ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.12.2023

Просмотров: 67

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


13

«Музыка өнері және қазақтың киелі домбырасы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Оқу мақсаты


Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының деңгейі

Орындау уақыты

7.О4. Идеясы ұқсас публицистикалық және көркем әдебиет стиліндегі мәтіндердің тақырыбы, құрылымы, мақсатты аудиториясы, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау

7.Ж5. Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша тірек сөздер мен сөз тіркестерін синонимдік қатармен ауыстыра отырып, жинақы мәтін жазу

Білім алушы

Мәтіндердің стилін, тақырыбын анықтайды, құрылымы мен аудиториясын ажыратады

Тілдік ерекшелігін салыстырады

Тірек сөздер мен сөз тіркестерін синоним сөздерге ауыстырады

Синонимдік қатарды орынды қолданып, мәтін жазады

Жоғары деңгей дағдылары

15-20 минут

1-тапсырма

Мәтінді мұқият оқып, кесте бойынша салыстырыңыз.

А мәтіні

Домбыра туралы аңыз

Домбыра аспабының қалай пайда болғаны жайлы аңыз әңгімелер аса мол. А.Сейдімбек «Күй шежіре» еңбегінде домбыра аңыздарына ерекше назар аударған. Соның бірі Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданынан Арғынбек Қилыбаев ақсақалдың баяндауындағы «Қос ішек» күйінің аңызы.

Ертеде биік таудың қиясын тұрақ еткен, бұғы-маралды аулап азық етіп күнін көрген бір аңшы жігіт болады. Бірде жолы болып, биік таудың қиын қиясынан теңбіл марал атып алады да, маралды етекке түсіру үшін ішек-қарынын ақтарып тастайды. Содан арада айлар өткенде, аңшы жігіт аң атуға ұрымтал тұс еді ғой деп, баяғы теңбіл маралды атқан жерге соқса, құлағына бір ызыңдаған дауыс естіледі. Барлап қараса, өткенде атқан маралдың ішегін қарға-құзғын іліп ұшқан болу керек, қарағайдың бұтағына қос тін болып керіліп қалғанын көреді. Ызыңдаған дыбыстың сол ішектен шығып тұрғанын аңғарады. Қарағайдың бұтақтарына керіле кепкен ішекті сәл ғана жел тербесе ызыңдап, жанға жайлы дыбыс шығарады. Бірде уілдеп, бірде сарнап, енді бірде сыңсып жылағандай болып, аңшы жігітті алуан түрлі күйге түсіреді. Сол жерде аңшы жігіт қой мына қос ішекке тіл бітейін

деп тұр екен, бір амал жасайын деп, ішекті үйге алып келеді де, бір аспап жасап, соған қос ішекті тағады. Содан тартып көрсе, шынында да қос ішекке тіл біткендей сұңқылдап қоя береді. Бұл үн жігіттің ғана жанын жадыратып қоймайды, тыңдаған жанның бәрін ұйытады. Осылайша домбыра көптің сүйіп тыңдайтын аспабына айналады.

http://akikat.kazgazeta.kz/?p=6085

14


Ә мәтіні
Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары

Қазақтың ерте заманнан келе жатқан музыкалық аспаптарының түрлері өте көп. Ата-бабаларымыз тастан, ағаштан, темірден, өсімдіктерден, саздан, малдың терісінен, сүйегінен, мүйізден, ішектен, қылдан тағы басқа да дыбыс шығаруы мүмкін заттардан қарапайым әнүй аспаптарын жасаған. Еліміздің әртүрлі музейлерінің қорларында 400-ден астам көне музыкалық аспаптар сақтаулы.

Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптарын жіктеп төмендегідей топтарға бөлуге болады: 1. Үрмелі аспаптар - үрлеп тартылатындар, оның ішінде оларды 3 топқа бөлуге болады: Үрмелі (флейталы) - сыбызғы, қурай-ысқырғыш, үшпелек, саз сырнай, үскірік, тастауық, ысқыруық, ұран.

Тростық - қамыс сырнай, қос сырнай, қауырсын сырнай. Мундштуктік - мүйіз сырнай, ұран, бұғышақ, керней.

2. Шертпелі

аспаптар - ішекті аспаптар. Оған шертіп ойналатын - жетіген (7 ішекті, 21 ішекті), шертер, домбыра (бас домбыра, прима домбыра, альт домбыра, шабылған, құралған, қалақ домбыра, Абай домбыра), адырна, шіңкілдек, ортеке, үш ішекті домбыра.

3. Ұрмалы аспаптар - аты айтып тұрғандай ұрып ойналатын аспаптар: даңғыра, кепшік, дабыл, дулыға, дауылпаз, шыңдауыл, тұяқтас, тоқылдақ, шың.

4. Сым тілшелі: шаңқобыз.

5.Сілкіп ойналатын аспаптар - сілку арқылы ойналады: аса таяқ, шың, сылдырмақты қамшы, қоңырау, сақпан, зырылдауық.

6. Ыспалы аспаптар немесе қияқпен ойналатын аспаптар: қобыз (қыл қобыз, нар қобыз, бас қобыз, альт қобыз, прима қобыз), сазген.

Қазақтың ұлттық аспаптарының ішінде кең тарағаны домбыра, қобыз, сазсырнай болып табылады. Домбыраны тіпті қазақтың өзімен салыстырады: «Нағыз қазақ - қазақ емес, нағыз қа
зақ - домбыра» деп. Себебі, домбыраны тартып, оның дауысын ұнатпайтын қазақ жоқ десе де болады. Жалпы, домбыра атауының шығу тарихы жайлы таластар көп. Солардың бір қатары: «Дембира» деген қыз атынан шыққан болуы керек деп те топшылайды, себебі шығыс елдерінде қастерлі, қасиетті нәрсеге немесе кейбір көпшілік орынға әйел адамның есімін беру үрдісі бар. Пішіні домбыраға ұқсас, төрт ішекті шертпелі аспап үнді халықтарында «тампура» деп те аталады. Ішекті шертпелі аспап «пандура» гректерде бар. Сонымен нақты атауы қайдан шыққаны әзірге белгісіз.

Ал ең көне аспап ретінде қобыз саналады. Өздеріңіз білетіндей қобыз сонау Қорқыт ата заманынан келе жатыр.

Қазіргі күні ұлттық музыкалық аспаптарға деген сұраныс артып
келеді. Жастардың көбі қазір домбыра мен қобыздан басқа да ұлттық аспаптар бар екенін біліп келеді. Оған дәлел ретінде ұлттық аспаптардан құралған топтарды айта аламыз.

http://el.kz/blogs/entry/content-2319


15

Екі мәтіннің ұқсастығы







Екі мәтіннің айырмашылығы




Түрі







Көзделген аудитория (кімдерге арналғандығы)







Мақсаты







Мазмұны







Стилі







Тілі