және топтық жұмыстар ұйымдастыру[4].
Жалпы дүниетану сабағында қолданылып жүрген рөлдік ойындар, іскерлік ойындар, пікір талас, оқушылардың баяндамалары, мен ақпараттық хабарлары, дәріс-диалог, тренинг,
дөңгелек үстелдер, ұжымдық-танымдық оқу, имитация әдістері осы жоғары белсенділікті дамыту әдісінің интерактивті әдіс-белгілері болып табылады. Сабақ барысында қолданылған төмендегі әдіс-тәсілдерге көңіл аударайық
2. «Еліміздің табиғаты» бөлімі: жергілікті жерде бағдарлану; жергілікті белгілер бойынша көкжиек тұстарын анықтау; табиғатта өзін-өзі ұстау
ережелері; климат және ауа райы; ауа райының адам өміріне және оның ісәрекетіне әсері; табиғи жағдайлар және олардың адам өмірі мен қызметіне
әсері; жыл мезгілдеріне орай табиғатта бос уақытты өткізу мүмкіндіктері; туризм; туризмнің мәні; туристердің негізгі мақсаттары;
3. Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 4-бөлім «Сәулет өнері» Мерзімі: 2-тоқсан Сынып: 3 | Мектеп Модератор: Сейтахметова Ж.М. Қатысқандар: Қатыспағандар саны: | ||||
Сабақ тақырыбы | Қала мен ауыл арасында қандай байланыс бар? | ||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 3.1.3.2 Қала мен ауылдың байланысын зерттеу, мысалдар келтіру | ||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылар
| ||||
Бағалау критерийлері |
| ||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: Қала мен ауылдың байланысы туралы әңгімелейді. Терминология:
Талқылауға арналған сұрақтар: - Ел экономикасы үшін қайсысы маңыздырақ: қала немесе ауыл? | ||||
Құндылықтарды дарыту | Патриотизмді дамыту Қазақстан Республикасының елді мекендеріндегі шаруашылық қызметі түрлерімен танысу, ел экономикасын дамытуда ауылдың рөлін түсіну арқылы көрініс табады. | ||||
Пәнаралық байланыстар | Қазақ тілі, әдебиет: алгоритм бойынша сызбаны оқып-үйрену, сюжетті суреттер бойынша әңгіме құрау. | ||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Оқушылар 1 сыныпта «Бізді қоршаған орта» және «Саяхат», 2 сыныпта «Қоршаған орта», «Саяхат» тарауларынан елді мекендердің түрін, еліміздің көрнекі жерлерін, туризмнің түрлерін, Қазақстанның көне қалалары мен ескерткіштерін біледі. | ||||
Сабақ барысы | |||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||
Сабақтың басы 0-4 5-6 |
Оқушыларға стикерлер таратыңыз. Олардан әрбір стикерге өздерінің жеке қажеттіліктері туралы жазуларын сұраңыз. Кейіннен топта барлық нұсқаларды талдау керек. Әрбір топ көптеген нұсқалардан ең жақын жауаптарды таңдап алып, «қажеттіліктер ағашына» жапсырады. Талдауға арналған сұрақтар: - Адам неге мұқтаж? - Адам өзіне қажеттінің барлығын қайдан алады? -Тауар мен қызмет арасындағы айырмашылық қандай? - Қалада және ауылда өндірілген тауарлар мен қызметтердің айырмашылығы бар ма? - Оларды кім өндіреді немесе қамтамасыз етеді? - «Экономика» сөзін естідіңдер ме? Ол нені білдіреді?
| Ағаштың суреті, стикерлер Әдістемелік нұсқаулыққа қараңыз (дидактикалық материалға қараңыз) Слайд №3 | |||
Сабақ ортасы 7-15 16-20 21-26 27-36 |
Оқушыларға «Экономика салалары» сызбасын оқып-үйренуді ұсыныңыз. Сызбаны оқудың алгоритмін алдын ала беріп қойыңыз. Бірнеше жұптан алгоритмге сәйкес өз пікірлерін ұсынуларын сұраңыз. Қалған оқушылар өз жауаптарын ұсынып жатқан жұптың пікірлерімен салыстырады, толықтырады, сұрақтар қояды. Бағалау критерийлері:
Сюжетті суреттерге қарап оқушылар қала және ауыл тұрғындары немен айналысып жатқандары туралы әңгімелейді.
Оқушылар жұптасып, «серуенге» шығады. Сыныпты аралап, әңгімелеседі. Қоңырау соғылысымен жұптар алмасады. Әңгімелесу сұрақтары:
Ойынды сұрақтар арқылы қорытындылаңыз.
