ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.12.2023

Просмотров: 64

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


9

«Көшпенділер мәдениеті», «Денсаулық зор байлық» бөлімдері бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика

Білім алушының аты-жөні ___________________________________________

Бағалау критерийі

Оқу жетістігі деңгейі

Жоғары

Орта

Төмен

Публицистикалық және ресми стиль ерекшеліктерін біледі

Мәтіннің тақырыбын, көзделген аудиториясын, мақсатын мәтіннің стилін анықтап, дәлелдеуде қиналады.

Мәтіннің тақырыбын, көзделген аудиториясын, мақсатын мәтіннің стилін анықтап, дәлелдеуде қателеседі.

Мәтіннің тақырыбын, көзделген аудиториясын, мақсатын жазады, мәтіннің стилін анықтап, дәлелдейді.

Тілдік құралдарды ажырата алады

Мәтіндегі сандық мәліметтерді, жалпы, жалқы есімдерді,

ресми лексиканы табу қиындық туғызады.

Мәтіндегі сандық мәліметтерді, жалпы, жалқы есімдерді,

ресми лексиканы табуда қателеседі.

Мәтіндегі сандық мәліметтерді табады, жалпы, жалқы есімдерді ажыратады, ресми лексиканы таба алады.

Шағын мақала, нұсқаулық, әңгіме құрастырып жазады

Мақала жазуда оқырманға кеңес беруге қиналады.

Мақала жазуда оқырманға кеңес беруде қателеседі.

Оқырманға кеңес береді, шағын мақала жазады.

Көркемдегіш құралдарды мәтіннің стильдік ерекшелігіне сай қолданады

Көркемдегіш құралдарды қолдану қиындық туғызады.

Көркемдегіш құралдарды қолдануда қателеседі.

Көркемдегіш құралдарды қолданады.



10

2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР

«Сүйіспеншілік пен достық» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Оқу мақсаты

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының деңгейі

Орындау уақыты

7.Т/А3. Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, ұсынылған ақпарат бойынша факті мен көзқарасты ажырата білу 7.ӘТН3.Фразеологизм, мақал-мәтелдердің эмоционалды мәнін, көркемдік ерекшеліктерін түсініп қолдану

Білім алушы

Мәтіндегі негізгі ақпарат пен көзқарасты табады Фразеологизм, мақал-мәтелдердің көркемдік

ерекшеліктерін ажыратады Сөйлемде тиімді қолданады

Білу және түсіну Қолдану

15-20 минут

1-тапсырма

Мәтінді мұқият тыңдап, мазмұндаңыз, ондағы тірек сөздерді, негізгі және қосымша ақпараттар мен көзқарастарды табыңыз.

Екі дос

Ертеде, ел арасында жаугершілік жиі болған кезде қазақтың екі жауынгері төс қағысып, дос болады.

Бірде әскерлер бір өзеннің бойына шатыр тігіп дамылдайды. Сонда тұтқиылдан жаудың қаптаған қалың тобы шабуыл жасайды. Тонаған малүліктерін тиеп кетеді. Қолға түскен қазақ жасағын айдап әкетеді.

Әлгі екі достың біреуі жау қолына түседі. Досының қолға түскенін естіген екінші батыр күздің қара суығын елеместен өзенді малтып өтіп, жау жатқан жағаға келеді. Анталаған жау әскерлері оны тарпа бас салады. Жауынгер өзін қолбасыларына алып баруын өтінеді. Алып барған соң, ол жаудың қолбасына:

- Мен қолдарыңа түскен бір жауынгерге құн төлеп, сатып алуға келдім. Менің оған айырбасқа берер мал-мүлкім жоқ. Бір-ақ нәрсе беремін. Ол - өзімнің өмірім. Досымды босатсаңдар, ол үшін өзімнің өмірімді қияр едім, - дейді.

Қолбасы ойланып отырып, оны сынамақ болады да:

- Жарайды, мен сені қыршыныңнан қимай-ақ қояйын. Маған сол өміріңнің бір бөлшегін ғана берсең болды, - дейді.

- Ол не? - деп сұрайды досын құтқаруға келген жігіт. - Маған сенің көздерің керек, - дейді қолбасы.

- Ол да болсын, көзімді ал да, досымды босат, - дейді жігіт. Ол бұл сыннан сүрінбей өтеді.

Әлгі жауынгер тұтқыннан босанған досының иығына қолын артып, зағип күйі қуана күлімдеп келе жатады. Мұны көрген жаудың қолбасшысы: «Мұндай ерлері бар халықты тұтқиылдан келіп, қапыда бас салған жағдайда болмаса, бетпе-бет ұрыста жеңу өте қиынға соғар»,- деп түйеді. Сөйтіп өзінің әскерлеріне шегінуге бұйрық берген екен.

11


Негізгі ақпарат

Қосымша ақпарат

Көзқарас

1.
2.

3.

1.
2.

3.

1.
2.

3.


2- тапсырма

«Жігітті жолдасына қарап бағала» дегенді қалай түсінесіз? Фразеологизм, мақал-мәтелдерді қолдана отырып, қысқаша әңгіме құрыңыз. Әңгіменің құрылымын сақтаңыз /кіріспе, негізгі, қорытынды бөлім.


Бағалау критерийі

тапсырма

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Мәтіндегі негізгі ақпарат пен көзқарасты табады.

1

мәтіннің мазмұнын ашады; тірек сөздерді жазады;

1 1

негізгі ақпараттарды анықтайды; қосымша ақпараттарды анықтайды; көзқарастарды теріп жазады;

1 1 1

Фразеологизм, мақал-мәтелдердің көркемдік ерекшеліктерін ажыратады.

2

тақырыпты ашады; әңгіме құрады;

әңгіме құрылымын сақтайды; фразеологизм, мақал-мәтелдерді қолданады;

1 1 1 1

Сөйлемде тиімді қолданады.

көркемдегіш құралдарды тиімді қолданады.

1

Барлығы

10



12

«Сүйіспеншілік пен достық» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика

Білім алушының аты-жөні ___________________________________________



Бағалау критерийі

Оқу жетістігі деңгейі

Жоғары

Орта

Төмен

Мәтіндегі негізгі ақпарат пен көзқарасты табады.

Негізгі, қосымша ақпараттарды, көзқарастарды анықтауда қиналады.

Негізгі, қосымша ақпараттарды, көзқарастарды анықтауда қателеседі.

Негізгі ақпараттарды, қосымша ақпараттарды анықтайды, көзқарастарды теріп жазады.

Фразеологизм, мақал-мәтелдердің көркемдік ерекшеліктерін ажыратады.

Тақырыпты түсіну, әңгіме құру, әңгіме құрылымын сақтау, фразеологизм, мақал-мәтелдерді қолдану қиындық туғызады.

Тақырыпты түсінуде, әңгіме құруда,

әңгіме құрылымын сақтауда, фразеологизм, мақал-мәтелдерді қолдануда қателер жібереді.

Тақырыпты түсінеді, әңгіме құрады, әңгіме құрылымын сақтайды, фразеологизм, мақал-мәтелдерді қолданады.

Сөйлемде тиімді қолданады.

Көркемдегіш құралдарды тиімді қолдану қиынға соғады.

Көркемдегіш құралдарды тиімді қолдануда қателеседі.

Көркемдегіш құралдарды тиімді қолданады.