Оқушыларға «Ауылдың қаласыз, қаланың ауылсыз өмірі жоқ» деген сөйлем беріледі. Төмендегі сұрақтар бойынша «Қала – ауылға», «Ауыл – қалаға» сызбасын көрсетеді. - Қала ауылды немен қамтамасыз етеді? - Ауыл қалаға не береді? Оқушылар қала мен ауылдың ерекшеліктерін салыстыра отырып, жеке, кейін ұжымда мысалдар келтіреді. Бағалау критерийлері:
| Таратпа материал: толтыруға арналған сызба Сыбаны оқып-үйрену алгоритмі Әдістемелік нұсқаулыққа қараңыз (дидактикалық материалға қараңыз) Сюжетті картиналар (дидактикалық материалға қараңыз) Қоңырау Әдістемелік нұсқаулыққа қараңыз Әдістемелік нұсқаулыққа қараңыз Таратапа материал: толтыруға арналған сызба | |||
Сабақтың соңы 37-40 | Рефлексия (жеке): «3 сәт» стратегиясы Оқушылар сабақта естерінде қалған 3сәтті таратпа параққа жазып, кейіннен ой бөліседі. (уақыт тапшы болса, жазып өткізуге болады). | Таратпа парақ (дидактикалық материалға қараңыз) | |||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||
Қабілеті жоғары оқушылар үшін қала мен ауыл туралы 5 жағымды (плюс) және 5 жағымсыз (минус) жақтарын жазуды ұсыныңыз. Сондай-ақ, қала мен ауылдың мамандықтарының тізімін жасап, қандай заңдылық барын зерттеуді тапсыруға болады. Оқуда кедергісі бар оқушыларға жеке тапсырмаларды орындауда сюжетті суреттер мен мұғалімнің жетекші сұрақтары арқылы қолдау көрсетілуі мүмкін. | Бағалау және кері байланыс беру сабақтың өн бойында жүріп отырады. «Зерттейміз» тапсырмасында оқушылардың жазба жауаптарын өзара тексеру арқылы бағалауға болады:«Ауыл – қалаға: азық-түлік, шикізат, мақта, т б». «Қала – адамға: трактор, ауылшаруашылыққа қажет заттар т.б». Дұрыс жауапқа «+» белгісі қойылады. Топтық жұмыста әрбір оқушының үлесін қадағалан жөн. | Оқушылар сынып бөлмесінде қозғалу барысында, топтық жұмыс барысында қауіпсіздік техникасы сақталады. |
Билет №16
1. «Мен және қоғам» бөлімін оқытудың әдістемесін сипаттаңыз
2. Ортақ тақырыптар арқылы оқытудың ерекшелігін атаңыз
3. Дүниетану пәні бойынша 4 сынып «Ғарышқа саяхат» аралас тақырыбындағы «Қазақстанның әлемдік аренадағы рөлі» тақырыбына қысқа мерзімді жоспар құрастырыңыз және талдаңыз
1. «Мен және қоғам» бөлімі: отбасы; отбасы мүшелерінің ауызша портретін жасау; отбасындағы әдеп нормаларын түсіндіру; отбасы
қажеттіліктерінің құрылымы; мектеп және мектеп қауымдастығы; мектептегі оқу және оқудан тыс әрекет түрлері; мектеп қауымдастығының құрылымы;
ұжымдық, топтық және тұлғааралық мінез-құлық нормалары; сынып ұжымын сипаттау; менің атамекенім; көрікті жерлерін сипаттау; Қазақстан
картасындағы ірі өзен-көлдер, қалалар, жолдар, өз облысы; денсаулық пен қауіпсіздік; пайдалы және зиянды тағамдардың арасындағы
айырмашылықтары; күнделікті жағдаяттардағы (үйде және қоғамдық орындарда) қауіпсіздік ережелері; көлік түрлері, олардың қажеттілігі; қоғамдық
көліктегі өзін-өзі ұстау ережелері; құқық және міндет; құқық, міндет және жауапкершілік; қоғамға қызмет етудің әлеуметтік маңызы; Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мерекелері;
2 «Дүниетану» оқу пәнінің «ортақ тақырыптарының» мазмұны оқушының «жақын аймағынан», яғни оның өз іс-әрекетімен тікелей байланысты тақырыптарды оқудан басталады. Алты-жеті жастағы балалар өз ойын білдіруге, оқу мазмұны бойынша сұрақ қоюға, сұрақтарға жауап іздеуге үйренуі тиіс.